Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «3» сентября


-тарау. 2020-2021 оқу жылында оқыту форматтары



бет42/58
Дата07.02.2022
өлшемі239,37 Kb.
#90119
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58
Байланысты:
№345 Бұйрық

4-тарау. 2020-2021 оқу жылында оқыту форматтары


20. Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Білім беру ұйымдарының жұмысы қашықтықтан/аралас форматта ұйымдастырылуы мүмкін.


Негізінде РОӘК ОӘБ дайындық бағыттары бойынша жұмыс істейтін ЖЖОКБҰ 2020 жылғы 20 тамызға дейін барлық ЖЖОКБҰ-ға өзінің қызмет бағыттары бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және таратады (дәрістік және практикалық онлайн сабақтарды өткізу форматы, СӨБЖ-ге тапсырма, жеке пәндер мен онлайн виртуалды зертханалар үшін онлайн ресурстар тізбесі бойынша, бағалау әдістері бойынша, емтихандарды өткізу және практикаларды ұйымдастыру тәсілдері бойынша және т.б.).
21. ЖЖОКБҰ басшысы коронавирустық инфекция қаупіне байланысты профилактикалық шараларға байланысты, оның ішінде білім беру процесінде онлайн-курстарды және қашықтықтан білім беру технологиялары мен құралдарды (LMS, электронды пошта, мессенджерлер, вебинарлар жүйелері, чаттар және басқалары) қолдануды қарастыратын білім беру процесін ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады.
22. ЖЖОКБҰ алқалы орган шешімімен өзінің Академиялық саясатына тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, өзінің ұйымы, басқа ұйымдар базасында қолжетімді онлайн-курстар, КАОК тізімін бекітеді, формалды және формалды емес оқу нәтижелерін тану қағидасын, академиялық кредиттерді қайта сынақ тәртібін анықтайды, тиісті электронды ақпараттық-білім беру ортасын құру бойынша шаралар қабылдайды.
23. Қашықтықтан оқыту форматына өту кезінде:
1) оқытушы нақты пән бойынша қолдағы бар онлайн курсты қолдану туралы немесе қашықтықтан білім беру технологияларын қолданып сабақтар өткізу туралы шешім қабылдайды;
2) кез келген оқу форматы пәндердің бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус) шеңберінде жүзеге асырылады;
3) ЖЖОКБҰ ЖОО-ның ресми сайтында немесе ақпараттық жүйесінде онлайн-курстарға білім алушылардың тіркелуінің аяқталу күнін көрсетіп онлайн-курстарды өткізу мерзімдері туралы ақпаратты орналастырады.
24. Вебинар түрінде дәрістер өткізуге немесе оқытушылар бұрын жазған дәрістерге қол жеткізуге рұқсат етіледі.
Онлайн режимде дәрістер өткізу 20 минут көлемінде рұқсат етіледі, бұл ретте білім алушыларға дәрістердің толық мәнмәтіні немесе толық презентациясы беріледі. Онлайн режимдегі дәрістер бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі.
25. ЖЖОКБҰ онлайн-курс тыңдаушысы онлайн аттестаттаудан өтетін тұлғаны тексеру технологиясын қолданады.
26. ЖЖОКБҰ екі негізгі модельді қолдана алады:
1) қашықтықтан оқыту форматында сабақтар өткізу;
2) жеке онлайн-курстарды немесе жетекші университеттермен әзірленген онлайн-курстарды қолдану.
Бірінші жағдайда университет жеке курстарын қашықтықтан оқыту форматына ауыстырады (LMS, қолжетімді платформаларды қолдана алады) және білім алушыларға қосылу алгоритмін және пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, сабақтардың өзекті кестесін ұсынады.
Екінші жағдайда – білім алушыларға меңгеруі тиіс онлайн-курсты (курстарды) ұсынады және білім алушыларға платформаға қосылу алгоритмін ұсынады. Онлайн-курс қашықтықтан оқыту түрінде семинар сабақтарымен және өзіндік жұмыспен қоса беріледі.
Онлайн-курсты меңгеру барысында білім алушы оқитын ЖЖОКБҰ оқытушысы оқу-әдістемелік қолдау көрсетеді, ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау өткізеді.
27. Білім алушының жеке деректерін өңдеуге және онлайн-платформасының пайдаланушы келісімінің талаптарын қабылдауға келісімі ЖЖОКБҰ-ның саясатына сәйкес ресімделеді.
28. Сабақтарды қашықтықтан өткізу мүмкін болмаған жағдайда (мамандандырылған жабдықтармен немесе бағдарламалық қамтамасыз етілетін жұмыстарды талап ететін пәндер үшін) мыналар ұсынылады:
1) зертханалық/практикалық жұмыстарын кейінірек мерзімдерге ауыстыруға қатысты оқу сабақтарының кестесіне (кестеге) өзгерістер енгізу. Мысалы, зертхана сабақтарын 2020-2021 оқу жылының көктем семестрінде ұйымдастыру ұсынылады;
2) қазан мен желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын сақтай отырып, түрлі ауысымда аз топтармен практикалық пәндерді меңгеруді ұйымдастыру;
3) кампус аумағында аудитория сабақтарын өткізуге 65 жастан асқан тұлғаларды және ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрған тұлғаларды тарту ұсынылмайды.
29. Оффлайн оқыту моделі пайдалану уақытында желіден сөндірілген бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен оқытудан тұрады немесе басқаша айтқанда, бұл нақты уақыт режимінде емес, кейбір уақыт аралығы арқылы қашықтықтан оқыту процесінде екі немесе одан көп қатысушылардың өзара әрекет.
30. Синхронды (бір уақытта) оқыту моделі оқытушының бекітілген кестесіне сәйкес платформалар арқылы академиялық топтарға (дүрмектерге) арналған видеоконференцияларын немесе вебинарларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады. Білім алушылар осы шараға міндетті түрде қосылады және оған белсенді қатысады.
31. Асинхронды (түрлі уақытта) оқыту моделі білім ұйымдарының LMS, және басқа білім платформаларын; LMS, электронды корпоративтік пошталарды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
Асинхронды жұмыс түрін қолдану кезінде топ мүшелері мен оқытушы ұзақ уақыт бойы түрлі уақытта жұмыс істейді. Жұмыстың негізгі платформасы - білім ұйымының LMS-і. LMS-тегі пәндердің тиісті тарауларында орналасқан тапсырмаларды уақытылы және айқын орындау керек. Білім алушылар тексеруге арналған орындалған тапсырмаларды тексеруге (Word, Excel файлдары немесе сканкөшірмелер, скриншоттар, суреттер және басқалары түрінде) келудің ағымдағы бақылауын және үлгерімділіктің ағымдағы бақылауын жүзеге асыруға үнемі жүктеуді орындауға міндетті.
Қажеттілік болғанда оқытушы пән бойынша қашықтықтан беруді ұйымдастыра алады. Оқытушы сонымен бірге платформаларда жалпы қолжетімділікте орналасқан курстарды (курс бөліктерін); аралас оқыту түрін қолданып басқа білім ұйымдарын қолдана алады.
32. Blended Learning (аралас оқыту түрі) – бұл аудиторияда оқыту мен электронды қашықтағы ортада заманауи оқыту технологиясын қатар қолдануға мүмкіндік беретін оқытуды ерекше ұйымдастыру. blended-learning деп аталатын оқыту тұжырымдамасы жалпы оқудың әлеуметтік аспектілерімен электронды оқу түрлерінің тиімділігі мен жеделдігін біріктіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет