Сабақты қорыту:
Үйге тапсырма:
Сабақтың тақырыбы:
Айдағы адам іздері.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға жердің жалғыз серігі Ай туралы ондағы
адамдардың іздері жайлы әңгімелеу.
б) Оқушылардың ойлау қабілетін, ізденімпаздығын, өз бетімен жұмыс істей білуін арттыру.
в) Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, лекция.
Сабақтың түрі: Сұрақ, жауап.
Көрнекілігі: Суреттер, плакаттар.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
б) Жаңа сабақ.
Жердің жалғыз серігі – Айға адам баласының назары өткен ғасырдың 60-шы жылдарының соңына қарай ерекше ауды. 1959 жылы 2 қаңтарда « Луна – 2 » ғаламшарлық автоматты басқарылатын кеме алғаш рет Айға қарай аттандырылып, аспан денесінің жанынан 6 миллион шақырым қашықтықтан ұшып өтті.
Айға ұшып барардан бұрын « Аполло – 4 », « Аполло – 6 », «Аполло – 7 » кемелері жер төңірегіндегі ғарыш кеңістігінде арнайы сынақтардан өткізілді. 1968 ж. 21 желтоқсанда бортында ф. Борман. Дж. Ловелл және У. Андрес бар ғаламшарлық кеме жерден ұшып шықты. Сол жылғы 24 желтоқсанда кеме Айдың төңірегіндегі жасанды серік ұшып жүретін айналым жолға шықты. Осындай алдын – ала зерттеу сынақтардан кейін « Ай бетіне қонуға болады », – деген тұжырым жасалды. Жердегі Ай табиғатына ұқсайды деген аймақ – арнайы полигонда қызу, жаттығулар басталды.
Көп кешікпей Айға алғаш қонатын астронавтар да іріктелді. Оларды Ай бетіне жеткізу « Аполло – 11 » ғарыш кемесінің үлесіне тиді.
1969 ж. 16 шілдеде Гринвич уақытымен 13 сағат 32 минутта Американың Джон Кеннеди атындағы ғарыш айлағынан « Сатурн – 5 » кемесі аспанға көтерілді. Сөйтіп 1969 ж. 20 шілдедегі 23 сағат 18 минутта кеме табаны Тыныштық теңізінің оңтүстік – батыс жағындағы алаңға тиді. Ертесінде, 21 шілдедегі 2 сағат 56 минутта 20 секундта Нәйл Арметронг адамзат тарихында тұңғыш рет ай топырағына оң табанын тигізді. Ай жынысының үлгілерін жинап, суреттке түсті. Ай бетінде елінің жалауын қадады. Сондай-ақ олар ғарышты игеру жолында қаза болғандарға бейнелері бедерленген бес медальды Ай бетіне қойды. Өздері қонған жерді « Тыныштық базасы » деп атады.
Ай кабинасынан қарағанда Ай аспаны қап – қара болып көрінді, ал айнала жап – жарық күндізгідей анық. Ай бетінде тұрғанда аяқ асты сарғыш – қоңырқай түс болып көрінді. Бірақ ол тұрақты түс емес. Ай бетінің түсі жиі-жиі құбылып тұрады. Ай бетінен алған жыныстарды Арнайы ыдыстарға салдық. Ай бетінде іздеріміз сайрап қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |