Білім берудің қай түрі болмасын — тәрбие.
Л. Н. Толстой
Матеева Ж.Б.
Алматы қаласы,
Алматы құрылыс-техникалық колледжі
физика пәнінің оқытушысы
Физиканы оқытудағы кіріктірілген сабақ өтудің маңызы
Бүгінгі күні елімізге дені сау, рухы биік, озық ойлы бәсекеге қабілетті тұлға қажет. Еліміз өркениетті елдер қатарына қосыламыз деп қадам басып жатқан тұста, білім жүйесіне де тың өзгерістер енуде. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Осы бағытта жұмыстану үшін білім сапасын арттыру ісіне ерекше мән беру қажеттілігі артады.
Қазіргі кезде ғылыммен техниканың даму деңгейі әрбір студенттен сапалы және терең біліммен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, қабілетті болуын талап етеді. Білім беруді ізгілендіруде пән аралық байланыстар арқылы жеке тұлғаның дамуын қалыптастыру маңызды мәселе.
Студенттер алдарына өресі биік мақсаттар қойып, соған жете алатындай болу керек. Оқытатын пәніне қарамастан оқытушы осындай тұлғаларды тәрбиелеуі тиіс. Балаларды жастайынан нағыз адам болуға, алдына айқын мақсат қойып, соған жету жолында кездесетін қиындықтарды жеңе алатын, жеке басының құндылықтарын білетін тұлға ретінде дайындау ләзім. Осы тұрғыдан қарасақ колледждегі физика пәнін жоғары деңгейде оқытудың бір жолы – пәнаралық байланыс әдісі болмақ. Пәнаралық байланыс студентке кешенді білім алуға көмектеседі.
Кіріктірілген сабақ — бір ұғымды, тақырыпты немесе құбылысты оқыту кезінде бір мезетте бірнеше пəндер бойынша білім беруді біріктіретін ерекше сабақ түрі. Оқу үрдісінде пəндерді кіріктіре оқыту: студенттерге мəнді де саналы оқуға; сабақ құрылымында мəселелі жағдайлар үлесін ұлғайтуға; жеке тұлғаның зерттеушілік тұлғасын қалыптастыратын ойлау əрекетін белсендіруге; студенттердің оқу-танымдық қызметін белсендіруге, сабақ үрдісінде өтілетін тақырыптың адам жəне қоғам өмірімен тікелей байланысына мəн беруге; студенттердің шығармашылық ойлауын дамытуға; олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.
Біз кіріктірілген сабақты жоспардан тыс тақырыпқа байланысты I-курсқа «Физикалық шамалар,олардың өлшем бірліктері мен математика байланысы» тақырыбына физика, математика пәндерінің оқытушылары Матеева Ж.Б., Мусаханова Ш.Б. өткіздік. Бұл өткізген сабақта тек қана физика емес математикадан алған білімдерін қолдана отырып, физикалық шамалар және олардың өлшем бірліктері бойынша білетін білімдерін тереңдетіп және есептеу жүргізу үшін математика және физика курстарындағы кейбір мәліметтерді қайталап, ережелерді математикалық тілде нақтылы дәл айта білу, физикалық шамалармен арифметикалық әрекеттер жасауға үйренді. Бұл сабақты өткізу жолы келесі тəртіппен жүзеге асырылады.
Кіріктірілетін пəндер: физика-математика .
Мақсаты:Физика және математика пәндерінің бір-бірімен тығыз байланыстылығын көрсету.
Міндеттері:
Білімділігі:
а) «Физикалық шамалар және олардың өлшем бірліктері» бойынша білетін білімдерін тереңдету және бекіту;
ә) есептеу жүргізу үшін математика және физика курстарындағы кейбір мәліметтерді қайталау;
б) ережелерді математикалық тілде нақтылы дәл айта білу және физикалық шамалармен арифметикалық әрекеттер жасауға дағдландыру.
Тәрбиелілік:
а ) студенттердің интеллектуалды дамуының міндетті деңгейінің жетістіктерін анықтау;
ә ) дәлдікке,ұқыптылыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:
а) студенттердің ой-өрісін кеңейту,ойлана білу қабілетін дамыту;
ә ) студенттердің сөйлеу шеберлігін,ойын жинақтап,тұжырымдай білу қаблетін дамыту.
Сабақ құрылысы:
I.Ұйымдастыру
II.Сабақ тақырыбы мен мақсатын қою
III.Өткен тақырыпты қайталау
1) Ойын: «Физика ағашының жапырағын жинау»
2) Есеп.Графикпен жұмыс
3) Ойын: «Физикалық құбылыс түрлері»
4) Жалпылама бүкіл топқа сұрақтар
5)Рационал сандар туралы мағлұмат беру
6)Өзіндік жұмыс
IV.Қорытындылау
V.Үйге тапсырма беру
VI.Бағалау
VII.Рефлексия
Сабақ барысы:
№
|
Сабақтың құрылымы
|
Уақыт
|
Оқытушының
іс-әректі
|
Студенттердің
іс-әректі
|
1.
|
Ұйымдастыру.
Сәлеметсіздерме! Математика және физика пәндері бойынша біріктіріп өтетін кіріктірілген сабаққа хош келдіңіздер!
|
1 мин.
|
1)Бізде бүгін физика +алгебра сабағы.Сабағымызға қонақтар келіп отыр.
Жайлап орындарыңызға отырыңыздар.
2)Топтағы сабаққа келген студенттерді түгендеу
(Физика оқытушысы)
|
Студенттер орындарына отырады.
|
2.
|
Сабақтың тақырыбын айту:
Физикалық шамалар,олардың өлшем бірліктері мен математика байланысы
|
1 мин
|
Сабақтың тақырыбы айтылады
(Физика оқытушысы)
|
Дәптерлеріне тақырыпты жазады
|
3.
|
Мақсат қою:
Бұл сабақ барысында сіздермен физикалық шамалар, өлшем бірліктер, денелер, заттар, құбылыстар, қозғалыс және оның түрлері, қозғалыс графиктерін салу кезіндегі физика мен математиканың байланысын көреміз
|
1 мин.
|
Сабақтың мақсаты айтылады
(математика оқытушысы)
|
|
4.
|
Кіріспе.
|
3мин
|
|
|
|
Физика оқытушысы:
Физика пәні математикамен тікелей байланысты екендігін білесіңдер.7-ші сыныптан бері математика пәнімен қатар физиканы оқып келесіздер. Физикалық шама, дене және физикалық құбылыс, қозғалыс туралы түсініктерді білесіздер. Олай болса еске түсірейік.
|
|
Ойынның аты:
«Физика ағашының жапырағын жинау»
(Қосымша -1)
Ол үшін мына ойынды өткізейік:
әр қатардан 2 студенттен келіп 10 тал жапырақ алып физикалық ағашқа іледі.Сосын сыныптағы барлық студенттер дұрыстығын тексереді.1 баладан шығып жапырақты алады.
|
Сұрақтараға ауызша жауап береді.
|
5.
|
Математика оқытушысы:
Мен енді білемін ,яғни физикалық құбылыс, физикалық шама, физикалық дене, физикалық зат не екендігін.Физикалық құбылыс кезінде дене қозғалысқа түседі. Қоғалысты график көмегімен сипаттап көрелік.
|
3 мин.
|
Қозғалысты сипаттайтын шамалар:
Жылдамдық,уақыт,қашықтық және график тұрғызу үшін координаттар керек.
Есеп:Материялық нүкте 20 м\с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалады.Бастапқы координатасы 10м дейік.Қозғалыс заңының х=х0+ʋt формуласы бойынша 0,2,4 секунд мезеттері үшін нүкте координаталарын есепте,графигін сал.
|
Тақтаға шығып есеп шығарады.(1 студент есептеуін жасайды,тағы 1 студент графигін салады)
|
6.
|
Физика оқытушысы:
Шолпан апай,Сіз білесіз бе,
физикалық құбылыстардың түрлері болады:
механикалық,жылулық,ды-быстық,жарықтық.Бұл құбылыстар-ды ажырату үшін тағы бір ойын жасап көрелік.
|
5 мин.
|
Ойынның аты: «Физикалық құбылыс түрлері».
(Қосымша-2).
Бұл ойында өткізу үшін әр қатардан 2 студенттен келсін.Мен физикалық құбылысты және номерін атаймын,ал сіздер әр физикалық құбылыс қандай сөмкеге салу керектігін анықтайсыздар.
|
Тақтаға шығып жұмыс жасайды
|
7.
|
Математика оқытушысы:
Осы ойындардан түсінгенімдей-физикалық шама-бұл көлем, масса, жылдамдық, уақыт, температура. Әр физикалық шаманың атауы және өлшем бірлігі болады. Бұны сіздер математика курсынан да білесіздер. Сонымен қатар бұл физикалық шамаларды өлшеуге болатындығын білесіздер. Еске түсірейік.
|
3 мин.
|
Оқытушы фронтальді сұрақтар қояды:
Мына құралдармен нені өлшейді:
1.Сызғыш-ұзындық
2.Мензурка –сұйық көлемін
3.Градусник-адам денесінің температурасын
4.Таразы- массаны
5.Сағат-уақытты
6.Амперметр-ток күшін
7.Вольтметр-кернеуді
8.Динамометр-күшті
9.Калориметр—жылу мөлшерін
10.Барометр-атмосфералық қысымды
|
Сұрақтарға қол көтеріп жауап береді.
|
8.
|
Математика оқытушысы:
Сонымен,Сіздер физикалық шамаларды және олардың өлшем бірліктері мен ол шаманы өлшейтін құралдар бар екендігін еске түсірдіңіздер.Енді математика тұрғысынан алғанда физикалық шамалармен рационал сандардың әрекетінде айырмашылық болады.Ол айрмашылықтарды мынандай мысалдар ақылы көз жеткізіп көреміз.
|
2 мин.
|
Рационал сан. Сұрақ:Рационал сан дегенміз не?
1-Айырмашылық:кез-келген рационал санды қосуға және азайтуға болады.
|
Сұраққа қол көтеріп жауап береді.
|
9.
|
Физика оқытушысы:
Рационал сандарды қосуға және азайтуға болады деген әрекетті физикалық шамаларға қолдануға болады,егер ол шамалардың өлшем бірліктер бірдей болса.
|
3 мин.
|
Мысалы:
6 м+2 м=8м
4,5кг+1,0кг=5,5кг
3 м+5 с=?!
20 кг = 20 с?!
2-ші айырмашылық:
Мына үш жазуға көңіл бөліңіздер:
|
Айырмашылықтарды дәптерлеріне жазып отырады
|
10.
|
Математика оқытушысы:
Келесі жазуға көңіл бөліңіздер-теңдік белгісі физикалық формулада сандық мәні мен атауына да қатысты болады.
|
2 мин.
|
3-ші айырмашылық:
|
Тақтадағыны жазып отырады
|
11.
|
Физика оқытушысы:
Ақ парақтың қалыңдығы болады. Алматыдан Астанаға дейін арақашықтық бар. Кітаптың парағы көп болса, ол солғұрлым қалың болады.
|
1 мин.
|
Сұрақ:Парақтың немесе кітаптың қалыңдығын, арақашықтықты қалай өлшеуге болады?
|
Сұраққа жауап береді
|
12.
|
Математика оқытушысы:
Ұзындықтың өлшем бірлігі ретінде ХБЖ-де «метр» алынды.
|
5 мин
|
Негізгі өлшем бірлік метр,олай болса –миллиметр,километр деген қосымша өлшем бірліктерді есептеу кезінде метрге айналдыруды балалар математика курсынан біледі.
1 км= 1000 м=103 м
103 - бұл қайдан шықты?
1000 =10·10·10 =103
b = а*10n - b санының стандарт түрі,
a – сандық мәні, n – санның реті b, 1 < а < 10.
Төменде келтірілген мысалдардың қатесі барма?
а) 8000 = 8∙1000 = 8∙10∙10∙10 = 8∙103
б) 0,0004 = 4∙10-4
г) 2840000 = 248∙10000 = 2,48∙106
д) 0,0031 = 3,1∙10-3
Өз беттерінше жасайды:
1) 4000000 = 4*106;
2) 0,08 = 8*10-2;
3) 4400 = 4,4*103;
4) 0,00082 = 8,2*10-4.
Тақтада жазылған сандардың ішінен стандартты түрде жазылғандарын көрсетіңіздер:
a) 83*104; b) 0,7*10-6; c) 28,3*10-5;
d) 0,51*10-3; e) 3*104.
|
Қол көтеріп жауап береді
Өздік жұмыс дәптерлеріне жасайды,оқытушылар тексеріп өтеді
|
13.
|
Қорытындылау .
Сонымен, балалар бүгін физика мен математика арасында байланыстылық болатындығын көрдік.
|
5 мин.
|
Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:
1.Уақыт,жол,жылдамдық,ұзындық,аудан,қысым т.б-осының бәрін физика тілінде не деп атайды?
2.Амперметр,вольтметр,термометр,динамометр,таразы т.б.- бұларды не деп атайды?
3.Күн күркірейді,Ай тұтылады,Жер сілкінеді,Жыл мезгілдері ауысады-бұл не?
4.Рационал сан деген не?
5.Қозғалыс графигін салу үшін нені білу қажет?
6.Негіздері бірдей,дәреже көрсеткіштері әртүрлі сандарды көбейкенде немесе бөлгенде қандай амал орындалады?
|
Студенттер қол көтеріп жауап береді
|
14.
|
Үйге тапсырма
|
1 мин.
|
1 тапсырма:Физикалық шамалар және олардың өлшем бірліктері туралы презентация жасау
2 тапсырма:
υ, м\с
|
x0 ,м
|
t , с
|
x =?
|
2
|
-3
|
5
|
?
| |
Достарыңызбен бөлісу: |