Ой – бөліс
2
|
Ñàðà Òàñòàíáåêºûçû
|
2 апта
|
2
|
Ой – бөліс
|
3
|
Шоқан – қазақ тарихы мен әдебиетін зерттеген ғалым
|
3 апта
|
3
|
Реферат
|
4
|
Ûáûðàé-½ëû à¹àðòóøû
|
4 апта
|
2
|
Реферат
|
5
|
Ыбырай туралы жазылған көркем туындыларға шолу
|
5 апта
|
2
|
Ой – бөліс
|
6
|
Àáàé-êëàññèê àºûí.
|
6 апта
|
3
|
Семинар
|
7
|
Àáàé òóðàëû æàçûë¹àí ê¼ðêåì òóûíäûëàð¹à æàëïû øîëó.
|
7 апта
|
2
|
Ой – бөліс
|
8
|
Мағауияның шығармашылық жолы
|
8 апта
|
|
Реферат
|
ОБСӨЖ 16 ұпай
|
№8 Сабақтан тыс.
Тақырыбы:Сүйінбайдың ақындық шығармашылығы –қазақ поэзиясындағы дәстүрлі өнегелі мектеп.
Коллоквиум тақырыптары:
1. Ақын өмірінен мәлімет.
2. Ақын мұрасының жариялануы, зерттелуі.
3. Толғауларының тақырыптық мазмұны.
4. Айтыстары.
5. Көпшілігіне тән қасиеті.
6. Сүйінбай шығармалары – образды, сұлу, суретті жырлар.
7. Сүйінбай – халық батырларын үлгі етіп суреттеуі.
8. Сүйінбайдың Тезек төремен кездесуі.
9. Белгілі қазақ ақындарының бірі – Сүйінбай.
№9 Тақырыбы:Майлықожаның толғау термелерінің, айтыстарының тәрбиелік мәні.
Жоспары:
1. Майлықожа- сауатты білімдар ақын..
2. Ақын шығармаларының жанрлық түрлері.
3. Айтыстары.
Қазіргі Шымкент облысы, Қызылқұм жерінде туып өскен. Әкесі Сұлтанқожа мұсылманша сауатты, шағын дәулетті, көзі ашық, діндар адам болған. Қожа деген даңқына лайық кәсіп еткен.
Майлы әуелі үйде, әкесінің үйретуімен сауатын ашып, кейін өз бетімен көп ізденіп, заманына сай білімді адам дәрежесіне жеткен.
Майлы 14 жасқа толғанда әке, шешесі бірдей өліп, жеті жасар Есехан деген інісі екеуі жетім қалады. Тумысынан пысық Майлы жетімдікке бой алдырмай, басқа түскен ауыртпалықтарға қарсы тұрып, күнкөріс қамын жасайды.
Ақынның өз сөздеріне қарағанда, ол 20 жас шамасында сөзге араласып, өлең өнеріне беріле бастаған. Өз басының еркі өзіне тиген кезден бастап, ел ақындарымен кездесіп, сауық кештерге, ас берген жерлерге барып, ескі ел дәстүрі бойынша сөз өнеріне дағдылана берген. Кейін өзінің сауатын молайтып, жазба әдебиет өкілдерін, шығыс әдебиетін оқуға, оның кейбір үлгілерін жаттап айтып, таратуға мүмкіндік алған. Көрші елдерді, мәдениет орталықтарын аралап, мұсылман мәдениеті орталықтарында да болған. Бұқар, Самарқант, Ташкент сияқты қалаларда болып, көрші елдер өмірімен, шығыс мәдениетімен танысқан. Осындай оқуы мен тынымсыз ізденуіне байланысты ол тез жетіліп кеткен.
Майлықожа 1860 жылдары Сырдан Әулиеатаға келіп, Сыпатай батыр асында Сүйінбаймен кездесіп, онымен сөз қағысқан. Бұл жыр бірінші рет 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылды. Ақын Сыпатай асының бастаушысы боп жүрген Есім деген байдың құрметіне разы болмай, оны сынайды. Өлеңнің жалпы көлемі – 68 жол. Онда басқа рудан келген қонақтардың елеусіз, құрметтен тыс қалғаны сөз болады.
Майлы Шығыс әдебиетімен танысып қана қоймай, оны қазақ тіліне аудару әрекетін де істеген. Діни қиссалар сюжетіне дастан жазумен де айналысқан. «Зархұм» үлгісінде «Абдолла бала» жырын шығарған. «Тотынаманы» өзінше, қысқаша толғаған.
Майлықожаның кейбір толғаулары баспа бетін ерте көрген. 1883 жылы Ташкент қаласында басылған «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинақта Майлықожаның бірнеше ұзақ толғаулары басылады. Олар – «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт» деп аталады. Ақының бұл өлеңдерінің жалпы мазмұны адамгершіл ұғымдағы ғибрат сөздер.
«Қасқыр» атты өлеңінде ақын өзі тойса да, көзі тоймайтын қасқыр мінезді жыртқыштар тобын сынайды. Қызғаншақтық пен ашкөзділік мінездерді әжуалайды.
Оңай байлыққа жетуді аңсау, қанағат қылмау – адамның бойындағы ең жаман қасиеттер деп ұққан ақын өзінің «Үш жігіт», «Аққу мен қу» толғауларында осы жұғымсыз мінездерді сынайды.
Майлының «Тотынама» толғауы да мысал сөз үлгісіндегі шығарма.
Майлықожа елдің ауыр тұрмысын, халықтың басына түскен қиыншылықтарға, жұт болған ауыр жылдар қасіретіне көптеген өлеңдер арнаған. Әсіресе, қоян жылғы аштық пен қиыншылық, шаруалар күйзелісі ақынды мықтап толғантады.
Майлы өлеңдерінің біразы қазақтың би, болыстарын сынауға арналады дедік. Мысалы, ол өзінің «Ескі мырза, манаптар, бегі, салы» атты бір өлеңінде үстем тап өкілдерін өлтіре сынайды. Олардың ұрылар жұмсап, арамнан жеп, халықты аяусыз тонап жатқанын әшкерелейді.
Ақын түсінігінше, әйелдің өмірдегі орны өзіне бөлек. Оларды ескермеуге болмайды. Үй құты, өмір көркі, семья сәні, жігіт қызығы – жақсы әйел. Әр үйдің ырысын молайтатын да, ер азаматтың даңқын зорайтатын да сол шаруаға жақсы, сыпайы, көркіне сай жан жары болмақ. Бірақ әйелдердің де «жақсы», «жаманы» бар. Олар да ерлер сияқты екі топқа бөлінеді. Әйелдің жақсылығы тек көркінде ғана емес, ісінде, адамгершілігінде, ақылы мен өнерінде. Жақсы әйел жігітке шын серік, сарқылмас ырыс.
Майлы шығармалары халықты адал еңбекке үндеуден жалықпайды. Ол адам өмірін жан-жануарлар тіршілігімен ұштастыра мысалдап жырлайды. Мысалы, «Бұлбұл» өлеңінде ақын еңбек үшін табыс тауып, қыс қамын жасар шақ жаз күндерін босқа қызықтап өткізіп алмаудың керек екенін қатты ескертеді.
Ақын өзінің «Не жүйрік өтті дүниеден» өлеңінде тіршілік өмірдің баянсыздығын, дүниеге келген адамның өлмесі де қақ болатынын түсіндіре келіп, санаулы күнді босқа өткізіп алмауға, мүмкін болғанынша оны маңызды, мазмұнды, қызғылықты өткізе білуге шақырады.
Дүние, өмір туралы Майлы өлеңдерінен көрінетін тағы бір шындық – ол ақынның өмірден түңілмейтіндігі. Ол өлімді күтіп жатып алуға қарсы. Тіршілік қамы әр кезде де керек. Ол – адамды ілгері жетелеп отыратын күш.
Ақын өзінің «Ажал бір келмес болсайшы» өлеңінде өлімге қарсы тіршілікті, жастық жігерді қоя жыр шертеді.
Майлы шығармалары - өлеңге қойылатын биік талаптарға жауап беретіндей әрі мәнді, әрі сәнді жырлар. Ақын негізінен нақыл термелер шығарып, өлеңнің осы бір түрінен шеберлік танытады. Өзі тұстас оқушылары мен тыңдаушыларына мәтелдеп, мысалдап, нақылды сөз айтып, өз ойын тайға таңба басқандай анық білдіруді мақсат етеді.
Бақылау сұрақтары:
Майлықожа шығармалары.
«Не жүйрік өтті дүниеден» өлеңі.
Майлықожаның толғаулары.
Майлықожаның кейбір толғаулары
Дүние, өмір туралы Майлы өлеңдері.
Ст уденттердің үйде орындайтын тапсырмалары
«Ескі мырза, манаптар, бегі, салы» атты өлеңі.
Майлы өлеңдерінің біразы қазақтың би, болыстарын сынауға арналуы.
Ақын өзінің «Ажал бір келмес болсайшы» өлеңі.
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары
1. Тест
2. Сұрақ -жауап
№10Сабақтан тыс.
Тақырыбы: Базар Оңдасұлы (1839-1911) шығармашылығы.
Реферат тақырыптары:
1. Өмірі туралы мәлімет.
2. Толғау-термелерінің тақырыптық- идеялық мазмұны.
3. Дастандарындағы фольклорлық сипаттар.
4. Сүйген жарыма», «Назарға» атты толғаулары.
5. «Үш ғасыр жырлайды» толғауы.
6. «Назекеңе», «Ғашық жарым», «Дүние», т.б. өлеңдерінің мәні.
7. XVIII-XIX ғасырлар ақындары шығармалары.
8. Базардың өлеңдері алуан салалылығы.
№11
Тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы жыршы ақындығы.
Жоспары:
Ақын шығармаларындағы ойшылдық, философиялық-азаматтық тереңдіктер.
Мұраттың жыршы-ақындығы.
Айтыстары.
Мұрат - жезтаңдай шешен-жырау, төгілген ақпа ақын. Мұсылманша сауатты, дәуірінің алдыңғы қатарлы азаматы. Кең тынысты керемет шабыттың иесі. Халқының басына түскен замана ауыртпалықтарын көре де, көрсете де білген шынайы поэзия өкілі; елі, жері, халқы үшін қасірет шеккен саналы суреткер. Ел тарихын емірене жырлап, аруағы асқан ержүрек батырларының образдар галлереясын қалдырған шын мәніндегі эпик. Табан асты тамаша сөз тапқыш ақпа-төкпе, нағыз профессионал импровизатор. Заманасы артқан ауыр жүгін елімен бірге арқалаған ғажап қайрат иесі.
Ақын 1843 жыл Қазақстанның батыс өлкесіне қарасты Қызылқоға жерінде, Қарабау жайлаған беріш елінде дүниеге келді.Әкесі Мөңке - өз еліне аты мәлім дәулетті адам. Тайсойған, Қарабау жерлерін мекендеген Қаратоқай ұлыстарының белді биі. Мұраттың әкесі ерте өліп, ол ағаларының қамқорлығында өмір кешіп, ер жетті. Кейінірек Мұрат елі жұтқа ұшырап, өзі адай ағайындарына барып, жан сақтаған.
Мұрат - өзі өмір сүрген дәуірінің перзенті. Өскен орта, жасаған заман, қай ақынға да болсын алтын бесік, ұшар ұя талант талғамын, өнер өрісін, шығар биігін белгілейтін негізгі факторлар.
Мұраттың ақындық ортасын сөз еткенде, оны өсірген қоғамдық құрылыс, әлеуметтік тұрмыс, туған ел жұртының салт-санасы, өмір құбылыстарын қарастыра зерттеу керек.
Ата-баба дәстүрі мен ата мекенде өмір сүру, кең жайлау мүмкіндігі құрып бітіпті. Ақынның заман өзгерістері туралы түйіні осындай. Бұл қорытындыны Мұрат терең толғаныспен жырлай білді. Айтар ойын ашық та анық, әсерлі де әсем өлең жолдарымен кестеледі. Ақын шығармалары мәңгілік көркем туындылар қатарында кең тарап, қанша қысым көрсе де, ұмытылмай ел аузында сақталды. Ақын шығармалары кіші-гірім жинақ ретінде 1924 жылы Ташкент қаласында “Мұрат ақын сөздері” деген атпен Халел Досмұхамедұлының бастыруымен жарық көрді.
Мұраттың өлеңдерінде патша үкіметінің қазаққа жұмсаған саясаты айқын байқалады. Жақсы жерлерді тартып алып, ел қамын жегендердің қамалғаны, өлтірілгені анық айтылады.
Ақын қалдырған мұраларға көз салсақ, оның творчествосы кең арналы, сан-салалы білімді ақын тұрғысын танытарлық келеді. Оның шығармаларындағы негізгі сарын-таза халықтық әуен. Мазмұн жағынан бастан-аяқ ел мұңын, халық тірлігін көтерсе, түр, стиль жағынан фольклорлық сарынды сақтайды. Ақынның бала жастан алған тәлімі, көрген білгені, өмірден жіпке тізіп түйгендері-бәрі өзі өскен қазақтың қақ ортасынан тарамдалады. Бала жастан ел ақындары дәстүрінде тәрбиеленіп, халық ақындары қатарлы өсіп жетіледі. Халық творчествосы, ақындар поэзиясы болашақ ақынның талант көзін ашады.
Мұрат айтысқа тым ерте, 15-16 жастар шамасында түседі. Алғашқы айтыстары, басқа да көптеген дүниелері бізге түгел жеткен жоқ. Баспа бетін көріп жүргені тек бес-ақ айтыс: Жаскелең, Балаораз, Жантөле, Тыныштық, Ізім ақындармен айтыс, тіл қағыс, дидарласу сөздері. Осылардың ішіндегі ең мәндісі-Мұраттың Жантөлі қызбен айтысы. Бұл-екі ақынның әлеуметтік мәселені қозғаған жақсы диалогтары, өзінің тіл ұстарту үлгісімен де елеуге тұрарлық, ақындардың сөз тапқыш, ұтқыр, шешендіктерін таныта аларлық туынды.
Мұраттың Жантөлі қызбен айтысында Жантөлі Сара ақын сияқты күйеуінің кемтарлығы себепті Мұраттан жеңіледі.
Мұраттың айтыстары негізінен қайымдасу түрінде келеді. Қайым өлеңдердің жолдарын қайыра қолданады. Өзінің жаңа ойын соған жалғай салады. Қайым айтыс формасы, көбінесе, әзілдесу, қалжыңдасу, пікірлесу ретіндегі диалогтар. Мұратпен айтысқандардың біразы айтыстың осы бір халықтық түрін ұнатқан сияқты.
Айтыс жанрындағы Мұраттың шығармалары – оның ақындық өнерге дағдылану жолын танытарлық және суырыпсалма ақпа жырау болғандығына куә боларлық туындылар.
Мұрат шежіре-тарихқа жетік, өткен ғасырлардағы жыраулар мен батырлар жырларын жатқа білген. Әсіресе, Қазақстанның Батыс өлкесінің өткен-кеткені, жер, су мекені, атақты адамдары, шешен-жыраулары, тілінен бал тамған өнер иелері, ел қорғаған батырлары, бай-мырзалары, жақсы деген азаматтары – оның туындыларының алтын арқауы. Сыпыра, Асан, Қазтуған, Шалгез, Жиенбет, Доспамбет, Махамбет, Шернияз, т.б. тарихи адамдардың шығармалары бізге осы Мұраттың айтуы арқылы жеткен. Ескі ел тарихынан естіген, білген, түйгендерін шашау шығармай әсерлі де мәнді эпостық шығармаға айналдырып, өзі көзін жұмғанша халқы алдында сайрап өткен. Еңсесі түскен туған елінің көңілін көтеріп, ойын сергіткен. Мұрат сөздерін ел-жұрты сүйсіне тыңдап, бірі көзіне жас алып қасірет шексе, екінші тобы, бойларын жиып, ертедегі ер азаматтары ісіне қайран қалып, оларға еліктеп, ат арқасына қонып, тәуелсіздік ұранын көтерген. Сондықтан Мұраттың шығармалары-өз кезіндегі тарихи маңызы зор, халқының мұңын көтерген, тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған туындылар.
Мұраттың толғаулары мен дастандарына тоқталсақ, олар:”Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Қазтуған”,”Өттің бір қапы дүние”-өзара байланысты, әуендес, мазмұндас, сарындас шығармалар. Мұнда қазақ халқының отаршылар тарапынан көрген ауыр зауалдары бейнеленді. Қысымға шыдамаған ел-жұрттың зар-шері, көңіл-күйі шертіледі. Халық басынан өткізген жұт жылдары сабақтаса суреттеледі.
Мұрат ақын шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі “Қарасай-Қази” жыры. Бұл – нағыз эпостық поэма. Орақ батыр мен оның балалары Қарасай, Қазилардың жалғасып жатқан батырлық дәстүрлерін ардақтайтын ерлік эпос. Жыр сюжеті шағын желіге құрылған. Ата жолын қуған ұлдардың перзенттік парыздарын өтей білулері, нағыз ел қорғандары мен арам ниет ездердің екіжүзділіктерін әшкерелейтін ұтымды оқиғалар, көркем көріністер жинақталған.
Мұраттың ақындық мұраларының құнды бір саласы, оның лирикалары-арнау, хат, сын-сұқбат, ақыл-нақыл сарындас туындылары. Бұл салаға жататындар, негізінен, ақын өмір сүрген кезеңнің шындығын, дәуір адамдарын, олардың мінез-құлық, іс-әрекеттерін бейнелейді.
Мұраттың “Айжарыққа”, “Есенғали болысқа” , “Есентемір Тұрабай болысқа”, “Қарақожа болысқа” т. б. өлеңдері-қазақ еліндегі болыстық билікке, патшалық сайлауға наразылық ниетіндегі туындылар.
Мұрат шығармаларын тізбектей жіктеп, талдау соңында айтарымыз-оның тілге шешен, тапқыр да алғыр ақын болғандығы. Оның шығармалары қамтымаған кезінің шындығы кемде-кем. Кең тынысты эпик, нәзік жанды лирик, жүлде алған жүйрік, сан қырлы саңлақ.
Бақылау сұрақтары
Мұраттың “Айжарыққа”, “Есенғали болысқа” , “Есентемір Тұрабай болысқа”атты арнау өлеңдері.
Мұрат ақын шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі “Қарасай-Қази” жыры.
Мұраттың толғаулары.
Мұраттың ақындық мұраларының құнды бір саласы, оның лирикалары-арнау, хат, сын-сұқбат, ақыл-нақыл сарындас туындылары.
Қайым өлеңдерді.
Ст уденттердің үйде орындайтын тапсырмалары
Мұраттың Жантөлі қызбен айтысы.
Мұраттың ақындық ортасы.
Мұраттың жыршы-ақындығы.
Айтыстары.
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары
1. Тест
2. Сұрақ -жауап
№12Сабақтан тыс.
Тақырыбы: 19 ғасырдағы сал-сері ,әнші- ақындар.
Коллоквиум тапсырмаларыары
1. Біржан сал Қожағұлұлы(1834-1897).
2. Өмірі, лирикалық өлеңдері.
3. Ақынның озбырлық жасаушыларды сынауы.
4. Біржан мен Сара айтысының эстетикалық-көркемдік тағылымы. 5. Біржан шығармалары.
6. Біржан поэзиясы.
7. Біржан халық поэзиясы үлгісін, қара өлең формасын қолданған.
8. Біржан мен Сара айтысының мазмұны.
9. Біржан – ақын, лирик.
№13
Тақырыбы: Біржан сал Қожағұлұлы(1834-1897).
Жоспары:
1. Өмірі, лирикалық өлеңдері.
2. Ақынның озбырлық жасаушыларды сынауы.
3. Біржан мен Сара айтысының эстетикалық-көркемдік тағылымы.
XIX ғасырдағы қазақ халқы мәдениеті тарихынан елеулі орын алатын ірі ақындардың бірі – Біржан.
Біржаннан қалған мұралар – салмағы, қадір-қасиеттері, шынайы өнер туындыларына лайық, шын мәнінде ғажайып туындылар. Қандай күшті өнерпаз болмасын, ол өзін өнердің бірер саласында ғана тыңдата алса керек-ті. Ал қазақтың бұл тұстағы бірнеше өнер иелері дәуірі ұсынған өнердің барлық түрлерін игеріп, соның әрбір салаларынан өздерінің талант-күштерін көрсете біліпті.
Ол қазақ поэзиясына зор үлес қосқан табан асты өлең нөсерін ағылтар ақпа ақын, халқымыздың ақындық өнерінің шебері(импровизатор).
Біржанның бізге дейінгі өмірбаянында, оның туған-өлген жылдары туралы екі-үш дерек ұсынылып келеді. Біржанның басына қойылған ескерткіште оны 1835-1897 жылы жасаған деп көрсеткен. Ал өзі Теміртас деген баласымен бақұлдасқан (қоштасқан) сөзінде 65 жасқа келгенін айтқан: “Жасына алпыс бестің келгенімде, құдайым берді науқас ғаріп басқа”,-депті. Сол сияқты қолда бар деректі зерттеу үстінде, біз Біржан 1831-32 жылдары туып, 1897 жылы қайтыс болды деген пікірлерді қостаймыз. Ол Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласының тұрған жерінде, ата-мекені – Қожағұл бұлағында туыпты. Біржанның өз әкесі Тұрлыбай-момын, шаруа болған. Ал, атасы-Қожағұл дәулетті адам. Біржанды жас шағында бауырына басып, өз тәрбиесіне алған, оның маңдайынан қақпай, масайрата еркін өсірген, жасынан ауыл молдасына беріп, оқытып, өзі жиған өмір тәжірибесін үйреткен осы беделді шешен-би – Қожағұл болса керек.
Біржан - өзі жасаған заманының перзенті, өзі өмір сүрген дәуірдің өнерпазы: ақыны, әншісі, композиторы. Өнер адамының өрге жүзуі өз бойындағы творчестволық күшке, өзі өскен ұлттық ортаға, өнер – білім дәмін сепкен жанға рухани азық беріп, ой- қиялын дамытқан туысқан халықтардың озық адамдарының ізгі ықпалдарына тығыз байланысты. XIX ғасырдың екінші жартысында жасаған революцияшыл - демократтар идеясына сүйенген орыстың бай классикалық әдебиеті, өнері. Шоқан, Ыбырай, Абайларды туғызған әдеби орта қандай десек, Біржан, Ақан т. б өнерпаздардың жетістіктері де, сол қауымға ұштасады. Ұлы Абай қазақ поэзиясына жаңалық жаршысы болып оның реалистік бетін ашса, музыка өнерінің қазақ топырағындағы жаңа бағытын Біржан мен Ақан бастап келеді. Біржан да өз бетімен ізденіп, өнеріне жаңа ырғақ, әуен тауып, оны халқының жүрегіне жұмсайды. Көршілес елдер, халықтар өмірімен танысқан. Қызылжар, Көкшетау, Семей, Омбы, Орынбор сияқты қалаларда болды. Көп нәрсені көріп білді. Өзінің дер шағындағы талант табыстарын түгел дерлік жас ұрпаққа арнап, солардың жүректерін тебірентер тамаша туындылар жасады.
Біржан поэзиясының асыл арнасы қазақ халқының бай ауыз әдебиетінде, музыкалық фольклоры қазынасында жатыр. Жасынан ел аралап ділмар шешендермен кездесіп, сөз сымбаттарын үйреніп шешендік дәстүрлерін игереді. Төкпе ақындар өнеріне де жетік болып, талай айтыстарға қатысады. Олардың табан асты өлең шығару әдістерін, сергек қабілеттерін меңгереді. Әсіресе, Шөже мен Орынбай сияқты төселген төкпе аға ақындармен дидарласуы әсерсіз болмаса керек. Біржан творчествосының дұрыс бағыт ұстануы оның ұлы Абаймен кездесуін зерттеушілер жоғары бағалайды.
Біржанның “Тентек”, ”Жаймашуақ”, “Айтбай”, “Ләйлім Шырақ”, “Бурылтай”, т. б әндерінің шығу жағдайларын А. Жұбанов зерттеуші автордың өмірімен ұштастыра жеткізе түсіндірген. Оларға тән дыбыстылық, әуен ырғақтары талданып, ән бойындағы дыбыс қуаты жастық жалынға сәйкес келетіні көрсетілген.
Біздің баса көңіл аударғалы отырғанымыз – Біржанның музыка салаларындағы туындыларынан гөрі, оның ақындық еңбектері - өлең, толғау, айтыс ретінде жеткен жырлары, жалынды лирикалары. Оның әдебиетіміз тарихындағы орнын таныту.
Біржан – ақын, лирик. Біржан өлеңді көбіне ән үшін, әнді өлең үшін шығарған. Сондықтан олар - өзара біте қайнап, бірігіп кеткен туындылар. Олардың жігін ашамын, егізді жұбынан айырамын деп әлектену - бос әурешілік. Айталық ақынның ілгерідегі туындысы саналатын “Біржан сал” шығармасын алсақ осы өлеңде өз бойындағы асқақ талантпен таныстырудан өзге ұғым жоқ сияқты. Ал сол жолдарды әніне салып құйқылжыта орындасыншы ! Одан алар әсерді айтып та, жазып та жеткізу қиын болар еді. Ақын лирикалары ақиқат өмірден туып әлеуметтік қорытынды жасайды. Адамгершіл ақылдар ұсынылады. Қазақ жастарының өмірге көзқарасын дамытқандай ой тастап, кейбір мағынасыз өмір кешетіндерге наразылық білдіреді. Жас шақта, қоғамға, елге пайдалы істерге, өнімді еңбекке, өнер – білім ізденгіш талапкерлікке толы болуды қалайды. Мысалы : “Сырғақты” – деген өлеңінде ақын ең алдымен өмірдің мағынасын түсіне білуді керек қылады:
Бозбала, саған айтар өсиетім,
Жақын жүр әлпештеген ардақтыға.
Жанып тұрған жас өмір – ал қызыл гүл,
Сипаттауға қызығын жетпейді тіл,
Жауқазын желбіреген жастық шақта.
Өмірдің мағынасын түсіне біл.
Басқа халықтар өмір тіршіліген, әлем сырын тануда, тыныш жатпай тырбанып, талпынуда жанаярлыққа, еріншектікке жол бермей, талмай ізденіп тынымсыз еңбектеніп, дүниетанымын кеңейте түсуде деп, “Жастарға арнауында” бұл пікірлері жүйелі баяндалады :
Дүниеде үйде жатып босқа өлгенше,
Жан–тәнің бірге жанып күйген артық.
Ер жігіт дүниені кезгені артық,
Дүниенің не бар–жоғын сезген артық.
Түскендей аспан жерге іс болғанда.
Бел байлап, тәуекел деп, төзген артық.
Ақылға, білімге билік беріп, әділет жолын, береке – бірлік, қарекет тірлік жолын меңзеп, жоғары адамгершілік пікірлерін жырлайды. “Жақсы мен жаман” арасын ажыратар қасиеттерді термелейді.
Біржан өзінің Асыл, Ақық, Теміртастай балаларын өте жақсы көріп тәрбиелейді. Өлең - әндеріне де қосады. Сондықтан Біржанның сұлуларға арнаулары мен Сараны іздеу себептерін басқаша түсіну абзал.
Алыстан тоят іздеген ақиық мінезді Біржан қиядағы қызыл түлкіге құмартты. Өзіне тең түсер сөз жүйрігін, өнер саңлағын тауып, соны сөз тұғырына іліп түсті.
Қазақтың негізгі ескі өміріндегі жұғымсыз салттарға құрбан болған арулардың аянышты тағдырына жоқшы болып, Арқаның дауылпазы Біржан Алатау алқабына жыр төкті. Сарадай асыл жанның азаттығын аңсап өтті. Адамгершілікке, адал достық, таза махаббатқа үндеді. Аруды есекке қосақтамай, Жиенқұлдай азғынға қор қылмай теңіне қосып күңдіктен құтқаруды талап етті. Ақынның бұл ниеттері – оның талай сұлуларға арналған жырларынан да, Сара қызбен айтысынан да айқын көрінетін өзекті идеялары, асқақ армандары Сарадай мінсіз жан, дана қыз көрінгеннің қанжығасына ілініп кете беруі өкінішті.
Қыз екен Тастанбектің, ақын Сара,
Бәйгеден күнде келген жалғыз дара.
Қыз да болса адамның жүйрігі екен.
Көрмедім сөзді адамда мұндай дана....
Шіркін – ай, мұндай жүйрік туармысың
Сөйлейсің алтын жай ғып сөздің жезін.
Қанатын күн шалмаған ақтұйғынның
Жапалақ иемденер басқан ізін.....
Біржан мақсаты, оны орынсыз даттап жеңу ғана емес. Ол өзінің азаттық идеясын, дана сұлу аруды қорғау, махаббаттың тот баспауын көздеп отыр, Біржан мен Сара айтыстары осындай әлеуметтік теңсіздік мәселелерін көтере білулерімен де, ерекше мазмұнымен де маңызды. Білімді, дана ақындардың әрбір сөзінде қазақ өлкелерінің байлығы, тарихи адамдары, қоныс мекендері, әр елге тән әдет жоралғылары білгірлікпен баяндалған. Әрқайсысы өз елдерінің жетістіктерін шолып, ұлылы – кішілі ауызға ілінген азаматтарын бетке ұстаған.
Біржан мен Сара айтысының мазмұн байлығын танытар фактілер көп. Олардың әрқайсысы өз ойларын ұзақ толғайды. Елі, жері, адамдары, өнерлері мен толық таныстырмай тынбайды. Қарсы дауларын да дәлелді, бұрылтпастай логикаға құрылады. Тарихи деректілік, ұтымды логика бұл айтысқа қана тән құбылыс. Осыған орай, айтысты түгел алғанда тарихи әлеуметтік дастан, лирикалық поэма дәрежесіндегі шығарма деуге де келеді. Айтыстың тілі де шешен. Неше алуан халықтық поэтикалық, тіл, образ, сөздер бірінен бірі асып түседі.
Біржан халық поэзиясы үлгісін, қара өлең формасын қолданған. Оның поэтикалық тілі де негізінен халық ақындары үлгісінде. Ол ақынның арнау өлеңдерінен де, ән әуенді лирикаларынан да, сөз болып отырған айтыс текстінен де айқын. Тағы бір атап өтетін өзгешелігі – ақындық–шешендік тұжырымды ойларын түйіндеп, афоризм арқылы, үлгі-өнеге болар нақылға айналдыра білуі. Бұның бәрі ақынның өлең техникасына жетік екеніне куә болады. Нақыл үлгісі ретінде төмендегі жолдарды келтіре кетелік:
Алтынмен тең түспейді інжу – маржан.
Асылдан кем болмайды алмас – бірлан,
Әніме сегіз дуан таңырқаған,
Баласы Қожағұлдың атым – Біржан....
Камзолдай қысқа пішкен дөңгеленіп,
Дүние өтерінде шыр айналды...
Жігіттік бойға таққан бір гауһар тас,
Қартайсаң қайта айналып тағылмаған.
Қара нар жүк көтермес саздаған соң.
Су шықпас ойпаң жерден қазбаған соң .
Көрсетілген нақылдардың асыл түбі-халықтық екендігін дәлелдеудің қажеті бола қоймас.
Біржан поэзиясы - өткір тілді образды көркем шығарма. Адамды кейіптеуге, сұлу суреттер жасауға шебер. Ашық, айқын сөз бояуын өте қонымды қолданып нәрлендіріп, құлпыртып жібереді. Шабытты түстарында ол өлең шығаруға да, жаңа ән әуенін табуға да қиналмайды. Поэзияда Абай жаңалық жаршысы болды десек, музыкадағы жаңа бағыт Біржаннан басталса керек. Ақан, Ыбырай, Ғазиз, Естай, Мәди, Балуан Шолақ т.б. жас буын Біржан бастауларынан сусындап, оны ілгері дамытты деген Е. Ысмайылов пікірлерін қостау абзал. Тынымсыз ізденіс, үздіксіз шығармашылық еңбек жас Біржанды бір кезде жетілткен бірден бір күш болса, сан салалы өнер салмағын жалғыз көтеру, тоқ мейіл, топас топтың жазықсыз жанның бойына салған дерт азабын көтеру, әсіресе, жасы үлғайған шақта әсте оған қиын тиді. Аяусыз қуғын жан азабы, өсек-өтірік, жазықсыз жазаға төзе алмаған ардагер азамат ақыры айықпас ауруға шалдықты.
Біржан деп атым шықты алты алашқа
Құдайым берсін ғұмыр Теміртасқа.
Жасына алпыс бестің келгенімде
Құдайым берді науқас ғаріп басқа.
Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,
Не болады демеңіздер адамзатты.
Үкідей желпіндірген құлындарым.
Шешсеңші білегіме арқан батты, -
деп, өзінің Теміртас, Асыл, Ақық атты балаларымен қоштасты. 1897 жылы 65 жасында, осы бір дертінен дүние салды.
Біржан шығармаларын қазіргі өнерге құштар ғалым оның әрбір сөзін, әуен ырқақтарын қалт жібермей, халық қажетіне асырып келеді. Құмарта оқиды, құлақ құрышын қандыра тыңдайды. Олар сүйікті өнерпазының шығармаларын көзінің қарашығындай сақтайды, келешектің керегіне жұмсайды. Біржан поэзиясы ұрпақтан – ұрпаққа ауысып, мәңгі жасай береді.
Бақылау сұрақтары
Біржан шығармалары.
Біржан поэзиясы.
Біржан халық поэзиясы үлгісін, қара өлең формасын қолданған.
Біржан мен Сара айтысының мазмұны.
Біржан – ақын, лирик.
Ст уденттердің үйде орындайтын тапсырмалары
Біржанның музыка салаларындағы туындылары.
Біржанның “Тентек”, ”Жаймашуақ”, “Айтбай”, “Ләйлім Шырақ”, “Бурылтай”, т. б әндерінің шығуы.
Шоқан, Ыбырай, Абайларды туғызған әдеби орта.
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары
1. Тест
2. Сұрақ -жауап
№14 Сабақтан тыс.
Тақырыбы: Біржан сал мен Сара қыздың айтысы.
Сөж тақырыптары:
Ақынның Біржан салмен айтысы.
Сара қазақ әйелінің арманын, мұң шенрін, поэзия тілімен өрнектеген ақын.
Ақын шығармаларындағы көркемдік , бейнелік кестелері.
Әлеуметтік, теңсіздік, заман зары тақырыбындағы лирикалық өлеңдері.
Сараның өмірі , ақындық шығармашылығы.
Біржанның өмірі , ақындық шығармашылығы.
Арнау өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер тағдыры хақындағы зар, мұң және оның әлеуметтік мәні.
Өмірді сүю өлімді мойындау жырлары.
№15
Тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлы(1834-1913).
Жоспары:
Ақан сері - қоршаған ортадағы әсемдік әлемін, сұлулық, тағлымын жырлаушы суреткер ақын.
Ақынның лирикалық өлеңдеріндегі тақырып мазмұны.
Аңшылық-саятшылық тақырыбындағы өлеңдері.
Арқаның ардагері атанған Ақан (Ақжігіт) – қазақтың ән өнері аспанында зор даусымен асқақтата жыр нөсерін ақтарып өткен ерекше дарын иесі; халқымыздың бойындағы тамаша таланттың айқын көрінісі есепті сегіз қырлы, бір сырлы ардагер азамат.
Ақан – кең байтақ жерін, қасиетті ел-жұртын шын жүрегімен сүйіп, жастық шақтың жалынына күйіп, тынымсыз өмір кешкен, өршіл де ілгерішіл поэзияның шебері.
Ақынның туған жері – Көкшенің кербез сұлуы атанған қасиетті жер. Ақан – осы бір әсем табиғат құшағында еркелей өскен ел серісі. Болашақ ақын Көкшетау өңірінде, Қоскөлді жайлаған қарапайым қазақтың отбасында туып-өскен. Ол 1843 жылы, күздің жомарт айы – қыркүйекте дүниеге келді.
Жасынан алғырлығы, ұқыптылығымен көзге түскен Ақан ауыл молдасынан алған біліміне қанағаттанып қалмайды. Ол енді Қызылжарға аттанып, Уәли ахун қазіреттің медресесіне түседі.
Осы медреседе өткізген үш жылға жуық мерзімде Ақанның сусындаған кәусар бұлағы – Фердауси, Низами, Хафиз, Шамси, Сағди, Физули, Науаи, т.б. еңбектері. Бұларға қосымша араб, парсы, шағатай тіліндегі көне түркі әдебиетінің ежелгі үлгілерімен де танысады. Медресе шәкірттерінің жетік білуге тиіс сабақтары – араб, парсы халықтарының тілі, ертегі аңыздары жазба дүниелері.
Ақан – жастай оқып тәлім алған өнерлі, білімді жас. Өз замандастарының көбінен озық, араб-парсы, шағатай әдебиеттерінен де, сол әдебиеттерді туғызған тілдермен де жете таныс, соған қоса, орыс тілін де білген мәдениеті жоғары өнерпаз адам.
Ақан өнер бастаған кез – ұлы ағартушы, гуманистердің реалистік поэзиясы жасалып жатқан дәуір; Шоқан, Ыбырай, Абай, Біржан, Шәңгерей, Мәшһүр Жүсіптердің әдебиетте жаңа бетбұрыс жасаған тұс. Жазба әдебиеттің профессионал өкілдері қалыптасып, жаңа реалистік гуманистік өнер үстем болуға бет алған-ды. Ақан, Ақмолла, Жаяу Мұса, т.б. өнер адамдары – аталмыш жаңа топтың өкілдері. Бұлар да жете сауатты, білімді қаламгерлер; өз шығармаларын ауызша айтып таратуға мәжбүр болса да, көбінесе жазып шығарған, ақ қағаз, құсыни қаламды қолдарында ұстап, хаттасып, хабарласып отыру салтын бастаушылар.
Ақан сері өз заманы ұсынған дәуір талабын таныған, сол жаңа талаптар тұрғысында ізденіп, оқып білім бұлағынан сусындаған зор талаптың жемісі.
Ақан сері – лирик ақын. Ақын қалдырған мұраның бәрі – түгел дерлік, жүрек отының жалынындай, терең толғаныстардың туындылары, адамның сезім сырнайын тарта білген сыршыл да шыншыл поэзия, әрбір сөзі жүректі елжіретер, жаныңды жадыратар жастық лебіне суарылған нұрлы.
Ақан сері 1843 жылдар шамасында (бұған шейінгі деректе де 1834 жылы туған деген әңгіме болатын) осы күнгі Көкшетау облысы, Айыртау ауданы, Қоскөл деген жерде туған. Әкесі Қорамса – Арғын ішінде Қарауыл. Ақан кішкентайынан өзінің зеректігімен, әрнәрсеге әуестігімен көзге түседі. Ауыл молдасы Күнтеу дегеннен жас кезінен бастап оқиды. Аздап болса да хат таниды, көзі ашылады. Жасы он үшке келгенде Ақан Күнтеу молданың шыбығынан құтылып, Қызылжарға тартып кетеді. Онда Уәлиахун дегеннің медресесінде оқыды. Қалада жүрген соң аздап болса да орысша біле бастайды.
Ақан Қызылжардан еліне қайтады. Қорамсаның азды-көпті дәулетінің арқасында ол аса кемдік көрмейді. Балаларының ішіндегі жасынан көзге ерте түскені болғаннан ба, жоқ, басқа себептен бе, Қорамса Ақанның айтқанын қайырмайды. Шілдехана, алтыбақан, ойын-той болса Ақан сонда жүреді. Ақанның әдемі бойы, келбеті, жақсы даусы, оны ерте халыққа танытады. Оның үстіне көп адамдардың күйттейтін, дала өмірінің қызығы: жүйрік, қыранқұс, алғыр тазы Ақанның да арманы болды. Ол кедей еліндегі Шөкетай деген кісіден Құлагерді бір ат, бір сиыр, жиырма бес сом ақшаға сатып алады. Ақанның жас та болса талабына риза болған, оның жай, көптің бірі емес екенін сезген Әлібек деген өзінің жанына балаған бүркіті Қараторғайды сыйлайды. Сайрат төреден күшік күнінде Базарала атты тазының күшігін сатып алады. Тағы біреуден көкжендет деген қаршығаны таңдап алады. Енді Ақан тек әнші, ақын емес даланың жігіт басына керекті барлық қызығын жинайды. Өзі ақын, өзі әнші, сұлу жігіт халық арасында атағы тез жайылады. “Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған дегендей”, Ақанның айналасында қыз-бозбала топтала береді.
Баласының осындай даңқына сай деп әкесі Қорамса Ақанға сегіз ұлдың ортасында жалғыз өскен Бекбастың қызы Фатимаға құда түседі. Бірақ Фатима ауырып, әкесінің оң жағында, Ақанның босағасын аттап үлгермей, қайтыс болады.
Ақан бұрынғысынша ел аралап, еңсесін жоғары ұстап, өзінің өнерін көрсете береді. Жанбай сөнген ғашықтығын өлеңдетіп, “Желдірме” стилінде өлең шығарып, домбыраға қосып әндетеді.
Ақан біраз уақыт ешкімге көз салмай жүреді. Кейін Шомайт қажының қызы Фатимаға үйленеді. Фатима ақылды, байсалды, жақсы жан болады. Фатимадан Ақан бір ұл, екі қыз көреді. Оншақты жыл тұрғаннан кейін Фатима аурып қайтыс болады. Ақан Қарауыл ішінде Балташы дегенге атастырылып қойылған Тінәлінің қызы Ұрқияны алып қашады. Ұрқия үш айдан кейін ауырып өледі. Енді Ақанды ауыр қайғыдан арылтатын тек аты болады. Бұл кездерде баяғы Құлагердің аты Ақанның өзімен бірге шығады. Құлагер небір сәйгүліктерден озып шыққан, бәйгені ешкімге бермейтін жануар болады. Құлагердің жеңісіне Ақан “Маңмаңкер” деген ән шығарады.
Халқына қадірлі Ақан өзінің орнын біледі, мақтанып асып кетпейді. Ел ішінде Ақан:
Кепсер ал, кепсер алсаң Қызылжар бар,
Өзім сал, өзім сері мен кімге зар,-деген әнін айта жүреді.
Сондай-ақ Ақанның шығармалары ішіндегі шоқтығы биігі - Сырымбет. Бұл - адамның жүрегін қозғайтын, жан ашуының, үлкен адамшылық, азаматтық сырларды жыр ететін шығарма.
Ақын ел аралап жүріп, Ыбырайдың қызы Балқадишамен кездеседі. Қыздың мінезінің, түрінің тартымдылығын әнге қосып, “Балқадиша” деген өлең шығарады.
Ақанның творчествосында үлкен бір оқиға – аты Құлагерге байланысты болады. Керей Сағынайдың асында Ақанның тісі батып жүрген Батыраш-Қотыраш деген байлардың балалары бәйгеге қосылған Құлагерді шоқпармен ұрып өлтіреді. Бір жамандықты көңілі сезген Ақан аласұрып атын іздей бастайды. Ол сүйікті жүйрігінің бел омыртқасы үзіліп өліп жатқан үстінен шығады. Құлагерді жоқтап Ақан өзінің әйгілі “Құлагер” атанып кеткен әнін шығарады. Бұл ән – серінің жан ашуының туындысы.
Құлагер трагедиясынан кейін Ақан арада біраз уақыт өткеннен кейін, творчестволық шабытқа қайта оралып, ел аралап жүріп, үш сұлу қызды кездестіреді де, соларға арнап, “Үш тоты құс” атанған өлеңін шығарады. Жасы алпысқа келгенде Ақан шығармаларын басқа тақырыпқа құрып, ақыл, насихат, толғау сияқты сөздерді термелеп айтады.
Белде, белде бел асар,
Белгілі жерден ел асар.
Әлдилеген ақ бесік,
Келіншекке жарасар.
1913 жылы Ақан төсек тартып, жатып қалады. Әйгілі үкілі Ыбырай Ақанның көңілін сұрап келеді. Ауру күннен-күнге меңдетіп, қараша айында ардагер әнші, халқын қызыққа бөлеген сері, дарынды ақын, үлкен жүректі адам көз жұмады. Қасында Фатимадан туған жалғыз ұлы Ыбан ғана болады.
Ақанның өзі өлгенмен, соңында өлеңі, әні, өмірінің шежіресі қалды. Ақан творчествосы талай көркем шығармаларға негіз болды. Жазушы Ғ.Мүсірепов “Ақан сері – Ақтоқты” атты трагедиялық пьеса жазса, С.Жүнісов “Ақан сері” деген екі томдық романын дүниеге келтірді
Бақылау сұрақтары
Ақан өнер бастаған кез – ұлы ағартушы.
Құлагер трагедиясы.
Ақтоқты” атты трагедиялық пьесасы.
Ақан Қызылжардан еліне қайтуы.
Ақынның туған жері.
Ақан – кең байтақ жерін, қасиетті ел-жұртын шын жүрегімен сүйіп жырлауы.
Ст уденттердің үйде орындайтын тапсырмалары
Арқаның ардагері атанған Ақан.
Ақынның лирикалық өлеңдеріндегі тақырып мазмұны.
Аңшылық-саятшылық тақырыбындағы өлеңдері.
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары
1. Тест
2. Сұрақ -жауап
№16Сабақтан тыс.
Тақырыбы: Сегіз сері Баhрамұлы Шақшақов (1818-1854) шығармашылығы.
1. Өмірі туралы мәлімет.
2. Махаббат тақырыбындағы ән-өлеңдері.
3. Арнау өлеңдеріндегі ел қорғаған батырларды суреттеуі.
4. Дастандары.
5. Сегіз серінің шығармашылық ғұмырнамасының диапазоны.
6. Сегіз серінің әншілік, ақындық ғұмырнамасы.
7. Сегіз сері аталуының өзіндік себептері.
8. ХІХ ғасырдағы қазақтың әйгілі серілері.
№17
Тақырыбы: Сара Тастанбекқызы(1818-1854).
Жоспары:
1. Өмірі, ақындық шығармашылығы.
2. Сара – қазақ әйелінің арманы, мұң-шерін поэзия тілімен
өрнектеген ақын.
3. Ақынның Біржан салмен болған айтысы.
Қазақ халқының өнерпаз қауымы – талантқа бай. Ерлері мен қыздары өмір сапарын бірге кешіп, болашақ мүдделерін қоян-қолтық шешкен.
Өнер салаларының өсу жолында талай тамаша таланттар бой көрсетіп, өркен жайған. Шаршы топ алдында шабыт шақырып, қанша шапса да бір шалдықпай, сөз өнері жарысында сан саңлақ қыздар сыннан сағы сынбай қатар өткен: Манат, Ырысжан, Ақбала, Күңбала, Тоғжан, Айжан, Ақсұлу, Айсұлу, Жантөлі, Мақта, Мәйке, Айкүміс, Шәлипа, Ләтипа, Шәрипа, Қызболық, Шөкейқыз, Тәбия, Дәмеқыз, Ұлбике, Қадиша, Ажар, Жекейқыз, Күйкентай қыз, т.б. айтыс өнерінің қыздары – ақпа ақындардың алтын алқасы. Аталған арулардың көпшілігі қаршадай шағында – ақ , 15-17 жастарынан төселген сақа ер ақындармен тайсалсай тайталасқа түскен, өнер асырып, жүлделерге ие болған, дәуірлік туындылар қалдырған. Осынша арулар тобының алдыңғы қатарында қолына өнердің көкжасыл туын ұстап, аршынды адыммен ілгері ұмтылып, нөсерлі ән шырқаған Сара қыз болатын. Ол - атақты Біржанмен айтысы арқылы даңқын асырған ақпа ақын.
Сара Тастанбекқызы 1853 жылы қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Матай-Қатағай елінде туып өскен. Әкесі Тастанбек ерте өліп, оның інісі Жайсаңбектің қамқорлығында қалады. Сара жетімдік зардабын шегіп, жоқ-жітік көріп, тұрмыс тауқыметін тартып өскен. Шешесі Уәзипа, інісі Сахари сол ауыртпалықтың салмағына шыдамай ерте тізе бүгіп, қаза тапқан. Ал, Жайсаңбек болса, бойына біткен қайратын жұмсап, өнімді еңбек ете алмай, бұзықтар құрған тұзаққа өзін де, жасөспірім Сараны да іліндіріп алып азап шеккен. Таяуда жарияланған Өтепберген Ақылбекұлының мәліметі Қалихановты толыстырып, нақтылай түскен. Сараның өмірін, айтысын бұрмалаудан арашалап, ғылымға керек деректер берген. Біз осы соңғы табысқа жүгінеміз. Ол Сараның 1853 жылы туып, 1907 жылы өлгенін, 1871 жылы Біржанмен айтысқанын, Қарашоқыдағы зиратқа жерленгенін (Қапал ауданы), Біржанның көмегімен азат болып, Бекболға қосылып, бес бала сүйіп өмір кешкенін, әкесі Тастанбек пен шешесі Уәзипаның шағын шаруасының болғанын анықтады.
Сара заманына салқын жүзбен қарап, бойына қуат жиып, қайсарлық көрсете өсті. Кезі келіп, күні туар жарқын күнін армандаудан танған жоқ.
Өнерге әуестік оны танымал саңлақтарға тап қылады. Сара-елінің атақты қобызшысы Молықбай ақынмен кездеседі. Қазақтың басқа да ақпа ақындары сияқты Сара да халық өнерпаздары алдын көріп, өнерін үйреніп, мектебінен өтеді. Зейінді жас аға ақылын мүлт жібермейді, өнеріне бас иіп, өзінше өрнек төгеді. Жастығына қарамастан, санасы да, қабілеті де тез қалыптасып, алқалы топ алдында ақындық сыннан өтіп, көркем сөз сиқырына жетіліп алады. Домбыраға да Сара он жасынан-ақ әуес болып, жыл өткен сайын ән мен музыканы ақындық талантына дем берер сенімді сүйемелге айналдырады.
Қоңыр күй қобызында Молықбайдың ,
Үкісін домбырамның толықтайын...
Аралап өмір сырын, бойым сергек,
Саралап алды-артымды, ақыл тергеп,
Арман мен адал сырымды өлең қылып,
Ән салу домбырамен болды енді ермек.
Жетімдік, жоқтық азабын тарта жүріп, 15 жаста-ақ ол ел аузына ілініп, ақын Сара атанады. Еліне танымал Ниязбек, Мәулімбай, Қыдырәлі, Арслан, т.б. ақындармен кездесіп, айтыс өнеріне де жаттығады. Тасыбек, Ермек, Құдайбергендермен айтысады. Түбек, Бақтыбай сияқты аға ақындардан да хабарлы болады. Ақылы мен өнеріне көркі де сай , сындарлы сұлу Сара болып бой жетеді.
Сара - өмір бойы мұқтаждық, панасыздық қасіретімен арпалыса жүріп, өнерін, ақылын жетілдіре білген ізденімпаз, ізгі ниетті аяулы жас түлек. Оны халқы аялап өсіреді, түлетіп бақты.
Қазақ әдебиеті жасаған сан сұлулар мүсіндерінің мұңлы тағдыры бұл шындықтың қайғылы сырын танытар мәңгі ескерткіш. Мысалы: Абайдың “Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында” деген, өлеңіндегі теңдік таппай қорланып, жартастан суға құлаған сұлу тағдыры, кейінгі ақындар жасаған – Гүлхашима, Ғайша, Сұлушаш, Қаралы сұлу, Қаракөз сияқты қазақтың аяулы сұлуларының қайғылы тағдырларын Сара да өз басынан кешті. Бой жетпей жатып-ақ оған құда түсті.Он үш жасар балғын Сараны тумысынан кеміс, кексе Жиенқұлға қоспақшы болады.Сараның ендігі мақсаты тек тұрмыс кемтарлығын жоюды, халық қатарлы өмір сүруді ойлау емес, ең алдымен, басына бостандық алу ниетінде болған еді. Он бес жастан он жеті жасқа дейін ол Жиенқұл қармағынан құтылу әрекетін іздестірді.
Замана қайшылықтары, әсіресе, кедей-кепшік пен әйел жұртының правосыздығы Сараның кейінгі ақындық творчествосының арқауы болып қалыптасады. Қалың малды құдалық салты, оны малданған ескі есер қауым замандар бойы талай арулардың көз жастарын арқалап, обалдарына қалып келе жатқандарын батыл әшкерелейді. Кейбір жоқшылық көрмей өмір кешкен жеке аналар тағдырлары, өзі де, осы правосыздық салмағын мойындарымен көтеріп, ауыр зілдің астында бой жаза алмай байланып-маталып, жүректер сүйген ғашықтарына қосыла алмай, арманда өткенін ашына жырлайды. Өзі ашқан шындық сырын басқаларға да ұғындырмақ болады.Халқының жылы лебізімен Сара барған сайын батыл қимылдап, күңдіктен құтылудың амал-айласын қарастыра түседі. Бас бостандығы талаптарын ашық көтеріп, тыным таппайды. Правосыз өмір кешкен көп әйелдердің бірі болып өтуден, өмірден түңіліп, дәрменсіздік көрсетуден, босқа өлуден бас тартады. Батыл сөз айтады. Әсерлі ән шырқап, даланы күңірентеді.
Қызымын Тастанбектің атым - Сара,
Арман көп, ауызыма, халқым қара.
Қорғанар көп ішінен бұта таппай,
Шырылдаған боз торғай мен бір бала.
Еңіреттің ерте бастан, туған елім,
Кір жуып, кіндігімді буған менің.
Кең жатқан Садыр, Матай елдерінен
Бір теңім болмады ма ұлдан менің.
Сара өзінің басына түскен ауыртпалықтың үлкен сыры теңсіздікте, қорғансыз жетімдікте екенін айта алды. Егер әкесі тірі болып, ол дәулетті байлардың бірі болса, мұндай қорлыққа душар болуы екіталай екенін:
Бүйтер ме ем, болсам егер баласы бай,
Ауқатты, әкем тірі, төрт жағым сай,-деп термелейді.
Сараны тек Найман елі ғана біліп қоймайды. Алыс өлке, Арқа жайлаған қалың ел хабарлы болады. Өнер адамдарының да Сара даңқын естіп таңдағандары аз емес-ті. Сара тағдырына ара түсу, оның өнерін зәбірлеушілікке тойтарыс беру қажеттігі көзі ашықтар мүддесіне айнала бастайды. Тұрысбекке кейбірі өз үндерін жеткізеді. Хат жазушылар, іздеп келушілер, наразылық білдірушілер кезігеді. Орынбай, Әсет, Әріп, Жүсіпбек, Абай, Біржандардың құлақтарына шалынады. Асылы, Біржанның Сараны іздеп алыс сапарға аттануында осындай шындық жатыр. Ол бұл жолға аттанбас бұрын Абай аулында болған. Онымен кеңесіп, ақылдасып, ұйғарысқан. Сараны іздеп барып, жағдайын өз көзімен көріп-білу, оған аяушылық білдіріп қоймай, көмек болар әрекеттер істеп көру Абайдан шыққан идея болуы ғажап емес. Бұған тағы бір дәлел, кейінірек болса да, Сараның Абайды жете тануы. Оның есімін ардақтап, еске алуы.
Әбдірахман өліміне байланысты қайғысын бөлісу, оның сүйегіне келген адамдарға – Мағауияларға көрсеткен сый-құрметі, көңіл айтып, өлеңмен жазған хаты. Бұларды кездейсоқ оқиғалар деуге болмайды. Біржан басқа айтыс ақындарынша Сараны тілдемейді, қайта, оның қайғысына ортақтасып, оның азаттығын талап етеді. Тіпті, Сарамен мұңдасып кетеді. Қайткенмен де атағы жер жарған Біржан салдың Ешкіөлмеске келуі, Жетісу елінің мұңды саңлағымен кездесуі, елеулі оқиға. Ол әсіресе, Сараның тағдырына мықты әсер еткен кездесу. Біржанның Сараға келу сапары екі ақын үшін де сәтті аяқталады. Біржанның келуі белгілі дәрежеде Сараның бағын ашады. Айтыста жеңілген де Сара емес , “Ақ батаны” қолдаушы ескі қауым, қажылар тобы болып шығады.
Сара Жиенқұлдан азат болғанмен, махаббат бостандығын алған жоқ, өзі сүйген Үсенбайға қосылған жоқ. Бәрібір сол елдің адамына – Бекбай дегенге некеленеді. Сөйтсе де Сара оны мақұл көрді. Әйтеуір дені сау, қатарлы адамға қосылғанына шүкірлік қылады. Бекбайды көргендер, оны теріс адам демейді. Сарамен санасқыш, ниеті түзу жар болады. Жастары да тым алшақ емес екен. Сарадан он алты жыл кейін (1932 жылы) өлген. Екеуінен бес бала (үшеуі қыз) ұрпақ қалған деседі.
Сара – дарынды ақын, саналы суреткер, көркем сөздің шебері. Бізге жеткен шығармаларының көлемі шағын. Оның үстіне зерттелу жағы кенже.
Ақын өзінің алтын ойларын жан тебірентер монологтар мен диалогтарға құрылады. “Тордағы тоты” жинағы ақынның “Тағдыр тәлкегі” атты көлемді туындысымен ашылады. Бұл - өзінің құрылысы мен мазмұн желісіне қарағанда дастан тәріздес оқиғалы шығарма. Әкесі өліп, жетім қалғаннан кейінгі өмір жолынан бастап-ақ өлеңмен шолып суреттейді.
Сараның келесі маңызды шығармасы – “Жүрек” деп аталады. Дастанның мазмұны қызық. Жергілікті халық аңыздарының негізінде жазылған көркем туынды. Лирикалық герой жалғыз өзі түн жамылып, Қапал тауының “Баянжүрек”, “Сайын бөлек”, “Қоңтәжішоқы” аталатын бөлек шоқылары мен жоталарына қаратып сыр шертеді.
“Жүрек” – қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын аларлық ерекше шығарма. Ол – романтикаға толы лирикалық дастан. Жер жүрек пен өз жүрегін толғантқан лирикалық қаһарманның монологтары өте әсерлі. Махаббат еркіндігін аңсаған жастар жүрегінің дүрсілі естіліп-ақ тұрады.
Ақындық шабыт пен терең толғамын танытар шығармаларға оның “Ашындым”, “Арсалаң алдында”, “Ортақ мұң”, “Аққу”, “Қарлығаш”, “Торығам”, “Шымылдық”, “Қош бол, елім”, “Көп сәлем Ыбакеме, дұғай-дұғай” атты арнау, толғауларын да жатқызу орынды. Бұлардың әрқайсысы – көлемі шағын, мазмұны терең, көркемдік құны жоғары шығармалар.
“Қарлығаш” - Әріпке арналып жазылған жұмбақ сыр. Өзінің ғашықтығын білдіріп, хат жазған әріпке жұмбақтап жауап қайтарған Сараның бұл туындысы да “Аққу” сияқты символды бейнелі сөздерге толы.
Сараның “Шымылдық” атты толғауының маңызы да атап көрсетерлік. Қазақтың “Әмеңгерлік” салтына қарсы пікірлерін ақын алыстан орап, сұлу суреттер жасай отырып бейнелейді.
Сараның ақындық өнерінің шыңы – Біржанмен айтысы. Бұл – ақындар айтысы өнерінің үздік үлгісі дерлік тұтас туындысы. Өзінің әлеуметтік мәнімен де, көркемдік суреттілігімен де, поэтикалық тапқыр тілімен де құнды, шынайы шығарма.
Сара Тастанбекқызы – XIX ғасыр қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан көркем сөздің белгілі шешені. Халық поэзиясы үлгісінде өмір бойы жыр төккен ақпа ақын. Халық поэзиясының суреттілік сапасын көтеріп, көркемдігін зорайтқан, өзіндік өнерпаз. Еш шалдырмас топтан озған жүйрік. Асыл сөздің сарқылмас кені. Поэзиямыздың қыздан шыққан кемеңгері.
Бақылау сұрақтары
Сара Тастанбекқызы – XIX ғасыр қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан көркем сөздің белгілі шешені.
Сараның “Шымылдық” атты толғауының маңызы.
Сараның ақындық өнерінің шыңы – Біржанмен айтысы.
Қарлығаш” - Әріпке арналып жазылған жұмбақ сыр.
Ақындық шабыт пен терең толғамын танытар шығармалары.
Ст уденттердің үйде орындайтын тапсырмалары
“Жүрек” – қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын аларлық ерекше шығарма.
Сара – дарынды ақын, саналы суреткер, көркем сөздің шебері.
3. Сара – қазақ әйелінің арманы, мұң-шерін поэзия тілімен
өрнектеген ақын.
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары
1. Тест
2. Сұрақ -жауап
№18 Сабақтан тыс.
Тақырыбы: Әсет Найманбайұлы (1887-1923) шығармашылық жолы.
Коллоквиум тапсырмалары:
Өмірі мен ақындық шығармашылығы.
Толғау-термелерінің, өлеңдерінің әншілік орындаушылықпен, сазгерлікпен тығыз байланыстылығы.
Айтыстары және дастандары.
Әсет - әнші, композитор.
Әсеттің ақындық, әншілік өнер жолында.
Әсеттің ақындығы ең алдымен айтыс өнерінде танылуы.
“Қызыл табан-ағаш ат” поэмасы.
8. “Салиха-Сәмен” лирикалы-романтикалы көркем поэмасы.
Тақырыбы: Шоқан қазақ тарихы мен әдебиетін зеттеген ғалым.
Жоспары:
1. Өмірі туралы мәлімет.
2. Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері.
3. Шоқанның қазақ ақындары және қазақ батырларына арналған тарихи еңбектері.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов - заманының жан-жақты білгір ғалымы, батыл саяхатшысы. Ол - қазақтың тарихын, этнографиясын және әдебиетін тұңғыш зерттеуші. Шоқан қазақ пен қырғыздың әдебиет теориясы мен фольклоры туралы алғаш рет ғылыми пікір айтып, зерттеу еңбектер жазған әдебиетші. Сондықтан Шоқан – қазақтың демократтық сынын бастаушы, кезіндегі ілгерішіл дәстүр мен әдебиеттану ғылымын негіздеуші, публицист жазушы. Қазақтың әдебиеті мен мәдениетін орыс жұртшылығына алғаш танытушы.
Шоқан 1835 жылы қазіргі Құсмұрын бекінісінде туған. Шоқанның жастық шағы – атамекені Сырымбеттің сұлу табиғатының қойнауында, биік қарағайлы, қалың қайыңды, көгі мен көлі мол жерде өткен. Бұл жердің табиғат байлығы, сұлу суреті Шоқанға ерекше әсерлі болған. Ол бұл жердің табиғатын өскеннен кейін де қызыға әңгіме етіп жүрген.
Шоқанның шыққан ортасы-қазақтың ірі феодалдары, хан-сұлтан тобы. Әкесі – Шыңғыс – Омск әскері училищесін бітірген. Орысша сауатты, офицерлік чині бар (полковник болған) адам.Ал Шыңғыстың әкесі Уәли мен шешесі Айғаным да хандық құрған адамдар. Арғы аталары тарихқа белгілі – Абылай хан.
Шоқан – осындай белді отбасыдан шыққан жас. Бұл оған жасынан оқуға мүмкіндік береді. Шоқан әуелі аулында оқып, ескіше хат таниды. Он жасқа толғанда, әкесі оны Омскідегі кадет корпусына (әскери училищеге ) береді. Кадет корпусына ол орыс тілін білмейтін, ауыл салтындағы бала ретінде келіп түседі де, бір жыл ішінде орыс тілін үйреніп алады. Шоқан талапты, зерек болып өседі. Ол корпус оқушыларының алды болып бірден көзге түседі. Шоқан талабын оқытушылары ерекше ықыласпен ескереді.
Шоқан кадет корпусын өте жақсы үлгеріммен бітіріп шығады. Ең жетік оқушылардың бірі болып бітірген Шоқан туралы Григорий Потанин өзінің естелігінде: ”Шоқанның санасы тез өсіп, өз қатарластарынан өте озық болған еді. Табиғи қабілеті және басқа да ерекшеліктері мол адам болатын”,-дейді.
Шоқанды кадет корпусын бітіріп шығысымен 1853 жылы генерал-губернатор өзіне жәрдемші етіп алады. Генерал-губернатор кеңесінде болу арқылы Шоқан орыстың дворяндық ортасын, офицерлері мен чиновниктерін көп көріп, олардың мақсаты мен істеп отырған істерін байқайды.
Шоқан ендігі жерде кейбір қоғамдық істерге тікелей араласа бастайды. Өз ойын білдіріп, ел мақсатын көздейді. Ресей болашағын жақсылық жағынан танытуды арман етеді. Осындай игі мақсаттармен Шоқан қазақ қоғамын билеу ісіне байланысты өкімет тарапынан жүргізіліп жатқан жаңа ереже жасау істеріне араласады.Орта Азияны, Қырғыз өлкесін зерттеу жұмысымен әуестеніп,1856 жылғы экспедицияға қатысады. Кейін Шоқан Құлжаға, сосын Қашқарияға сапар шегеді. Осылайша Шоқан 1856 жылдан бастап, ұлы саяхат сапарына шығады. 1858 жылы саяхат сапарын сәтті аяқтап, Құлжа, Қашқар өлкелері туралы ғылымға көп жаңалық қосады. Шоқан Еуропа еліне Қашқарияны тұңғыш танытушы, ашушы болып есептеледі. Саяхатшы ғалым Семенов-Тянь-Шанский Шоқанның қабілетін жоғары бағалап, оның Географилық ғылыми қоғамға мүше болуын жақтайды, Петербургке баруды ұсынып, оқы деп кеңес те береді.
1860 жылы Шоқан Петербургке аттанады. Ондағы әр түрлі идеядағы топты кездестіреді, олармен пікір алысады. Көп ізденген Шоқанның Астанада болуы оған үлкен бір мектеп болды. 1861 жылдары ауруы қайта қозып, еліне оралады. Ауруынан біраз сауыға келе, 1863 жылдары Омскіге келіп, әскери қызметке қайта орналасады. Сібір өлкесіндегі қазақ елі үшін жасалып жатқан сот реформасына өз жобасын ұсынады. 1865 жылы әскери қызмет бабымен Жетісу өлкесінде болады. Верныйға келіп, бұл өлкемен де жете танысады.
1865 жылы Шоқан қайта науқастанып, біржола төсек тартып жатып қалады. Асқынған көкірек ауруы Шоқанды 30 жасында, тым жас кезінде арадан алып кетеді. Оның сүйегі Қапал жақтағы қазіргі Алтын Емел стансасы маңына жерленген. Орыс достары оның басына мәрмәрдан ескерткіш құлпытас қойған. 1959 жылы Шоқан қабірінің үстіне оның жас ұрпағы сәулетті мүсін-ескерткіш орнатты.
Шоқанның саяси көзқарасы айқын, ол - дүниені материалистерше түсінген ағартушы-демократ. Оның негізгі мақсаты-өз елін Еуропаның озық мәдениетіне жетелеу және сол арқылы халық санасын ояту, өзінің туған елін мәдениетті елдер қатарына қосу.
Шоқан көзқарасының қалыптасуына петрашевшілдер көбірек әсер етті. Олардың ішінде Шоқан С.Ф.Дуровпен жақын дос болды. Ол арқылы Шоқан ішкі Россияда болып жатқан саяси қозғалыстармен танысты.
Шоқанның көпке мәлім еңбектері ішінде мәдениетімізге тікелей қатысы бар ең көлемділері мыналар: “Абылай”, “Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары”, “Елдегі мұсылманшылдық туралы”, “Қырғыздар туралы жазбалар”, “Қазақтың ертедегі қару-жарақтары”, “Жоңғария очерктері”, “Қазақ шежірелері”, “Жәмиғ-ат-тауарихтан ”, “Алты шахардың хал-жайы”, “Сібір тарихынан хаттар”, “Көкетай ханның өлімі”, “Сібірге қарайтын қазақтардың сот құрылысын өзгерту туралы”, “Құлжа күнделіктері” және басқалар. Ал, әдебиет саласындағы зерттеулері, сан-салалы еңбектері-баға жетпес мол қазына.
Шоқанның шығармаларын зерттеу мәселесіне келсек, оның мақалалары мен хаттарының жинағы 1949 жылы екі тілде басылып шықты. 1858 жылы Шоқанның бір томдық таңдамалы шығармалар жинағы Ә.Марғұланның басшылығымен жарық көрді. 1978 жылы Шоқанның шығармалар жинағы үлкен бес кітап болып шықты. Шоқанның біраз еңбектері әдеби зерттеу саласына арналған. Оның ішінде: “Қырғыз-қайсақтардың үлкен ордасына қарасты елдердің аңыз-әңгімелері”, “Бұқардың Абылайды жоқтауы” және “Қазақ халық поэзиясының түрі туралы” еңбектері - поэзиямыздың теориясы туралы тұңғыш зерттеулер.
Шоқан өз еңбектерінің өзегі етіп, қазақты, оның әдебиеті мен мәдениетін орыс пен Еуропа жұртшылығына таныстыруды мақсат тұтқан. Ол, ең алдымен, қазақ халқының ақындық қабілетін жоғары бағалайды.
Шоқанның әдеби зерттеу еңбектерін 3 топқа бөлуге болады:
Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері, ақындар, олардың шығармалары туралы мәлімет;
Қырғыз бен қазақ халықтарының ауыз әдебиеті туралы зерттеулер;
Қазақ пен қырғыз поэзиясының түрлері туралы теориялық зерттеулер.
Шоқан – қазақтың тұңғыш ағартушысы, елін ілгерішіл мәдениетке үндеген адал ниетті азамат. Оның еңбектері ұлттық мәдениетіміздің алтын қорына қосылған зор үлес деп танылады.
Бақылау сұрақтары
Шоқанның шыққан ортасы.
Шоқан туралы орыс ғалымдарының еңбектері.
Шоқан – қазақтың тұңғыш ағартушысы.
Қазақ пен қырғыз поэзиясының түрлері туралы теориялық зерттеулер.
Шоқанның әдеби зерттеу еңбектерін 3 топқа бөлу.
Ст уденттердің үйде орындайтын тапсырмалары
Шоқанның саяси көзқарасы.
1860 жылы Шоқан Петербургке аттануы.
Шоқанның өмір жолы.
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары
1. Тест
2. Сұрақ -жауап
№20 Сабақтан тыс.
Тақырыбы: Шоқан туралы жазылған көркем туындыларға шолу.
Сөж тақырыптары
Ғылыми очерктері мен күнделіктері.
Шоқанның өз ата-анасына, достарына жазған хаттары.
Шоқан туралы орыс ғалымдарының еңбектері.
Шоқан мұрасының ұлттық тарихымыздағы маңызы.
Шоқан Уалиханов мұрасының ұлттық маңызы.
Ғылыми очерктері мен күнделіктеріндегі жазушылық публицистік суреткерлік шеберлік белгілері.
Шоқан-публицист жазушы.
Шоқан- жан-жақты ғалым.
Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин ұлы ағартушы.
Жоспары:
Өмірінен мәлімет.
Ыбырай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
Ыбырай-ұлы ағартушы, ұстаз-жазушы, ақын, этнограф, аудармашы.
Ыбырай-қазақтың ұлттық даму тарихының ұлы тұлғасы.
Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі-Ыбырай Алтынсарин. Ол – заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы.
Н.Ильминский-Ыбырай туралы тұңғыш естелік еңбек жазып қалдырған адам. Оның “Ы.Алтынсаринді еске алу” деген көлемді кітабы бар. Бұл кітап-Ыбырай творчествосын тануда маңызы зор, алғашқы биографиялық естелік, әрі қазақ жазушысы туралы тұңғыш жарияланған еңбектердің бірі.
Ыбырай шығармаларын талдау орта мектеп оқулықтарынан бастау алады. Оның педагогтік қызметі мен ағартушылық идеялары туралы Ә.Садықов, Т.Тәжібаевтың кітаптары бар. Қоғамдық әлеуметтік көзқарасы туралы Қ.Бисембиев пен Б. Сүлейменов, М. Ақынжанов зерттеулер жүргізді. Ал шығармалары туралы М.Әуезов, С. Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Ә. Дербісалиндер еңбектер жазды. Бұларға қоса, орта мектепке арнап оқулық жазған авторлардың бәрі де Ыбырай творчествосына талдау жасап, оның еңбектеріне тиісті бағаларын беріп келеді.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Затобол ауданында (бұрынғы Арақарағай болысы ) туып өсті. Болашақ ақынның балалық шағы ру басы, ірі феодал Балқожа бидің отбасында өтті. Балқожа-қазақтың белді биінің бірі. Ол өз кезіндегі билерге тән шешендік өнерді меңгерген сөзге орамды, тілге ұста адам ретінде айналасындағыларға әмірін жүргізіп отырған-ды.
Ыбырай, ең алдымен, мұсылманша оқып сауатын ашады.
1850 жылы 9 жастағы Ыбырайды Орынборда қазақ балаларына арналып ашылып жатқан жеті жылдық мектепке апарып берген.
Мектеп сабағы орыс, татар тілдерінде жүрсе де Ыбырай оқуда аса ыждағаттылық көрсетеді.Өзі қатарлас отыз баланың алды болып көзге түседі. Мектеп оқуындағы діншілдік пен патшашылдық тәрбиенің басымдылығына қарамастан Ыбырай ғылымға құштар жас болып шығады.Мектеп жылдарында Ыбырайдың орыс халқы мен Батыс, Орта Азия мен Шығыстың аты шулы ақын-жазушыларының шығармаларын оқуға қолы жетеді.
Ыбырайдың Орынбор сияқты қалада оқуы, өз бетімен ізденуі, орыс интеллегенциясымен араласуы оның ой-өрісінің өсуіне, өмірге көзқарасының қалыптасуына көп жағдай жасайды. Осындай ұзақ та, тұрақты ізденіп оқу арқылы ол өз мақсатын айқындай алады. Тілмаш болып кеңсе қызметінде қалып қоймай, халқына қызмет етуді арман етті. Сол арманының алғашқы қадамы 1861 жылы Торғайдан мектеп ашуға рұқсат алып аттанған сапарынан басталады. Ыбырай бұл мектепті тек 1864 жылы ғана аша алды.Оған дейін өз үйінде 4-5 баланы жинап оқытып, болашақ мектеп оқуының негізін сала берді. Өзінің тәжірибесін арттырды. Осылайша 1864 жылы салынып біткен тұңғыш мектепке үлкен даярлықпен жеткен Ыбырай оқыту жұмысына құлшына кірісті.
Ыбырайдың педагогтік жұмысының ілгері басып, қыза түскен кезі оның Торғай облыстық мектептерінің инспекторы болып тағайындалған (1879) жылдардан басталады. Әрбір уездік қалалардан орыс-қазақ балалары бірге оқитын училищелер ашуды да қолға алады. Ол үшін елден қаражат жиып, ақыры бірнеше алты жылдық уездік училищелерді ашады.
Ыбырай мектеп тәрбиесін жоғары бағалап, оның оқытушыларының сапасына да ерекше көңіл аударды. Жақсы мұғалімді дүниедегі ең қымбат көретін адамы санайды.
Балаларды тәрбиелеуде тағы бір қажет нәрсе – оқу құралы. Ол балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз ету жолында да біраз еңбек етеді. Мектеп кітапханасын ұйымдастырып, оқулықтар алдырып, орыс тіліндегі құралдарды аударып, қазақ тілінде оқулық жазып, бұл салада да тынымсыз іс қылады.
Балаларды оқыту әдістері жағынан Ыбырай – белгілі өзіндік жүйе-әдісі бар педагог. Ол қазақтың тұңыш бұқарашыл педагогикасын, халықтық мектептерін негіздеуші. Өзінің дидактикалық көққарасынан ол - ұлы ағартушылардың озық идеяларына сүйенген, бұқарашыл педагогикасын жаңа жағдайда іске асырған ізгі ниетті адам. Белинский, Добролюбов, Чернышевскийлердің озық идеялары, ағартушылық, педагогтік оқулары Ыбырай жүрегінен нық орын тепті. Ушинский, Толстой, Паульсон сияқты даңқты педагогтерді ұстаз тұтты. Ыбырай осындай ұлы адамдардан тәлім алып өсті.Ыбырайдың педагогтік қызметі осы айтылғандармен ғана шектелмейді. Ол қазақ мектебін керекті құралдармен жабдықтай білді.
Ыбырай – көрнекті ақын, талантты жазушы. Оның қаламынан бойындағы тамаша талабын танытқандай маңызы зор көркем шығармалар туды. Ол өзінің бар күш-қуатын халықты ағарту, жастарды тәрбиелеу қызметіне жұмсады. Ыбырайдың жазушылық қызметінің түпкі қазығы да сол оқу-өнер, білім мәселесімен сабақтас. Оның ақындық шабытына дем беріп, жазушылық қиялына қанат бітіретін зор нысанасы-қараңғы қазақ халқының көзін ашу, көңілін ояту, оны озық мәдениетті елдердің қатарына қосу.
Ұлы педагог-ақын өзінің өлеңдері арқылы оқудың, өнер-білімнің маңызын түсіндіріп, надандыққа қарсы шықты. Ол қазақ балаларын білімге баулып, олардан болашақтың иелерін даярлауды бірінші мақсатым деп санады.
Өнер-білім – бәрі де
Оқуменен табылған...
Кел, балалар, оқылық!-
деп жар салды.
Ыбырай өлеңдері тек оқу, өнер, білім тақырыбы шеңберінде қалып қоймайды. Оның көп өлеңдері әлеуметтік, гуманистік идеяны нақтылы мәселелер төңірегінде көтеріп, өз кезінің шындығын аша түседі.
Ақынның “Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен” деген өлеңінің мәні де терең. “Әй, достарым!” деген өлеңінде “Қолыңнан келсе қыл қайыр!” деп, қайырымды , кең пейіл, адал азамат болуға шақырады.
Ыбырай – жаңашыл жазушы. Ол - ең алдымен қазақ әдебиетіне жаңа идея мен тың тақырыптар әкелуімен жаңашыл. Қазақ ақындарынан оқу, тәлім-тәрбие, мәдениет мәселелерін Ыбырайдай арнайы жыр еткен ешкім болған жоқ-ты. Өнер, еңбек, кәсіп, адалдық, адамгершілік идея, отырықшылыққа байланысты тұрмыс жаңалықтары кең көтеріліп, европалық мәдениет үлгісі уағыздалды.
Ыбырайдың табиғат туралы өлеңдері осындай, бастан-аяқ адам тіршілігіне байланысты. Ақынның бұл өлеңдері реалистік суреттерімен ерекшеленетін, әдебиетімізге қосылған зор үлес.
Ақынның өлеңдерінің көпшілігі – тәлім–тәрбие мақсатын көздеген, дидактика сарыны басым шығармалар. Сондықтан олардың көпшілігіне публицистика стилі тән деуге болады.
Ыбырай өлеңдерінің тілі қарапайым, жатық та тартымды, мақал-мәтелдерге де толы. Ақын айтайын деген ойын оқушысының көңіліне құйып, қолыңа нық ұстатқандай әсер қалдырады.
Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихынан мәдениетті прозашы ретінде де елеулі орын алады. Ыбырайға дейін шын мәніндегі көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптасқан жоқ-ты. Ыбырай қазақ прозасының европалық шағын түрін қалыптастырды. Бұл жанрдың сырын ашты. Көркем әңгіме, новелла жазудың жақсы үлгісін көрсетті. Сондықтан қазақтың жаңа үлгідегі көркем прозасы Ыбырай әңгімелерінен басталады деу орынды.
Ыбырай әңгімелерін үш топқа бөлуге болады: оның бірі-новелла, екінші тобы-ауыз әдебиетінде қалыптасқан ертегі-аңыз үлгісіндегі әңгіме, үшінші тобы-шағын көлемді мысал үлгісіндегі өнеге сөздер.
Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз кезінің келелі мәселелерін қамтиды, әділдікке, ізгілікке, адамгершілікке, талаптылыққа, өнерпаздыққа, тапқырлыққа, еңбекке, тазалыққа, ақылды іске, білімділікке, жомарттыққа, қайырымдылыққа, зеректікке, отырықшылыққа, кәсіпқорлыққа, шынайы достыққа шақырады. Тәкаппар, еріншек, ұқыпсыз болмауға, жақсылыққа әуестеніп, жамандықтан аулақ болуға баулиды.
Балаларға ақыл айтып, ой салмайтың оның бірде-бір әңгімесі жоқ. Жалпы алғанда оның әңгімелері – негізінен, дидактикалық прозаның жақсы үлгілері.
Еңбек тақырыбындағы “Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш”, “Бай мен жарлы баласы”, “Дүние қалай етсең табылады”, “Байлық”, “Әке мен бала”, “Асыл шөп”, “Қыпшақ Сейітқұл”, “Киіз үй мен ағаш үй”, т.б. әңгімелері - өзінің өнегелілігімен, образдылдығымен ерекше мәнді тәлім берер күші мол көркем шығармалар.
Ыбырай творчествосында еңбекке тәрбиелейтін әңгімелерінің ішіндегі ең биік шыңы - “Бай мен жарлы баласы”.
Асан – бай баласы. Ол өмірдің қиыншылығын көрмеген. Екі қолын жылы суға малып, алдындағы асын алып ішуге ерінетін ерке.
Ал Үсен - кедей баласы. Ол өмір мектебінен өткен. Басына түскен қиыншылықтан құтылудың жолын да ойластыра біледі.
Ы.Алтынсарин әңгімелерінің көтеретін тағы бір өзекті мәселесі-адамгершілік. Ол әр кезде адам сабырлы, мейірімді, қайырымды, әдепті, ұқыпты болса, деген ізгі ниет білдіреді. “Шеше мен бала”, “Бір уыс мақта”, “Мейірімді бала”, “Аурудан аяған күштірек”, “Әдеп”, “Әділдік”, “Петр патшаның тергелгені”, “Тәкаппарлық”, “Таза бұлақ” әңгімелері мен аудармалары жазушының осы ниетінің жемісі еді.
Ыбырай шығармаларының ішіндегі ертегі-аңыз ретінде келетін “Қара қылыш”, “Тазша бала”, “Қара батыр”, “Алтын айдар”, “Жиренше шешен” сиқты халықтың аңыз-ертегі сюжетіне құрылған әңгімелері де бар.
Ыбырай Алтынсарин - нағыз халықшыл жазушы, ағартушы, ақын, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.
Бақылау сұрақтары
Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі-Ыбырай Алтынсарин.
.Ильминский-Ыбырай туралы.
Ыбырай шығармаларын талдау.
Ыбырайдың Орынбор сияқты қалада оқуы.
Ыбырай өлеңдері мен әңгімелері.
Ы.Алтынсарин аудармалары.
Ст уденттердің үйде орындайтын тапсырмалары
Оқыту жүйесі негізіндегі әдістемелік еңбектері.
Ы.Алтынсарин-қазақтың ұлттық даму тарихының ұлы тұлғасы.
Ы.Алтынсариннің педагогтық ұзтаздық- қызметі.
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары
1. Тест
2. Сұрақ -жауап
№22 Сабақтан тыс.
Тақырыбы: Ыбырайдың әңгімелері.
Реферат тақырыптары
1. Өлеңдерінің тақырыптық мазмұны.
2. Әңгімелері- ұстаздық тәлім-тәрбие құралы, қазақ жазба прозасы қалыптасуының бастау негізі.
3. Аудармаларында қазақ халқының ұғымына сай еркін аудармалық үлгіні қолдануы.
4. Ыбырай – көрнекті ақын, талантты жазушы.
5. Ыбырай-жаңашылқ жазушы.
6. Ыбырай „Жаз” деген өлеңі.
7. Жазушы табиғат лирикасы.
8. Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихынан мәдениетті прозашы ретінде қалыптасуы.
Тақырыбы: Ыбырай туралы жазылған көркем туындыларға шолу.
Жоспары:
1. Әңгімелері- ұстаздық тәлім-тәрбие құралы, қазақ жазба прозасы қалыптасуының бастау негізі.
2. Аудармаларында қазақ халқының ұғымына сай еркін аудармалық үлгіні қолдануы.
3. Ыбырай – көрнекті ақын, талантты жазушы.
Ыбырай – көрнекті ақын, талантты жазушы. Оның қаламынан бойындағы тамаша талабын танытқандай маңызы зор көркем шығармалар туды. Ол өзінің бар күш-қуатын халықты ағарту, жастарды тәрбиелеу қызметінге жұмсады. Ыбырайдың жазушылық қызметінің түпкі қазығыда сол оқу-өнер, білім мәселесімен сабақтас. Озның ақындық шабытына дем беріп, жазушылық қиялына қанат бітіретін зор нысанасы – қараңғы қазақ халқының көзін ашу, көңілін ояту, оны озық мәдениетті елдердің қатарына қосу.
Ұлы педагог ақын өзінің өлеңдері арқылы оқудың, өнер-білімнің маңызын түсіндіріп, надандыққа қарсы шықты. Ол қазақ балаларын білімге баулып, олардан бодлашақтың иелерін даярлауды бірінші мақсатым деп санады.
Өнер, білім – бәрі де
Оқуменен табылған...
Кел балалар оқылық!-
деп жар салды. Қазақ балаларына оқыған адамның қараңғылықтан құтылып, дүниенің шырағын жағып, ілгері нық басатынын ескертті.
Оқымаған жүреді,
Қараңғыны қармаклап...
Оқысаңыз,балалар,
Шамнан шырақ жағылар!
Надандықтың белгісі-
Еш ақылға жарымас,
Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас.
Өнерлі, білімді адамды надандарға қарама-қарсы қойып, ақын олардың бірінен-бірінің айырмашылықтарын тайға таңба басқандай бейнеледі.
Ыбырай өлеңдері тек оқу, өнер, білім тақырыбы шеңберлерінде қалып қоймайды. Оның көп өлеңдері әлеуметтік, гуманистік идеяны нақтылы мәселелер төңірегінде көтеріп, өз кезінің шындығын аша түседі.Ақынның „Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен” деген өлеңінің мәні де терең. „Әй , достарым !” деген өлеңінде „Қолыңнан келсе қыл қайыр !” деп, қайрымды, кең пейіл, адал азамат болуға шақырады.
Ыбырай-жаңашылқ жазушы. Ол-ең алдымен қазақ әдебиетіне жаңа идея мен тың тақырыптар әкелумен жаңашыл. Қазақ ақындарынан оқу, тәлім-тәрбие, мәдениет мәселелерін Ыбырайдай арнайы жыр еткен ешікм болған жоқ-ты. Ыбырай бұл мәселелерді өз шығармаларының арқауы етті. Өнер, еңбек , кәсіп, адалдық, адамгершілік идея, отырықшылыққа байланысты тұрмыс жаңалықтары кең көтеріліп, европалық мәдениет үлгісі уағыздалды. Өмір мәселелері кейіпкерлер әрекеттері арқылы ашылып, адам образын жасау қолға алынды. Ыбырай қазақ әдебиетінде ұнамды кейіпкер жасау проблемасын көтерген жазушы деп танылса да артық емес. Сейітқұл, Үсен, әке мен бала , кәсіпқорлар т.б. кейіпкерлер сол кездегі қазақ әдеьбиетіне, сондай-ақ ақынның „Жаз”, „ Өзен” деген өлеңдері де кезінде қазақ әдебиетіне жаңалық болып қосылды. Адам өмірін емірене жырлаған ақын табиғатты ескермей кетуге тиіс емес еді. Бірақ, Ыбырайға дейінгі қазақ ақындары табиғатты өз алдына тақырып жасап, бөлек жырауды дәстүр етпеген-ді. Ал, Ыбырай мен Абай қазақ әдебиетінде жыл мезгілдерін өз алдына тақырып етіп жырлаған жаңашыл лирик ақындар болды.
Жазушы табиғат лирикасын туғызған кезде оның алдында даяр үлгі – орыс әдебиеті мен батыс поэзиясы бар еді. Ақын оны шебер меңгерді және оған өзіндік талғаммен қарады. Ол орыс не батыс әдебиетіндегі табиғатты жалаң алып, өмірден оқшау жырлаған символист, пейзажист ақындарды емес, табиғатты адам өміріне байланыстыра жырлаған Байрон, Пушкин, Лермонтов сияқты ақындарды үлгі тұтты. Сөйтіп, ол әрі мәнді, әрі сұлу суретті табиғат лирикасын жасады.
Ыбырай „Жаз” деген өлеңінде
Сәуірде алуан-алуан жауар нөсер,
Нөсердің қуатымен жер шөбі өсер.
Көкорай дүние жүзі шалғын болып,
Мал, айуан, азамат бауырын төсер.
Жан-жәндік рақат атуып тұру үшін
Ұшпақтан хош иісті желдер есер.
Ыбырайдың табиғат туралы өлеңдері осындай, бастан-аяқ адам тіршілігіне байланысты.Ақынның бұл өлеңдері реалистік суреттерімен ерекшеленетін, әдебиетімізге қосылған зор үлес.
Ақын өлеңдерінің көпшілігі- тәлім-тәрбие мақсатын көздеген, дидактика сарыны басым шығармалар. Сондақтан олардың көпшілігіне публицистика стилі тән деуге болады.
Ыбырай өлеңдерінің тілі қарапайым , жатық та тартымды , мақал-мәтелдерге де толы. Ақын айтайын деген ойын оқушысының көңіліне құйып, қолыңа нық ұстатқандай әсер қалдырады.
Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихынан мәдениетті прозашы ретінде де елеулі орын алады. Ыбырайға дейін шын мәніндегі көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптасқан жоқ-ты. Ыбырай қазақ прозасының европалық шағын түрін қалыптастырады. Бұл жанрдың сырын ашты. Көркем әңгіме, новелла жазудың жақсы үлгісін көрсетті. Сондықтан қазақтың жаңа үлгідегі көркем прозасы Ыбырай әңгімелерінен басталады деу орынды.
Ыбырай әңгімелерін үш топқа бөлуге болады: оның бірінші-новелла, екінші тобы- ауыз әдебиетінде қалыптасқан ертегі-аңыз үлгісіндегі әңгіме, үшінші тобы- шағын көлемді мысал үлгісіндегі өнеген сөздер.
Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз кезінің келелі мәселелерін қамтиды, әділдікке, ізгілікке, адамгершілікке, талаптылыққа, өнерпаздыққа, тапқырлыққа, еңбекке, тазалыққа, ақылды іске, білімділікке, жомарттыққа, қайырымдылыққа, зеректікке, отырықшылыққа, кәсіпқорлыққа, шынайы достыққа шақырады. Тәкаппар, еріншек, ұқыпсыз болмауға, жақсылыққа әуестеніп, жамандықтан аулақ болуға баулиды.
Балаларға ақыл айтып, ой салмайтын оның бірде-бір әңгімесі жоқ. Жалпы алғанда оның әңгімелері-негізінен, дидактикалық прозаның жақсы үлгілері.
Ыбырайдың ұстаздарының бірі атақты педагог К.Д. Ушинский де еңбекке негізделген тәлім-тәрибені қуаттайды. Еңбек тақырыбындағы „Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш”, „Бай мен жарлы баласы”, „Дүние қалай етсең табылады”, „Байлық”, „Әке мен бала”, „Асыл шөп”, „Қыпшақ Сейітқұл” т.б әңгімелері-өзінің өнегелілігімен, образдылығымен ерекше мәнді тәлім берер күші мол көркем шығармалар.
Ыбырайдың педагогтік қызметі осы айтылғандармен ғана шектелмейді. Ол қазақ мектебін керекті құралдармен жабдықтай білді.
Ыбырай – көрнекті ақын, талантты жазушы. Оның қаламынан бойындағы тамаша талабын танытқандай маңызы зор көркем шығармалар туды. Ол өзінің бар күш-қуатын халықты ағарту, жастарды тәрбиелеу қызметіне жұмсады. Ыбырайдың жазушылық қызметінің түпкі қазығы да сол оқу-өнер, білім мәселесімен сабақтас. Оның ақындық шабытына дем беріп, жазушылық қиялына қанат бітіретін зор нысанасы-қараңғы қазақ халқының көзін ашу, көңілін ояту, оны озық мәдениетті елдердің қатарына қосу.
Ұлы педагог-ақын өзінің өлеңдері арқылы оқудың, өнер-білімнің маңызын түсіндіріп, надандыққа қарсы шықты. Ол қазақ балаларын білімге баулып, олардан болашақтың иелерін даярлауды бірінші мақсатым деп санады.
Өнер-білім – бәрі де
Оқуменен табылған...
Кел, балалар, оқылық!-
деп жар салды.
Ыбырай өлеңдері тек оқу, өнер, білім тақырыбы шеңберінде қалып қоймайды. Оның көп өлеңдері әлеуметтік, гуманистік идеяны нақтылы мәселелер төңірегінде көтеріп, өз кезінің шындығын аша түседі.
Ақынның “Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен” деген өлеңінің мәні де терең. “Әй, достарым!” деген өлеңінде “Қолыңнан келсе қыл қайыр!” деп, қайырымды , кең пейіл, адал азамат болуға шақырады.
Ыбырай – жаңашыл жазушы. Ол - ең алдымен қазақ әдебиетіне жаңа идея мен тың тақырыптар әкелуімен жаңашыл. Қазақ ақындарынан оқу, тәлім-тәрбие, мәдениет мәселелерін Ыбырайдай арнайы жыр еткен ешкім болған жоқ-ты. Өнер, еңбек, кәсіп, адалдық, адамгершілік идея, отырықшылыққа байланысты тұрмыс жаңалықтары кең көтеріліп, европалық мәдениет үлгісі уағыздалды.
Ыбырайдың табиғат туралы өлеңдері осындай, бастан-аяқ адам тіршілігіне байланысты. Ақынның бұл өлеңдері реалистік суреттерімен ерекшеленетін, әдебиетімізге қосылған зор үлес.
Ақынның өлеңдерінің көпшілігі – тәлім–тәрбие мақсатын көздеген, дидактика сарыны басым шығармалар. Сондықтан олардың көпшілігіне публицистика стилі тән деуге болады.
Ыбырай өлеңдерінің тілі қарапайым, жатық та тартымды, мақал-мәтелдерге де толы. Ақын айтайын деген ойын оқушысының көңіліне құйып, қолыңа нық ұстатқандай әсер қалдырады.
Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихынан мәдениетті прозашы ретінде де елеулі орын алады. Ыбырайға дейін шын мәніндегі көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптасқан жоқ-ты. Ыбырай қазақ прозасының европалық шағын түрін қалыптастырды. Бұл жанрдың сырын ашты. Көркем әңгіме, новелла жазудың жақсы үлгісін көрсетті. Сондықтан қазақтың жаңа үлгідегі көркем прозасы Ыбырай әңгімелерінен басталады деу орынды.
Ыбырай әңгімелерін үш топқа бөлуге болады: оның бірі-новелла, екінші тобы-ауыз әдебиетінде қалыптасқан ертегі-аңыз үлгісіндегі әңгіме, үшінші тобы-шағын көлемді мысал үлгісіндегі өнеге сөздер.
Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз кезінің келелі мәселелерін қамтиды, әділдікке, ізгілікке, адамгершілікке, талаптылыққа, өнерпаздыққа, тапқырлыққа, еңбекке, тазалыққа, ақылды іске, білімділікке, жомарттыққа, қайырымдылыққа, зеректікке, отырықшылыққа, кәсіпқорлыққа, шынайы достыққа шақырады. Тәкаппар, еріншек, ұқыпсыз болмауға, жақсылыққа әуестеніп, жамандықтан аулақ болуға баулиды.
Балаларға ақыл айтып, ой салмайтың оның бірде-бір әңгімесі жоқ. Жалпы алғанда оның әңгімелері – негізінен, дидактикалық прозаның жақсы үлгілері.
Еңбек тақырыбындағы “Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш”, “Бай мен жарлы баласы”, “Дүние қалай етсең табылады”, “Байлық”, “Әке мен бала”, “Асыл шөп”, “Қыпшақ Сейітқұл”, “Киіз үй мен ағаш үй”, т.б. әңгімелері - өзінің өнегелілігімен, образдылдығымен ерекше мәнді тәлім берер күші мол көркем шығармалар.
Ыбырай творчествосында еңбекке тәрбиелейтін әңгімелерінің ішіндегі ең биік шыңы - “Бай мен жарлы баласы”.
Асан – бай баласы. Ол өмірдің қиыншылығын көрмеген. Екі қолын жылы суға малып, алдындағы асын алып ішуге ерінетін ерке.
Ал Үсен - кедей баласы. Ол өмір мектебінен өткен. Басына түскен қиыншылықтан құтылудың жолын да ойластыра біледі.
Ы.Алтынсарин әңгімелерінің көтеретін тағы бір өзекті мәселесі-адамгершілік. Ол әр кезде адам сабырлы, мейірімді, қайырымды, әдепті, ұқыпты болса, деген ізгі ниет білдіреді. “Шеше мен бала”, “Бір уыс мақта”, “Мейірімді бала”, “Аурудан аяған күштірек”, “Әдеп”, “Әділдік”, “Петр патшаның тергелгені”, “Тәкаппарлық”, “Таза бұлақ” әңгімелері мен аудармалары жазушының осы ниетінің жемісі еді.
Ыбырай шығармаларының ішіндегі ертегі-аңыз ретінде келетін “Қара қылыш”, “Тазша бала”, “Қара батыр”, “Алтын айдар”, “Жиренше шешен” сиқты халықтың аңыз-ертегі сюжетіне құрылған әңгімелері де бар.
Ыбырай Алтынсарин - нағыз халықшыл жазушы, ағартушы, ақын, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.
Марқұм М.И. Фетисов өзінің «Қазақ публистицикасының тууы»
(1862) атты кітабында Ыбырайдың көпшілікке бұрын белгісіз болып келген бір топ мақалаларын тауып жариялады. Ол бұл мақалаларын
Бақылау сұрақтары
1. Оқыту жүйесі негізіндегі әдістемелік еңбектері.
2. Ы.Алтынсарин-қазақтың ұлттық даму тарихының ұлы тұлғасы.
3. Ы.Алтынсариннің педагогтық ұзтаздық- қызметі.
4. Өлеңдерінің тақырыптық мазмұны.
5. Әңгімелері- ұстаздық тәлім-тәрбие құралы, қазақ жазба прозасы қалыптасуының бастау негізі.
6. Аудармаларында қазақ халқының ұғымына сай еркін аудармалық үлгіні қолдануы.
Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары
1. Өлеңдерінің тақырыптық мазмұны.
2. Әңгімелері- ұстаздық тәлім-тәрбие құралы, қазақ жазба прозасы қалыптасуының бастау негізі.
3. Аудармаларында қазақ халқының ұғымына сай еркін аудармалық үлгіні қолдануы.
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары
1. Тест
2. Сұрақ -жауап
№24Сабақтан тыс.
Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы(1845-1904).
Реферат тақырыптары
1. Абайдың ақыл кеңеспен , бірге материялдары негізінде жазылған поэмалары.
2. Шығармашылық өмірбаяны.
3. Абай мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі.
4. Ақын ретінде қалыптасуына ықпал еткен үш арна.
5. Абай Құнанбаев - өз ұлтының реалистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы.
6. Абайды зерттеу.
7. Абайтану саласы.
№25
Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы классик ақын.
Жоспары:
1. Абайдың лирикалық өлеңдері:
а)азаматтық көңіл-күй;
б)философиялық махаббат;
ғашықтық;
в)табиғат құбылыстары;
с)оқу, білім, ағарту;
д)тәрбие мәселелері;
е)ақындық өнері туралы.
Абай 35-40 жастар шамасында өзінің ақындық талантын таныта бастайды.
Абай қалада айлап жатып, еліне арбалап кітап алып қайтады. Семейге айдалып келген, патша өкіметіне қауіпті деген адамдармен де кездесіп, олармен ұзақ кеңесіп, ішкі қоғам өмірінен алатын орнын дұрыс түсінді. Ол өлеңге жеңіл-желпі қарап, байларды мақтап, тілін безеп, мал үшін сатылып, өнердің қадірін кетіріп жүрген ақынсымақтарды қатты сынға алды.
Абай ақынды өмір оқытушысы, үгітші, үлгі берер азамат жыршысы болуы керек деп білді. Өзі “көкірегі сезімді, тілі орамды” жастарға үлгі болды, оларға ақыл айтып, өлең жазудың тамаша шебер үлгілерін көрсетіп берді.
Абай шебер өлеңді, тәтті әнді мәдениеті жоғары, білімді ақын ғана бере алатынын ескертіп, “Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол-ақынның білімсіз бейшарасы” деп көрсетті.
Ақындық өнердің мақсатын, мәнін осылай терең түсінген Абай, өз кезіндегі әдебиетке батыл сын айтты.
Абай кезіндегі ел билеушілерге қарсы шығып, патшаның болыстық, билік тәртібін сынға алады. Олардың қылмыстарын бетіне басып, ел мұңын, халық тілегін білдіреді. Реңі кеткен қазақ елінің бейнесін айқын көрсете келіп, ол:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым!...
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың,-
дейді.
Абай өзінің осы сияқты өлеңдерінде (“Болыс болдым, мінекей”, “Мәз болады болысың”, “Бойы бұлғаң”, “Сабырсыз, арсыз, еріншек”, “Адасқанның алды жөн, арты соқпақ”, т.б) өткір, сыншы-сатирик ақын есебінде бой көрсетті.
Абай қазақ жеріндегі теңсіздікті, тағы басқа қайшылықтарды түсіне білді. Оны өзінің бойындағы ақындық шабыттың бар күшімен жырлады. Бай мен кедейдің арасындағы тұрмыс қайшылығын, дәулет теңсіздігін көрді. Өзінің “Күз”, “Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай” деген өлеңдерінде қазақ кедейлері мен байларының өмірін салыстыра бейнелеп, кедейлердің аянышты халін айқын суреттеді.
Абай өлеңдеріндегі негізгі, елеулі әлеуметтік мәселелердің бірі-қазақ әйелдерінің жайы, қазақ жастарының махаббат, еркіндік мәселесі.
Махаббат, әйел теңдігі тақырыбы Абай өлеңдерінде кең қамтылып, жалпы адамгершілік идеясымен қабысып келеді. Абай бұл мәселелерді көтеруде де өзінің жаңашыл, бұқарашыл ақын екенін көрсетті. Ол қазақ қыздарының теңсіздікте езіліп, сүйгеніне қосыла алмай келген ауыр халін көрді. Өзі бұған наразылық білдіріп, аянышты сезімге толы өлеңдерін шығарды.
Абай творчествосынан ерекше орын алатын ендігі бір үлкен тақырып - оның ағартушылық идеясы. Абай - өнер-білім, тәлім-тәрбиеге ерекше көңіл аударған, ұлы ағартушы ақын.
Абайдың табиғатты суреттеп жазған бір топ өлеңдері тек түр жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да өзгеше. Ол өлеңдерінде ақын еліне, жеріне шексіз сүйсіне отырып, өмір шындығын кеңінен қамтып көрсетеді. “Желсіз түнде жарық ай”, “Қыс”, “Жаз”, т.б. өлеңдерінде жыл мезгілдерінің әрбір кезеңін қазақ аулының өмір тіршілігіне қабыстыра суреттейді.
Абайдың табиғат лирикаларының ішіндегі ең таңдаулыларының бірі - “Желсіз түнде жарық ай”.
Желсіз түнде жарық ай, Ауылдың жаны терең сай,
Сәулесі суда дірілдеп. Тасыған өзен күрілдеп,-
деп басталатын өлеңі табиғаттың түнгі көрінісін, махаббаты жарасқан екі жастың тулаған жүректері мен жылы құшағын ұштастыра бейнелейді.
Абай лирикалары - алуан сырлы, мазмұнға бай, адам жанын тебірентерлік нәзік. Ақын лирикасы - нәзік сезімді толғауымен ғана емес, сонымен бірге, өзінің әлеуметтік рухымен де, терең ойлылығымен де , асқан суреттілігімен де жаңа мәнді реалистік шығармалар.
Абай А.С.Пушкин мен М.Ю.Лермонтовтың реалистік әдістерін жете меңгерген еді. Абай - М.Лермонтов сияқты өзі өмір сүрген қоғам озбырлығына батыл қарсы шыққан кекті ақын. Абайдың көптеген тамаша шығармалары М.Лермонтов творчествосындағы азаматтық әуенмен үндес. Мұндай шығармалардың қатарына оның: “Жүрегім нені сезесің”, “Менсінбеуші ем наданды”, “Сегіз аяқ”, “Не іздейсің көңілім, не іздейсің?”, “Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын”, “Жүрегім менің қырық жамау” т.б. өлеңдері жатады. Абай аудармасы арқылы Лермонтовтың “Тұтқындағы батыр”, “Ой”, “Альбомға”, “Қанжар”, “Дұға”, “Теректің сыйы”, “Шайтан”, “Асау той, тентек жиын, опыр-топыр”, “Вадим”, “Бородино” және басқа өлеңдері қазақ арасында тұңғыш тарады.
Абай - терең ойдың ақыны. Ол әрбір шығармасын жүрек тебіренте тереңнен толғайды.Кемеңгер ақын өлеңдерін сыдыртып оқып шығып, толық түсінік алдым деу қиын. Әрбір өлең жолдарының өзіне үңіле, ойлана оқу ғана дегенге жеткізеді. Оқыған сайын бұрын оқыған Абай сөздерінің жаңа сырын ашып отырасың.
Шынын айтсақ, Абай- қазақ поэзиясында нағыз реалистік образ, шебер сурет, жаңа көрініс жасаған білімді, мәдениетті жазушылардың тұңғышы.
Абай суреттеген әзірейілдей қыс, жадыраған жаз бейнелері, күн-күйеу мен жер-қалыңдық, қалғыған тау, дел-сал дала, сыбдырлаған жапырақ, күлімдеген аспан, ойланған жер, ақ қардың үстінде түлкі алып жатқан бүркіт, т.б. нағыз реалистік әдебиетке тән шын өнерлік қасиет. Бұл тұстағы озық шығармалары оны сыншыл реализм өкілдері тобына қосты.
Абай өлеңдері – мазмұны мен түрі біріне-бірі сай , ең асыл сөзді поэзия . Ақын поэзиясы мазмұны жағынан қандай салмақты болса, түр жағынан да сондай көрікті. Абай өлеңінде артық сөз, орынсыз пікір кездеспейді. Бәрі де белгілі өлшемге сай, терең ойға құрылып, етек жеңі жинақы келеді.
Абай өлең теориясына қатысты бірнеше шығарма жазып, поэзияның мазмұны мен түріне ерекше көңіл бөлген. Өлеңнің көркемдік түрі мен мазмұнының бірдей тартымды шығуында екенін тереңінен ұғынды.
Буын саны жағынан да Абай бұрынғы формаларды өңдеп, жетілдіре түсті. “Сегіз аяқ”, “Сен мені не етесің”, “Бай сейілді”, “Ақылбайға”, “Көзімнің қарасы”, “Бойы бұлғаң”, “Оспанға”, “Антпенен тарқайды”, “Ыстықтан, суықтан”, “Я, құдай, бере көр”, “Қатыны мен Масақбай”, “Мен сәулем жазамын”, “Болды да партия”, “Жалын мен оттан жаралып”, “Тайға міндік” және басқа өлеңдері шумағынан жағынан да, буын саны, бунақтары мен ырғақтары жағынан да мүлде жаңа түр, соны құбылыс.
Тайға міндік, Үкі тақтық,
Тойға шаптық, Күлкі бақтық,
Жақсы киім киініп. Жоқ немеге сүйініп.
Осы келтірілген шумақтар буын саны жағынан да соны (3, 4, 5, 6, 7 буын аралас), шумағы 3 жолдан келген жаңа түр. Абай 3, 4, 5, 6, 9 буынды, шалыс ұйқасты өлеңдер түрін мейлінше көп қолданды. Бұл түрлердің көбі - Абай енгізген жаңалықтар.
Абай - XIX ғасыр ағартушыларының озық идеясын қазақ жеріне алғаш әкелуші, олардың тамаша шығармаларын өз халқы тіліне аударып, таратушы.
Бақылау сұрақтары
1. Абайтану ғылымының тарихындағы Алаш зиялыларының бастама еңбектері.
2. М.Әуезов –Абайтану ғылымының негізгін қалаушы.
3. Абайтанудың қазіргі жағдайы.
4. Ақын ретінде қалыптасуына ықпал еткен үш арна.
5. Абай Құнанбаев - өз ұлтының реалистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы.
Ст уденттердің үйде орындайтын тапсырмалары
Абай қара сөздерінің жанрлық түрлері.
Олардың тақырыптық- мазмұндық сипаты.
Абай қара сөздерінің тілі, стилі.
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары
1. Тест
2. Сұрақ -жауап
№26 Сабақтан тыс.
Тақырыбы: Абайдың ақындық айналасы.
Реферат тақырыптары
1. Абай қара сөздерінің жанрлық түрлері.
2. Абай өлеңдерінің тақырыптық- мазмұндық сипаты.
3. Абай қара сөздерінің тілі, стилі.
4. Ақын творчествосынан елеулі орын алатын шығармаларының бір саласы- оның поэмалары.
5. Абайдың қара сөздері мен нақылдары.
6. Абайдың прозасы- қиял прозасы емес, өмір прозасы.
7. Абай –музыкалық шығарма жазған композитор.
8. Абай - XIX ғасыр ағартушыларының озық идеясын қазақ жеріне алғаш әкелуші, олардың тамаша шығармаларын өз халқы тіліне аударып, таратушы.
№27
Тақырыбы:
Абай туралы жазылған көркем туындыларға жалпы шолу.
Жоспары:
1. Абайтану ғылымының тарихындағы Алаш зиялыларының бастама еңбектері.
2. М.Әуезов –Абайтану ғылымының негізгін қалаушы.
3. Абайтанудың қазіргі жағдайы.
Абайды танудың басы, алғашқы адымдары революциядан бұрын басталған.Бұл жөнде Абайдың ақындық еңбектері үш түрлі боп жайылып тарағанын еске алу керек.
Бірінші жолы- баспа арқылы тарауы: екіншісі-халық арасына ауызша жатталып, әнмен аралас тарауы: үшініші –қолжазба түрінде әр көлемді жинақтар боп, көшіріліп тарауы. Қай ақынды болса да ең мол танытатын баспаға шығу болғандықтан, алдымен революциядан бұрын Абайды баспа жүзінде танытқан еңбекке тоқтайық.
Бұл жөнде қазақтың мәдениет тарихына, Абай мұрасына ерекше еңбек сіңірген , Абай өзі тәрбиелеп, баулыған жас жұртшылықтың көрнекті өкілі болған – Кәкітай Ысқақұлының еңбегін айрықша айту керек.
Кәкітай Абай шығармаларының ең алғашқы таңдамалы жинағын бірінші рет Петербургтегі Бораганский баспаханасында 1909 жылы шығарады. Сол жинақтың аяғында ақынның Кәкітай жазған бірінші өмірбаяны беріледі. Шығармалар жинағына Кәкітай өзінше талдау-жіктеу жасаған: «Ой туралы». «Өзі туралы», «Ел туралы», «Ғашықтық туралы» деген сияқты тақырыптарды бөліп шығарып, әр өлеңінің мазмұнына қарай мөлшермен жіктейді.
Революциядан бұрын және революцияның алғашқы жылдарында Абайдың халыққа тарауы, тек баспа жүзінде ғана болған жоқ дедік. Оның көп өлеңі әнші- ақындардың , жас-кәрінің жаттауымен және оқушы жастардың жадына алып. Айта жүруінен ауызша тарағаны да көпке мәлім. Бұлардың ішінде халық өнерпаздары да көп еді. Солардың бастылары- Көкшетаудан келген атақты Біржан немесе Әсет, Жаяу Мұса, Ғазиз, Естай, Мұқа, Мауқай, Шашубай: әйелдерден: Ажар, Зейнеп, Сара, Қуандық сияқты талай талантты атақты әнші-ақындар болады.
Осылардың айтуынан және Абайдың өз қасындағы Көкбай, Мағауия, Ақылбай, Әріп, Бейсенбай, Әлмахамбет сияқты оқымысты әнші-ақындардың айтуымен де, Абайдың көп шығармалары жоғарыда айтылған көп уездерге, бірнеше облыстарға ауызша тарап жүрген.
Абай өзі барлық шығарған еңбектерін жинастырып, ұқыптылық етпеген. Тек 1896 жылы ғана Мағауия, Кәкітай, Көкбайлардың айтуы бойынша, осы жылдан бастап, барлық шығармаларын жинастырып, көшіруге ұйғарады.Жаңағы молдалардың : Ғабитхан, Кішкене молла сияқты жасы үлкендері Абай өлеңдерін ертерек жинастырып, көшіріп жүрсе, кейінгі Мүрсейіт бастаған көпшілік Абай шығармаларының жинақтарын сол жаңағы 1896 жылдан бері қарай көшіретін болады.
Революциядан кейінгі Абай тану , әсіресе, соңғы кезде ерекше үдей бастады. 1920 жылдан бергі отыз жыл бойында Абайды тану ісі неше салада жыл санап үдеп, өркендеумен келеді. Ең алдымен, Абайдың баспасөз жүзінде өз шығармалары шығып және Абайдың өмірі мен шығармалары туралы жазылған мақалалар, жеке кітаптар, үлкенді-кішілі зерттеулер аса көп боп молайғанын айту керек.
Абайды тану , таныту істері тек қазақ тілінде ғана болмай, орыс тілінде де едәуір молайды.
Абайдың өмірін, дәуірін зерттеп жүріп, кейде кемшілікті қате пікірлер айтқан болса да, негізінде Абайды тану ғылымына елеулі еңбек еткен адамдар: Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезов, Қажым Жұмалиев, Есмағамбет Ысмайылов, Бейсенбай Кенжебаев, Белгібай Шалабаев сияқты тағы бірталай әдебиет тарихшылары мен жазушылар.
1933 жылдың баспасында М. Әуезов жазған Абайдың бірінші, толықтау өмірбаяны да берілді.
Ақынның толық жинағы, кейін 1939-1940 жылдары екі том болып, тағы басылып шықты. Онан соң, әсіресе, толығырақ болып топталып, ұлы ақынның жүз жылдық мерекесіне арналған толық жинақ түрінде 1945 жылы басылды. Бұл жинақтың кіріспе сөзін жазған Сәбит Мұқанов.
1948 жылы басылып шыққан профессор Қажым Жұмалиевтің «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы» және «Абай поэзиясының тілі» деген еңбегін айрықша атап өтуге керек. Абайды тану жөнінде 1946 жылы басылып шыққан Нығымет Сәбитовтың бір ғана библиографиялық «Абай» атты еңбегін атап өтпекпіз. Абай шығармалары орыс халқының тілінде 1940,1945 және 1954 жылдары жеке жинақтар болып, орыстың советтік көп ақындарының аударуымен жарыққа шықты.
1960 жылдардан бері қарай Камен Оразалин, Айқын Нұрқатов, ғалым Мекемтас Мырзахметов Абайтану проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп , бірнеше монографиялық еңбектер, көркем шығармалар жазды.
Бақылау сұрақтары
1. Абайтану ғылымының тарихындағы Алаш зиялыларының бастама еңбектері.
2. М.Әуезов –Абайтану ғылымының негізгін қалаушы.
3. Абайтанудың қазіргі жағдайы.
4. Ақын ретінде қалыптасуына ықпал еткен үш арна.
5. Абай Құнанбаев - өз ұлтының реалистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы.
Ст уденттердің үйде орындайтын тапсырмалары
1. Абай қара сөздерінің жанрлық түрлері.
2. Олардың тақырыптық- мазмұндық сипаты.
3. Абай қара сөздерінің тілі, стилі.
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары
1. Тест
2. Сұрақ -жауап
№28 Сабақтан тыс.
Тақырыбы: Ақылбай Абайұлы (1861-1894).
Сөж тақырыптары
Ақылбайдың ақын ретінде қалыптасуындағы әкесі Абайдың әсері.
Поэмалары (”Жаррах”,”Дағыстан”, ”Зұлыс”).
”Зұлыс”- аса қою оқиғалы роман-поэма.
«Дағыстан» поэмасы.
«Жаррах» поэмасы.
Ақылбайдың жазып шығарған үш поэмасы.
Ақылбайдың өмірі мен шығармашылық жолы.
Дағыстан поэмасының сюжеттік желісі.
Әек мен бала арасындағы шығармашылық байланыс.
Ұстаз бен шәкірт проблемалары.
Тақырыбы: Мағауия Абайұлының шығармашылық жолы.
Жоспары:
Ақын туралы мәлімет.
Мағауияның көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдері.
“Еңлік-Кебек”, “Абылай”, “ Медғат-Қасым” атты поэмалары.
Мағауия – Абайдың жиырма бес жасында, Ділдадан туған кенже баласы. Жас шағында Абай баласын ауылда мұсылманша аз оқытқаннан кейін қалаға апарып, Семейдегі Городское училище дейтін орысша мектепке түсіреді. Мағауияның алдында орысша оқуға берген ағасы Әбдірахман Түмен қаласында оқып жүреді. Мағауиямен бірге Абай Күлбәдан деген қызын да орысша оқуға береді. Мағауия екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығады. Содан амалсыздан оқуын тоқтатып, ауылға қайтады. Осыдан соң, үнемі Абайдың қасынан қалмай, әкенің өз тәрбиесінде болады.
Бұның жастық шақтарында Абай орысша кітап оқуға барынша еңсесін беріп, өздігінен мол ізденеді. Сонда Абаймен ілесіп Мағауия мен Кәкітай екеуі де орысша кітапты Абайша қатты зер салып оқиды. Жаз сайын келіп жүретін Әбдірахманның да оларға көмегі көп болады.
Сонымен, Мағауия оқымысты жастың бірі болады. Ол әкесіне ел жұмысында да үлкен серіктік етеді. Ел көпшілігі Абайдың билігімен қатар , бертін кездерде Мағауияның әділ көмегін де көп көреді.
Әкесінің ақындық еңбегін аса қадірлеп, жақсы білген, ұғынған Мағауия өзі де Ақылбай, Көкбай сияқты ақындық еңбекке беріледі Ол жазған поэмалар: “Еңлік-Кебек”, “Абылай” және “Медғат-Қасым”.
“Еңлік-Кебек”, “Абылай” поэмалары қолжазба күйде сақталса да, оқушыларға тарамаған.
М. Әуезовтің Абай жайлы монографиясындағы тағы бір тарау ұлы Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы, талантты шәкірті Мағауияның шығармашылығына арнаған. Өмір дәлдік демекші, поэма жалпы романтизм сарынындағы шығарма болғанымен, оның реалистік шындықпен өмірге жанасымды қонымды тұстары да бар. Мысалы, Қасымның Мұрат бай мен Медғаттан кек алу мақсатымен қарақшылық жолға түсіп кеткеніне дейінгі оқиғалардың суреттелуінде реалистік сипаттар мол.
Поэмадағы романтизм бойын кек алу сезімі билеп алған бас қаhарман Қасымның ой-қиялынан, мінез-құлқынан, іс-әрекетінен жан-жақты көрінеді. Ол сезім Қасымды үнемі күтпеген іс-әрекетке, дағдыдан тыс оқиғаларға жетелп отырады. Қасымды романикалық қаhарман етіп тұрған да осы сезім.
Мағауияның ең көлемді және көркем поэмасы -“Медғат-Қасым”. Оның ақындық ерекшелігін анық, айқын көрсететін де осы “Медғат-Қасым” поэмасы.
“Медғат-Қасымнан” бұрын Мағауия ақын ағасы Шәкәріммен жарысқа түскендей болып, „Еңлік-Кебек” дастанын да жазады.
Зерттеушілер „Еңлік-Кебекті” көркем шығарма ретінде жеті нұсқасы бар дейтін болса, оның екеуі поэма екен. Оның бірі – жоғарыда талданған Шәкәрімнің дастаны болса, екіншісі- осы Мағауиянікі. Бұл жолы да тақырыпты шәкірт достарына ұстаз ақын Абай берген болатын.
М. Әуезов „Еңлік-Кебек” поэмасының жанрлық тұрғыдан алып қарағанда махаббат драмасы болып табылатындығын айтады. Мағауияның махаббат трагедиясына, Еңлік пен Кебектің өліміне, жазықсыз сәбидің жетім қалуына себепкер болған адамдар тұлғасын жасағандығын, қатал заманның бет бейнесін ашқандығын атап көрсетеді.
Поэмадағы бас кейіпкерлер Кеңгірбай би, қос ғашық Еңлік пен Кебек және т.б . кейіпкерлер өмірде болған адамдар. М.Әуезовтің шәкірті Қ. Мұхамедханов ұстазының осы пікірлерін жалғастырады.
“Медғат-Қасым” поэмасының тақырыбы да қазақтан жырақ, алыс елдер өмірінен алынған. Ақылбай ізденген жолменен тың тақырып пен мазмұнды Мағауия да Африка елінің болмысынан алады.
“Медғат-Қасым” поэмасы романтизм сарынындағы поэма. Бірақ негізгі стилі солай бола тұрса да, бұл поэманы реалистік шындықпен өмірге жанасымды, қонымды берген тартыстары, мінездері дәлелді көркемдікке сүйенген.
Абай берген бағыт бойынша ізденген шәкірт ақын Мағауия осы шығармасында Абайдың өзі жазбаған анық сюжетті поэманы туғызады.
Ақылбай мен екеуі де, романтикалық поэманың стилін қазақ әдебиетіне әкеліп кіргізгенде, анық соны, жаңа, жақсы ағым әкеп қосты деу керек.
Мағауияның осы поэмасының орны қазақ әдебиетінде ХІХ ғасырдың соңында шыққан жаңалықтардың көркенті тұрғысының бірі деп атауға жарар еді.
“Медғат-Қасым”- Мағауияның ең соңғы поэмасы. Бұдан бұрын Абайдың тақырып етіп, шәкірт достарына тапсырып беруі бойынша , Мағауия қазақ өмірінің өзінен алып, тағы бір поэма жазған. Бұл- қазақ тарихындағы салттық болмыстан туған «Еңлік-Кебек» жайындағы қоспа поэма болатын.
Мағауияның бұл поэмасын қазақ әдебиетінде XIX ғасырдың соңында шыққан жаңалықтардың бірі деп атауға болады. Абай берген бағыт бойынша ізденген шәкірт ақын осы шығармасында Абайдың өзі жазбаған анық сюжетті поэманы туғызды. Бұл тұрғыдан алғанда, Мағауияны романтикалық поэманың стилін қазақ әдебиетіне әкеліп кіргізген және жаңа, жақсы ағым әкеліп қосқан ақын ретінде бағалауымыз керек.
Бақылау сұрақтары
1. “Медғат-Қасым” поэмасының сюжеттік желісі.
Поэмадағы бас кейіпкерлер Кеңгірбай би, қос ғашық Еңлік пен Кебек және т.б . кейіпкерлер өмірде болған адамдар.
“Медғат-Қасым” поэмасының тақырыбы .
Мағауия оқымысты жастың бірі.
Әуезов „Еңлік-Кебек” поэмасының жанрлық тұрғыдан алып қарағанда махаббат драмасы .
Ст уденттердің үйде орындайтын тапсырмалары
1. Ақын туралы мәлімет.
2. Мағауияның көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдері.
3. “Еңлік-Кебек”, “Абылай”, “ Медғат-Қасым” атты поэмалары.
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары
1. Тест
2. Сұрақ -жауап
№30
Тақырыбы:
Достарыңызбен бөлісу: |