Білім және ғылым министрінің



бет4/6
Дата25.08.2017
өлшемі0,9 Mb.
#27642
1   2   3   4   5   6

Жалпы кәсіптік модульдер

БҚ 6. Схемалар мен сызбаларды орындаудың,техникалық құжаттаманы оқуды, өлшеу құралдары мен аспаптарын пайдаланудың тәжірибелік шеберліктері мен дағдыларын иелену

ЖКМ 01. Машина жасау сызбасы

Берілген модуль конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеуді, рәсімдеуді және оқуды орындау үшін қажетті дағдылар мен білімді алуға мүмкіндік береді.

Білім алушылар модульді зерттеу кезінде: геометриялық құралымдар және техникалық бөлшектерді сызу ережелерін; ұрамалық сызбалар туралы жалпы мәліметтерді; сызбаларда қолданылатын шартты белгілер мен қысқартуларды белгілеуді; жұмыстық сызбаларды рәсімдеуді және оқу ережелерін; конструкторлық, технологиялық және басқа да нормативтік құжаттамалардың негізгі ережелерін; технологиялық жабдықтарды графикалық көрсетудің тәсілдері мен технологиялық сызбанұсқаларын орындауды; Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі және Технологиялық құжаттаманың бірыңғай жүйесі стандарттарының сызбалар мен сызбанұсқаларды рәсімдеу мен жасауға қоятын талаптарды; конструкторлық, технологиялық және басқа да нормативтік құжаттамалардың негізгі ережелерді меңгеруі тиіс; бөлшектердің сызбаларын орындау; жалпы көріністің сызбаларын және нобайлары мен көшірмелері бойынша құрамалық сызбаларды орындау; мамандығы бойынша сызбанұсқаларды орындау сияқты шеберлігін арттыратын жұмыстарға қол жеткізуі маңызды.



Оқу нәтижесі: 1) Конструкторлық құжаттаманың біріңғай жүйесін білу

Бағалау өлшемдері:

1. Конструкторлық, технологиялық және басқа да нормативтік құжаттаманың негізгі ережелерін біледі.

2. Сызбалар мен нобайларды орындаудың ережелері мен тәсілдерін біледі.

3. Сызба геометриясы мен жобалама сызудың негіздерін біледі.


Оқу нәтижесі: 2) Сызба жұмыстарын орындау.

Бағалау өлшемдері

1. Геометриялық құралымдарды орындайды.

2.Техникалық бөлшектер контурларын сызу ережелерін білетіндігін көрсетеді.

3.Техникалық тетіктер контурларын сызу ережелерін пайдаланып, геометриялық құрылымды орындайды.

4. Геометриялық денелер проекциясын және олардың аксонометриясын орындайды.

5. Тетіктер проекцияларын, қажетті тіліктер мен қималарды орындайды.

6. Бұрандалардың бейнеленуі мен белгіленуін орындайды.

8. Тетіктердің эскиздері мен сызбаларын орындайды.

9. Құрастыру сызбасын орындайды

10. Ерекшелікті рәсімдейді

11. Компьютерлік графика әдістерін қолданады.



Оқу нәтижесі: 3) Қолданбалы бағдарламалар пакетінің көмегімен мамандығы бойынша схемаларды әзірлеу және рәсімдеу.

Бағалау өлшемдері

1.Техникалық құралдар жөнінде негізгі ұғымдарды біледі.

2. Компьютерлік графика білімін көрсетеді.

3. Конструкторлық құжаттама әзірлеу үшін қолданбалы бағдарламалар пакетін пайдаланады.

4. Инженерлік графика құралдарын пайдаланып, мамандығы бойынша схемаларды орындайды.



БҚ 7. Механикалық қозғалыстың жалпы заңдары туралы ақпараттарды иелену және оларды заманауи техникада қолдану

ЖКМ 02. Техника-лық механика негіздері

Берілген модуль бөлшектердің беріктігің есептеуді орындау үшін қажетті дағдылар мен білімді алуға мүмкіндік береді.

Білім алушылар модульді зерттеу кезінде: статиканың, кинематиканың және динамиканың негізгі ұғымдарды; материалдардың кедергісінің негізгі ережелерді; машиналардың бөлшектерінің негізгі ережелерді; бөлшектер мен түйіндердің тозуы мен деформациясының түрлерін; майлау материалдарының түрлері, түйіндер мен бөлшектерді майлау үшін қолданылатын майлардың қасиеттеріне қойылатын талаптар, майлау материалдарын сақтау ережелерін; құрылғы, жіктелуі, беріліс әрекетінің қағидаларын; механизмдердің түрлері, олардың кинематикалық және динамикалық сипаттамаларын меңгеруі тиіс;сырықты және арқалық жүйелердің реакцияларын анықтау; жұмысты, қуатты және пайдалы әсер коэфициентін анықтау; деформацияның әртүрлі түрлеріне қарсы беріктік есептеулерін орындау; ажырайтын және ажыратылмайтын қосылыстардың, берілістің, мойынтіректердің және біліктердің беріктік есептеулерін орындау; берілістер мен біліктердің жобалық есептеулерін орындау; стандартты және қалыптанған жалғастырғыштарды таңдауды орындау сияқты шеберлігін арттыратын жұмыстарға қол жеткізуі маңызды.



Оқу нәтижесі: 1) Жазық және кеңістік күштер жүйесінің реакцияларын анықтау.

Бағалау өлшемдері:

1. Статиканың негізгі ұғымдарын біледі.

2. Сырықты және арқалық жүйелердің реакцияларын анықтайды.

3. Тегіс геометриялық фигуралардың және стандартты бейіндердің ауырлық ортасын анықтау


Оқу нәтижесі: 2) Жұмысты, қуатты және пайдалы әсер коэфициентін анықтау.

Бағалау өлшемдері:

1. Кинематика мен динамиканың негізгі ұғымдарын біледі.

2. Механикалық қозғалыстың негізгі параметрлерін анықтайды.

3. Кинетостатика әдістерін және динамиканың негізгі теоремаларын қолданып инерция күшін анықтайды.


Оқу нәтижесі: 3) Деформацияның әртүрлі түрлерінің беріктік қасиетіне есептеу жүргізеді.

Бағалау өлшемдері:

1. Материал кедергілерінің негізгі ережелерін біледі.

2. Жазық қималардың геометриялық сипаттамаларын анықтайды.

3. Деформацияның әртүрлі түрлері кезіндегі тексеру, жобалау және рұқсат берілген жүктемелердің есептеулерін орындайды.


Оқу нәтижесі: 4) Машина бөлшектерінің беріктік қасиетіне есептеу жүргізеді.

Бағалау өлшемдері:

    1. Машина бөлшектерінің негізгі ережелерін біледі.

    2. Ажырайтын және ажыратылмайтын қосылыстардың беріктік есептеулерін орындайды.

    3. Берілістер мен біліктердің жобалық есептеулерін орындайды.

    4. Берілістердің, мойынтіректердің және біліктердің беріктік есептеулерін орындайды.

    5. Стандартты және қалыптанты жалғастырғыштарды таңдауды орындайды.

Оқу нәтижесі: 5) Жобалық есептеуді орындайды.

Бағалау өлшемдері:

1. Электр қозғалтқыштарды, механикалық жетектің жалғастырғыштарын таңдайды.

2. Механикалық жетектің кинематикалық есептеуін орындайды.

3. Жеткізудің жобалық және тексеру есептерін орындайды.

4. Мойынтіректер мен буатты қосылыстардың жобалық есептерін орындайды.

5. Берілістің нобайлы конструкцичсын орындайды.

6. Тегершік пен дөңгелектің; бұрамдықтың, бұрамдықты дөңгелектің және редуктор корпусының конструкциясын әзірлейді.

7. Мойынтіректердің төзімділігінің таңдауын және тексеруін орындайды.

11. Доңғалақ білігінің қажуының есептеуін орындайды.

9. Тісті беріліс пен мойынтіректерді майлау материалын таңдайды.

10. Бәсеңдеткіш бөлшектерін орнатуды таңдайды.



БҚ 8. Кәсіби қызметтегі машина жасау материалдары, металлдар мен балқымалар туралы негізгі деректерді қолдану.

ЖКМ 03. Конструк-циялық материал-дар мен материал-тану техноло-гиясы

Модулі металлдардың құрылымы мен қасиеттерін және қорытпалар теориясының негіздерін, металлдардың негізгі физика-химиялық қасиеттерін қарастырады.

Зертеу кезіндегі оқу материалын меңгеру мынадай білімдеріне негізделеді: легирленген болаттар мен шойындар; ұнтақты материалдар мен қатты қорытпалар; түрлі-түсті металдар қорытпалары мен ерекше мақсаттағы қорытпалар; металлдардың коррозиясы және онымен күресу шаралары; металдарды өңдеу және металдарды қысыммен өңдеу тәсілдері; металдарды піскілеу, дәнекерлеу мен термиялық кесу және металдарды кесу арқылы өңдеу; өңдеудің электрлік әдістері; металлдық емес конструкциялық материалдар; пластикалық массалар және каучук негізіндегі материалдар; ағаш, лакты-сырлытөсеме және нығыздаушы материалдар; жаңа конструкциялық материалдар мен ілгерілеуші технологиялар



Оқу нәтижесі: 1) Әртүрлі қорытпаларды алудың қасиеттерін анықтау

Бағалау өлшемдері:

  1. Шойынды, болатты, мысты, титанды, алюминийді алу тәсілдерін біледі.

2. Болаттың химиялық құрамы, тағайындалуы, сапасы бойынша және құю кезіндегі сипаты бойынша жіктелуін біледі.

3. Құйма шойынның жіктелуін, таңбалануын және қолданылуын, оның артықшылықтарын ажыратады.



Оқу нәтижесі: 2) Болатты химиялық құрамы бойынша жіктей білу.

Бағалау өлшемдері:

  1. Болаттың мұнай-газ тасымалдаушы өнеркәсіптері үшін қолданылуын біледі.

  2. Металлдардың химиялық құрамы бойынша жіктелуін біледі.

  3. Құйма шойынның таңбалануы мен қолдануын және оның артықшылықтарын ажыратады.

Оқу нәтижесі: 3) Металл бұйымдарды коррозиядан қорғау.

Бағалау өлшемдері:

  1. Термиялық және химия-термиялық өңдеудің әрбір түрін өткізудің режимдері мен техникасын таңдайды.

  2. Легирлеуші элементтердің болаттың құрылымына, қасиеттеріне және термиялық өңдеуіне тигізетін әсерін біледі.

  3. Ұнтақты металлургияның мәнін біледі.

  4. Қатты қорытпалардың қолдану аясын, жіктелуін, құрамын, таңбалануын және қолданылуын біледі.

  5. Коррозияның және коррозиялық бұзылулардың мәнін, түрлерін біледі.

БҚ 9. Мемлекеттік тілде іскерлік қағаздарды құрастыру және рәсімдеу

ЖКМ 04. Мемлекет-тік тілде іс қағаздарын жүргізу

Осы модуль мемлекеттік тілде іс қағаздарын құру және рәсімдеу үшін қажетті білімдер, іскерліктер мен дағдылады сипаттайды.

Модульді игеру нәтижесінде білім алушылар келесі білімдерді меңгеруі тиісті: мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу негіздері; құжаттардың қызметі және құру тәсілдері; құжаттардың сыныптамасы, тасымалдаушылары, тағайындалуы, құрама бөліктері, ресімдеу ережелері.

Модульді игеру кезінде білім алушылар келесі іскерліктер мен дағдыларды алуға тиіс: ұйымдастырушылық-өкімдік, ақпараттық-анықтамалық құжаттармен жұмыс істеу; кәсіптік қызметінде қәжетті қызметтік құжаттарды мемлекетттік тілде құру.


Оқыту нәтижесі: 1) Ұйымдастырушылық-өкімдік, ақпараттық-анықтамалық құжаттармен жұмыс істеу.

Бағалау өлшемдері:

  1. Құжаттардың сыныптамасын және түрлерін біледі.

  2. Құжаттардың ақпараттық және коммуникативтік атқарымын біледі.

  3. Құжаттардың құрылымын біледі.

  4. Қызметтік құжаттардың негізгі деректемелерін біледі.

  5. Құжат мәтініне қойылатын талаптарын біледі.

  6. Ұйымдастырушылық-өкімдік, ақпараттық-анықтамалық құжаттармен жұмыс істеу біледі.

Оқыту нәтижесі: 3) Еңбек қатынастарын реттейтін құжаттарды мемлекеттік тілде құру.

Бағалау өлшемдері:

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қатынастарын реттейтін құжаттар туралы түсінігі бар.

  2. Еңбек шарттың қәжетті шарттарын біледі.

  3. Мемлекеттік тілде түйіндеме, өмірбаян, мінездеме, өтініш, арыз, сенімхат, қолхат жасау біледі.

БҚ 10. Курсты оқу кезінде қолданылатын жүргізушілердің, жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың негізгі түсініктерін, терминдерін және міндеттерін анықтайды.

ЖКМ 05. Жол қозғалысы ережелері

Негізгі түсініктер мен терминдер, жүргізушілердің, жаяу жүргіншілердің және пассажир­лердің міндеттері. Жол белгілері. Жол белгілері және олардың сипаттамалары. Көлік құралдарының қозғалыс, тоқтау және тоқтап тұру реті, жол қозғалысын ретке келтіру, жол қиылыстарынан, жаяу жүргіншілер жолынан, жалпы қолданыстағы көлік құралдарының және темір жол тораптарынан өту. Қозғалыстың ерекше талаптары. Адамдар мен жүктерді тасымалдау, көлік құралдарын техникалық қарау, жол, нөмірлі және тану белгілері, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша автокөлік және өзге ұйымдардағы лауазымды тұлғалардың міндеттері. Колонна бойынша қозғалу.

Оқу нәтижесі: 1) Жол қозғалысының қағидасын білу.

Бағалау өлшемдері:

1. Қозғалысының барлық қатысушыларының: жаяу жүргіншінің, пассажирлердің, автокөлік жүргізушісінің іс-әрекет қағидасын біледі.

2. Жол, нөмірлі және тану белгілерін, қозғалыстың барлық қатысушыларының міндеттерін біледі.

3. Жол қозғалысы қағидасын сақтай алады,

4. Қозғалыс үшін қолайлы жағдайларды құра алады.



БҚ 11. Аграрлық құқықтық мәні мен функциясын, Қазақстан Республикасының Жер Кодексін және нормативті актілерін, шаруашылық нысандарын және ауыл шаруашылығын басқарудың құрылымын білу


ЖКМ 06. Аграрлық құқық

Аграрлық құқықтың мәні мен функциясы. Меншік құқығы. Ауыл шаруашылығы шаруашылық субъек­тілерінің құқықтық ережесі. Кәсіпкерліктің құқықтық негіздері. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдары қызметіндегі шаруашылық шарты және оның рөлі. Шаруашылық шартының жекелеме түрлері. Жер құқығы. Экологиялық құқықтың негіздері. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарындағы еңбекті құқықтық реттеу. Тәртіптік және материалдық жауапкершілік. Еңбек даулары және оларды қарау реті.

Оқу нәтижесі: 1) Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу және басқару нормаларын білу.

Бағалау өлшемдері:

1. Қазақстан Республикасының Жер Кодексін біледі.

2. Ауыл шаруашылығындағы қарым-қатынысты реттейтін нормативтік актілерді біледі.

3. Ауыл шаруашылығындағы қарым-қатынасты реттейтін нормативтік актілерді біледі.

4. Азаматтық және қылмыстық кодекстің баптарын, табиғат қорғау заң актілерін бұзғаны үшін әкімшілік-құқықтық жауапкершілік туралы заңна­маны бағдарлай біледі.

5. Экономикалық мақсатта жерді пайдалану, билік ету және табиғи ресурстар бойынша қарым-қатынасты реттейтін Қазақстан Республи­касының Жер Кодексінің және өзге де нормативтік актілерінің бұзылу себебі мен салдарларын талдай алады.


БҚ 12. Кәсіпорындағы еңбекті қорғау бойынша дұрыс ұйымдастырылған жұмыс пен іс-шараларды жүргізу, еңбек жағдайларын талдау

ЖКМ 07. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

Еңбекті қорғаудың теориялық негіздері. Дала жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге қойылатын талаптар. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі еңбекті қорғаудың құқықтық мәселелері. Өндірістік санитария. Жұмыстары зиянды заттар және қорғану. Ауыл шаруашылық жұмыстарын орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Бағдарлама мына міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулардың себептері; жұмысты қауіпсіз жүргізу және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтаудағы бақылауды жүзеге асыру.




Оқу нәтижесі: 1) Өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулардың себептері.

Бағалау өлшемдері:

1. Өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігінің негіздерін біледі.

2. Жерге орналастыру жұмыстарын орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасының негіздерін біледі.

3. Жарақат алғандарға дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.


Оқу нәтижесі: 2) Жұмысты қауіпсіз жүргізу және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтаудағы бақылауды жүзеге асыру.

Бағалау өлшемдері:

1. Еңбекті қорғау бойынша тиімді жоспарланған іс-шараларды жүргізеді.

2. Жарақаттың себептерін талдайды және алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.

3. Жұмыс орнындағы еңбек талаптарын бағалай алады.

4. Арнайы қорғаныс құралдары мен арнай киімдегі қажеттілікті анықтайды.



БҚ 13. Заманауи компьютердің, бағдарламаның, ДЭЕМ-ның құрылымдық бағдарламалық қамсыздандыруын, диаграммаларды өңдеуді, деректер базасының негізгі түсініктері мен деректер базасын құру қондырғысын білу

ЖКМ 08. Информа-тиканың бағдарла-малау негіздері

Заманауи компьютердің қондырғысы, дербес электронды-есептегіш машиналарды бағдарламалық қамсыздандыру, бағдарламалық құралдарды жіктеу. Операциялық жүйелер. Сервистік бағдарламалар. Қолданбалы бағдарлама пакеттері: мәтін редакторлары, электронды кестелер, графикалық редакторлар, мәліметтер қорларын басқару жүйелері.

Оқу нәтижесі: 1) Компьютер туралы білімді меңгеру.

Бағалау өлшемдері:

1. Қазіргі компьютерлер мен олардың сипаттамалары туралы жалпы мәліметтерді біледі.

2. Дербес компьютердің операциялық жүйелерін орындайды (магнитті дискілер мен олардың жүйелік аумағы, пакеттік командалық файлдар және олардың ішкі командалары).

3. NORTONCOMMANDER (NC) - сервистік командасын құрайды.


Оқу нәтижесі: 2) Бағдарлама файлдарын мұрағаттау және мұрағаттан шығару.

Бағалау өлшемдері:

1. Файлдарды мұрағаттау мұрағаттан шығару бағдарламаларын біледі.

2. WINDOWS біріктірілген бағдарламалық қабықшасын құрайды.

3. Информатиканы дамытудың процестері мен перспективасын біледі.


Оқу нәтижесі: 3) Бағдарламалар мен электронды кестелерді құрастыру.

Бағалау өлшемдері:

1. EXCEL электронды кестелерін құрастыра алады.

2. Дербес компьютердің операциялық жүйелерін (магнитті дискілер мен олардың жүйелік аумағы, пакеттік командалық файлдар және олардың ішкі командалары) біледі.

3. Windows, NORTONCOMMANDER және EXCEL өнімділігін арттыра алады.

4. Жұмыс кітабының әр түрлі парақтарында графикалар мен диаграммаларды, жиынтық кестелер мен есептеулерді құрастыра алады.

5. Интернет желісіне қосуды жүзеге асыра алады.

6. Компьютерлермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтай алады.



БҚ 14. Заманауи экологияның негіздері мен құрылымын білу. Технологиялық процестердің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін бағалай білу; өңірдің экологиялық жағдайы ауқымында өз қызметіңіздің нәтижелерін талдай білу

ЖКМ 9. Қоршаған ортаны қорғау

Білім алушылар модульді зерттеу кезінде: табиғи ресурстар мен жерді күзету және тиімді пайдалану. Атмосфераны күзеті және тиімді пайдалану. Адам өмірі үшін атмосфераның маңызы, атмосфераның табиғи және жасанды ластануы. Ластанудың түрлері, ластанған атмосфераның салдарлары, атмосфералық ауаны күзеті және тиімді пайдалану бойынша іс-шаралар


Оқу нәтижесі: 1) Қоршаған ортаны қорғау принциптерін, табиғатты қорғаудың нормалары мен қағидаларын біледі.

Бағалау өлшемдері:

1. Экологиялық факторлардың денсаулыққа әсерін біледі.

2. Қоршаған ортаның жағдайы мен сапасын бағалау үшін қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативтік құжаттаманы біледі.



Оқу нәтижесі: 2) Адам өмірі үшін жер мен атмосфераның маңызы.

Бағалау өлшемдері:

1. Экожүйенің функциясын, табиғи және антропогенті өзгерістерін түсіндіре алады.

2. Атмосфералық ауаны тазалау және табиғи ресурстар мен жерді күзету бойынша іс-шараларды құрастыра алады.



БҚ 15. Заманауи экологияның негіздері мен құрылымын білу. Технологиялық процестердің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін бағалай білу; өңірдің экологиялық жағдайы ауқымында өз қызметіңіздің нәтижелерін талдай білу

ЖКМ 10. Микроэлектронды техника бұйымда-рын өндіру технологиясының негіздері

Наноөлшемді құрылымдарда квантты-механикалық көріністердің іргелі принциптерінің жүйелікбілімін, наноматериалдар мен микроэлектронды құрылғыларды дайындаудың технологиялық негіздері, оларды бақылау және зерттеу әдістері, микроэлектронды техниканы бағалай білу, техникасын, микроэлектрониканы кіріктіру әдістерін оқу және қолданылатын технологиялық процестердің негіздері


Оқу нәтижесі: 1) Микроэлектронды техниканың технологиялық процесінің негіздерін білу.

Бағалау өлшемдері:

1. Наноэлектронды бұйымдарды әзірлеудің технологиялық әдістерін және олардың көрсеткіштерін бақылай тәсілдерін білу.

2. Технологиялық процестердің типтік көрсеткіштерін бағалау есептерін жүргізе білу .

3. Микроэлектронды техникадағы төменгі өлшемді құрылымдардың элементтерін және олардың физикалық қасиеттерін білу .


Оқу нәтижесі: 2) Микроэлектронды техниканы құрастыру әдісін меңгерген.

Бағалау өлшемдері:

1. Төменгі өлшемді объектілер негізіндегі наноэлектронды құралдардың конструкциясы мен қасиетін білу.

2. Микроэлектронды техниканың технологиялық процестерін үлгілей алады.

3. Автоматтандырылған жобалаудың барлық кезеңіндегі бұйымның өмірлік циклдарын қолдай алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет