Классицизм және неоклассицизм - XIX ғасырдың басындағы орыс және еуропалық өнердегі басым бағыты болып қала берді. Бұл стильдің үлгісі француз классицизмі болды. Неоклассиктер романтизм ағымы аясында жоғалуға таяған дәстүрдің дамуын, үрдістердің жалғасын табуын қолдады. Неоклассицизм өкілдері (Элиот, О.Э. Мандельштам, Б.Л. Пастернак, т.б.) классикалық тіл мен мәдениетті антикалық бастауы деп санайды. Неоклассицизм үлгісіндегі шығармалардан классицизм дәстүрін байқауға болады. Ұлт әдебиеті мен нақты тарихи жағдайларда неоклассицизм түрлі идеялық-көркемдік мәнге ие болды.
Романтизм - XVIII - XIX ғасырдың басында Еуропа мен Америкада пайда болды. Ол француз революциясына жауап ретінде қалыптасты. Оның белгілері: сөз бостандығы, адамның жеке бірегей ерекшеліктеріне назар аударылуы, шынайылық және еркіндік болды. Романтизмнің негізгі ерекшелігі: шынайы өмірге романтикаға толы, керемет тіршілік бейнесін қарама-қайшы қою болды.
Реализм - Франция өнерінде пайда болды. Бұл стиль XIX ғасырдың ортасында толық қалыптасты және өзін өнердің жетекші бағыты ретінде айқындады.Реалистік өнердің міндеті - шындықты дәл және объективті көрсетті.
Имперссионизм - XIX ғ. 70-80 жылдары пайда болды. Осы бағытта жұмыс жасаған суретшілер әлемнің өзгермелілігін шынайы ұстап қалуға тырысты, олардың өткінші әсерлерін жеткізуге ұмтылды. Кескіндемедегі құрылымды (композицияны) еркін құра білді. Импрессионизм образды сомдауда солқылдақтыққа, екі ұштылыққа ұрынып, суреттегі үйлесімділік дәлдігінен алшақтады. Импрессионизм өкілдері бояу қосындыларын қолданбай, тек “таза түстерді” пайдалануды талап ететін пленэр жүйесін жасады.