Білім берудің негізі білім ғана емес, олардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке жетелеу, ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұғымды пайдалану



бет34/92
Дата08.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#118893
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   92
Байланысты:
Ғарыш физикасы
Ғарыш физикасы, СОЧ 1, 11 класс УЧЕНИК
Сабақты қорыту:
Үйге тапсырма беру:


Сабақтың тақырыбы:
Ғылыми техникалық ақпараттар.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларды әлемде болып жатқан жаңалықтармен таныстыру.
б) Оқушылардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын, өз бетінше жұмыс жасауын дамыту.
в) Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдісі: Біліктілік пен дағдыны игеру.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
в) Жаңа сабақ.
І. Ғалам қашан жаралған?
Италиядағы Гран Сассо жер асты зертханасында зерттеулер жүргізген итальян және неміс физиктерінің тобы, біздің ғаламның, осыған дейін айтылып келген уақыттын шамамен миллиард жылға үлкен екендігін есептеп шығарды. Аталған зертхана тауды үңгіп салынған. Оны сыртқы әсерлер мен сәулелерден қалыңдығы 1,4 шақырым болатын жер қабаты қорғап тұрады. Ядролық реакцияларды зерттеу үшін бұл таптырмайтын орта.
Біздің Күнімізге аз ғана қуат үлесін қосатын көміртекті-азотты-оттегілі цикл ағымын зерттеген ғалымдар, бұл процестің бұрын айтылған уақыттан әлде қайда ақырын жүретіндігін анықтаған. Ал бұл дегеніміз ғаламдағы ең кәрі жұлдыздардың жастары осыған дейін дұрыс есептелмей келгендігін білдіреді. Олардың жастары ғаламның жаратылуымен тікелей байланысты екендігі белгілі. Ендеше біздің ғаламымыздың жасы бұған дейін айтылып келгендей 13,7 млрд. жыл емес, 14,7 млрд. жыл болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет