Білім және ғылым министрінің



бет7/16
Дата26.02.2020
өлшемі277,09 Kb.
#59040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
0904000 ЭНС





Бағалау өлшемшарттары

1. Түрлі маркалы сымдарды дәнекерлеп біріктіру жүргізеді.
2. Электр қондырғылы бұйымдар: ажыратқыш, штепсельді розетки, айыр және т.б. жөндеуге талдайды және дайындайды.
3. Электр қондырғылы бұйымдар, күш және жарықтану қалқаншасын монтаждауды жүргізеді.
4. Жарықтандыру электр қондырғылары, сымдарды жөндеуді орындайды.
5. Жарықтандыру электр қондырғыларын монтаждауды орындайды .
6. Аспаптар көрсеткіштерін белгілеуді орындайды.


Оқытудың нәтижесі: 6) Дәнекерлеу жұмыстарының түрлері мен әдістерін анықтау.

Электр қондырғыларын монтаждау, баптау,
Электрмонтаждық практикасы
Пісіру практикасы


Бағалау өлшемшарттары

1. Дайындау-дәнекерлеу жұмыстарын орындайды.
2. Дәнекерлеу конструкцияларын жинау және бақылауды орындайды.
3. Түрлі болат, түсті металл және олардың қорытпалары, барлық кеңістіктік жағдайларда деталды дәнекерлеу және кесу туралы түсінік бар.
4. Дәнекерлеу конструкциялары мен тораптарының технологиясын түсінеді.
5. Дәнекерлеу біріктіру сапасын бақылауды жүзеге асырады.
6. Дәнекерлеуге деталдарды дайындайды және жинайды, жинау-дәнекерлеу құралдарын таңдайды.


ПК 06. Байланыс желісіні монтаждау және демонтаждауды орындау

ПМ 06. Байланыс желісіні монтаждау және демонтаждауды орындау

Бұл модуль байланыс желісі жабдықтарын монтаждау және демонтаждау жұмыстарын орындауға қажетті білім мен дағды, жұмыс нәтижелілігін сипаттайды.
Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушы келесі білімді меңгереді:
контактілі желіні құрылғыларын монтаждау (демонтаждау) технологиясы, ең жоғары білікті электр монтерінің басшылығымен кернеу және жерлендіруді биіктіктен алу жұмысын;
бұл жұмыстарды орындау жөнінде негізгі операцияларды қол, электр, пневматикалық құрал және такелажды құрылғылар мен тетіктерді қолдануын;
топырақ, топыраққа түйіспелі торап орнату және бекіту тәсілдерін; тіректерді орнату және түзетуге құрылғылар мен тетіктерін;
тіректі "өрістен" "және жолдан" орнату тәсілдері және тіректерді түзету бойынша жұмысын;
сымдарды бекіту және түйістірудің түрлі тәсілдерін;
байланыс желісіде жұмыс кезінде қоршау тәртібін;
тіректі орнатужәне түзету бойынша жұмысын;
кабель бұйымдардың тізбесі оларды қолдану саласын.
Модульді зерделеген кезде білім алушы келесі білік пен дағдыларды үйренеді:
трасса бойынша сымдарды жазуды жүргізуді;
трассада түйіспелі торап сымдарын жазып темір жол желілерінде байланыс желісін монтаждауды және демонтаждауды орындауды.


Оқытудың нәтижесі: 1) Тіректі орнату және түзету бойынша жұмыс жүргізу.

Магистралдық электр көлігінің Байланыс желісісі
Электр қондырғыларын монтаждау, баптау,
Электрмонтаждық практикасы Өндірістік оқыту
 


Бағалаудың өлшемшарттары:

1. "Жолдан және өрістен" машина және тетіктердің көмегімен орнату жұмысы технологиясын түсінеді
2. Бетон илеуді дайындауды орындайды.
3. "Терезеге" тіректі механикаландырып түзету және "терезеге" қоймай қол тәсілімен тіректі түзетуді орындайды.


Оқытудың нәтижесі: 2) Контактілі желіні –демонтаждау жұмысын ұйымдастыруға қатысу.

Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Монтажды поезд құрамын атайды.
2. Монтажадауға құралды тағайындау және пайдалану ережесін түсіндіреді.
3. Құрылыс, монтаждау және арнайы жұмыстарды ұйымдастыру әдістері мен тәсілдерін түсінік береді.
4. Тірек, электр жабдығы, сым, кабель және материалдарды монтаждауға (монтаждаудан кейін) тапсыру, тәртібі мен қабылдау және сақтау жағдайын түсіндіреді.
5. Контактілі желіні под монтаждауға тораптар мен элементтерді дайындау және жинақтау қағидатын түсіндіре біледі .
6. Түйіспелі торап тіректерін армировкалау бойынша жұмыс құрамын түсіндіреді.
7. Сызу, техникалық жағдайларға сәйкес келетін электр жабдығының сызбасын тексереді және жинауын сипаттайды.


Оқытудың нәтижесі: 3) Жабдықты ұсақ жөндеуді жүргізу.

Электр қондырғыларын монтаждау, баптау,
Практикалық оқыту
 
 


Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Өз міндеттері шеңберінде Байланыс желісіні ұстау ережесі және жөндеуді атайды.
2. Контактілік алқаны реттеу технологиясын түсіндіреді.
3. Қорғау жерлендіруі және рельстік біріктіру монтажы технологиясын түсіндіреді.
4. Біліктілігі ең жоғары электр монтерінің басшылығымен кернеуді алғанда электр және пневматикалық құрал, такелаждық құралдар мен тетіктерді пайдаланып, байланыс желісіні демонтаждау және монтаждауды орындайды .
5. Ашық ара ұзындығын өлшеуді орындайды.
6. "Төмен" немесе "жоғары" сымдарды құрастырылған тәсілмен монтаждау әдістерін түсіндіреді.
7. Темір жол нысандарына байланыс желісі тіректерінде жарықтану электр қондырғыларын монтаждайды.
8. Дистанциялық басқару аппаратурасын орнату және монтаждау қағидаттарын түсіндіреді.
9. Электр тогын ажыратушыны монтаждау және орнату қағидаттарын түсіндіреді.
10. Контактілік алқаны реттеу технологиясын түсіндіреді.
11. Түйіспелі торап желілік жабдығын монтаждау технологиясын түсіндіреді.


07 КБ. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау талаптарын орындау

07 КМ. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау талаптарын орындау

Бұл модуль еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын орындауға қажетті білім мен дағды, жұмыс нәтижелілігін сипаттайды.
Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушы келесі білімді меңгереді:
еңбекті қорғау саласындағы заңдарын; темір жолдарда болу ережесі, темір жолда жұмыс ерекшеліктерін; биіктікке көтерген кезде 1 киловаттқа дейін және одан жоғары электр қондырғыларында жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңдар, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық және емдеу-алдын алу шаралары мен құралдары жүйесі бойынша түсінік, соның ішінде биіктікке көтерген кезін;
темір жолдағы жұмыс, темір жолдарда болу ережесі ерекшеліктерін;
өз міндеттері шеңберінде еңбек қорғау және қауіпсіздік мәселелерін;
негізгі және қосымша қорғану құралдарын;
түйіспелі тораптағы жұмысты орындағанда еңбек қорғау жөнінде ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларын;
жұмыс басталардан бұрын, жұмыс уақытында, апатты жағдайларда, жұмыс аяқталғаннан кейін қауіпсіздік талаптарын;
зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесін;
өрт қауіпсіздігінің ережесін;
жоғары қауіпті орындарға жататын құрылғылар тізбесі және олармен жұмыс істеу ережесін; темір жол байланысының жұмыс қағидатын;
қауіптілігі жоғары орындарда жұмысты ұйымдастыру ережесін.
Модульді зерделеген кезде білім алушы келесі білім мен дағдыны үйренеді:
үйіспелі торапта еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын сөзсіз орындауды;
байланыс желісінде жұмыс орындарын қоршау тәртібін;
байланыс желісі және жоғары вольты желілерде жұмыс кезінде сақтық шараларын;
слесарлық-жинау жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау бойынша білімді қолдану, контактілік байланыс бойынша техникалық нормаларды сақтауды.


Оқытудың нәтижесі: 1) Еңбекті қорғау жалпы сұрақтарын игеру.

Еңбекті қорғау және электр қауіпсіздігі

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Еңбекті қорғау саласында Қазақстан Республикасы еңбек заңы негіздерін біледі.
2. Ол еңбек қауіпсіздігі және денсаулық басқару, еңбекті, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға жұмысын ұйымдастырады.
3. Көтергіш және өңдеу жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын орындайды.
4. Машина, тетіктер және қозғалыс құрамын жобалау, құрылысы және пайдаланған кезде қауіпсіздік талаптарын орындайды.
6. Өндірістік жарықтандырудың шуыл және діріл түсініктерін біледі.
7. Қысым астында жұмыс істейтін қондырғылар мен құтылар, дәнекерлеу жабдығын пайдаланғанда газда жұмыс істейтін қондырғыларды пайдаланғанда еңбек қауіпсіздігін сақтайды.
8. Өрт қауіпсіздігі негіздерін біледі.
9. Өндірістік жарақат және кәсіби аурулар түрлері мен себептерін атайды.
10. Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды атайды
11. Қайғылы оқиғалар және кәсіби аурулардың пайда болу себептерін біледі.
12. Қайғылы оқиғалар тізбесмін біледі.
13. Кәсіби ауруларды біледі.
14. Кәсіби аурулар және қайғылы оқиғаларды зерттеудің жалпы мәселелерін біледі.


Оқытудың нәтижесі: 2) Электр қондығыларында қауіпсіздік ережесі мәселелерін игеру

Техникалық эксплуатациялау және қозғалыс қауіпсіздігі.
Еңбекті қорғау және электр қауіпсіздігі


Бағалаудың өлшемшарт-тары:

1. Адам ағзасына электр тогының әсерін түсіндіреді.
2. Электр жабдығымен жұмыс істегенде қауіпсіздік жалпы сұрақтарын біледі.
3. 1кВ дейін және одан жоғары электр қондырғыларында электр тогынан зақымдануынан жеке және топтық қорғау құралдарын қолданады.
4. Жоғарывольтты жабдықпен жұмыс кезінде өрт қауіпсіздігін сақтайды.
5. Электр тогынан зақымданудан негізгі және қосымша жеке қорғану құралдарын атайды.
6. Түйіспелі торап -да ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды түсінеді.
7. Өз лауазымдық міндеті шеңберінде жұмысты орындағанда еңбек қорғау және қауіпсіздік анықтайды, Байланыс желісімен жұмыс кезінде электр қауіпсіздігі ережесін айқындайды.
9. Байланыс желісіде жұмыста қоршау тәртібін сипаттайды.


8 КБ. Байланыс желісі электромонтері біліктілігі бойынша жұмыстардың негізгі түрлерін орындау

08 КМ. Байланыс желісі электромонтері біліктілігі бойынша жұмыстардың негізгі түрлерін орындау

Бұл модуль энергия учаскесінің негізгі технологиялық процестерімен (электрмен жарақтау дистанциясының бөлімшесі), оның құрылымымен; темір жолдардың электр техникалық жүйелері электр қондырғыларының құрылымымен және әрекет ету қағидатымен таныстырады; байланыс желісі электромонтері құзыретін қалыптастырады.
Модуль кәсіптік қызметтің негзігі түрлері бойынша өндіріс жағдайларында жұмыс орнында дағдылар мен машықтарды алуға мүмкіндік береді:
электромонтер ретінде құрылыс және монтаждау жұмыстарын жүргізу;
байланыс желісінің жабдығына қызмет көрсету және жөндеу;
электр монтаждау жұмыстарының технологиясын меңгеру;
байланыс желісінің жабдығына қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыру.


Оқытудың нәтижесі: 1) Электр монтер ретінде такелаждық және монтаждау жұмыстарны жүргізу

Жұмысшы біліктілігін алуға кәсіптік практика

Бағалау өлшемшарттары

1. Саймандар мен құралдарды пайдалана отырпы, такелаждық жұмыстарды орындайды.
2. Монтаждау және жөндеу үшін байланыс желісінің детальдарын пісіріу және механикалық өңдеуді орындайды.
3. Байланыс желісінің материалдары мен тораптарын дайындаудың, қабылдаудың, тасымалдаудың және қаттап қоюдың реттілігіне сипаттама береді.
4. "Өрістен" немесе "жолдан" байланыс желісінің тіркетерін орнатады, жер жұмыстарын қолмен және машиналар мен механизмдерді қолдана отырып орындаудың технологиясына сипаттама береді, тіректерді түзеу технологиясын түсіндіреді.
5.Біліктілігі жоғарырақ электромонтердің басшылығымен кернуді алу кезінде электрлік және пневматикалық сайманды, такелаждық құралдарды және механизмдерді пайдалана отырып, байланыс желісін демонтаждауды және монтаждауды орындайды.
6. Биіктікте кернеуді алу және жерге тұйықтаумен бригаданың құрамында электромонтаждау жұмыстарын орындайды.
7. "Төменде" немесе "жоғарыда" комбинацияланған тәсілмен сымдарды жазу бойынша монтаждау поезының құрамындағы жұмысты әңгімелейді.
8. Темір жол объектілерін жарықтандыру үшін байланыс желісінің тіреулерінде жарықтандыру электр қондырғыларын монтаждайды.
9. Байланыс желісінің түрлі құрылғыларын монтаждау бойынша жұмыстардың технологиясын түсіндіреді.
10. Байланыс алқасын, кері сымды және бойлық электрмен жарақтау желілерін реттеудің технологиясын түсіндіреді.


Оқытудың нәтижесі: 2) Электрмонтаждау жұмыстарының технологиясын меңгеру.

Бағалау өлшемшарттары

1. Сымдар мен электр қондырғы бұйымдарын, жарықтандыру электр қондырғыларын монтаждауды және жөндеуді орындайды.
2. Жарықтандыру электр қондырғыларын сынауды және баптауды орындайды.
3. Электрлік өлшеулерді жүргізеді.
4. Аспаптардың көрсетімдерін алады.


Оқытудың нәтижесі: 3) Байланыс желісінің жабдығына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыру.




Бағалау өлшемшарттары

1. Байланыс желісінің құрылғыларына ағымдық қызмет көрсету және жөндеу бойынша бригаданың құрамындағы жұмыстарға қатысады.
2. Байланыс желісіне қызмет көрсету, жөндеу және реттеу бойынша қарапайым операцияларды орындайды.
3. Сымдарды түйістіру және бекітуді жүзеге асырады.
4. Байланыс желісінің тіреулеріне уақытша сигналдық белгілер орнатуды жүзеге асырады.
5. Түрлі атмосфералық әсерлер кезінде қалпына келтіру жұмыстарының қағидаттарын түсінеді.
6. Станциялар мен аралықтарда жұмыс жүргізу орындарын қоршауды орындайды.


090403 3 – Электр механигі біліктілігі

ПК9. Тартым электр жабдықтау қоректендіру жүйесін эксплуатациялауүрдісін жүзеге асыру

ПМ 09. Тартым электр жабдықтау қоректендіру жүйесін эксплуатациялауүрдісін жүзеге асыру

Бұл модуль электрленген темір жолды күш электрмен жабдықтау негізгі жабдығын пайдалану үрдісін ұйымдастыруды орындауға қажетті білім мен дағды, жұмыс нәтижелілігін сипаттайды.
Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушы келесі білімді меңгереді:
электрленген темір жолды сыртқы және күш электрмен жабдықтау жүйелеріне негізгі талаптарын;
күштік тартымды қосалқы станса және трансформаторлық шағын станцияларды негізгі күштік, қосымша және коммутациялық электр жабдықтарының конструкциясы, тағайындалуы және жұмыс істеу қағидатын.
Модульді зерделеген кезде білім алушы келесі білім мен дағдыны үйренеді:
тартымды қосалқы станса күштік шағын станцияның принципшіл, монтаждау, құрылымдық, оперативтік, технологиялық және электр сызбаларын оқу және қолмен сызу, сондай-ақ тартымды қосалқы станса жоспарлары мен кесінділерін;
күш шағын станциялары электр жабдығының типі, тағайындалуын анықтау, электр жабдығы конструкциялары мен сызбаларына талдау жүргізуді;
күш шағын станцияларының қуатын есептеу, жұмыстың қалыпты және апатты режімін ескеріп электр жабдықты таңдау, тартымды қосалқы станса оперативтік ұдайы және ауыспалы ток көздерін есептеу, тартымды қосалқы станцияны жерлендіруді.


Оқытудың нәтижесі: 1) Күштік және трансформаторлық шағын станцияларды негізгі күштік, қосымша және коммутациялық электр жабдықтары ; конструкциясы, тағайындалуы және жұмыс істеу қағидатын талдау.

Электрлік кіші станциялар

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Темір жол көлігі және оны басқару жүйесі туралы жалпы мәліметтерді анықтайды.
2. Ұдайы және ауыспалы токты күш электр жабдығы жүйесін сипаттайды, салыстырмалы сипаттама бере алады.
3. Күш трансформаторлық шағын станцияның тағайындалуы, типі және электр тапсыру жоғары вольты желілеріне күш шағын станциясын қосу сызбаларын сипаттайды.
4. Күш, қосымша және коммутациялық жабдық және тартымды қосалқы станса тарату құрылғыларының ток жүргізуші бөліктерінің тағайындалуы, конструкциясы және жұмыс істеу қағидатын сипаттайды.
5. Күш (трансформаторлық) шағын станцияларды найзағайдан қорғау және жерлендіруі тағайындалуы, конструкциясы және жұмыс істеу қағидатын сипаттайды.
6. Тартымды қосалқы станса электрқондырғысы жұмыс режімі (қалыпты, еріксіз және қысқа тұйықталу), нейтралдармен жұмыс режімін атайды.
7. Күш шағын станциялары оперативтік ұдайы және ауыспалы ток жүйесін тағайындау және жұмыс істеу қағидатын анықтайды.
8. Шағын станция жайлары мен аумағын ұстау бойынша жұмыс тәсілі және операциялар ретін атайды. 9.Тарату құрылғыларының конструкциясы; басқару және қорғану қалқандарын түсінеді.
10. Электр қондырғылары жұмыс режімін біледі, оларды сипаттайды.
11. Қысқа тұйықталу режімі қауіпсіздігін түсінеді, оны сипаттайды.


Оқытудың нәтижесі: 2) Шағын станцияның қағидаттық, монтаждау, құрылымдық, оперативтік, технологиялық және электр сызбалары, жоспары мен кесіндерін оқу. Күштік кіші станцияны жобалағанда негізгі есептерді орындайды.

Электрлік кіші станциялар

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Стандарттарға сай техникалық құжаттама және сызбаларды орындау ережесін игерді.
2. Бастапқы және екінші қайта коммутациялар сызбасын қолдану саласы, тағайындалуын дифференциялайды. 3. Стандарттар бойынша сызба мен сызуларда шартты белгіленулерді түсінеді.
4. Алғашқы коммутация сызбаларын және өз міндетттері шегінде басқа да сызбаларды (темір жол учаскесін электрмен жабдықтаудың принципшіл сызбалары аралық станцияның трансформатор жинағы және трансформаторлық шағын станциялары басты электрмен біріктіру сызбалары, трансформаторлық шағын станциялар жоспары мен кесіндерін) оқиды және түсінеді.
5. Шағын станция қуаты есебін, қысқа тұйықталу режімінде ток есебін орындайды.
6.Тартымды қосалқы станса электр жабдығын таңдау және қалыпты және апатты (қысқа тұйықталу) режімде жұмыс кезінде оны тексеруді жүзеге асырады.
7. Жүк шағын станциясы оперативтік ұдайы және ауыспалы ток көздерін, тартымды қосалқы станса жерлендіруін есептейді.


Оқытудың нәтижесі: 3) Жүк шағын станциялары электр қондырғыларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Электр қондырғыларын монтаждау, баптау, қызмет көрсету және жөндеу
Өндірістік – технологиялық практика
 


Бағалау өлшемшарттары

1. Кезекші жүк шағын станцисы жұмысының қажетті кәсіптік дағдысын алады.
2. Тартымды қосалқы станса электр жабдықтарына жөндеу жұмыстарын орындауға сызбалар, электр жабдықтың техникалық паспорты және электрмен қамтамасыз ету дистанциясы материалдары туралы ақпаратты меңгерген.
3. Практика өтіп жатқан кәсіпорында қолданыстағы жабдықтар, жұмыс ерекшеліктері, технологиялық үрдістерді басқару, жүк шағын станциясы жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру, оның құрылымы , негізгі техникалық- экономикалық көрсеткіштер, еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру, негізгі табиғатты қорғаушы іс-шаралармен танысады.


ПК 10. Байланыс желісіні эксплуатациялау үрдісін жүзеге асыру

ПМ 10. Байланыс желісіні эксплуатациялау

Бұл модуль байланыс желісіні пайдалану үрдісін басқаруды ұйымдастыру, байланыс желісі есептерін орындау және конструкцияны зерделеуге қажетті білім мен дағды, жұмыс нәтижелілігін сипаттайды.
Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушы келесі білімді меңгереді: байланыс желісі, оның пайдалану міндеттеріне негізгі талаптар;
алқа конструкциясы, тағайындалуы және жұмыс қағидаты және сапалы ток алу жағдайларын білуі, контактік желінің қолдайтын және аралық конструкциясын.
Модульді зерделеген кезде білім алушы келесі білім мен дағдыларды үйренеді:
байланыс желісі құрылғысының типі, тағайындалуы және пайдалану сипаттамасын анықтауды;
контактіліалқа есептерін орындауды;
дербес компьютерде қолмен сызу, контактік желі, қоректендіру сызбасы және секциялау жоспарларын оқуды.


Оқытудың нәтижесі: 1) Тізбектік контактілік алқа, контактік желі қолдаушы және аралық конструкцияларының конструкциясы, тағайындалуы және бойлық электрмен жабдықтау желілерін талдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет