Тоғайда
Тоғай іші тыныштық,
Келеді атып таң мұнда.
Моншақтай боп күміс шық
Мөлдірейді шалғында.
Сайрап, сайрап түнімен
Сандуаштар шаршаған.
Дән жинайды ініме,
Ақтиіндер аршадан.
Бұл өлең жолдары жаратылыс картинасын береді. Осыған лайық дауыс сарыны да қоңыржай шығады. Кейдір ертегілердің бастамасы да бір қалыпты қоңыржай үгмен айтылады.
Шаттық қуанышты сарынмен оқылатын шығармаларға көктемдегі жан-жануардың бой жазуы, тірілуі, табиғаттың жандауы қуаныш сезімін туғызатынын суреттейтін туындылар жатады.Абайдың көктемнің шығуын суреттейтін өлең жолдарын көңілді дауыс әуезімен жатқа айтқан әсерлі болады.
Мұңды сарынмен оқылатын шығармаларға кейбір лирикалық өлеңдер жатады.Мысалы:
Мен көрдім ұзын қайың құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Жапырағы сарғайып, өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?!
Абайдың “Күз” деген өлеңінде де аспанды түсі суық бұлт қаптап, тұман түсіп, айналаның көңілсіз сұрқын , көз тартатын көркі- жапырағынан айрылып сидиған ағаштарды, солып, қураған табиғат көрінісін, шат-шадымен жайнаған жазбен балалардың қоштасуының суреттелуі орындаушыға өлеңді жабырқау үнмен оқуын қажет етеді.
Лирикалық өлеңдерді автордың ішкі жан дүниесінің сезім толқыны, тебіренісі, толғанысы жырланатын болғандықтан, қоңыр сазбен, кейбірі мұңды, нәзік үнмен, ерекше әуезбен орындалады.
Ауызекі сөйлеу тілі дауыс нақышына аса бай. Ауызекі сөйлескен екі адам бір-біріне айтайын деген ойын, сезімін білдіргенде, дауыс реңкін әлденеше құбылтады. Мұны біз күнделікті өміріміздің сан салалы қырынан: жол үстінде жүргенде, от басы, ошақ қасында, қызмет бабында, кинода, театрда айқын аңғарамыз. Сөйлеп тұрған екі адамның сөздерінде екі түрлі реңк белең алып тұрады.
Көркем сөз оқу өнерімен шұғылданушылар қарапайым жұрт арасында ауызекі сөйленетін сөз сазындағы алуан түрлі дыбысталу нақыштарына құлақ түре жүріп үйренеді. Сол дауыс реңктерін өзі орындайтын көркем шығарманы оқығанда пайдаланады. Олар көркем сөздің тыңдаушыға әсерлі, шындыққа жанасымды табиғи үнмен естілуін көздейді. Көркем сөз өнері-өнердің күрделоі түрінің бірі.Көркем сөз орындаушы мәнерлеп оқудың барлық тәсілін жете игеру үшін көп дайындалуы, үнемі жаттығуы керек, сонда ғана мәнерлеп оқуға төселеді, дағдыланады, оның сиқырлы сырын игереді.
Ауызекі сөйлеу тілі дауыс нақышына аса бай. Ауызекі сөйлескен екі адам бір-біріне айтайын деген ойын, сезімін білдіргенде, дауыс реңкін әлденеше құбылтады. Мұны біз күнделікті өміріміздің сан салалы қырынан: жол үстінде жүргенде, от басы, ошақ қасында, қызмет бабында, кинода, театрда айқын аңғарамыз. Сөйлеп тұрған екі адамның сөздерінде екі түрлі реңк белең алып тұрады.
Көркем сөз оқу өнерімен шұғылданушылар қарапайым жұрт арасында ауызекі сөйленетін сөз сазындағы алуан түрлі дыбысталу нақыштарына құлақ түре жүріп үйренеді. Сол дауыс реңктерін өзі орындайтын көркем шығарманы оқығанда пайдаланады. Олар көркем сөздің тыңдаушыға әсерлі, шындыққа жанасымды табиғи үнмен естілуін көздейді. Көркем сөз өнері-өнердің күрделоі түрінің бірі.Көркем сөз орындаушы мәнерлеп оқудың барлық тәсілін жете игеру үшін көп дайындалуы, үнемі жаттығуы керек, сонда ғана мәнерлеп оқуға төселеді, дағдыланады, оның сиқырлы сырын игереді.
Бақылау сұрақтары
Сөздің анық айтылуы.
Сөздің айқын естілуі.
Дауыстың булығып шығуы.
Сөздің әуенмен естілуі.
Дауыстың жоғарғы төмен айтылуы.
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы.
Сөздерді дұрыс айту.
Негізгі дауыс сарыны.
Сарынның көркем шығармамен байланысы.
Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы
1. Сұрақ- жауап
2. Тест
3. Сөз жұмбақ
№38 Сабақтан тыс
Тақырыбы: Дауысты дыбыстардың айтылуы
Реферат тақырыптары
Қазақ тіліндегі ерін дауыстылардың үндесуі.
Дауысты дыбыстардың бөлінуі.
Ы- дыбысының Ұ- дыбысына айналуы.
Дауысты дыбыстар мен дауысты дыбыстардың ерекшелігі.
Қазақ тіліндегі іргелес дыбыстар.
Еріндік дауысты дыбыстар.
Даусты дыбыстардың түрлері.
№39
Тақырыбы: Мысал өлеңдер оқу
Жоспары:
1. Өлеңді мәнерлеп оқуға қойылатын талаптар
2. Мысалды дауыстап оқу сараны
Көркем шығарма – нағыз суреткер әрекеттің нақты нәтижесі, әдеби еңбектің көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын затты дерегі. Сәтті шыққан көркем шығарма – бір жазушы келесіндегі ғана емес, бүкіл әдебиет көлеміндегі кесек құбылыс, бүкіл өнер әлеміндегі тұрлаулы тұлға дейтін болсақ, образ – осынау өнер туындысындағы көп тұлғалардың бірі.
“Жекелеген образ ұнай ма, жоқ па, мәселе мұнала емес, - дейді Гете, - жалпы кітіп най ма, жоқ па, гәп осы арада жатыр”.
Кітап демекші, сөздің шыны керек, кітап атаулының бәрі көркем шығарма емес. Гете айтқандай, халыққа қалтқысыз ұнайтын, оған эстетикалық сусын болатын, оның көркем дамуында кәдімгідей тың адым, жаңа саты боп табылатын кітап қана – көркем шығарма. Ал мұндай “ақылды, жақсы шығармлар саусақпен санарлық та, сүреңсіз, шала – жансар кітаптар шаш етектен” (М. Шолохов) екені тағы да рас. Талап талғамы биік бүгінгі мәдениетті оқырман өнер туындысынан тануға, бағалауға, “көбіктен толқынды” дұрыс ажыратуға, міне, осы түсініктер тұрғысынан келуі шарт.
Шын мәнісіндегі өнер туындысы кейбір кездейсоқ жарық көріп жүрген әрі – сәрі әлденелер секілдлі ақыл жетімдігі мен сезім мүгедектігінен емес, адам бойындағы асыл қасиеттер мен сұлу сипаттардан түзелер болар. Сонда ғана көркем шығарма қалың көпке белгілі бір халықтың өзіндік өзгеше бітімін, мінезін танытып, оларға өмірдің тың құпиясын ашып бере алады.
Көркем шығармалар жанрының ішінде өзіндік ерекшілігі бар мысал өлеңдер кездеседі. Мысал өлеңдердіні лирикалық өлеңдерден ең негізгі өзгешелігі — мысалда уақиға бар, уақиғаға қатысатын кейіпкерлер бар. Кейіпкер бар жерде уақиға тартысы, әр түрлі сауал, жауап, көңіл күй эмоциясының бәрі бар. Мысал өлеңде қимыл, қозғалыс болғандықтан кез келген лирикалық өлеңнен гөрі баланың қабылдауына қиындық келтірмейді.
Мысал өлеңдерде аллегория (әсірелеу) бар. Негізгі кейіпкерлері — жан-жануарлар мен аң, құстар. Шығарманы алғаш таныстырып оқу кезінде мәнерлеп оқудың әдіс-тәсілдерінің бәрі, дауыс күші, әуені, сазы логикалық, психологиялық кідіріс жасау түгел қолданылады. Мұғалім мүмкіндігінше мысалдағы келемеж, келекені, күлкіні, өсиет-өнегені тек дауыс ырғағы арқылы ғана меңзейді. Сондықтан мысал өлеңдердің мазмұн-мағынасын, құрылысын, автордың айтқалы отырған ойының астарын түсініп талдап, даярланады. Кідіріс жасалатын жерлерді күні бұрын белгілеп алады.
Мысал өлеңдердегі сөздердің, сөйлемдердің басым көпшілігі өзінің тура мағынасын сақтамайды. Олай болса оқушыларға жеке сөздердің мағынасы емес, шығар-маның жалпы мазмұн-мағынасын, әрбір кейіпкердің іс-әрекетінің, сөзінің дұрыс-бұрыстығын талдап түсіндіру керек.
ШЕГІРТКЕ МЕН ҚҰМЫРСҚА
(Крыловтан)
Шырылдауық шегіртке,
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыгүні жапырақтың,
Бірінде тамақ, бірінде үй.
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда,
Суыққа тоңған қарны ашқа,
Ойын қайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады,
Қар көрініп қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Дым-ақ қиын іс болды.
Секіру қайда сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Саламда жатып, дән жиған,
Құмырсқаны іздеп табады,
Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра:
— Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра.
— Мұның жаным, сөз емес,
Жаз отерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа,
Ала жаздай қылмап па ең?
— Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды куып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?
— Қайтсін қолы тймепті,
Өлеңші, әнші есіл ер.
Ала жаздай ән салсан,
Селкілде де, билей бер!
(Аударған А 6 а й.)
Бұл мысал тоғыз шумақтан тұрады.
Өлеңнің алты шумағы толыц автордың атынан сөйленеді. Алғашқы шумақ қоңыр баяу дауыспен оқылыгі келіп, соңғы тармағы — қызықпен жүріп жазды алған — деп, созылыңқырап оқылып барып кідіріс жасалады. Екінші шумақтан бастап дауыс күші сәл жоғарылап, бірыңғай мүшелер арасындағы санамалап оқылатын кідірістер сақталып, дауыс ырғағынан өкініш лебі есіп тұрғандай әсер қалдыра оқылуы керек. Үшінші, төртін-ші, бесінші шумақтарда өкінішпен қоса аяныш сезімі ұлғайып мүсіркей бастайды.
Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра —
деген жерден текстің жоғарыдағыдан гөрі ширақтау, тез-деу оқылатыны мағымасынан түсінікті.
Ал тоңған, әрі аш шегіртке көмек сұрап етініп, жал-барынбіп тұрған соң, оның сөзі қалай сңылуьі керек? Әрине, баяу дауыспен жалынышты түрде, бәсең оқылады.
Құмырсқаның еш нәрседен, қамы жоқ. Ол қысқа ұңыпты даярланған жылы илеуінде тыныш ясатыр. Мезгілсіз есік қаңқан шегірткені жақтырмай тұрғаны белгілі. Сондықтан шегіртке әрі нық, әрі өктем сөйлейді. Дауыс барысында келемеж, мьісқьіл да бар. Міне, мағыналық екпін қойып, психологиялық кідіріс жасап оқуды осы жерлерде ескеруге болады.
Шегірткеде басқа амал жоқ, ащы, шындықты мойындап, мүсәпірлігін керсетеді. Кұмырсқа ащы мысқалмен кекете отырып, ең соңғы үкімін кесіп айтады. Қабылдамайды, есігін сарт еткізіп жауып алады. Сонда соңғы шумақ мысалдың өн бойындағы ойдың түйіні болды. Оқылу сазы да, дауыс нақышы да ерекшелеу көтеріңкі болатыны түсінікті.
Тақырыпты оқушы алдында мәнерлеп оқуға дейін толық талдап, қай жерді қалай оқуды, күні бұрын белгілеп, даярлап алудың үлкен пайдасы бар.
Бақылау сұрақтары
Жазғанда дұрыс оқу.
Мысалдарды оқығанда тыныс белгілерге назар аудару.
Мысалдарды сазына келтіріп оқу.
«Бұлбұл мен түлкі» өлеңдерінің айтылуы.
Сөйлемнің мағанасын түсіну.
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы.
Жеке сөздердің өзіне тән үні.
Сөйлемнің айтылу сазы.
Мысалдарды оқығанда қолданылатын тәсілдер.
Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы
1. Сұрақ- жауап
2. Тест
3. Сөз жұмбақ
№40 Сабақтан тыс
Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың айтылуы
Реферат тақырыптары
Дауыссыз дыбыстардың бөлінуі.
Дауыссыз дыбыстардың қолданылуы.
Дауыссыз дыбыстардың емлесі.
Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстардың айтылуы.
Жуан дауыссыз дыбыстар.
Жіңішке дауыссыз дыбыстар.
Дауысты дыбыстар мен дауысты дыбыстардың ерекшелігі.
№41
Тақырыбы: Ертегілерді оқу
Жоспары:
1.Ертегілерді оқу
2. Ертегі кейіпкері
Көркем шығарма жанрларының ішіндегі балалар әдебиетінде ертегінің ролі ерекше. Есте жоқ көне заманнан бастап халықтың ауыз әдебиетінде ең көп дамуған көркем шығарма түрі — ертегі, Ертегіні оқу — баланы ғажайып қиялға бөлеп, шымшытырық оқиғаға араластырып жеті қат жер астына, ғарышқа самғатады. Ертегілердің түрлері мен тақырыбы өте көп. Бастауыш класс оқулықтарындағы ертегілердің көбі бағдарлама ауқымы-на негізделген. Негізінен жан-жануарлар, аңқұстар, табиғат туралы, адамгершілік туралы ертегілер берілген. Ертегілердің көбі — аударма ертегілер.
Қандай ертегінің түрі болмасын оның ең басты кейіпкерлері — жағымды. Олардың мақсаты адамға жақсылық істеу, қол ұшын беру, жақсыны үйретіп, жаманнан жирендіру. Ертегінің тілі шұрайлы, уақиғасы қызық. Сондықтан шағын ертегіні бала әлі оқу мен жазуға төселмей тұрған алғашқы ептадан бастап-ақ мұғалімдер әсерлі оқып беріп, әңгімелеп беріп, ертегі кітапшаларды сатып алуға, үйде ата-анасыньің, аға-апаларының оқып беруіне сілтеме жасайды.
Мектепке алғаш келген бала мектепке дейінгі мекемеде, үйде үлкен ата-әжесімен ертегі тыңдап, соған әсерленіп өссе, өз бетімен оқу дәрежесіне жеткен кезде мұғалім баланың қызығушылығын әлсіретпей дамыта алар болса, нағьіз кітапқұмар оқушы тәрбиеленер еді. Өкінішке орай, біз балаларымызды халқымыздың бай ауыз әдебиетін өз дәрежесіндегі оқу үлгісіне де үйрете алмай жүрміз.
Баланың кез келген көркем туындыны келістіре оқуы — үлкен өнер. Сол өнерге үйрететін үлгі көрсете-тін — мұғалім. Сондықтан мектеп мұғалімі шәкіртті оқуға үйретуді үнемі жүйелі жүргізіп, үлгісін көрсетіп отырады, бақылайды. Шәкірттерінің мәнерлі оқуды игеруге бағытталған аяғашқы бастамасьінан бастап арнаулы есеп жүргізу керек-ақ. Сол үшін шәкірттің сөз енеріне үңіліп, бейнелі ойьша түсінуге ұмтылатын, ләззат алатын алғашқы күрделі көркем шығармасы — ертегі.
Оқудың ортақ методикасы, ол кандай жанрдағы шығарма болса да оқуды аядында мәнерлеп оқып берү үшін алдын ала даярлық жасайды. Бір оқығанда-ақ ертегіні түсіну қиын емес. Алайда, мұғалім белгілі бір ертегіні балаларға оқып беру үшін тексті күні бұрын талдап, дауыс ырғағының әр түрлі ңалпының жылысуйН, жоғары не темен түеуін, қай жерде қандай кідірістер жасау керегін белгілеп алады.
Ертегі кейіпкерлерінің басым көпшілігі — аңдар мен құстар, жыртқыштар. Әрине, табиғаттағы жан-жануарлар сөйлемейді, бұны - бәрі біледі. Бірақ солардың тіршілігі, немен күн көретіні, кейбір жыртңыштардың мінезі, пайдасьі мен зияны, олар туралы мағлұматтар белгілі, Сондыцтан түлкінің даусьі, қасқырдың даусы, арыстанның даусымен" оқу деген рецепті жоқ. Бірақ, әр-қайсысының бір-біріне ұқсамайтын жаратылысы сияқты, бір-біріне ұқсамайтын даусы да болуы керек деп түсінгеніміз дұрыс.
Ертегі кейіпкері:
Қасқыр — жыртқыштардың ішіндегі ең бір қорқауы.
Арыстан — айбатты да күштісі. Ертегідегі «аңдар патшасы».
Түлкі — айлакер, қу. Өз пайдасы үшін бәрін де сатып кетеді, мұзға отырғызады.
Аю — епетейсіз, жалқау, топас, ңара күш иесі.
Қарсақ, қояндар — ңорқақ, әлсіз, өз басын зорға қорғайды.
Қарға — мақтаншақ, үй-үйлердің, қора-қопсының арасында талтаңдап жүргеніне мәз.
Торғай — әлсіз, әлжуаз. Қанаттының бәрінен қорынады, тағы басқа осы сияқты мінездеме беріп талдап алайық.
Үй жануарлары балаларға біршама таныс. Олардың барлығы да пайдалы. Адамға өте жақын дос. Сондықтан ертегілерде үй жануарлары қанша қиыншылыққа кездессе де аман қалып отырады. Соның ішінде: қой — момын, салмақты, қысылғанда ақыл тауып ңұтылып кетеді, Ешкі — жеңілтек. Сондықтан көбірек қолға түсіп
қалып отырады. Айласын асырып, ол да құтылып кетеді.
Жылқы — төрт түліктің ішіндегі қарулысы , жүйрігі, тұяқтысы, жауына алдырмайды т. б.
Ертегі кейіпкерлерін дұрыс талдап, түсініп олардың даусын аз да болса бір-біріне ұқсас етпей, сәл езгертіп оқу қажет. Мысалы, аюдың сөзін жуан дауыспен созың-қырап, түлкінің ісі қулың, айлакерлік болғандықтан жіңішкелеу, тезірек оқып аярлығын үнмен жеткізсе, қасқырдың сөзі өктемдеу үнмен күштіліктің, зорлықшыл тәкаппарлықтың лебі ескендей әсермен оқылса қандай жақсы.
Ертегілерді балаларға жоғарыдағыдай мәнерлеп оқу - дың барлық тәсілдерін пайдаланып, дауыс сазымен оқып беру үшін бір ертегіні алдын ала оқуға даярлаудың үлгісін талдап көрейік.
Мысалы, бастауыш кластың бағдарламасындағы «Қарабатыр» ертегісі. Ең негізгісі балаларға эстетикалық тәрбие береді. Өлең мен қара сөз араласып отырады да, халық ауыз әдебиетіндегі сөз қолдану тәсілдері арқылы жат жерде тұтқын болып зарығып жүрген жас баланың әке-шешесіне, туған жерге, туған-туыс бауырларьша деген сағынышы көркем де, айшықты өлең жолдарымен беріледі.
Ертегінің негізгі айтпағы, балаларға ой салар тұсы — оньің мақсатшылдығы, алған бетінен қайтпауы, жасымай, азып-тозбай, бір сәт те туған жерін, ата-анасын есінен шығармай құтылудың жолын іздестіруі —- ақылдылығы, тапқырлығы.
Баланың көмек сұраған құстары: қарға, сауысқан, тырна, қаз, аққу, қарлығаш. Бұлар арқылы балаларға құстарды кеңірек. таныстырып соның ішіндегі адамға ең жақыны қарлығаш екенін көрсетіп отыр. Қарлығаш адамды пана тұтып, үясын аула ішіне сарайға, дәлізге салатыны да содан. Балаға қол ұшын беретін де қарлығаш.
Баланың ата-анаға, бауырға деген, ата-ананың балаға деген сағынышы мен сүйіспеншілігі тыңдаушыны бей-жай қалдырмаса керек. Осы ертегіде халқымыздың сөз қолданысын, қайғысы мен мұңын да, қуаныш, сағынышын да жыр жолымен жеткізетін салтын түсінеміз. Мағынасы көмескіленіп, қолданудан шығып қалған атаулар да кездеседі. Мұғалім осының барлығын талдап алып, осы ертегі арқылы бала бойына қандай қасиет дарыта алатынын жете түсініп, соны іске асыру үшін творчестволықпен іске кіріскенде ғана ертегі оқу, тыңдау бала жанын баурайды.
Шағын ғана осы ертегі арқылы баланы ойландыратын жайлар көп. мұғалім тексте мағынасына байланысты толық айтылмаса да, айтылуға тиісті мағлұматтарды да түсіндіріп, толықтырып отыруға болады.
Жазықсыз жас бала жат жерде неге мәсәпіршілікке ұшырады? Барымташылық деген не? Көршілес отырған халықтардың арасындағы дау-дамай барымташылықты ақылды ата-бабаларымыз қалай шешіп отырған екен? – деген терең мәселелерді көтеріп, түсіндіріп отырады. Осының бәрін шығарманы мәнерлеп оқып беру алдында мұғалім талдап жоспарлы түрде дайындалса, оқып шыққаннан кейін балалардың қалай әсер алғанын бақылап, бір-бірімен алған әсерлерін бөліссе, оған мұғалім бірер минут уақыт бөлсе тіпті жақсы.
Мұндағы айтпағымыз, әрбір мәнерлеп оқып беретін шығарманы мұғалім толық жан-жақты талдап алғаннан кейін, дайындықпен оқиғанда ғаа қай жерді қалай оқу керегін түсінеді.
Бақылау сұрақтары
Ертегі оқығанда тыңдаушының назары.
Ертегінің жағымды естілуі.
Ертегілердің түрлері.
Ертегілерді оқытудың әдіс тәсілдері.
Ертегілерді оқудағы дауыс ырғағы.
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы.
Ертегілердің мазмұндылығы.
Ертегілерде кездесетін көркемдік тәсілдер.
Әңгіме мен ертегінің айырмашылығы.
Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы
1. Сұрақ- жауап
2. Тест
3. Сөз жұмбақ
№42. Сабақтан тыс
Тақырыбы: Әңгіме айтып беру
Коллоквиум тақырыптары
Әңгімелеудің творчествалық әдістері.
Шағын әңгіме.
Шағын әңгімелерді толықтырып әңгімелеу.
Көлемді шығарманы қысқартып әңгімелеу әдістері.
Әңгіменің түрлері.
Әңгімені тыңдаушыға толық жеткізе білу.
Әңгімені толықтырып айтып беру.
№43
Тақырыбы: Драмалық шығарманы мәнерлеп оқу
Жоспары:
1. Драматургиялық шығарма
2. Жазба әдебиетімізде драмалық шығармалардың дамуы
Көркем шығарма жанрларының ішіндегі қазақ әдебиетіндегі кенжелеу дамыды деп жүрген жанрымыз – драматургия. Драматургиялық шығарма сахнаға лайықталып жазылатын болғандықтан, неге кенже дамығанын жақсы түсінеміз. Алайда халқымыздың бай ауыз әдебиетіндегі жар-жар, қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы алғашқы сахналық шығармалардың халық арасындағы қарапайым түрлері деуге болады.
Халқымыздың сән-салтанатымен өтетін әрбір жиын-тойлары, наурыз мерекесі мен айт күндері, ақындар айтысынсыз өтпеген ғой. Сахнасы – ашық аспан асты мен ақ боз үй, көрермені – халық. Нағыз өнер айтысын бағалаған халық. Сөз өнерін барлық өнер атаулыдан жоғары бағалаған, әділ төрешісі де, көрермені де, дамытушысы да өзі болып, өнерлі ұл-қыздарының есімдерін ұрпағына үлгі тұтып өткен.
Шын мәнісіндегі өнер туындысы кейбір кездейсоқ жарық көріп жүрген әрі – сәрі әлденелер секілдлі ақыл жетімдігі мен сезім мүгедектігінен емес, адам бойындағы асыл қасиеттер мен сұлу сипаттардан түзелер болар. Сонда ғана көркем шығарма қалың көпке белгілі бір халықтың өзіндік өзгеше бітімін, мінезін танытып, оларға өмірдің тың құпиясын ашып бере алады.
Көркем шығармалар жанрының ішінде өзіндік ерекшілігі бар мысал өлеңдер кездеседі. Мысал өлеңдердіні лирикалық өлеңдерден ең негізгі өзгешелігі — мысалда уақиға бар, уақиғаға қатысатын кейіпкерлер бар. Кейіпкер бар жерде уақиға тартысы, әр түрлі сауал, жауап, көңіл күй эмоциясының бәрі бар. Мысал өлеңде қимыл, қозғалыс болғандықтан кез келген лирикалық өлеңнен гөрі баланың қабылдауына қиындық келтірмейді.
Мысал өлеңдерде аллегория (әсірелеу) бар. Негізгі кейіпкерлері — жан-жануарлар мен аң, құстар. Шығарманы алғаш таныстырып оқу кезінде мәнерлеп оқудың әдіс-тәсілдерінің бәрі, дауыс күші, әуені, сазы логикалық, психологиялық кідіріс жасау түгел қолданылады. Мұғалім мүмкіндігінше мысалдағы келемеж, келекені, күлкіні, өсиет-өнегені тек дауыс ырғағы арқылы ғана меңзейді. Сондықтан мысал өлеңдердің мазмұн-мағынасын, құрылысын, автордың айтқалы отырған ойының астарын түсініп талдап, даярланады. Кідіріс жасалатын жерлерді күні бұрын белгілеп алады.
Мысал өлеңдердегі сөздердің, сөйлемдердің басым көпшілігі өзінің тура мағынасын сақтамайды. Олай болса оқушыларға жеке сөздердің мағынасы емес, шығар-маның жалпы мазмұн-мағынасын, әрбір кейіпкердің іс-әрекетінің, сөзінің дұрыс-бұрыстығын талдап түсіндіру керек.
Халық ауыз әдебиетінің жақсы үлгісі жалғасын тауып, жаңа мазмұн-мағынаға ие болғанын көріп жүрміз.
Жазба әдебиетімізде драмалық шығармалар дамыды. Театр сахнасынан көрермен қайымды тәнті еткен шығармалар көптен саналады.
Сахнамыздың шымылдығын тұңғыш ашқан М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасынан бастап, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Айман - Шолпан», «Қыз Жібек» т.б. қойылымдылар күні бүгінге дейін сахнамыздың сәні болып келеді.
Осы шығармаларды халық алдына қайта тірілткен артистеріміздің үніне, құлақ түріп, сөз саптауына назар аударар болсақ, ертедегі аты аңызға айналып қалған аяулы аға, апаларымызбен қайта кедескендей боламыз ғой. Бұл ненің құдіреті? Өнер адамдарының сан алуан құбыла отырып мазмұн-мағынасына қарай әсер ете білуі.
Олай болса, оқушы алдында драмалық шығарма көркем шығарманың басқа жанрларын талдап барып оқығанымыз сияқты оқылуы керек.
Бақылау сұрақтары
1. Драматургиялық шығарма.
2. Жазба әдебиетімізде драмалық шығармалардың дамуы.
3. Көркем шығарманы тартымды етіп оқу.
4. Оқу өнеріне қойылатын талаптар.
5. Өнерге төселу қабілеті.
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы.
Драмалық шығарма оқудағы дауыс ырғағы.
Сөз пернесін дұрыс айта білу.
Қазіргі заман драмалық шығармалардың дамуы.
Ауыз әдебиеті мен драматургияның байланысы.
Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы
1. Сұрақ- жауап
2. Тест
3. Сөз жұмбақ
№44 Сабақтан тыс
Тақырыпы: Әдеби шығарманы текске жақындатып айтып беру
СӨЖ тақырыптары
1. Әңгімені құрастыру мақсаты.
2. Әңгімені тыңдаушының жасы мен дамуына сәйкес түрді өз сезімен айтып
беру.
3. Мұғалімнің балалар алдында өзін ұстауы.
4. Ы. Алтынсариннің «Өрмекші мен құрырсқа» әңгімесі.
5. Мұғалімнің орфоэпиялық заңдылықты сақтап сөйлеуі.
6. Әңгімедегі екпінді дұрыс қоя білу.
№45
Тақырыбы: Әңгіме айтып беру
Жоспары:
1. Әңгіме айту мен шығарманы мәнерлеп оқу
2. Ойша қиыстырып әңгімелеу
Педагогикалық училищеге арналған «Мәнерлеп оқу» бағдарламасының екінші саласы — балалар аудиториясы алдында әңгіме айтып беру.
Әңгіме айту мен шығарманы мәнерлеп оқып беру бір-бірімен тығыз байланысты. Мұғалім мектеп практикасында, оқулық көлемінде бағдарламаның материалды ғана әңгімелеп қоймайды, балалармен жүргізілетін сабақ, үстінде, сабақтан тыс жұмыстарының бәрінде қолданатын негізгі құралы — сөзі, сөйлеуі.
Баланың оқу ынтасын арттырып, қызықтырып баурап алатыны да, тәлім-тәрбие, білім беретін құралы да, баланың жан дүниесін жадыратып, басынан сипап, арқасынан қағатын құралы да сөзі. Олай болса, мұғалімнің өзінің сөйлеу мәдениеті дамыған, ойы орамды, қажетті жерінде керегіне қолдана алатындай сөздік қоры бай болуы керек.
Ол үшін бастауыш класс мұғалімдері балалар әдебиетінің туындыларын, соның ішінде, балалар ауыз әдебиетінің туындыларын көбірек оқып, әңгімелеуі керек. Мектеп жасындағы балаларға арналған газет-журналдардан бастап, балаларға арналған суретті кітапшалар соңғы жылдары көбірек жарың көре бастады. «Жыл он екі ай», «Сарқырама», «Біздің кітап», «Ол кім, бұл не?» т. б. жинақтарды пайдалануға болады. Бір жақсысы, соңғы жылдары мектептің кіші жастағы балаларына арналған шығармалар көбейіп, сапасы да жақсарып келеді.
Оқулық жасаушы авторлар мумкіндігінше балалардың жан-жақты тәрбиеленіп, жүйелі білім алуы үшін көп нәрсені ескерген. Бала түсінбейтін материалдар болмайды. Әрине, бала бірден өзі оқып, өзі әңгімелесе, түсінбейтін сөз, сөйлемдері көп. Тек мұғалімнің көмегімен ғана білмейтінді біліп, түсініп, жүйелі сөйлеуге, оқығанын ретретімен өз түсінігі бойынша әңгімелеп беруге төселеді.
Дайын тақырыпты әңгімелеп берудің әр түрлі толық үлгісін көрсетіп, үнемі үйретіп отыру арқылы ғана оқығанды дұрыс әңгімелеуге төселдіруге болады.
Сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта мұғалімнің әңгіме айтып беруінің бастауыш класта атқарар ролі зор. Сол себепті бастауыш класс мұғалімінің әңгіме айтып беруіне ең негізгі мынадай талаптар қойылады.
1. Мәнерлеп оқуға даярлағандай тақырыпты алдын ала талдап, жүйелеп алу;
2. Тақырыптағы әрбір бала түсінбейді-ау деген сөз, сөз тіркестері, тұрақты тіркес пен мақал-мәтел, синоним т. б. сөздерді баланың ұғымына жақын баламасымен түсіндіру;
3. Сабақ сайын баланың сөздік қорына жаңа сөз, атаула ендіріп, оны күнделікті сөйлеу тіліне қосып сөйлеуге баулу;
4. Балалардың алдында өлең шумақтарын, мақал-мәтелдерді, тіпті шағын қысқа әңгімелерді сөзбе-сөз жатқа айтып беріп отыру;
5. Бастауыш кластың барлығында да «Балдырған» журналы, «Әңгімелер жинағы», «Жыл он екі ай» сияқты кітапшалар сабақ сайын мұғалімнің столында жатуы керек. Үзіліс кезінде балалар оны көріп, танысады.
Мұғалім класс оқушылары алдында әңгімелеп беруге тиісті тақырыпты алдымен өңдейді. Әңгіменің композициялық құрылысы, бейнелі сөздері, тілі бойынша талдаулар жасап алып, соны оңушы алдында қалай әңгімелеу үлгісін жоспарлайды, Оқулықтағы әрбір тақырып мұғалімнің творчестволықпен жұмыс жүргізуін талап етеді.
Тақырыптың сөзін қалай жазылса, солай жеткізу балалардың ойын дамытып, тілін ұстартуға себін тигізбейді, қайта жаттандылыққа, бір ізділікке, ойланбай, қиналмай сөйлеуге итермелейді.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогреске байланысты ғылыми мақалалар, айналаны қоршаған орта, табиғаттың төрт мезгілі, еңбек адамдарының ерен ісі туралы, тақырыптардың баршасы әрбір кластың оқулығына баланың ұғымы мен жас ерекшелігіне қарай орналасқан.
Осыншама күрделі тапсырманы орындау, бастауыш класс мұғаліміне жүктеледі екен. Сонда мұғалім қандай деңгейде болуы керек. Оқулыққа енген шығармаларды өзі оқыған ба, қазақ әдебиетінің өткені мен бүгінгі тарихынан хабардар ма? Туған халқының бай әдебиеті мен тарихын, салтын, ғұрпын, кешегі, бүгінгі тыныс тіршілігін өзі жете біле ме? Мұғалім өзіне қойылатын талаптың күрделі екенін түсініп, ұстаздық жұмыстың творчестволық әдіс-тәсілін осы маңайдан іздейді.
Бала мұғалімнің алдында мәнерлеп оқуға, оқығанын әңгімелеп беруге төселеді. Оқығанын, көргенін, естігенін жүйелі әңгімелеп бере алмаған бала, басқа пәнді де игере алмайды.
Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары қатты дамыған кезде, баланың ойлауы мен сөйлеуі арасындағы алшақтық айқын көрінуде. Бала теледидардан кино көреді, ертегі тыңдайдьі, кітап оқиды. Бірақ көргенін, оқығанын достарымен, үй-ішімен бөлісіп әңгімелеспейді. Өзімен өзі боладьі. Тек мектеп мұғалім ғана оқығанын толық айтып түсіндіруді талап етеді. Соның нәтижесінде қазақ мектебін бітірушілердің басым көпшілігінің емтихан кезіндегі ауызша және жазбаша жауаптары қанағат-танарлықтай емес. Бұл ащы шындық.
Сондықтан бастауыш класс мұғалімі «Ана тілі» оқулығындағы дайын тақырыптарды әңгімелеп беру үшін мынадай әдіс-тәсілдер қолданады.
1. Әдеби шығарманы текске жақындатып айтып беру.
2. Класс оқушыларының жас ерекшеліктері мен дамуына сәйкес өз сөзімен айтып беру.
3. Әңгіменің оқиғасын өзгертіп айтып беру.
4. Ішінде сөйлеспелі сөзі жоқ (диалог) шағын әңгімені толықтырып, сөйлеспелі сөз қосып айтьіп беру.
5. Оқиғасы жоқ шағын әңгімені кеңейтіп айтып беру.
6. Көлемді шығарманың ең негізгі жерін қамти отырып, кеңейтіп әңгімелеу.
7. Ғылыми материалдарды жандандырып айту.
8. Сурет бойынша әңгіме айтқызу т. б.
Қорыта келгенде, бастауыш класс мұғалімінің жұмысы, әсіресе «Ана тілі» оқулығындағы текстерді әңгімелеп беруі түгелімен творчестволық жұмыс. Баланың ойлауы мен сөйлеуін жуйелі дамыту - мұғалімнің үлесіне тиеді.
Бақылау сұрақтары
1. Әңгіме туралы түсінік.
2. Әңгімені тыңдаушыға толық жеткізе білу.
3. Әңгімені қалай құрастыру керек.
4. Әңгіменің ең маңызды шарты-идеясы.
5. Творчестволық әңгіменің түрлері.
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы.
Әңгімелеудің творчествалық әдістері.
Шағын әңгіме
Шағын әңгімелерді тоықтырып әңгімелеу.
Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы
1. Сұрақ- жауап
2. Тест
3. Сөз жұмбақ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” университеті
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі________
_____________200__ж
Қорытынды бақылауға арналған тестілік
емтихан сұрақтары
Факультет: “Гуманитарлық білім беру”
Кафедра: “Қазақ тілі мен әдебиеті”
Мамандық: 050117 “Қазақ тілі мен әдебиеті”
Пән атауы: “Тіл мәдениеті”
Кредит саны:
Курс: 2, семестр 4
Топ – Қт – 17
Тест сұрақтарының саны: 200
Құрастырған: Байболова А.Ж.
Жетісай – 2008ж
Áiëiìäi áàºûëàó¹à àðíàë¹àí ñ½ðàºòàð.
Ѽéëåó ì¸äåíèåòi ï¸íi,îíû» ìàºñàòû íå ?
Òiëäiê íîðìà äåãåí íå?Îíû» ñ¼éëåó ì¸äåíèåòiíå ºàòûñû.
°äåáè òië æ¸íå æàçáà òië.Îëàðäû» áið-áiðiíåí àéûðìàøûëû¹û ºàíäàé?
°äåáè òië ñòèëüäåði.Àóûçåêi ñ¼éëåóäåãi ûì-èøàðà, èíòîíàöèÿ,åêïií.
Îðôîýïèÿ òóðàëû ò¾ñiíiê.
Àóûçøà ñ¼çäi» æàçáàøà ñ¼çäåí åðåêøåëiãi.
Ѽçäi» àéòûëóû ìåí æàçûëóûíû» ¾íåìi ñ¸éêåñ êåëå áåðìåéòiíäiãi.
Ìà¹ûíà ä¸ëäiãiíi» ëîãèêàëûº ä¸ëäiêïåí ½øòàñóû.
Øåøåíäiê ¼íåð ºàé óàºûòòà äàìû¹àí.
Øåøåíäiê ñ¼çäi» ºàíäàé ò¾ðëåði áàð ?
Ѽçäi» áåéíåëåóiø ò¸ñiëäåðiíå íå æàòàäû ?
Ìåòàôîðà.
Ìåòîíèìèÿ.
Ñèíåêäîõà
Ѽç ä¸ëäiãiíå í½ºñàí êåëòiðåòií ºàíäàé æà¹äàéëàð ?
Ñèíîíèì
Àíòîíèì
Îìîíèì
Ìàºàë ìåí ì¸òåëäi» åðåêøåëiãi
Ѽéëåóäi» íåãiçãi àñïåêòiëåðiíå íå æàòàäû ?
Ñ¼ç ¸äåái äåãåí íå ?
Ѽç ä¸ëäiãi
Ñ¼ç ºîëäàíóäà¹û ñòèëüäiê ºàòåëåð
Ѽçäi» æåê ò½ð¹àíäà¹û äûáûñòàëóû ìåí ñ¼éëåó àêòiñiíäåãi äûáûñòàëóû áiðäåé áîëà áåðìåéòiíäiãi.
Àóûçøà ¸äåáè òiëäå ñ¼éëåóäi» ò¾ðëåði
Àóûçøà ñ¼çäi» æàçáà ñ¼çäåí åðåêøåëiãi
Îðôîãðàôèÿëûº íîðìàíû» æàëïû¹à îðòàºòû¹û
²àçຠòiëi ëåêñèêàñûíû» áàþû,òîëû¹óû.
Æà»à ñ¼ç æàñàó ò¸ñiëäåði
Æà»à ñ¼çäi» ¸äåáè òiëãå åíó ïðîöåñi
°äåáè òiëãå åíáåé ºàë¹àí ñ¼çäåð
Íåîëîãèçìäåð
Àðõàéçìäåð
°äåáè òiëäi» íîðìàñûíà æàòïàéòûí ñ¼çäåð.
Îëàðäû» ê¼ðêåì ¸äåáèåò òiëiíäå ì¾ìêiíäiãi
Òiëäiê æ¾éå,òiëäiê íîðìà,äà¹äû,îëàðäû» áiðëiãi ìåí àëøàºòû¹û
Øåøåíäiê ñ¼çäåðäi æàòºà àéòó.4-5-8
Ìàºàë ì¸òåëäåðäi æàòºà àéò
Ѽëåêåò (ñ¼çäåð) òiðêåñòåð – ñ¼ç ½ñºûíû» ºàøûðàäû
Ýïèòåò,ãèïåðáîëà,àëëåãîðèÿ äåãåí íå ?
²àíàòòû ñ¼çäåð-½øºûð îéäû» ºàíàòû
Ñ¼ç ºîëäàíóäû» íåãiçãi ïðèíöèïòåði íå ?
Ëåêòîð ìåí ¾ãiòøiëåðãå ºàíäàé òàëàïòàð ºîéûëàäû.
²àçຠòiëi îðôîãðàôèÿñûíäà¹û ñû ¼çãåðóëåð ìåí òîëûºòûðóëàð.
Ñ¼ç ºîëäàíó ì¸äåíèåòií àðòòûðàòûí íåãiçãi øàðàëàðäû» áiði íå ?
46. Мәнерлеп оқудың мақсаты не?
47. Педагог, ақын-жазушы, сыншылардың мәнерлеп оқуға қойған талаптары мен пікірлері
48. Сөз құдіретін дәлелдейтін мақал-мәтелдерден мысалдар келтір
49. Фразеологиялық тіркестерді пайдаланудың маңызы
50. Сөздердің синонимін жақсы білу, жалпы сөз қорының көп болуы. Мысалдар келтір
51. Дыбыстар туралы жалпы мағлұмат
52. Дыбыстардың жасалуы, дыбыс ырғағы, дыбыс күші, дыбыс әуені
53. Дыбыс жасаушы мүшелер, олардың қызметі
54. Бубн, буын алмасуы
55. Екпінді буын, динамикалық екпін
56. Музыка немесе тоникалы екпін
57. Дыбыстардың үндесуі. Сингармонизм. Ассимиляция
58. Интонация туралы жалпы түсінік
59. Интонациялық шешуші және қосалқылық ролі
60. Пауза, оның түрі мен ролі
61. Интонацияның фонетикамен байланысы
62. Интонацияның грамматикамен байланысы
63. Айтылу сазана қарай сөйлем түрін бөлудегі интонацияның ролі(лепті, сұраулы, хабарлы
сөйлем)
64 .Сөйлемдердің модальділігі, оны интонациясына қарап бөлінуі(өкініш, өтініш, болжау, тілек)
65 .Өлең мен қара сөзді оқу техникасына үйрену
66 .Кітаптан оқу, текстті жаттау, олардың оқылу, айтылу тәсілдері
67 .Автор мен кейіпкердің сөздерін оқу
68 .Мәнерлеп оқудағы интонацияның ролі, әр түрлі әрекеттер(бет пішінінің өзгеруі, қол қимылдары)
69 .Драмалық шығармаларды оқу. Драмалық шығарманы бір адам оқудың өзгешелігі, ролдерге бөліп оқыту
70 ..Дикцияның дұрыс жолға қойылуына арналған жаттығулар, артикуляциялық гимнастикалар
71 .Дауысты, дауыссыз дыбыстардың дәл айтылуына арналған жаттығулар
72 .Сөздердің синонимін, омонимін, антонимін талдауға жаттықтыру
73 .Эмоциональды сөйлемдердің васалу тәсілдері:
А) Лексикалық тәсілдері – қуанышты, өкінішті, күмәнді, таңдануды т.б. кісі сезімін дәл көрсететін модаль сөздерді пайдалану
74 .Морфологиялық тәсілдер – түбір сөзге жалғанған әр түрлі аффикстерді беретін қосымша мағынасы
75 .Синтаксистік тәсілдер – сөйлемдегі сөздердің орна ласу тәртібі, он өзгертудің стильдік, көркемдік әсері, инверсия
76 .Көркем шығарманы жанрына қарай оқу
77 .Әр жанрдың өзіндік ерекшелігі
78 .Ертегілерді оқу. Мысалдар келтір
79 .Әңгімені оқу. Мысалдар келтір
80 .Мысалдарды оқу. Мысалдар келтір
81 .Лириканы оқу. Мысалдар келтір
82 .Драмалық жанрды оқу. Мысалдар келтір.
83. Сөйлеу мәдениеті туралы түсінік
84. Әдеби тіл- тарихи норма
85. Грамматикалық норма.
86. Лексикалық норма.
87.Тіл тазалығы.
88. Әдеби тіл стильдері.
89. Әр түрлі стильдерге жататын мәтіндерді талдау.
90. Шенедік өнер . Риторика.
91. Көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті.
92. Ауызекі және жазбаша сөз қолданудағы қателіктер.
93. Тіл мәдениетінің негізгі сапалары.
94.Тіл мәдениетінің мақсаты мен міндеті
95.Тіл мәдениеті туралы түсінік.
96. Тілдің мәні мен қоғамдық қызметі.
97. Әдеби тіл туралы түсінік.
98. Әдеби тіл-жүйелі тіл
99. Әдеби тіл-стильдік тармақтары бар тіл.
100. Әдеби тіл- қоғамдық қызметі мол тіл.
101. Әдеби тілдің тарихы туралы.
102. Әдеби тілдің қалыптасу жолдары.
103. Әдеби тілдің тарихы
104. Қазіргі әдеби тілдің даму арналары.
105. Қазақ әдеби тілі.
106. ХХ ғасырдағы ақын-жазушылардың, ғылым қызметкерлердің еңбектері
107. Әдеби тілдің нормалары.
108. Қазақтың әдеби тілін нормалаудың түрлері.
109. Тілдің нормалау процесі
110. Нормадан ауытқу түрлері.
111. Жөнімен ауытқу.
112. Жөнсіз ауытқу
113. Лексикалық норма.
114. Қазақ әдеби тілінің сөз байлығы.
115. Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер.
116. Дөрекі, былапыт және жаргон сөздер.
117. Термин туралы түсінік.
118. Терминологияның пайда болуы.
119. Орфоэпиялық және орфографиялық норма.
120. Сөздердің айтылу нормасы туралы түсінік.
121. Сөздердің айтылу мен жазуылуы
122. Кейбір дыбыстардың айтылуы мен жазылуы.
123. Сөздерді бұзып айту туралы сөздері.
124. Қазақ тілінің дыбыс заңы
125. Сөйлеу мәдениетінің әлеуметтік маңызы.
126. Сөйлеу мәдениетінің сипаты.
127. Сөз қолданудың негізгі принциптері
128. Сөз әдебі.
129. Жазушының сөз қолдану мәдениеті.
130. Сөз этикасы.
131. Сөйлеу ізеті.
132. Сөз қолдану мәдениеті.
133. Сөз туралы түсінік.
134. Сөз қолданудағы стильдік қателер
135. Сөз қолдану мәдениеті.
136. Сөз туралы түсінік.
137. Сөз қолданудағы стильдік қателер
138. Жазудың тарихи дамуы.
139. Жазу туралы түсінік.
140. Жазудың түрлері.
141. Жазудың маңызы.
142. Диалектизмдер мен әдеби тіл
143. Диалектизм туралы түсінік.
144. Әдеби тілде кездесетін диалект сөздер
145. Профессионализм.
146. Профессионализм туралы мәлімет.
147. Кәсіби сөздердің әдеби тілде баламасы.
148. Сөз байлығы.
149. Орфографияның жалпығы ортақтығы.
150. Жазбаша сөйлеудің ерекшелігі.
151. Дауысты дыбыстардың айтылуы.
152. Дауысты дыбыстар туралы түсінік.
152. Дауысты дыбыстардың айтылуы.
153. Мысал өлеңдер оқу.
154. “Айна мен маймыл” өлеңдерін айтылуы.
155. Мысал өлеңдер оқу.
156. Драмалық шығарманы мәнерлеп оқу.
157. Ауыз әдебиеті мен драматургияның байланысы.
158. Қазіргі заман драмалық шығармалардың дамуы.
159. Әңгіме айтып беру.
160. Әңгіме айтып беруге қойылатын талаптар.
161. Дайын тақырыптарға қойылатын әдіс-тәсілдер
162. Әдеби сөйлеудің басты ережелері.
163. Оқудың әсерлі болуы.
164. Сөйлеу қарқыны мен ырғағы.
165. Нормалы дауыс ырғағын игеру
166. Сөйлеуде көркемдегіш және бейнелегіш құралдарды пайдалану.
167. Сөзді мәнерлеп айтудың элементтері.
168. Сөйлеушінің сөйлеу дағдысы.
169. Сөзді дұрыс жазу, айту мәдениеті.
170. Сөз туралы мәлімет.
171. Жазбаша сөйлеудің адамзат дамуындағы рөлі.
172. Сөзді дұрыс жазу, айту мәдениеті.
173. Сөз туралы мәлімет.
174. Жазбаша сөйлеудің адамзат дамуындағы рөлі.
175.Сөз қолданудағы стильдік қателер.
176. Сөз – тілдің аса керекті құрылыс материалы.
177. Стильдің түрлері.
178. Сөз қолданудағы стильдік қатерелрдің бір түрі.
179. Тұрақты тіркесудің қолданылуы.
180. Тұрақты тіркестер туралы түсінік.
181. Мақал-мәтелдер.
182.Фразеологиялық тіркес.
183. Тұрақты тіркестер.
184. Фразалық тұрақты тіркестер.
185. Идиомалық тіркестердің айырмашылығы.
186. Сөз және шеберлік.
187. Сөз туралы түсінік.
188. Сөз мәдениетіне жетік болу.
189. Көркем әдебиет тілінің шеберлік сипаты.
190. Көркем әдебиеттің сөз байлығы.
191. Көркем әдебиет тілінің шеберлік сипаты
192. Әр түрлі жанрдағы оқу.
193. Шығармаларды оқу жайында мағлұмат.
194. Әдеби шығармалардың өзіндік әдістемелік ерекшелігі
М а з м ұ н ы
Алғы сөз
Күнтізбелік тақырыптық жоспар.
Бірінші аралық бақылау.
3.1. Тіл мәдениетінің мақсты ме қызметі
3.2. Тілдің анықтамасы және оның мәні, қызметі.
3.3. Адам өміріндегі тілдің рөлі мен сөйлеу мәдениетінің маңызы.
3.4. Сөйлеу техникасы
3.5. Дауыс
3.6. Сөз және сөз тіркесі
3.7. Тіл мәдениеті және жергілікті тіл ерекшеліктері.
3.8. Тілдік норма
3.9. Тіл және сөйлеу.
3.10. Ауызша сөйлеу және оның ерекшелігі
3.11. Сөздердің айтылуы мен жазылуы.
3.12. Ауызекі және жазбаша сөз қолданудағы қателіктер.
3.13. Сөйлеу мәдениетінің әлеуметтік маңызы.
3.14. Фразеологизм
3.15. Термин
3.16. Тілдің лексика фразеологиялық тіркестері
3.17. Сөз әдебі
3.18. Сөйлеу әуені
3.19. Сөз қолдану мәдениеті
3.21. Грамматика және тіл мәдениеті.
3.22. Әдеби тілдің тарихы туралы.
Екінші аралық бақылау. (14 – ші апта)
4.1. Әдеби тіл туралы түсінік
4.2. Тілдің сөздік құрамы
4.3. Әдеби тілдің нормалары
4.4. Мәтін- тіл мәдениетінің көрсеткіші.
4.5. Сөз тіркестерін оқытуға қойылатын талаптар.
4.6. Диалектизмдер мен әдеби тіл
4.7. Синтаксис
4.8. Әдеби шығарманы текске жақындатып айтып беру.
4.9. Профессионализм.
4.10. Сөз қолданудағы стильдік қателер.
4.11. Тұрақты тіркестердің қолданылуы.
4.12. Сөйлеуде көркемдегіш және бейнелегіш құралдарды пайдалану.
4.13. Тұрақты тіркестер.
4.14. Сөз және шеберлік
4.15. Көркем әдебиет тілінің шеберлік сипаты.
4.16. Негізгі дауыс сарыны
4.17. Дауысты дыбыстардың айтылуы.
4.18. Мысал өлеңдер оқу
4.19. Дауыссыз дыбыстардың айтылуы.
4.20. Ертегілерді оқу.
4.21. Әңгіме айтып беру
4.22. Драмалық шығарманы мәнерлеп оқу.
4.23. Әдеби шығарманы текске жақындатып айтып беру.
4.24. Әдеби шығарманы текске жақындатып айтып беру.
5. Қорытынды бақылауға (емтихан) арналған тест тапсырмалары, бақылау сұрақтары.
Достарыңызбен бөлісу: |