Білім және ғылым министрінің



бет6/6
Дата25.08.2017
өлшемі0,9 Mb.
#27642
1   2   3   4   5   6

Білім алушыларға: егіс және егін жинау жұмыстарының түрлерін білу; ауыл шаруашылық дақылдарын күту бойынша агротехникалық талаптарды орындау; механизацияланған жұмыстардың спектрінің барлық технологиясын білу; механизацияланған жұмыстарды сапалы жүргізу үшін білімді пайдалану сияқты шеберлігін арттыратын жұмыстарға қол жеткізуі маңызды.


Оқу нәтижесі: 1) Машина-трактор агрегатының құрамын біледі

Бағалау өлшемдері:

1. Агрегаттарды жинақтаудың әдістерін біледі .

2. Ауыл шаруашылық агрегаттарының өнімділігі мен агрегаттардың қозғалыс тәсілдерін біледі.

3. Жырту технологиясын, тыңайтқыштарды дайындау мен енгізу техноло­гиясын, ақ сабақты тырмалау мен аршу, жалпылама қопсыту, тұқым себу, картопты, көшеттерді егу, шөпті пішенге жинау, картоп, көкөністерді жинау. Қатар аралықты өңдеу. Сүрленген мал азықтары.

3. Операциялық технологиялар негізінде жұмыстарды орындау үшін ұйымдастырушылық-технологиялық картаны біледі.



Оқу нәтижесі: 2) Өңдеу әдістерін меңгерген.

Бағалау өлшемдері:

1. Себу, отырғызу, картоп жинау, көшет отырғызу, шөпті пішенге жинау технологиясын біледі.

2. Ауыл шаруашылық дақылдарының өндірістік операциялары мен өнімділігін біледі.

3. Агрегаттардың жұмыс тәртібі мен қозғалыс жылдамдығын біледі.

4 Машина-трактор агрегатының өнімділігін жоғарлату жолдарын біледі.



Оқу нәтижесі: 3) Сапалы өңдеуді жүргізеді.

Бағалау өлшемдері:

1. Ауыл шаруашылық дақылдарын күту бойынша агротехникалық талаптарды сақтай алады.

2. Тыңайтқыштарды дайындап, енгізе алады.

3. Мелиоративтік, жер қазу жұмыстарды және суару үшін машиналарды дайындай алады.

4. Жүктерді қабылдауды, орналастыруды, бекітуді және тасымалдауды қамтамасыз ете алады.



Біліктілігі «150102 2 – Машина мен механизмдерді пайдалану және жөндеу шебері"

КҚ 4. Трак- торларды, ауыл шаруашылық машиналары мен жабдықтарын пайдалану, қолдану, тоқтатып қою және маусымдық қолдану бойынша жұмыстарды орындайды

АМ 04. Тракторды, комбайнды және ауыл шаруашылық машинасы пайдалану мен сақтау кезіндегі қауіпсіздік техникасы

Берілген модуль дала жұмыстарын ұйымдастыру мен жоюға қажетті дағдылар мен білімдерді, жұмыс нәтижелілігін сипаттайды.

Білім алушылар модульді зерттеу кезінде: жұмыс жағдайын талдау, ауыл шаруашылық машиналарын, жабдықтарын және көлік құралдарын ауыл шаруашылығында қолдану кезіндегі ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.

Мыналарға қол жеткізілді: ауыл шаруашылық машиналары мен жабдықтарын пайдалану кезіндегі тапсырмаларды шешу және шешімдерді әзірлеу; ауыл шаруашылық машиналары мен жабдықтарын пайдалану, ауыл шаруашылығындағы көлік құралдарын қорғау және маусымдық сақтау бойынша жұмыстарды орындау, ауыл шаруашылық жұмыстарын орындау кезінде қауіпсіздік қағидасын мен техникасын сақтау


Оқу нәтижесі: 1) Ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу.

Бағалау өлшемдері:

1. Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауды сақтай отырып ауыл шаруашылық машиналары мен жабдықтарының жұмысын ұйымдастыра алады.

2. Тракторларды, ауыл шаруашылық машиналары, сүйретпелерін және аспалы қондырғыларды алдын ала қарау қағидасын біледі.

3. Ауыл шаруашылығында агротехникалық жұмыстарды жүргізу үшін тракторлар мен ауыл шаруашылық машиналарын жинақтай алады.


Оқу нәтижесі: 2) А қағиданы суыл шаруашылығында регламент пен қағиданы сақтау.

Бағалау өлшемдері:

1. Ауыл шаруашылық техникалары мен машиналарына технологиялық қызмет көрсету және жөндеу бойынша бақылауды жүзеге асыра алады.

2. Қауіпсіздік техникасы мен экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жұмыстарды орындау қағидасын біледі.

3. Нормативті техникалық және технологиялық құжаттарды қолдана алады.


Оқу нәтижесі: 3) Ауыл шаруашылық машиналары мен көлік құралдарын пайдалану және қорғау бойынша бақылау жүргізеді.

Бағалау өлшемдері:

1. Ауыл шаруашылық машиналары мен көлік құралдарының қызмет көрсетілетін қозғалтқышының қуатын және сүйретпе қондырғылардың рұқсат етілген жүктемесін анықтай алады.

2. Ауыл шаруашылық техникасын пайдалану, қорғау, маусымдық сақтау қағидасын біледі.



КҚ5. Ауыл шаруашылық агрегаттарын, қондырғыларды, машиналар-ды, жабдықтарды жөндеу кезіндегі бөлшектеу-жинау және ақаулық жұмыстарды орындайды

АМ 05. Ауыл шаруашы-лық машина-ларын техника-лық қызмет көрсету және жөндеу

Берілген модуль агротехникалық талаптарға сәйкес ауыл шаруашылық машиналары мен жабдықтарын дайындау үшін дағдылар мен білімдерді, жұмыс нәтижелілігін сипаттайды.

Білім алушылар модульді зерттеу кезінде: тракторлардың жалпы қызметі мен жіктелуі, тракторды басқару тәсілдері, қозғалтқыш жұмысының негізі. Машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу: жөндеу, ақаулары және бөлшектерді жинақтау және түйіндестіру туралы жалпы мәліметтер. Машиналар мен жабдықтардың жинамалы бірліктерін жөндеу. Аккумуляторлар мен электр жабдықтарын түбегейлі жөндеу.

Мыналарға қол жеткізілді: техникалық диагностиканы орындау және күнделікті техникалық қызмет көрсету; қосымша жөндеу бөлшектерімен ауыл шаруашылық машиналары мен жабдықтарын қалыпқа келтіруді және жөндеуді жүргізеді; ауыл шаруашылық машиналарының жалпы қызметін, жұмыс принципін, дайындауды біледі; ақауларды талдау және оларды жою тәсілдерін анықтау


Оқу нәтижесі: 1) Ауыл шаруашылық маши­налары мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізеді.

Бағалау өлшемдері:

1. Машиналарға техникалық қызмет көрсету қағидасын, ауыл шар­уашылық машиналары мен жабдықтарының қызметін біледі.

2. Негізгі механизмдер мен қозғалтқыш жүйесінің қызметі мен жұмысын, қозғалтқыш бөлшектерінің қызметін біледі .

3. Анықталған ақауларды бағалау үшін білімін, түсінігін және дағдыларын қолдана алады .


Оқу нәтижесі: 2) Машиналардың, ауыл шаруашылық машиналары мен жабдықтары жүйесі мен механизмдеріндегі негізгі ақауларды анықтай алады.

Бағалау өлшемдері:

1. Қозғалтқыштың негізгі механизімдерін бөлшек­теуді, жинақ­тауды және реттеуді жүргізе алады.

2. Қозғалтқыштың жүйелері мен механизімдердегі, трансмиссия мен ажыратқыштағы, беріліс қорабындағы, тарату қорабындағы, карданды берілістегі, көпірлердегі, жүріс бөлігіндегі, рульді басқарудағы, тежеуіш жүйесіндегі, кабинадағы, платформаның және қосымша жабдықтардағы ақауларды тауып, жөндей алады.

Ауыл шаруашылық агрегаттарымен, қондырғыларымен, машиналарымен, жабдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі бөлшектеу-жинау және кемшіліктері бар жұмыстарды орындау әдістерін біледі.

4. Ауыл шаруашылық машиналары мен жабдықтарын қалыпқа келтіре алады .



Біліктілігі «150103 3 – Мехатроник»

КҚ6. Мехатронды жүйелерді жөндеу кезінде бөлшектеу-жинау және ақаулық жұмыстарды орындайды

АМ6. Мехатрон-ды жүйелерді техника-лық диагностикалау, қызмет көрсету және жөндеу

Берілген модуль мехатронды жүйелерді жөндеу кезіндегі бөлшектеу-жинау және кемшіліктері бар жұмыстарды орындау үшін қажетті дағдылар мен білімдерді, жұмыс нәтижелілігін сипаттайды.

Білім алушылар модульді зерттеу кезінде: автоматизацияны, өндірістік процестерді дамытуды, жабдықтардың жіктелуін, технологиялық жабдықтар мен технологиялық процестер туралы жалпы мәліметтерді, автоматтандырылған бағдарламаларды басқаруды меңгеруі тиіс.




Оқу нәтижесі: 1) Автоматтандырылған және мехатронды жүйелердің технологиялық құралдары мен білдіктері.

Бағалау өлшемдері:

1. Өндірістік процестердің автоматизациясын, дамуын біледі.

2. Жабдықтардың жіктелуін біледі.

3. Технологиялық жабдықтар мен технологиялық процестер туралы жалпы мәліметтерді біледі .

4. Автоматтандырылған басқаруды басқара алады.

5. Бағдарламалық басқаруы біледі.

6. Мехатронды жүйелердің қолданыс аясын анықтай алады.

7. Электромагнитті коммутационды аппараттардың қолданылуын орындай алады.


Оқу нәтижесі: 2) Басқарудың автоматтандырылған жүйелері .

Бағалау өлшемдері:

1. Басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің қызметін, міндетін біледі.

2. Теорияны, сызбаларды қарауды, электр датчиктерінің конструкциясы мен техникалық сипаттамасын біледі.

3. Басқару жүйесінің кездейсоқ әсерінің әдістерін анықтай алады.

4. Автоматика элементтерінің сипаттамасы мен көрсеткіштерін біледі.

5. Өлшем құралдарының сипаттамасын, тиімділігін, орындалатын қызметтердің толықтығын, сенімділігін, нақтылығын, жылдам әрекет етуін, кірістер мен шығыстардың сипаттамасын, метрологиясын біледі.


Оқу нәтижесі: 3) Қайта қосатын және атқарушы қондырғылар.

Бағалау өлшемдері:

1. Қайта қосатын және атқарушы қондырғылар артықшылығы бойынша жалпы мәліметті біледі.

2. Терморезисторлы түрлендіргіштері пайдалану мен жіктеудің әдістерін біледі.

3. Конвейерді іске қосудың технологиялық процестерін басқара алады.


КҚ7. Технология-лық жабдықтардың әрекет ету принципін білу

АМ 07. Техноло-гиялық жабдық қондыр-ғысы

Берілген модуль ауыл шаруашылығында технологиялық автоматтандырылған жабдықтардың әрекетінің принциптерін анықтау үшін қажетті дағдылар мен білімдерді, жұмыс нәтижелілігін сипаттайды.

Білім алушылар модульді зерттеу кезінде: ауыл шаруашылығындағы автоматтандырылған басқару теориясының негіздерін, ауыл шаруашылық машиналарындағы технологиялық процестерді, басқарудың иерархиялық міндеттері мен ауыл шаруашылығын автоматтандыру деңгейін меңгеруге тиіс.




Оқу нәтижесі: 1) Ауыл шаруашылық машиналарын автоматтандыру.

Бағалау өлшемдері:

1. Автоматы басқару теориясының негіздерін біледі.

2. Технологиялық процестерді, басқару объектілерін, басқару тапсырмасының иерархиясын, автоматтандыру деңгейін біледі.

3. Ауыл шаруашылық машиналарын автоматтандыру процесін үлгілей алады.

4. Автоматтандырылған машиналарды жобалаудың кезеңдік жоспарын құрастыра алады.



Оқу нәтижесі: 2) Автоматтандырылған басқару теориясының негіздері.

Бағалау өлшемдері:

1. Автоматтандырылған басқару жүйесінің құрылымын талдай алады.

2. Автоматтандырылған басқарудың оңтайлы және бейімделген жүйелерін біледі.

3. Автоматтандырудың техникалық құралдарын таңдай алады.


Оқу нәтижесі: 3) Автоматтандырудың техникалық құралдары.


Бағалау өлшемдері:

1. Автоматиканың функциональды және атқарушы элементтерін біледі .

2. Автоматтандырылған ауыл шаруашылық машиналарын жобалау принциптерін біледі.

3. Басқару алгоритмі.


КҚ8. Бағдарлама-лық қамсыздандыруды құра білу, автоматтанды-рылған жабдықтарды бағдарлай алу

АМ 08. Автомат-тандырыл-ған жабдық-тарды бағдарламалық қамсыздандыру және бағдарламалау

Берілген модуль ауыл шаруашылығында бағдарламалық қамсыздандыруды құру және автоматтандырылған жабдықтарды бағдарлау үшін қажетті дағдылар мен білімдерді, жұмыс нәтижелілігін сипаттайды.

Білім алушылар модульді зерттеу кезінде: мехатронды модульдер мен жүйелерді жобалау әдістемесін, автоматтандырылған жобалаудың құрылымын, ауыл шаруашылығындағы жабдықтарды бағдарлаудың негіздерін, ауыл шаруашылық машиналарын автоматтандырудың бағдарламалық қамсыздандыруын құрастыруды меңгеруі тиіс.





Оқу нәтижесі: 1) Мехатронды жүйелерді жобалау.

Бағалау өлшемдері:

1. Жобалаудың жүйелік амалдарын таба алады.

2. Жабдықтарды бағдарлаудың негіздерін біледі.

3. Автоматтандырылған жобалаудың құрылымын біледі.

4. Мехатронды модульдер мен жүйелерді жобалаудың әдістемесін құрастыра алады.



Оқу нәтижесі: 2) Автоматтандырылған жабдықтарды бағдарламалық қамсыздандыруды үлгілейтін құралдар.

Бағалау өлшемдері:

1. Мехатронды үлгілеуді біледі.

2. Еліктеме және виртуал үлгілеуді біледі .

3.Автоматтандырылған жабдықтарды бағдарламалық қамсыздандыру дың құрылымы мен әртүрлілігін құрастырады.

4. Сандық еліктеуді біледі.



Кәсіптік практика




КП 01. Оқу-таныстыру практикасы


Оқу практикасы кезінде білім алушылар алатын біліктіліктеріне сәйкес өндірістегі негізгі технологиялық процестермен танысуы тиіс.

Практиканы жүргізу орны егістіктер, бау-бақшалар, бақтар, оқу-өндірістік шеберханалары, оқу-өндірістік шаруашылықтың машина ауласы, оқу орнының өзге де қосалқы объектілері және өңірді агро қалыпқа келтіру.




Оқу нәтижесі: 1) Өндіріс ерекшелігімен танысу.

Бағалау өлшемдері:

1.Қауіпсіздік техникасы бойынша бастапқы нұсқаманы біледі.

2. Машина ауласының негізі қондырғылары мен жоспарын, машиналарды қабылдау мен беруді біледі.

3. Машина-тракторлық агрегаттарды жинақтау мен баптау үшін алаңдардың орналасуы мен олардағы қондырғыларды біледі.

4. Агроөнеркәсіптік кешендегі жөндеу кәсіпорындарымен шеберхананың жекелеген учаскелеріндегі өндірістік өзара байланыстарды оқи алады.



5. Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторист-машинистің, машиналар мен механизімдерді, мехатрониканы пайдалану және жөндеу жөніндегі шебердің лауазымдық нұсқаулықтарын біледі.




КП 02. Жұмыс біліктілігін алуға өндірістік практикасы

Өндірістік технологиялық практиканың міндеті білім алушыларды кәсіпорындарда өндірістік процестермен таныстыру, арнайы пәндерді оқу кезінде алған білімдерін нығайту және мамандық бойынша практикалық дағдыларды игеру болып табылады.


Оқу нәтижесі: 1) Ауыл шаруашылық машиналарын жоспарлы және алдын ала техникалық қарау жүргізу .

Бағалау өлшемдері:

1. Машиналарды сақтауға қою кезінде қолданылатын құралдар мен материалдарды дайындау.

2. Сақтау кезінде машиналардан шешіліп алынған құрастырмалы бірліктер мен бөлшектерді алаңдар мен қоймаларда сақтау кезіндегі жұмыстарды орындау.

3. Агрегаттарды қалыпқа келтіру үшін қажетті технологиялық білдік, аспаптардың және материалдардың бар екендігін тексеру .

4. Агрегат құрамына кіретін машиналарды қалыпқа келтіру және ауысым сайын қызмет көрсету.

5. Тракторлар мен комбайндарға және өзге де ауыл шаруашылық машиналарына ауысым сайын және жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді жүргізу.

6. Ауыл шаруашылық техникаларын жөндеу бойынша ең алдымен тәжірибелі жұмысшы-жөндеушілердің бақылауымен, кейін өздігінен слесарь ретінде жұмыс істеу.

7. Жұмыс процесінде анықталған кемшіліктерді талдау және оларды жою бойынша ұсыныстар.

8. Автомобильдерге ай сайынғы және жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді жүргізу.



Оқу нәтижесі: 2) Мал шаруашылығын механизациялау.

Бағалау өлшемдері:

1. Мал азығын дайындау үшін тракторлы агрегаттарда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының қағидасын оқу.

2. Машиналарды шөпті шөмелелеуге және маялауға немесе нығыздауды дайындау, оларға техникалық қызмет көрсету және технологиялық икемдеу.

3. Шөп ұнын әзірлеу бойынша жұмыстың барлық кезеңін орындау.

4. Шөп шапқыш-ұсатқышты жұмысқа дайындау.

5. Агрегатты құрастыру және шөпті ұсақтау, оны көлік құралына тиеу.


Оқу нәтижесі: 3) Ауыл шаруашылық машиналарын жөндеу.

Бағалау өлшемдері:

  1. Техникалық қызмет көрсету және жабдықтар мен аспаптарды икемге келтіру.

  2. Жинағыш бірліктерді тазалау, технологиялық жағдайының көрсеткіштерін тексеру.

  3. Бөлшектеу-жуу, ақаулық-жинақтаушы, құрастыру-дайындау жұмыстарын орындау.

  4. Баптау, техникалық жағдайдың көрсеткіштерін реттеу және құрастыру бірліктерін сынау.

Оқу нәтижесі: 4) Машиналар мен жабдықтарды ағымдық жөндеу және икемге келтіру.

Бағалау өлшемдері:

1. Сауатын қондырғыларды ағымдық жөндеу және икемге келтіру

2. Сүтті бастапқы өндеуге арналған жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу және икемге келтіру.

3. Жұмыс тәсілдерін меңгеру және айырғышта, пастерлеушіде және тоңазытқыш қондырғыда жұмыс істеу.

4. Жұмыс процесінде анықталған кемшіліктерді талдау және оларды жою бойынша ұсыныстар.






КП 03. Технологиялық (диплом алды) практикасы


Диплом алдындағы біліктілік практикасы мыналарды:

өндірістің жұмыс істеуін, еңбек өнімділігі мен тиімділігін арттыру бойынша резервтерді орындау кешенінің іс-шараларын, сондай-ақ жабдықтарды, өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыруды;

өндірістің экологиялық қауіпсіз технологиясын қолдану бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жүргізілетін іс-шараларды оқуды қарастырады.


Оқу нәтижесі: 1) Ауыл шаруашылық машиналарын толымтауға қатысу .

Бағалау өлшемдері:

1. Машиналарды есепке алу, жанар-жағармай мен өзге де материалдардың және қолданыстағы ақша қаражаттарының шығындарын, техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу құжаттарын оқу.

2. Механикпен бірлесіп өндіріске механизация және ауыл шаруашылығын электрлендіру бойынша ғылым мен алдыңғы қатардағы тәжірибеге қол жеткізу, өндіріске еңбекті ұйымдастыру және ақы төлеудің алдыңғы қатардағы нысандарын және өңдеудің техникалық негізделген нормаларын енгізу.

3. Еңбек және материалдық-техникалық шығындардың үнемделуіне, механизациялаған жұмыстар мен ауыл шаруашылық өнімдерінің өзіндік құнын төмендетуге қол жеткізе отырып механикке бөлімше механизаторларының жұмысын ұйымдастыруға көмектесу.

4. Механикпен бірлесіп еңбекті қорғау бойынша іс-шаралар әзірлеу, нұсқаулықты жүргізуге, қауіпсіздік техникасы бойынша механизаторлардың білімін тексеріп, қағиданың сақталуын бақылауға қатысу.



Оқу нәтижесі: 2) Машина ауласына басшылық ету.

Бағалау өлшемдері:

1. Стандартқа және техникалық талаптарға сәйкес машиналарды, жинамалы бірліктерді және бөлшектерді сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыруға қатысу.

2. Машина ауласын машинаны сақтауға қойған кезде қолданылатын тиісті құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге қатысу.

3. Машиналарды қабылдауға және беруге тиісінше сақауға және пайдалануға беруге қатысу.

4. Шаруашылыққа жаңадан түскен машиналарға қабылдауды, қайта іске қосуды жүргізу және жинақтау мен сақтауды ұйымдастыру.

5. Машиналарды сақтау мен икемге келтіру үшін үй-жайлардың, аспалардың, алаңдардың, машиналарды жууға арналған эстакадалардың сақталуын бақылау.


Оқу нәтижесі: 3) Техникалық құралдарға, материалдарға және қондырғыларға өнімін құруға қатысу

Бағалау өлшемдері:

1. Амортизациялық мерзімі бойынша істен шыққан және одан әрі пайдалануға жарамсыз машиналарды тізімнен шығаруды ұйымдастыруға қатысу.

2. Техниканың қозғалысы туралы тиісті есептерді құрастыру және оны шаруашылық бухгалтериясына тапсыруға қатысу.

3. Жұмыс процесінде анықталған кемшіліктерді талдау және оларды жою бойынша ұсыныстар.


Оқу нәтижесі: 4) Технологиялық іс-шараларды ұйымдастыру.

Бағалау өлшемдері:

1. Машиналарға қызмет көрсету бойынша ғылыми ұйымдастырылған және прогрессивті технологиялар бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу.

2. Жоспарларды, жұмыстарды, кестелерді әзірлеуге, орындалған жұмыстарға есеп жүргізуге қатысу.

3. Машиналарды техникалық диагностикалау және қызмет көрсету кезінде қолданылатын жабықтар мен құралдарды қолдану.

4. Мехатрониктің лауазымдық нұсқаулығын меңгерген.



Ескерту:

БҚ - базалық құзырет;

КҚ - кәсіптік құзырет;

ЖГМ - жалпы гуманитарлық модульдер;

ӘЭМ - әлеуметтік-экономикалық модульдер;

ЖКМ - жалпы кәсіптік модульдер;

АМ - арнайы модульдер;

КП - кәсіптік практика.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет