Сабақтың барысы: Ай жерді айнала, Жердің өз осінен айналу бағытына қарай қозғалады. Ай (лат. Тіл. ау. Luna) – Жердің табиғи серігі, Жерге ең жақын, өзі жарық шығармайтын аспан денесі. Ай шар тәріздес, диаметрі 3476км (жер диам. 4 есе аз), Ай массасы Жер массасынан 81 есе аз. Айдағы дененің еркін түсуі 1,62 м/с,2 жерде 9,81 м/с2. Айдың эллипс бойымен шығысқа қарай бір тәулікте 130 – тай жылысуына байланысты, оның Жерден қарағандағы көрнісі өзгеріп отырады. Айдың бірдей екі фазасы арасындағы уақыт 29,53 тәулікке тең. Айдың жұлдыздарға қатысты Жерді айналу периоды жұлдыздық не сидерлік деп аталады. Жұлдыздарға қатысты Жерді бір айналып шығу уақыты 27,3 тәулікке тең. Сиондтық ай сидерлік айдан ұзынырақ.
Айдың өз осінен айналу периоды Жердің айналу периодына тең. Сондықтан жерден Айдың бір жақ шеті ғана көрінеді. Осының салдарынан Айда күн мен түн шамамен 15 тәулік сайын алмасып отырады. Ай сәулесі өзіне түскен Күн сәулесінің 7 % - ын ғана шағылдырады, сол себепті Ай күңгірт болып көрінеді. Ай бетіндегі қарауытқан дақтар «теңіздер» деп аталады. Телескоппен қарағанда Ай бетіндегі тау жоталары, жарықтар, шыңдар, «кратер», «цирк» деп аталатын сақина тәрізді таулар байқалады. Олардың көлденеңі, ұзындығы 400км – дей, цирктердің диаметрі 200 – 250 км, ал жоталарының биіктігі 3 – 7 км.
Айдың көрінетін қозғалысы оның үздіксіз түр өзгерістерімен, фазалар алмасуымен қатар өтеді. Ай өзін жарықтандыратын Күн мен жерге қатысты алғанда түрліше орында болады.Ай бізге жіңішке орақ (айшық) тәрізді көрінгенде оның қалған бөлігі қылаң жарық шығарып тұрады. Осы құбылыс күл түсті жарық деп аталады. Жерден шағылған Күн жарығы барып Айдың түн жақ бетіне түседі.
Тұтылу – жердегі бақылаушыға Күн, Ай. Планета, планета серіктері не жұлдыз толық көрінбейтін, не шала көрінетін кезеңді білдіретін астрономиялық құбылыс.
Тұтылу бір аспан денесінің екінші денені тасалауы немесе өзі жарық шығармайтын аспан денесінің көлеңкесінің екінші бір денеге түсуі салдарынан болады.
Ай кеңістікте Күн мен Айдың сыртқы жанамасы арқылы түзетін конустық көлеңке түсіреді. Оның төбесі Ай центрінен 368 – 380 мың км қашықтықта болады. Сондықтан конустық көлеңке Айдан 363 – 400 км қашықтықтағы Жерге дейін жетеді.
Айдың жерге түсетін көлеңкесінің диаметрі 270 км. Бұл күн толық тұтылатын үлкен аймақ. Ай Күнді толығымен тасалайды, Айдың толық тұтылу фазасы 1 сағ. 40 мин. созылады.
Күннің толық тұтылуы Жердің азғана бөлігінде көрінеді.
Толық Күн тұтылуының ғылыми маңызы бар, Ай Күнді ғана тасымалдамайды, Жер атмосферасын да көмескілендіреді. Күн тажы мен хромосферасын бақылауға келтіретін кедергілерді жояды. Айдың шала тұтылу уақыты 3,75сағ, созылуы мүмкін. Осы уақыттың орта шенінде Ай толық тұтылады, ол 1,75 сағ созылады.
Толық тұтылу кзінде Жер атмосферасынан шағылған күн сәулесінің шамалы мөлшерінің Ай бетіне түсуі салдарынан, Ай беті күңгірттенеді не оның беті қызыл қоңыр рен тартады.
Күннің тұтылуы тек жаңа Ай, Айдың тұтылуы тек толған ай кезінде болады. Олар үнемі қайталанып отырмайды, тек Күн мен Айдың аспан сферасындағы көрінерлік жолы Айдың ең жақын түйінінен бұрыштық қашықтығы 17,90 – тан аспаса Күн, ал толған Айда бұл қашықтық 120 – тан аспаса Ай тұтылады. Ай орбитасының түйіндері этлиптика бойынша Күнге қарсы баяу қозғалады, сонда күн бір түйіннен шамамен 346,16 тәулік сайын өеді, ал, Ай бір түйінге 27,2 тәулік сайын қайтып оралады. Жыл сайын Күн 2 – 5 рет, ай көп дегенде 3 рет тұтылады.
Жер үшін Күннің тұтылуы Айдың тұтылуына қарағанда жиі болады. Айдың оның түйіндеріне қайтып оралатындығын білдіретін синодтық Ай, тұтылудың алмасу периодтылығы 68581/3 тәулікке тең мерзім өткеде Күн мен Айдың тұтылуы бірдей қайталанады.
Бұл период IV ғасырда белгілі болған, оны сарос деп атаған.
Сарос тұтылуының алдағы мерзімін анықтауға мүмкіндік береді. Әр халықтың жылнамаларына Ай мен Күннің тұтылуы сәйкес. Ай мен Күннің тұтылуын Австрия астрономы Оппольцер ХІХ ғ 80ж б.з.д 1207 – 1263 жж аралығында 8 мың рет Күн, 5200 рет Ай тұтылады деп есептеп шығарған. Күн – күн жүйесінің орталық денесі Жерге ең жақын жұлдыз ол аса ыстық газдан тұратын шар тәрізді аспан денесі болып табылады.
Күн тажы – күн атмосферасының ең жоғарғы және өте сиретілген қабаты.
Айдың көрінетін бұрыштық диаметріне Күндікі бірде үлкенірек, бірде кішірек, ал бірде оған тең болып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |