Білім және ғылым министрінің



бет8/8
Дата26.08.2017
өлшемі1 Mb.
#28413
1   2   3   4   5   6   7   8
1.Теміржолдың жеке бекеттерінің жұмысын ұйымдастыруды біледі.

2.Стандартты, қиын, апатты жағдайларды дұрыс әрекетті орындайды.

3.Техникалық құралдарды тиімді қолданады.


Оқыту нәтижесі: 3) Пойыз қозғалысы мен маневрлік жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көрінетін және дыбыстық сигналдар жүйессін тану.

Бағалау өлшемдері:

1.Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету тәртібін ұйымдастыруды біледі.

2.Қазақстан Республикасы теміржол көлігінде қолданылатын сигналдардың мәнін біледі.

3.Пойыздардың қозғалысы мен маневрлік жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көрінетін және дыбыстық сигналдарды берген кезде белгілі әрекеттерді жасай біледі.


Оқыту нәтижесі: 4) Аралық пен станциялардағы жол жұмысының өндірісі кезінде пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін ұйымдастыру

Бағалау өлшемдері:

1.Жолды, жол шаруашылығы ғимараттары мен құрылғыларын жөндеу мен күту бойынша барлық жұмыстарды, сондайақ, құрылыс жұмыстарын орындаудың Қазақстан Республикасы техникалық пайдалану ережелері талаптарына сәйкестігін, пойыз қозғалысы мен маневрлік жұмыс бойынша нұсқаулықты, сигнал беру бойынша нұсқаулықты анықтайды.

2.Жол жұмыстарының өндірісі кезінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.






АМ.08. Кәсіпорынның экономикалық талдауы, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу

Осы модуль өндірістік аумақ жұмысы туралы техникалық және есептік құжаттаманы жасау мен рәсімдеу кезінде қажетті дағдылар мен білімді сипаттайды. Өндірістің нақты экономикасының барлық негізгі түсініктерінің, еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен жалақының, кәсіпорынның өндірісшаруашылық қызметінің есебін жоспарлау мен техникалықэкономикалық талдауын ұйымдастырудың мәні мен маңызы.

Модульді оқып білу нәтижесінде оқушы келесі білімді меңгеруі тиіс:

өндірістік аумақ жұмысы туралы техникалық және есептік құжаттаманы рәсімдеу;

өндірістік қорлардың экономикалық мәні;

сметалық құжаттаманы әзірлеу тәртібі;

жоспарлау мен есеп әдістері;

маркетинг пен менеджмент негіздері.

Модульді оқып білу кезінде оқушы келесі дағды мен машықты иеленуі тиіс:

жол машиналары мен механизмдерінің техникалық қызмет көрсету мен машина ауыстыруының өзіндік құнын есептеу;

жол машиналарының бүлінген кезінде наразылық әзірлеу;

жол машиналарын жөндеудің қабылдаутапсыру актісін жасау;

жол машиналарын пайдалану жоспарын құрастыру;

жөндеу жоспарының кестесін құрастыру;

жұмысшылардың жұмыс істеген сағаттары туралы табельді ай сайын толтыру;

материалдық ресурстық қажеттіліктер мен өндірістік шығындарды есептеу;

жұмыстың белгілі түрлеріне калькуляция жасау;

шаруашылық қызметтің экономикалық тиімділігін есептеу және талдау;

өндірістік процесті ұйымдастыру;

беделге қол жеткізу, кәсіби этика тәсілдерін меңгеру.


Оқыту нәтижесі:1) Өндірістік аумақ жұмысы туралы техникалық және есептік құжаттаманы жасау және рәсімдеу

Бағалау өлшемдері:

1.Жол машиналары мен механизмдерінің техникалық қызмет көрсету мен машина ауыстыруының өзіндік құнын есептейді.

2.Жол машиналары бүлінген кезінде арыз әзірлейді.

3.Жол машиналарын жөндеудің қабылдаутапсыру актісін жасайды.

4.Жол машиналарын пайдалану жоспарын құрастырады.

5.Жөндеу жоспарының кестесін құрастыру;

6.Жұмысшылардың жұмыс істеген сағаттары туралы табельді ай сайын толтырады.

7.Жол қағаздарын толтырады.


Оқыту нәтижесі: 2) Өндірістік қордың экономикалық мәнін, сметалық құжаттаманы әзірлеу тәртібін түсіну

Бағалау өлшемдері:

1.Материалдық ресурстар қажеттіліктері мен өндірістік шығындарды есептейді.

Оқыту нәтижесі: 3) Сметалық құжаттаманы әзірлеу тәртібін сақтау

Бағалау өлшемдері:

1.Жұмыстың белгілі түрлеріне калькуляция жасайды

Оқыту нәтижесі: 4) Жоспарлау мен есеп әдістерін меңгеру

Бағалау өлшемдері:

1.Шаруашылық қызметті талдайды және экономикалық тиімділігін есептейді.

2. Өндірістік процесті ұйымдастырады



Оқыту нәтижесі: 5) Маркетинг пен менеджмент негіздерін білу

Бағалау өлшемдері:

1.Менеджменттің негізгі әдістері мен қызметтерін біледі;

2.Менеджмент жүйесін, мақсаты мен қызметін жіктей біледі



Кәсіптік практика




КП. 01. Оқутаныстыру практикасы

Осы модуль кәсіпорынның жұмыс құрылымы мен режимі, теміржол құрылымы туралы жалпы түсінік, мамандық, оның саласы мен бағыттары туралы шынайы және толық түсінікпен таныстырады. Оқутанысу тәжірибесінен өтуді бастардың алдында тәжірибе жетекшісі студенттермен қауіпсіздік техникасы бойынша журналға міндетті қол қойдыра отырып, кіріспе нұсқамалығын жүргізуге, одан соң нысанға шығар алдында – кәсіпорынның нақты талаптарына байланысты арнайы нұсқамалық жүргізуге міндетті.


Оқыту нәтижесі:1) Өндіріс ерекшелігін білу

Бағалау өлшемдері:

1.Қауіпсіздік техникасы бойынша алғашқы нұсқамалықты біледі.

2.Теміржол құрылымы туралы жалпы түсінікті, мамандық, оның саласы мен бағыттары туралы шынайы және толық түсінікті біледі.

3.Кәсіпорынның ішкі еңбек тәртібі туралы ережелерді, кәсіпорын аумағындағы және өндірістік ғимараттардағы тәртіп туралы білімін көрсетеді.

4.Негізгі кәсіпорын құрылымы мен жұмыс режимі туралы білімін көрсетеді.

5.Жол машиналары мен механизмдерін жөндеу жұмысының ерекшеліктерін біледі.





КП 02. Жұмыс біліктілігін алуға өндірістік практикасы

Осы модуль студенттерді заманауи өндірістік процеске тікелей орындаушылар ретінде тартуды қамтамасыз етеді, олардың арнайы заттарды оқып білу кезінде алған білімдері кеңейеді және тереңдейді, сондайақ, жұмыс орнында орындаушы ретінде жол машиналарын пайдалану , техникалық қызмет көрсету мен жөндеу боййынша кәсіби машық пен жұмыс дағдысына ие болады және жетілдіреді, бастапқы кәсіби тәжірибе қалыптасады. Тәжірибенің психологиялық және моральдықэтикалық мәселелерін іске асыру үлкен мәнге ие: болашақ маманның моральдық қасиеттерін қалыптастыру; еңбекке шығармашылық қатынасқа, саналы еңбек пен өндірістік тәртіпке, бригада ұжымының еңбек дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу.


Оқыту нәтижесі:1) Жол машиналарының олқылығын анықтау мен жою.

Бағалау өлшемдері:

1.Жол машиналарын пайдалану , техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша машыққа ие.

2.Барынша таралған әмбебап және арнайы аспаптар мен орташа күрделіліктегі бақылауөлшеу асапаптарын қолдана біледі.



Оқыту нәтижесі: 2) жол машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету мен профилактикалық жөндеуді жүзеге асыру.

Бағалау өлшемдері:

1.Жол машиналарының жеке тораптарына жөндеу жүргізе біледі;

2.Бұрандама мен білікшелердің бірігуі кезінде қарапайым тораптарды жөндеу мен құрастыру бойынша слесарлық жұмыстардың негізгі тәсілдерін орындайды.



Оқыту нәтижесі: 3) Машина мен механизмдерді жұмысқа дайындау

Бағалау өлшемдері:

1.Машиналар мен механизмдердің жеке тетіктерін балқыма қаптауынан соң токарьлық өңдеуді орындай біледі.

2.Шек пен қондырма, дәлділік топтаы мен өңдеу тазалығы туралы негізгі деректерді біледі.






КП. 03.

Технологиялық (диплом алды) практикасы



Осы модуль кәсіпорынның, цехтың (бөлімшенің), зауыт құрылымының негізгі технологиялық процестерімен таныстырады, кәсіби білімнің оқу процесінің ажырамас бөлігі және кәсіби қызметке білікті техникалық және қызмет етуші еңбек жұмысшыларының кәсіби дайындығының тиімді түрі болып табылады. Оқушылардың арнайы модульдерді оқу кезінде алған білімдерін кеңейтуді, тереңдету мен нығайтуды, сондайақ, жылжымалы құрамды (түр бойынша) құрастыру мен сынау бойынша машықтарды меңгеру мен әрі қарай жетілдіруді, оқушылардың өз мамандығына деген қызығушылығын арттыруды, еңбек пен өндірістік мәдениетті сыйлау, тапсырған іске әділ қарымқатынас пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруды қамтамасыз ете


Оқыту нәтижесі:1) Кәсіпорындағы ішкі тәртіп ережелерін, машиналандырылған жол қашықтығының құрылымын, орындалатын жұмыс сипатын білу

Бағалау өлшемдері:

1.Цехтағы жөндеу жұмыстарының әр түрлі түрлерін орындайды.

2.Бір жол машиналарының ағымдағы қызмет көрсетуі бойынша негізгі жұмыстарды орындайды.



Оқыту нәтижесі: 2) Техникалық пайдалану ережелері негізінде жол машиналарын жұмысқа қабылдау және дайындау

Бағалау өлшемдері:

1.Аралыққа шығуға жол машиналарын дайындайды.

2.Машина қажетті құжаттаманың, қажетті құралсайман, сигналдық белгілердің болуын тексереді.

3.Майлау, құюды жүргізеді.


Оқыту нәтижесі: 3) Жүру жолындағы жол машиналарын басқару мен қызмет көрсету



Бағалау өлшемдері:

1.Жол машиналарын қолдану арқылы жолдың ағымдағы күйі бойынша негізгі жұмыстарды орындау тәртібін біледі.

2.Жол машиналары мен механизмдерінің өлшеу аспаптарын, жолдың ағымдағы күйі бойынша негізгі жұмыстарды орындаған кезде аспаптарды қолдана біледі.

3.Электр қозғалтқыш жұмысына тексеру жүргізеді.

4.Гидравликалық жол аспабының жұмысын тексеруді жүргізеді






Диплом алдындағы практика

Осы модуль оқудың соңғы кезеңі болыптабылады және теориялық курсты оқыған соң және оқушылар түлектерді дайындау деңгейі мен мазмұнының мемлекеттік талаптарында қарастырылған аралық аттестаттаудың барлық түрлерін тапсырған соң жүргізіледі.

Дипломалдылық тәжірибе кезінде оқушылар тәжірибе талаптары мен бағдарлама міндеттерін, сондайақ, міндеттерге сәйкес еңбек міндеттерін орындайды. Кәсіпорынның режимі және құрылғыларымен, кәсіпорын бөлімшелерінің, цехтар жұмысымен, құрылыммен, технологиялық желі құрылғысы және әрекет қағидасымен; техникалық қызмет көрсету, сала жабдықтарын жөндеу мен пайдалану , электрмеханикалық құрылғыларды монтаждау, жөндеу және сынақпен, ауысымды қабылдау мен өткізумен танысады, техникэлектр механигі құзыреттілігін, диплом жобасын орындау үшін материалдарды жүйелендіруді қалыптастырады



Оқыту нәтижесі:1) Жол машиналары мен механизмдерінің олқылығын анықтау мен пайдалануды ұйымдастыру.

Бағалау өлшемдері:

1. Кәсіпорынның ішкі тәртібін, жұмыс режимін білетіндігін көрсетеді

Оқыту нәтижесі: 2) Өндірстік жағдайда пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен пайдаланудың техникалық ережелері бойынша техникалық қызметкердің жұмысын ұйымдастыру

Бағалау өлшемдері:

1.Техникэлектр механигі құқығы мен міндеттерін білетіндігін көрсетеді.

2.Техникалық құжаттаманы толтыра алады.

3.Құрылғының жолды өңдеу жұмыстарының кестесін, күрделі және ағымдағы жөндеудің жоспарсметасын, жабдықты жөндеудің жоспаресебін, жабдықты жөндеуге қабылдаутапсыру актісін, жолды өңдеу жұмыстарын жүргізу ережелерін, жабдықты жоспарлықсақтандыру жөндеуін рәсімдеу ережелерін құрастырады.

4. Белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізеді.



Оқыту нәтижесі: 3) Кәсіпорын бөлімшелерінің, жалпы зауыттық белгіленген цехтардың жұмысын білу.

Бағалау өлшемдері:

1.Кәсіпорын бөлімдерінің құрылымын, қызметін, құқығын және олардың өзге бөлімдермен өзара қатынасын білетіндігін көрсетеді.

Оқыту нәтижесі: 4)Дипломдық жобаны орындау үшін материалдарды жүйелендіру

Бағалау өлшемдері:

1.Дипломдық жобалау тапсырмасында қарастырылған мәселелер тізіміне сәйкес дипломмдық жобаның орындалуы үшін материалдарға ие.

2.Тәжірибе бойынша күнделік жазады.

3.Тәжірибе бойынша есеп жазады.

4.Тәжірибе қорытындысы бойынша есеп жүргізеді.



Ескерту:

БҚ базалық құзырет;

КҚ кәсіптік құзырет;

ЖГМ жалпы гуманитарлық модульдер;

ӘЭМ әлеуметтікэкономикалық модульдер;

ЖКМ жалпы кәсіптік модульдер;



АМ арнайы модульдер;

КП кәсіптік практика.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет