Білім және ғылым министрінің



бет8/16
Дата26.02.2020
өлшемі277,09 Kb.
#59040
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
0904000 ЭНС
0904000 ЭНС , Әдістемелік бірлестік туралы Е Р Е Ж Е, сссссссссссссс, 130 приказ қосымшалары1, 130 приказ қосымшалары1, Кітап қажетті, Жас мамандарға арналған әдістемелік коучинг, Describe people, Оп Каз 30, Doc1, 1-4 сынып stud.kz-64387, Тәжібай Берік мұғалімнің жетістігі

Электр қондырғыларын монтаждау,баптау, қызмет көрсету және жөндеу
 


Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Тізбектік контактілік алқа конструкциясын түсіндіреді, конструкция, ілу тәсілі, жоспарда сымдардың орналасуы бойынша контактілік алқа тізбесін береді.
2. Контактілік алқа типі мен сызбасын таңдауды орындайды, алқаның иілгіштігі мен қаттылығын анықтау біледі.
3. Жүйрік магистралды; темір жол көлігіне контактілік алқа ерекшеліктеріне сипаттама береді.
4. Түйіспелі торап сымдары мен темір арқанға материалдарды жіктейді және оларға талаптарды атайды .
5. Түйіспелі торап деталдары, контактілік алқа тірек тораптары, струны түйіспелі торап ішектері: тағайындалуы, материалы, конструкциясы, түйіспелі торап сымдары біріктіру және түйістіру тәсілдері, электр біріктіргіштер, ауа жолға бұру тетігіне негізгі талаптарды біледі.
6. Анкерлік участоктар және орташа анкеровка тағайындалуы мен конструкциясын , түйіндестіруін сызуды түсіндіре алады.
7. Жасанды ққұрылымдарда контактілік алқа өту тәсілдерін түсіндіреді.
8. Түйіспелі торап қолдаушы құрылғылары: консол, қатты және аралық арқалық, фиксаторларды атау, олардың маркалануы, тағайындауы және конструкциясын түсіндіру.
9. Ток қабылдағыштар конструкциясы мен сипаттамасына сипаттама береді.
10. Берік және сапалы ток алу, түрлі жағдайларда Байланыс желісі жұмысы, Байланыс желісінің желге тұрақтылығын түсінеді.
11. Түрлі климаттық жағдайларда Байланыс желісі механикалық есебін орындайды.


Оқытудың нәтижесі: 2) Контактік желі, қоректендіру сызбасы және секциялау жоспарларын оқиды.

Магистралдық электр көлігінің байланыс желісі
Электр қондырғыларын монтаждау, баптау, қызмет көрсету және жөндеу
 


Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Құрылысқа арналған Жобалау құжаттамасының жүйесі және Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесін сәйкес техникалық құжаттама және сызбаларды орындау ережесін игерді.
2. Қолмен және дербес компьютерде сызады, байланыс желісі жоспарларын, қоректендіру сызбасы және секциялау жоспарларын оқиды.
3. Контактік желі негізгі және апатты қоректендіру және секциялау; темір жол пайдаланатын участогының жүк рельстік тізбегін пайдалану бойынша ақпаратты меңгерген.
4.Темір жолды электр жабдықпен пайдаланатын участогы сызбалары, сызулары және инструкциялық карталар бойынша жұмысты орындайды.


Оқытудың нәтижесі: 3) Энергия участогы байланыс желісі учаскесіне жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Технологиялық практика

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Жұмысты орындауға сызбалары бар, технологиялық карталарын оқиды және ресімдейді.
2. Осы кәсіпорынның жұмыс ерекшеліктері, технологиялық үрдістерді басқару және жұмысын ұйымдастыру, оның құрылымы, негізгі техникалық- экономикалық көрсеткіштерін жоспарлау туралы ақпаратты меңгерген.
3. Байланыс желісі учаскесінің сипаттамасы мен параметрлерін өлшеу және бақылау әдістері мен анықтау тәсілдерін саралайды.
4. Байланыс желісі құрылымдарының техникалық жағдайын монтаждау, пайдалану, тексерусұрақтары бойынша материалдарды дайындайды.


Оқытудың нәтижесі: 4) Түрлі климаттық жағдайларда байланыс желісінің сенімді жұмысын қамтамасыз етеді.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Бригада құрамында түйіспелі торапта тайғақпен күрес жөнінде іс-шараларды (электр және механикалық) орындайды.
2. Бригада құрамында түйіспелі торап желгетұрақтылығын арттыру бойынша іс-шараларды орындайды.











Оқытудың нәтижесі: 5) Байланыс желісінің жабдығына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді орындау.




Бағалау өлшемшарттары

1. Бригаданың құрамында кернеудегі және кернеудегі бөліктерге жақын жерде жұмыстарды оындайды.
2. Бригаданың құрамында иекмді көлденең біліктерді, ригельдерді, консольдерді, кронштейндерді, бекткіштерді, секциялық оқшаулағышты және алқа детальдарын ауыстыру жөніндегі жұмыстарға қатысады.
3. Бригаданың құрамында қашықтықтан басқарылатын секциялық бөлгіштердің жетектерін, анкерлік тіреудің тартқышын оқшаулау жұмыстарына және ток қабылдағыштың жұмысына қатысады.
4. Бригаданың құрамында жоғары кернеулі желілерді, автоблоктауды, толқындарды, байланыс желісінің тіреулерінде асылған және жеке тұрған тіреулерді қалыпта ұстау және жөндеу жөннідегі жұмыстарға қатысады.
5. Бригаданың құрамында байланыс сымының негізгі параметрлерін өлшеу жөннідегі жұмыстарға қатысады.
6. Қызмет көрсетілетін құрылғылардың зақымдану және қалыпты жағдайдан ауытқуын және оларды жою тәсілдерін айқындайды.
7. Байланыс желісін және әуе желілерлін қарауды, байланыс желісінің жай-күйін балдық бағалауды жүргізеді.
8. Сымдарды түйістіруді және бекітуді жүзеге асырады.
9. Байланыс желісінің зақымдануын, ақауларының себептерін және оларды жою тәсілдерін табады.
10. Байланыс желісін эксплуатациялау және жөндеу кезінде қолданылатын рұқсаттар мен нормаларды практкада қолданады.
11. Қарапайым саймандар мен құралдарды ұстау дағдыларын меңгерген.
12. Қолмен және қашықтықтан басқарылатын айырғыштарды қайта қосу тәртібін атайды.
13. Байланыс желісінің тіреулерінде уақытша сигналдық белгілерді орнатуды жүзеге асырады.
14. Түрлі атмосфералық әсер ету кезінде қалпына келтіру жұмыстарының қағидаттарын түсінеді.
15. Станциялар мен аралықтарда жұмыстар жүргізу орындарын қоршауды орындайды.


ПК 11.
Энергия учаскесі құрылымдық бөлімшесі жұмыс сапасын ұйымдастыру және бақылауды жүргізу. Темір жолды жөнге келтіру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу.


ПМ 11 Энергия учаскесі құрылымдық бөлімшесі жұмысын ұйымдастыру

Бұл модуль электрмен қамтамасыз ету дистанциясы құрылымдық бөлімшесі жұмысын ұйымдастыру және сапасын бақылағанда электрленген темір жол құрылымына техникалық қызмет көрсету және жөндеуді қамтамасыз етуге қажетті білім мен дағды, жұмыс нәтижелілігін сипаттайды.
Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушы келесі білімді меңгереді:
электрленген темір жол жұмысының ерекшеліктерін;
темір жолды электрмен жабдықтау шаруашылығында өндірісті басқару және жоспарлауды ұйымдастыру қағидатарын;
темір жолды электр жабдығы құрылымын пайдалануды ұйымдастыру және жөндеуді;
кәсіптік міндеттерді шешу, бағыты, қою тәсілі мен қағидаттарын;
қызмет көрсететін құрылымдардың дұрыс жағдайы, апатсыз және сенімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша міндеттерді бақылау және ұйымдастыруды;
темір жолнысандарын жобалау негіздері, электрленген темір жол электр техникалық жүйелері негізгі параметрлерін есептеу әдістемесін;
пайдаланылатын участокта оперативтік ауыстыру ережесі мен ретін.
Модульді зерделеген кезде білім алушы келесі білім мен дағдыларды үйренеді:
электрленген темір жол электр жүйелерінің жұмысын ұйымдастыру, жағдайының дұрыстығын, параметрлерін бақылауды;
электр жабдығы құрылымын жөндеу және ағымдағы қызмет көрсету жұмысына басшылықты жүргізуді;
монтаждау бойынша жұмысты ұйымдастыру және жөндеуді;
түрлі қиындығы бар темір жол электр қондырғыларын пайдалану және жөндеуді орындауды;
бригада мүшелері және оның құрылымдары тұтас алғанда қызметін бақылау және бағалауды;
принципиалды сызбалар бойынша электр қондырғыларында коммутацияны жүргізуді;
электр қондырғысы жұмыс режімін анықтау, жүк электр жабдығының конструкциясы және қызмет көрсетілетін техникалық параметрлерін;
кез келген жағдайда кернеуді үздіксіз беруді қамтамасыз ету, электр қондырғылары жұмыс режімін бақылауды;
лектр қондығылары кемшіліктерін анықтау және жоюды;
электр және басқа жабдық ақауларын анықтау және бас тартуларды болжауды;
пайдалану және жөндеу жұмыстары және темір жол аралас қызметтерін орындағанда диспетчерлік қызметпен өзара байланысты жүргізуді;
арнайы аспаптарды қолданып электрленген темір жол жүйесі электр жабдықтарына өлшеу және диагностикалау жүргізуді;
жабдықты сынау және жолға қою жұмыстарын орындау; қабылдау-тапсыру сынауларын орындауды;
электр және электр механикалық жабдықты пайдаланған кезде техникалық бақылауды жүзеге асыруды;
электр монтаждау және жөндеу жұмыстарының технологиялық ретін бақылауды;
дистанциялық басқару аппаратураларын монтаждау және орнатуды жүзеге асыруды;
қалыпты және апатты режімде жөндеу, бүліну актілерін толтыруды;
қосу бланкісі бойынша электр жабдығын жөндеуге шешім орындауды;
темір жол электрмен жабдықтау жүйесі (темір жол және аудандық тұтынушылар, байланыс желісі және жүк шағын станциялары электрмен жабдықтау) күрделі емес есептерін орындауды.


Оқытудың нәтижесі: 1) Энергия участогы құрылымдық бөлімшелері жұмыс сапасын бақылау және жұмысты ұйымдастыру

Темір жолдарды электрмен жарақтау
Электр қондырғыларын монтаждау, баптау,қызмет көрсету және жөндеу


Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Темір жолды электрмен жарақтау дистанциясының құрылымын және құрылымдық бөлімшелердің функцияларын – байланыс желісінің, желілік ауданның, тартым кіші станцияларының және орталық электр техникалық зертхананың жөндеу-эксплуатациялау учаскесінің (механикалық шеберханалардың) дистанциясын айқындайды.
2. Құрылымдық бөлімшелер және еңбек ұжымын басқару әдістерін біледі.
3. Электрленген темір жол және қолданыстағы басқару жүйесі ұйымдастырушылық құрылымын түсінеді.
4. Темір жолдарды электрмен жарақтау кәсіпорны жұмысының ның және техникалық-экономикалық мәселелерін және әкімшілік-басқарушылық аппараттының міндеттерін талдайды.
5. Жұмыс сапасын бақылау әдістерін талдайды.
6. Электр қондырғылары жұмыс режімін бақылайды, электр қондырғылары кемшіліктерін анықтайды және жояды.
7. Құрылымдық бөлімше (бригада) жұмысын жоспарлайды.
8. Материал, конструкцияларды қаттап салу және қабылдау, энергетикалық қондырғылар, көлік құралдарын тиімді пайдалану бойынша іс-шаралар жүргізеді.
9. Электрмонтаждау, пайдалану, жөндеу және іске қосу және реттеу жұмыстарын жүргізу кестесін жасайды.
10. Бригада мүшелері және құрыламдары (тұтас алғанда) қызметін бақылайды және бағалайды.


Оқытудың нәтижесі: 2) Эксплуатациялық және жөндеу жұмыстарын орындаған кезде темір жол аралас қызметі мен диспетчерлік қызметтің өзара әрекеттеуі.

Электрмен жарақтау құрылғыларының автоматика және телемеханика негіздері
Электр қондырғыларын монтаждау,баптау, қызмет көрсету және жөндеу


Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Электрмен жабдықтау шаруашылығын диспетчерлік басқару құрылымын сипаттайды.
2. Оперативтік персоналдың түрлері мен құрамын сипаттайды.
3. Энергия диспетчері темір жол аралас шаруашылығы оперативтік персоналымен өзара әрекетті түсінеді.
4. Өтінімдермен келісу ретін біледі.
5. Электрмен жабдықтау жүйесінде жабдықты қайта қосуды жүргізеді.
6. Бригадалардың жұмысқа жіберуін қамтамасыз етеді.
7. Ұйымдастырушылық-оперативтік ақпаратты қабыладу және тапсыру ережесін сақтайды.


Оқытудың нәтижесі: 3) Оперативтік ауыстыруды жүзеге асыру.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Оперативтік персоналдың негізгі міндеттерін біледі.
2. Апатты және жоспарлы ауыстыру түрлері мен қағидаттарын түсінеді.
3. Ауыстыру бланкілерін жасау қағидаттарын түсінеді.
Операциялар олар орындалуы тиіс жабдықта орындалады.


Оқытудың нәтижесі: 4) Темір жол электр техникалық жүйесінің ақаусыз, апатсыз және сенімді жұмысын қамтамасыз ету.

Темір жолдарды электрмен жарақтау

Бағалау өлшемшарттары

1. Қазақстан Республикасының электрлендірілген темір жол жүйесі негізгі түсініктері мен анықтамаларын түсіндіреді.
2. Электр желілерінің саралауын береді.
3. Ұзына бойы электрмен жарақтаудың ауа және кабелді желілерін конструктивті орындауды;
элеткр желілерінің параметрлерін түсіндіреді.
4. Тартым емес тұтынушылар және оларды қоректендіру сызбаларының, электрмен жабдықтау құрылымдарын автобұғаттау сызбаларына сипаттама береді.
5. Жүк шағын станциясы трансформаторлары, олардың сызбасын жүк желісіне және сыртқы электрмен жабдықтауға қосу жұмысын түсіндіреді.
6. Жиынтықтағы трансформаторлық шағын станциялар жұмысы, оларды ұзын бойы электр жабдықтау желісінен қоректендіру жұмысын түсіндіреді;
тартым желісінің қалыпты және авариялық жұмыс режимдері, тартым желісінде қысқа тұйықтаудың параметрлерін түсіндіреді.
7. Бойлық электр жабдықтау ауа және кабельді желілерін конструктивті орындауды түсінеді.
8. Күш және күштік емес тұтынушыларды электрмен жабдықтау құрылымы, олардың сызбалық және конструктивтік орындалуы: темір жол тораптары мен станциялары тұтынушыларын электрмен жабдықтау (соның ішінде жарықтану), орталық, сигнал беру, блокировкасы құрылымдарын электрмен жабдықтау, жол құрал-саймандарын электрмен жабдықтауға сипаттама береді.
9. Ауа және кабель желілері, жарықтану жүйесі есебін орындайды.
10. Станцияда трансформаторлық кіші станцияның орталық тарату пунктінің басты төмендету кіші станциясының орналасқан орнын таңдауды айқындайды.
11. Жүк электрмен жабдықтау жүйесі туралы, орындалған сәттік сызбалар бойынша жүк электр жабдықтау есебі туралы түсінігі бар.
12. Жүк желісі жұмысын қалыпты және апатты режімі, жүк желісінде қысқа тұйықталу тогы; электр энергиясы сапасы түсінігі және реактивтік қуат құрылысы түсінігін түсіндіреді.
13. Жұмыстарды жүргізу жоспарына сәйкес техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмысты орындау арқылы темір жол электр техникалық жүйе жұмысын қамтамасыз етеді.
14. Поезд қозғалысының кестесі бойынша жеңілдетілген жүк есептерін орындайды, жүк есебіне сәттік сызбаларды құрады.
15. Байланыс желісі электр есебін орындайды.
16. Электр жабдығы жұмысының еріксіз режимін сипаттайды.
17. Тартым шағын станциясынан н қауіп, қорек көзі және тұтынушыда кернеу тербелісі және ауытқулар қаупін түсіндіреді.


Оқытудың нәтижесі: 5) Темір жол электр техникалық жүйесі жабдығын эксплуатациялау, сынау, қызмет көрсету және жабдықты ұйымдастыру және орындау

Электр қондырғыларын монтаждау, баптау, қызмет көрсету және жөндеу

Бағалау өлшемшарттары

1. Жөндеу жұмыстары бойынша техникалық құжаттама ресімдейді.
2. Электр жабдығының сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін өлшеу және диагностикалық аспаптарды қолданады.
3. Электр жабдықтарын профилактикалық қарап-тексеруді жоспарлайды және жүргізеді және жөндеу жұмыстарын белгілейді.
4. Бригада құрамында қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындайды, жұмысқа нұқсаулық технологиялық карталарды пайдалана біледі.
5. Электр жабдықтарын тексеру және жөнге келтіру әдістерін түсінеді.


Оқытудың нәтижесі: 6) Кәсіптік қызметте көтеру- көлік, жүк, тасымалдау, диагностикалық және технологиялық машиналар және автомобиль мен темір жолдағы тетіктер, вагон – зертханалар, құрылымдар, құралдар мен аспаптарды пайдалану.

Электр қондырғыларын монтаждау, баптау, қызмет көрсету және жөндеу

Бағалау өлшемшарттары

1. Электрмен жабдықтау шаруашылығында жұмысты механизациялау тәсілдерін анықтайды.
2. Пайдалану, қосалқы бөлшектерді жиынтықтау, мүлік, белгілер мен жазуды тағайындалуына талаптарды біледі.
3. Автомотрис, автодрезиналардың техникалық сипаттамасын атайды.
4. Байланыс желісіде жұмысты орындауға автомобиль және темір жолда арнайы тағайындалған машиналарды біледі.
5. Шағын механизациялау құралдарын жіктейді.
6. Контактілік және ауа желісі жұмыстары кезінде қолданылатын құрылғыларды біледі.
7. Диагностикалау және өлшеу құралдарын біледі.
8. Байланыс желісілерді зерттеу вагоны Байланыс желісісі параметрлерін өлшеуге вагон-зертхана және оның тағайындалуына жабдықты талдауды орындайды.


Оқытудың нәтижесі: 7) Темір жолды электрмен жабдықтау құрылымдарын монтаждауды (демонтаждау) ұйымдастыру

Электр қондырғыларын монтаждау, баптау, қызмет көрсету және жөндеу Технологиялық практика

Бағалау өлшемшарттары

1. Күрделі жөндеу технологиялық үрдістері, монтажды жаңғырту және қалпына келтіру қағидаттарын түсінеді.
2. Монтаждаудан кейін темір жол нысандарын қабылдау тәсілдерін игереді. Атқарылған электр монтаждау жұмыстары және түзетуші іс-шаралардың сапасына баға бере алады.
3. Монтаждауға (демонтаждау) технологиялық жабдықты атайды.
4. Пайдаланылатын материалдардың жарамдығын анықтайды, монтажаға қажетті құралдар мен тетіктерді жинақтайды.
5. Ауыспалы ток ажыратқыштары, жек блоктар мен тораптар құрастырмалы бөлу құрылғыларынн орнату және реттеу бойынша операциялар ретін біледі.
6. Бастапқы және екінші коммутация тізбектерін автоматикасы құрылымы және қорғау монтажы, күрделі қорғауларды тексеру және жолға қою операциялар ретін орындайды.
7. Күш трансформаторолары анцапф қайта қосу, кабелді тарту және шиналау фазалануын түрлі тәсілдермен орындайды.


12 КБ. Өндірістің экономикалық қызметін талдау

12 КМ. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау

Осы модуль қазіргі заманғы экономикалық жүйенің заңдылықтары мен жұмыс істеу тетіктері туралы, мемлектетік реттеудің нарықтық механизмдері мен әдістері туралы кешенді түсінікті қалыптасыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді зерделеудің нәтижесінде білім алушылар мыналарды меңгереді:
нарықтық экономкиа жағдайларында темір жолдарды электрмен жарақтау шаруашылығының даму қағидаттары, электрмен жарақтау шаруашылығының ұймыдастырушылық құрылымын;
көліктегі объективтік экономикалық заңдардың көрінуінің негізгі нысандары туралы;
электрмен жарақтау шаруашылығының тиімді әдістері туралы;
электрмен жарақтау дисстанцияларының экономкиалық дамуының негізгі заңдылықтарын;
экономкиалық және әлеуметтік даму жоспарын, еңбек жоспарын құрудың қағидаттары,
жұмыс көлемдерінің экономикалық көрсеткіштері, жоспарлау, эксплуатациялық шығыстарды, жөндеулерді, ірі қаржы салуды жоспарлау және қаржыландыруды;
еңбекті ғылыми ұйымдастыруды; шаруашылық есеп айырысуды;
өндірістік-қаржылық қызметті талдауды;
экономикалықреформаның негізгі бағыттары және мазмұнын;
еңбекті ұйымдастыру, нормалау және еңбекақы төлеуді;
кірісті арттыру және шығыстарды азайту тәсілдерін;
сеңбек өнімділігін арттырудың тәсілдерін;
электрмен жарақтудың экономикалық даму жоспарының мазмұны және әзірлеу тәртібін.
Модульді зерлделеу кезінде білім алушылар:
басқарушылық шешімдер қабылдауға;
көлемдік және сапалық көрсеткіштерді айқындау бойынша күрделі емес техникалық-экономикалық есептерді орындауға;
қызметкерлердің контингентін, еңбекақыны, еңбек өнімділігін айқындау бойынша есептерді орындауға дағдыланады.


Оқытудың нәтижесі: 1) Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін бағалау және жоспарлау.

Көлік экономикасы және өндірісті басқару

Бағалау өлшемшарттары

1. Өндірісті басқару құрылымын, басқару әдістерін, сапа көрсеткіштерінің жүйесін түсіндіреді.
2. Кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметін, өндірістік қызметін, өндірістік тиімділігінталдайды.
3. Еңбек ресурстарына талдау береді.
4. Еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіштерін есептеуді жүргізеді.
5. Еңбекті нормалауды ұйымдастыру, еңбекті бөлуді, жұмы уақытын шығындауды жіктеу қағидаттарын атайды.
6. Экономикалық мәселелер бойныша сметалық құжаттаманы, нормативтік-анықтамалық әдебиетті пайдаланады.
7. Негізгі қорлардың тозу түрлерін атайды және оларға баға береді, өндірістік шығындар және өнімнің өзіндік құны.
8. Еңбекті ұйымдастыру, нормалау, еңбекақы төлеудің негіздеіне сипаттама береді.
9. Еңбекақы төлеу, қызметкерлерге сыйлықақы беру нысандары мен жүйесіне, бригадалық еңбекақы төлеу жүйесіне, еңбекке қатысу коэффициентіне сипаттама береді.
10. Электрмен жарақтау дистанцияларының және оның бөлімшелерінің сапалық жұмыс көрсеткіштерін атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет