Сабақтың тақырыбы: Белгісіз ұшатын денелер. Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың белгісіз ұшатын денелер туралы не
білетіндерін ортаға салу.
б) Оқушылардың ойлау, қиялдай білу қабілетін арттыру.
в) Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ, жауап.
Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
б) қабілеттеріне қарай, бірін қара сөзбен , бірін өлеңмен, енді бірін өз қиялдарыңмен сурет салып, қызықты етіп шығарма жазу.
І. Белгісіз ұшатын денелер бар ма?
ІІ. Бөгде ғаламшарлықтар туралы не білесің?
ІІІ. Б.Ұ.Д-ің адамдарға әсері
IV. Олар адамзатқа беймағлум ғылымды меңгеру
в) Жаңа сабақ. Ұшқыш табақша төңкерілген тәрелкеден айнымайды,астында әлдеқандай сәуле шашатын өте күшті прожекторы бар, жоғарғы жағында ішінен қызыл сәуле қылаң беретін иллюминаторлар орналасқаны көрінеді. Көлемі де адам таңғаларлық үлкен, ұзындығы үйдің жартысындай.
Уфологтар ұшқыш табақтардың кезіккен адамдарға, оның психикасына елеулі әсер қалдыратынын анықтаған. Бұл әсер әр адамның жеке сезімталдығына байланысты болады. « БҰО пайда болмай тұрып – ақ, адамдар себепсізден – себепсіз алабұртып, әдеттен тыс құбылыстың жақындап келе жаттқанын сезеді. БҰО-ның пайда болуы да адамдардың психикасына едәуір әсер етеді. Бұл кезде ұйқыдан оянып, әлдебір қолайсыздық пайда болып, БҰО-ны көрінетін терезеге жақындайды », – деп жазады уфологтар. Астаналық жасөспірімдердің басынан өткені дәл осы жағдайдың бір ғана мысалы.
Мамандардың айтуынша, БҰО неғұрлым жақындаған сайын оның адамдарға келтіретін психикалық әсері де күшейе түседі. Кейде қорқыныш пен үрей ұялатады. Мәселен, Францияның Алье қалашығы маңында жол жиегіне қонған үлкен күмбез тәріздес затқа жақындамақ болған бір адам орта жолға келгенде, ешқандай себепсіз бойын үрей билеп алған. Жүрегі дүрсілдеп, аттай тулап, денесі мұздап, төбе шашы тік тұрып кеткен. Үрей қорқынышқа ұласып, ол жерден қаша жөнелген.
БҰО кездесер алдында немесе кездесу барысында адамдарды неге бұлай үрей билейді? Оның бір себебі, БҰО өзінен қорқынышпен үрейтуғызатын сәуле шығаруы әбден мүмкін. Әртүрлі елдерде бір – бірінен бөлек жүргізіліп жатқан тәжірибелер мынаны көрсетті: жиілігі жоғары электромагнитті өрісте адамда қорқыныш пен үрей ұялап, ұнжырғасы түседі.
Уфологтардың пікірінше, БҰО – ны тым жақын жерден көрген адамдардың жүйке жүйесі мен психикасы қатты бұзылуы ықтимал. Тіпті тілден айырылып, сөйлеуден қалғандары да бар. Кей жағдайда БҰО дамдардың санасына іштей әсер ете алады.
Бұл әсер ұзақ уақыт сақталады. Ұшқыш табақшаны тым жақыннан көрген адамдар онымен кездескендегі және кездескеннен кейінгі оқиғалады толық біледі де, ал кездескен кезде не болғанын жадынан мүлде шығарып алады. Ұмытылып қалған сәттерді регрессивті гипноз арқылы білуге болады. Алайда гипнозшылар гипноз арқылы алынған мәлімет ұдайы шындыққа сәйкес келе бермейтінін ескертеді. Кейбіреулер БҰО – мен кездескен кездегі ұмыт болған сәттерді гипноздың көмегінсіз – ақ, уақыт өте келе өзі еске түсірген. БҰО психикасына әсер еткен адамдар әдетте бірнеше тәулік бойы қорқынышты түстерді қайта – қайта көріп, оны өңіндегідей қайталап, қатты шошып оянады. Екінші бір адамдар бірнеше апта бойы, айлар бойы тәулігіне 16 сағат тырп етпестен ұйықтайтын болған. Үшіншілерінің ақылы толысып, қабілеті ерекше артқан.