Білім және ғылым министрінің



бет5/8
Дата26.08.2017
өлшемі1 Mb.
#28413
1   2   3   4   5   6   7   8

Жалпы кәсіптік модульдер

БҚ 06. ЕСКД талаптарына сәйкес сызбалар мен субаларды рәсімдеу және орындау

ЖКМ.1. Сызу

Осы модуль қажетті эскиздерді орындау үшін, бөлшектер мен тораптарды, сызбаларды, технологиялық жабдықтар мен технологиялық сұлбаларының графикалық кескіндердің іскерліктер мен білім дағдыларын сипаттайды .

Модульді зерттеу нәтижесінде оқушылар келесі білімдерді: заңдарды, проекциялық сызудың әдістәсілдерімен ережесін; оқу жұмыс сызбаларды, конструкторлық және технологиялық құжаттамаларды оқу және рәсімдеу ережесін ; сызбаларды, техникалық сурет, эскиз және сызбалар, геометриялық тұрғызулар мен техникалық бөлшектердің сызу ережелерін; құрастыру сызбалары туралы жалпы мәліметтер; технологиялық жабдықтарды графикалық ұсынудың әдістері мен технологиялық схемаларын орындау, мемлекеттік стандарттардың талаптарына сай конструкциялық құжаттардың бірыңғай жүйесі (ққбж) және қарастырылған сызбалар мен схемаларды ресімдеу және жасауда технологиялық құжаттаманың бірыңғай жүйесін игерулері тиіс.

Модульді өткенде білім алушылар келесі дағдыларды игерулері қажет:

технологиялық жабдықтар мен технологиялық схемаларынның графикалық бейнелерін орындауға;

олардың бетіндегі проекциялық нүкте мен геометриялық денелердің кешенді сызбаларын, эскиздерін , техникалық суреттер мен сызбаларының бөлшектерін, олардың элементтерін, түйіндерін орындауға;

технологиялық және конструкторлық құжаттаманы қолданыстағы нормативтіктехникалық құжаттамамен сәйкес рәсімдеу; мамандық бейіні бойынша сызбаларды, технологиялық сызбаларды, спецификациясы және технологиялық құжаттаманы әріқарай оқу;

конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу үшін қолданбалы бағдармалар пакеттерін қолдану.



Оқыту нәтижесі:1) бөлшек сызбаларын орындау

Бағалау өлшемдері:

1. Конструкторлық, технологиялық және басқа да нормативтік құжаттамаларының негізгі ережелерін біледі

2. Геометриялық тұрғызуларды орындайды

3. Техникалық детальдардың контурларының сызу ережесінің білімін көрсетеді

4. Техникалық детальдардың контурларын сызу ережесін пайдалана отырып геометриялық тұрғызуды орындайды.

5. Геометриялық денелердің және олардың аксонометриялық проекцияларын орындайды

6. Тіліктер және қималардың қажеттілігіне байланысты бөлшектердің проекцияларын орындайды

7. Бөлшектердің эскиздер мен сызбаларын орындайды

8. Ажырайтын және ажырамайтын қосылыстар сызбаларын орындайды



Оқыту нәтижесі: 2) Эскиздер бойынша жалпы және құрастыру сызбалары түрлерін орындауға

Бағалау өлшемдері:

1.Жалпы және жинақтау сызбаларын оқу және ресімдеу ережелерін біледі

2.Сызбада қолданылатын шарттардың және оңайлатулардың білімін көрсетеді.

3.Машина жасау сызбаларының дағдыларын қолданады.

4.Эскиздер бойынша құрастыру сызбаларын ресімдейді

5. Құрастыру сызбалары оқиды.


Оқыту нәтижесі: 3) Қолданбалы бағдарламалар пакеті көмегімен мамандық бойынша сұлбаларды әзірлеу және ресімдеу

Бағалау өлшемдері:

1.Техникалық құралдары туралы негізгі ұғымдар біледі .

2.Компьютерлік графика білімдерін көрсетеді.

3.Конструкторлық құжаттама әзірлеу үшін қолданбалы бағдармалар пакеттерін пайдаланады.

4. Техникалық сызу құралдарын пайдалана отырып, мамандық бойынша сұлбалар орындайды.



БҚ 07. Құрылғыларда жұмыс істеу ұстанымдары және, қызмет көрсетілетін электр жабдықтардың және электрондық құрылғыларды тағайындау туралы білімін меңгеру

ЖКМ.2. Электроника негізіндегі электротехника

Осы модуль қажетті құрылғы туралы кешенді көзқарасын, жұмыс істеу ұстанымдары және тағайындау, электр жабдықтардың және электрондық құрылғылар көрсетілетін қызметінің дағдыларын және білімін сипаттайды.

Модульді зерттеу нәтижесінде оқушылар келесі білімдерді игеруі тиіс: заңдар, элементтері мен электр тізбектерінің тұрақты және айнымалы токтың негізгі қасиеттері; электротехникалық және конструкциялық материалдардың қасиеттері, олардың қолдануы; жұмыс істеу принципі; электр машиналарының құрылғысы және мақсаты ; өлшеу аспаптарының жұмыс істеу принципін белгіленуі; құрылғы, негізгі техникалық параметрлерін және түрлі электрондық аспаптардың шартты белгілері.

Модульді өткенде білім алушылар келесі дағдыларды игеруі алулары қажет:

электр тізбектерінің тұрақты және айнымалы тогін есептеу;

-техникалық қызмет көрсету және жөндеуде электротехникалық материалдар қасиеттері туралы білімдерін қолдану

-электромеханикалық жабдықтар дұрыс жұмыс істеуін өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бақылау;

қолдануға арналған электрондық құрылғылардың технологиялық процесін бақылау.


Оқыту нәтижесі:1) кәсіби қызметтегі электрлік және магниттік тізбектердің заңдарын қолдану.

Бағалау өлшемдері:

1. Тұрақты және ауыспалы токтың электрлік тізбектерінің заңдарын, элементтері мен қасиеттерін біледі.

2. Тұрақты және ауыспалы токтың электрлік тізбектерінің есеп әдістерін біледі.

3. Электрмагниттік индукцияның физикалық процестерін біледі.

4. Тұрақты және ауыспалы токтың электрлік тізбектерінің есебін жүргізе біледі.

5. Электрлік жабдықтауды жөндеуге арналған электрлік тізбек заңдары тұрғысындағы білімді қолдана біледі.


Оқыту нәтижесі: 2) Электрлік машиналарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде білімді қолдану.

Бағалау өлшемдері:

  1. Трансформатордың әрекеті, құрылғысы мен белгілену қағидаларын біледі

  2. Тұрақты ток машиналарының әрекет, құрылым қағидаларын біледі

  3. Тұрақты ток генераторының жіктелуін; тұрақты ток генераторларының сипаттамасын біледі

  4. Коммутация процесінің мәнін; коммутация түрлерін біледі

  5. Ауыспалы ток машиналарының әрекетін; ауыспалы ток машиналарының жіктелуі мен сипаттамасын; ауыспалы ток машиналарын іске қосу тәсілдерінің қағидаларын біледі

  6. Трансформаторлардың жалғану тобын анықтай біледі.

  7. Синхронды қозғалтқышты қоса біледі.

  8. Асинхронды қозғалтқыш бағытының іске қосылуын орындай біледі.

  9. Асинхронды қозғалтқыш сипаттамасына талдау жасай біледі.

Оқыту нәтижесі: 3) Электрмеханикалық жабдықтың дұрыс жұмыс істеуі үшін өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бақылау және қадағалау.

Бағалау өлшемдері:

  1. Өлшеу аспабының өлшемін белгілеуді біледі.

  2. Өлшеу аспаптарының белгіленуін біледі.

  3. Өлшеу шамаларын түрлендіру тәсілдерін біледі.

  4. Өлшенген шамаларды сандық пішінге түрлендіру тәсілдерін біледі.

  5. Тіркейтін аспаптар мен түрлендіргіштердің әрекет қағидасын біледі.

  6. Электрлік тізбек параметрлерін анықтай біледі.

  7. Нақты аспаптарды қолдану мен қосу сызбасын орындай біледі.

  8. Тіркейтін аспаптарты таңдауды және әрекет қағидасын ажыратуды біледі.

Оқыту нәтижесі: 4) Металлургиялық жабдықты басқаруға арналған электрондық құрылғыны қолдану

Бағалау өлшемдері:

  1. Құрылғыны, әрекет ету қағидасы, негізгі техникалық параметрлерін, таңбалауды, түрлі электрондық аспаптардың шартты мәндері мен қолдану саласын біледі.

  2. Негізгі үлгілік сызбалардың құрылуын қағидаларын, қуат көзін, түрлендіргіш құрылғыларын біледі.

  3. Электрондық аспап параметрлерін анықтай алады.

БҚ 08.

Темір жолдар нысандарында қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария, еңбек гигиенасын сақтау және түсінікке ие болуға



ЖКМ.3. Еңбекті қорғау

Осы модуль еңбекті қорғау икемділігі мен білуді, құқықтық және нормативтік база, заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық жүйесінің, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шарттарды құру бойынша техникалық, санитариялық-гигиеналық іс-шараларды сипаттайды.

Осы модульді білу оқушыларға өндіріс жағдайына бейімделуге, адамның еңбек процесінде денсаулығы мен жұмыс қабілеттілігін сақтауға, еңбек шарттарына әсер ететін факторларға, қауіпсіздік техникасына, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін техникалық құралдарға, жеке қорғаныс құралдарына, еңбек гигиенасы мен теміржол нысандарындағы өндірістік санитарияға, сондай-ақ, өндіріс технологиясымен байланысты тәжірибелік мәселелерді шешу кезінде көмектеседі.

Модульді оқып білу кезінде оқушылар еңбектің тиімді шарттарын, өндірістік қауіпсіздік пен төтенше жағдайлардағы тіршілік әрекетін қамтамасыз етуге қол жеткізуге мүмкіндік беретін келесі икемділік пен дағдыға қол жеткізуі тиіс


Оқыту нәтижесі:1) Еңбек заңнамасын білу

Бағалау өлшемдері:

1.Көлік жұмысшыларының құқығы мен міндеттерін біледі.

2.Өндіріс кезінде жазатайым жағдайларды зерттеу мен есепке алудың жалпы ережелерін біледі.

3.Еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі бойынша ережелер мен нұсқаулықтарды, санитариялық ережелер мен нормаларды, стандарт талаптарын, олар орындаған жұмыс үшін белгіленген метрологиялық нормалар, ережелер мен өзге де нормативтік құжаттарды біледі.


Оқыту нәтижесі: 2) Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің негізгі ережелерін білу

Бағалау өлшемдері:

1. Еңбекті қорғауды басқару қызметтерін біледі.

2. Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесін (ЕҚСЖ) біледі.

3. Қадағалау органдарының құрылымын біледі.

4. Нұсқамалық түрлерін біледі.



Оқыту нәтижесі: 3) Теміржол көлігіндегі еңбек қауіпсіздігі техникасының негіздерін білу.

Бағалау өлшемдері:

1.Жарақаттылықтың жіктелуін біледі.

2.Өрт қауіпсіздігі негіздерін біледі

3.Пойызды өткізген кездегі, жолдан өту кезіндегі қауіпсіздік шараларын біледі.

4.Жолдың жанаспалы желілеріндегі жұмыс өндірісі кезіндегі қауіпсіздік талаптарын, жолдың электрмен жабдықталған бөліктеріндегі жұмыс өндірісі кезіндегі қауіпсіздік талаптарын, адамдарды тасымалдаған кезде қауіпсіздік талаптарын біледі.

5.Электрлік токпен зақымданған кезде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді біледі:


  • Жасанды тыныс алу;

  • Жүрекке жанама массаж.

6. Еңбек гигиенасы мен өндірістік санитария талаптарын біледі.

БҚ09. Ақпараттық технологияларды сақтау, өңдеу ,ақпарат беру және бағдарламалау негіздері үшін кәсіби қызметі әдістерін игеру

ЖКМ.4. Кәсіби қызметіндегі ақпараттық технологиялар

Осы модуль өндірістік процестерді автоматтандырылған басқару тәсілдері мен ақпарат тарату, процестер туралы кешенді түсінік қалыптастыру, ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, өңдеу, ұсыну, тарату әдістері үшін қажетті машық, икемділік пен қабілетті сипаттайды.

Модульді оқып білу нәтижесінде оқушы келесі білімдерді меңгеруі тиіс: бір жүйеден өзгесіне ауысу; формалды, математикалық логика; бағдарламалау тілі; бағдарлама, оның құрылымы; автоматтандырылған өңдеу қағидалары, есептеуіш техникасын қолдау тәсілдері мен әдістері, ақпарат беру мен басқару;

Модульді оқып білу барысында оқушылар келесі қабілеттер мен машықтарды иеленуі тиіс: қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы есептерді орындау; Ғаламтор желісі мен оның мүмкіндіктерін ақпаратпен шұғыл алмасуын ұйымдастыру үшін қолдану; кәсіби бағытталған ақпараттық жүйелердегі деректерді жинау, орналастыру, сақтау, жинақтау, түрлендіру мен жіберу технологиясын пайдалану


Оқыту нәтижесі:1) Ақпаратты іздеуді жүргізу.

Бағалау өлшемдері:

1. Іздестіру бағдарламаларын біледі.

2. Іздестіру бағдарламаларын қолдана біледі. .



Оқыту нәтижесі: 2) Ақпараттық технологиялардың негізгі мүмкіндіктерін меңгеру

Бағалау өлшемдері:

1. Ақпараттық технологиялардың түрлерін жіктеуді біледі.

2. Ақпараттық процестерді жіберу, өңдеу, деректерді жинақтау үлгілерін біледі.

3. Негізгі және қолданбалы ақпараттық технологияларды біледі.

4. Желілік ақпараттық технологиялар мен байланысты біледі.

5. Деректер базасымен жұмыс істей біледі.

6. Электрондық кестелерде компьютерлік үлгілеуді меңгерген.

Оқыту нәтижесі: 3) Ақпараттық технологияларды қолдану.

Бағалау өлшемдері:

1. Теміржолдарды электрмен жабдықтаудағы заманауи ақпараттық технологияларды біледі.

2. Кәсіби бағытталған ақпараттық технологияларды біледі.

3. Ақпараттық технологиялардың даму келешегін біледі.


БҚ 10. Темір жол көлігінде метрология және сертификация саласындағы мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттар қолдану;

ЖКМ.5. Стандарттау мен метрология негіздері

Осы модуль жұмыстың нәтижелілігін сипаттайды және өндірістік қызметте стандарттау, сертификаттау мен метрологияны қолдану үшін қажетті білім мен машықтарға қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады.

Модульді оқып білу барысында оқушы келесі білімді: стандарттау рөлі мен маңызы, өзара алмасушылық пен техникалық өлшеудің негізгі мәселелерін, түрлі бірігулерге арналған реттеуші шек пен қондырма стандарттарын; әмбебап өлшеу құралдарының құрылғысын, оларды пайдалануды, таңдау әдістемесі мен тәртібін; өлшеу құралдарын тексеруді ұйымдастыру мен тәртібін меңгеруі тиіс.

Модульді оқып білу кезінде оқушылар келесі машық пен білімді меңгеруі тиіс:

құрылымдық және техникалық құжаттаманы рәсімдеу ережелерін реттейтін стандарттарды қолдану;

қондырманы таңдау, шекті белгілеу;

өлшеу мен бақылау құралдарын дұрыс таңдау және оларды қолдану;

метрологиялық құралдар көмегімен негізгі өлшеуді орындау, беткейдің жылжуын анықтау.


Оқыту нәтижесі:1) Машиналардың тетіктерінің шегі мен қондырманы анықтау

Бағалау өлшемдері:

  1. Стандарттардың санаты мен түрлері, стандарттаудың нормативті құжаттары мен стандарт түрлері, өнім сапасының көрсеткіштері бойынша білімді көрсетеді.

  2. Машина тетіктерінің түрлері, параметрі, белгіленуі, мағынасы, шегі мен қондырманы біледі.

3. Артық сандардың қатарын есепке алады.

4. Шек өрісінің графикалық кескінін орындайды.

5. Стандарттық бірігулердің саңылау мен тартылыстарын анықтайды.

6. Машина тетіктері үшін шек пен қондырманың негізгі мәндерін анықтайды, шек өрістерін жасайды.




Оқыту нәтижесі: 2) Машина тетіктерінің негізгі параметрлерін анықтау үшін өлшеу мен бақылау құралдарын қолдану.

Бағалау өлшемдері:

1. Метрологияның негізгі түсініктерін, өлшеу әдістерін жіктеуді біледі.

2. Негізгілерді өлшеу үшін негізгі микрометриялық аспаптарды қолданады.

3. Өлшеу дәлдігін бағалауды жүргізеді.

4. Бақылау құрылғысы мен өлшеу құралдарының әрекет қағидасын, жабдықтарын біледі.

5. Бұдырлық пен толқындылықты бақылауды жүргізеді.

6. Тегіс цилинрдлік беткейлерді бақылауды орындайды.

7. Кескіш қосылыстарды бақылауды жүргізеді.

8. Бұрыш пен конустарды бақылауды орындайды.

9. Дайындама сапасын бақылауды орындайды.

10. Машина тетіктерін өлшеуді орындауға арналған өлшеу құралдарын таңдау.



Оқыту нәтижесі: 3) Сертификаттау бойынша аккредиттеу органдарының тәртібін анықтау.




1. Сертификаттаудың негізгі түсініктерін, қызметін, мақсатын біледі.

2. Сертификаттау бойынша аккредиттеу органдары мен сынақ зертханаларының тәртібін біледі.

3. Өнім сапасының негізгі терминдері мен анықтауды, сапа көрсеткіштерін анықтау әдістерін біледі.


БҚ 11. Мемлекеттік тілде іскерлік хат алмасуды жүргізу және құжаттарды толтыру

ЖКМ.6. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Осы модуль жұмыс нәтижелілігін сипаттайды және іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру бойынша білім мен машықты иеленуге, ұйымдастырушылық-өкімдік, нормативтік-құқықтық, анықтамалық құжаттарды құрау мүмкіндігін береді.

Модульді меңгеру нәтижесінде оқушылар келесі білімдерді: істі рәсімдеу, сақтау мен мұрағатқа өткізу; іс қағаздарын жүргізу негіздері; қызметтік құжаттамалар; кәсіби терминдер; қызметтік этикетті меңгеруі тиіс.

Модульді оқып білу барысында оқушы келесі білім мен машықтарды меңгеруі тиіс:

-мемлекеттік тілде ұйымдастырушылық-өкімдік, нормативтік-құқықтық, анықтамалық құжаттарды жасау;

-мәтіндерді, кәсіби бағыттағы іскерлік құжаттарды жетілдіру мен редакциялау.


Оқыту нәтижесі:1) Іс қағаздары саласындағы негізгі түсініктерді білу

Бағалау өлшемдері:

1. Іс қағаздары негіздерінің білімін көрсетеді.

2. Құжаттардың түрін анықтайды.



Оқыту нәтижесі: 2) Жеке құрам бойынша құжаттардың жіктелуін білу.

Бағалау өлшемдері:

1. Жеке құрам бойынша құжаттың негізгі түрлерін біледі.

2. Жеке құрам бойынша құжаттарды жүргізе біледі.

3. Еңбек құқық қатынастарын құжаттауды біледі.


Оқыту нәтижесі: 3) Мемлекеттік тілде ұйымдастырушылық-өкімдік, нормативтік-құқықтық, анықтамалық құжаттарды құрастыра білу.

Бағалау өлшемдері:

1.Құжат жасау бойынша білімді көрсетеді.

2.Нормативтік құжаттарды жасай біледі.

3.Жеке құжаттарды (түйіндеме, автобиография, өтініш, қолхат, сенімхат (жеке) рәсімдеу ережелерін біледі.


Оқыту нәтижесі: 4) Мәтіндерді, кәсіби бағыттағы іскерлік құжаттарын редакциялау.

Бағалау өлшемдері:

1. Құжаттарды редакциялаудың негізгі кезеңдерін біледі.

2. Жазбаша тілде және іс қағаздар тілінде жеке кәсіби терминдерді қолданады.

БҚ 12. Сипаттамалары және қасиеттері бар кәсіби қызмет объектілердегі жұмыстарды орындау үшін олардың мақсатына сәйкес материалдарды таңдау

ЖКМ.7. Материалтану

Осы модуль жұмыс нәтижелілігін сипаттайды және материалдарды таңдауды қолдану үшін қажетті білім мен машықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Модульді оқып білу нәтижесінде оқушылар өндірісте қолданылатын материалдар мен негізгі материалдарды қолдану түрлерін, қасиеттері мен қолдану саласын меңгеруі қажет:

-материалдар мен қорытпалардың жіктелуі мен қасиеті;

-маьтериалдардың параметрлерін өлшеу мен қасиеттерін анықтау әдістері;

-материалдардың негізгі электрлік, механикалық және жылулық қасиеттері;

желілер мен шоғырсымдардың сұрыпталымы;

-электроқшаулағыш материалдардың электрлік беріктік сипаттамасына тәуелділігі;

Модульді оқып білу барысында оқушылар келесі білім мен машықтарды иеленуі тиіс:

-өндірісте қолданылатын электртехникалық материалдардың қасиетін анықтау мен жіктеу;

-физикалық-механикалық және технологиялық қасиеттер бойынша негізгі электрмеханикалық материалдарды ажырата білу;

-термиялық, химиялық немесе механикалық әсермен қасиеттерді өлшеу заңдылығын анықтау;

- материалдарға сынақ жүргізу.




Оқыту нәтижесі:1) Болат өндірісі процесін анықтау

Бағалау өлшемдері:

1.Болат сапасына қол жеткізу мен арттырудың заманауи тәсілдерін біледі.

Оқыту нәтижесі: 2) Металдардың құрылымы мен кристалдануын білу.

Бағалау өлшемдері:

1.Металдардың кристалдануы мен қасиеттерін біледі,

2. Металдардың құрылымын жіктеу әдістерін біледі.



Оқыту нәтижесі: 3) Металдардың негізгі механикалық қасиеттерін білу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет