«Білім берудегі мультимедиа»


Сплайндарды құру негіздері



бет22/52
Дата13.08.2017
өлшемі6,35 Mb.
#23677
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52

Сплайндарды құру негіздері


Сплайндар деп жазық бейнелерді айтамыз, көп жағдайда үш өлшемді денелерді құруды дайындауда қолданылады. Сплайдарды құру үшін командалық панельден Shapes бөліміне өтіңіз (1-сурет).



1-сурет. Shapes бөлімі

Керекті жазық фигуралар аттары жазылған батырманы шертіп, мысалға, Circle (Шеңбер) бассаңыз құру режимін іске қосасыз. Кез келген көріністегі терезеге тышқанның сол жақ батырмасын шертіп және сол шерткен күйде ұстай отырып, жанға жылжыту арқылы фигураны салыңыз. Осытәртіппен басқөа да фигураларды салып көріңіз.



Сплайндар:
LINE - сызық
CIRCLE - шеңбер
ARC - доға
NGON - көпбұрыш, бұрыш санын реттеуге болады
TEXT - мәтін
SECTION – кез келген үш өлшемді денені кесу амалы
RECTANGLE – тікбұрыш
ELIPSE - эллипс
DONUT - сақина
STAR – жұлдыз, жұлдыз сәулесінің санын реттеуге болады
HELIX - оралма
Line (сызық) ерекше болып саналады. Сызықтар тышқанды шерту арқылы салынады. Әр шертпе сплайнның тірек нүкесін құрады (2-сурет).



2-сурет. Тірек түкте түрлері

Тірек нүкте түрлері:
CORNER - бұрыштық
SMOOTH - тегіс
BEZIER – векторлық бағыттауышы бар тегіс нүкте, оның арасындағы бұрыш әрдайым 180 градусты құрайды.
BEZIER-CORNER – векторлық бағыттауышы бар тегіс нүкте, оның бұрыш градустарын өзгертуге болады.

Тірек нүкте типін өзгерту үшін Modify қалташасына өтіп, дене ішілік деңгей Vertex (3-сурет) қосу керек. Дене ішілік деп денені құраушыларды айтады (биіктіктер, сегменттер, сплайндар).





3-сурет. Modify қалташасы, Vertex дене ішілік деңгейі

Дене ішілік дегей қосылған болса (стекте ол сары түске боялып тұрады), онда сплйнның кез келген нүктесін ерекшелеуге болады, тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы басқа типтерін қоюға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет