Білім берудегі менеджмент


Глоссарий Ақпарат



бет55/60
Дата11.06.2023
өлшемі309,25 Kb.
#178621
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
әдістемелік құрал Менеджмент

Глоссарий



  1. Ақпарат – басқарылатын жүйенің жай-күйін сипаттайтын, сондай-ақ оны дамыту мен жақсарту үшін қолданылатын пайдалы мағлұматтар, деректер, мәліметтер жиынтығы.

  2. Аттестациялау – білім беру қызметкерлерінің мамандығының, педагогикалық кәсібилігі мен іс-әрекеті деңгейлерінің жалпы бағасы.

  3. Ағымдағы жоспар – жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанына жасалған жоспар.

  4. Акмеология (грек. акме - жоғары деңгей) –адамның кемелденуін, әсіресе даму барысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу заңдылықтары мен механизмін зерттейтін ғылым.

  5. Аксиология (грек. құндылық) – адамның, топтың, ұжымның, қоғамның мәдени, рухани, материалдық, адамгершілік, психологиялық құндылықтары туралы ілім.

  6. Бақылау - кең көлемде бір нәрсені тексеру.

  7. Бақылау әдістері - ауызша, жазбаша.

  8. Бақылау түрлері - ағымдық, аралық, қорытынды.

  9. Бақылау формалары - фронталдық, топтық, дербес.

  10. Басқару – мектеп ішіндегі психологиялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу.

  11. Басқару әдістері — менеджменттің мақсатына жету жолдары, негізгі функцияларын жүзеге асыру тәсілдері.

  12. Білім - табиғат пен қоғам туралы әрбір ғылым саласында жинақталған фактілер, ұғымдар, заңдылықтар жүйесі.

  13. Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, ителлектуалдық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу процесі.

  14. Білім беру мазмұны – оқушыларды жан–жақты дамыту, ақыл–ойын, танымдық қызығушылығынқалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.

  15. Білім берудің материалдық теориясы – оқытудың мақсаты ғылымның әр түрлі салаларынан оқушыларға кең көлемде білім беру. Бұл теорияны Я.А.Коменский жақтаған.



  16. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет