Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13317 болып тіркелді
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8678 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 220 (28159) санында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Әкімшілік департаменті (А.М. Қайырбекова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым Министрі А. Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 83 бұйрығына 1-қосымша
Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді (бұдан әрі-қызметшілер) аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Аталған Қағидалар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 болып тіркелген «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына сәйкес аттестаттаудан өтетін мемлекеттік кәсіпорындар басшыларына қолданылмайды.
3. Қызметшілерді аттестаттау – олардың кәсіптік және біліктілік даярлығының, іскерлік қасиеттерінің деңгейін айқындау бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын рәсім.
4. Аттестаттау кезінде негізгі бағалау өлшемшарттары қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады.
5. Аттестаттау міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметтің кадрлық құрамының сапасын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қызметшілердің олардың қызметіне байланысты мемлекеттік білім беру, ғылыми-техникалық саясатпен анықталған міндеттерді іске асыруға тұлғалық-кәсіби дайындығын арттыру;
3) қызмет шеңберінде білім беру жүйесінің азаматтық қызметшілерінің үздіксіз білім алуына ынталандыру.
2. Аттестаттауды өткізу тәртібі
6. Аттестаттау мынадай бірқатар жүйелі кезеңді қамтиды:
1) аттестаттаудан өткізуге дайындық;
2) аттестаттау комиссиясының қызметшімен әңгіме жүргізуі;
3) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы.
7. Аттестаттауды өткізуге дайындықты орган басшысының тапсырмасы бойынша білім және ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың (бұдан әрі – аттестаттау органы) кадр қызметі ұйымдастырады және ол мынадай іс-шараларды қамтиды:
1) аттестатталатындарға қажетті құжаттарды дайындау;
2) аттестаттаудан өткізу кестесін әзірлеу;
3) аттестаттау комиссияларының құрамын айқындау;
4) әңгімелесу өткізуге арналған сұрақтарды дайындау.
8. Аттестаттайтын органның кадр қызметі аттестаттауға жататын қызметшілерді алты ай ішінде бір рет айқындайды.
9. Аттестаттайтын органның басшысы аттестаттайтын органның кадр қызметінің ұсынымы бойынша бұйрық шығарады, онымен аттестатталатын адамдардың тізімі, аттестаттауды өткізу кестесі мен аттестаттау комиссияларының құрамы бекітіледі.
10. Аттестаттайтын органның кадр қызметі аттестаттаудан өткізу мерзімдері туралы оны өткізу басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей қызметшілерді жазбаша хабардар етеді.
11. Аттестаттауға жататын қызметшінің тікелей басшысы қызметтік мінездемені ресімдеп, оны аттестаттайтын органның кадр қызметіне жібереді.
12. Қызметтік мінездеме аттестатталатын қызметшінің кәсіби, жеке басының қасиеттері мен қызметтік іс-әрекеті нәтижелерінің негізделген, шынайы бағасын қамтуы тиіс.
13. Аттестаттайтын органның кадр қызметі аттестаттау комиссиясының отырысына дейін үш аптадан кешіктірмейтін мерзімде қызметшіні оған берілген қызметтік мінездемемен таныстырады.
14. Қызметші өзіне берілген қызметтік мінездемемен келіспеген жағдайда өзін сипаттайтын ақпаратты аттестаттайтын органның кадр қызметіне ұсынады.
15. Аттестатталатын қызметшіге аттестаттайтын органның кадр қызметі осы Қағидағаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресімдейді.
16. Аттестаттайтын органның кадр қызметі жиналған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына жібереді.
17. Аттестаттау комиссиясын аттестаттайтын органның кадр қызметінің ұсынысы бойынша аттестаттайтын органның басшысы құрады және комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем емес тақ санды құрайды.
Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ішінен төраға және хатшы тағайындалады. Аттестаттау комиссиясының төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады.
18. Аттестаттау комиссиясының құрамына құрылымдық бөлімшелердің және аттестаттаушы органның кадр қызметінің басшылары, кәсіподақтың және ұйымды алқалық басқару кеңесінің өкілдері, сондай-ақ басқа да қызметшілер кіреді.
Аттестаттау комиссиясының болмаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
Аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестаттайтын органның кадр қызметінің өкілі болып табылады, оны аттестаттайтын органның кадр қызметінің басшысы айқындайды.
Аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестаттау комиссиясының отырысына тиісті материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды және ол өткеннен кейін хаттаманы әзірлейді және ресімдейді, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, аттестаттау комиссиясының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатыспайды.
19. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
20. Дауыс беру нәтижелері аттестаттау комиссиясы мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыстар тең түскен жағдайда, аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
21. Аттестаттау комиссиясы мүшелері келіспеген жағдайда өз ерекше пікірін білдіре алады.
22. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды аттестатталатын қызметшінің қатысуымен өткізеді.
Аттестатталушы аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелді себеппен қатыспаған жағдайда оны аттестаттау мәселесін қарау комиссия көрсеткен неғұрлым кешірек мерзімге ауыстырылады.
Аттестатталушы аттестаттауға дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда қайта аттестаттау тағайындалады. Мемлекеттік қызметші қайтадан дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда ол аттестатталмады деп есептеледi.
23. Отырыс барысында аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделейді, аттестатталатын адамды тыңдайды.
Аттестатталатын адамға қойылатын сұрақтар кәсіби даярлық, іскерлік қасиеттер мәселелеріндегі оның құзыреттілігінің деңгейін анықтауға бағытталған.
Аттестаттаушы адамның кәсіби, іскерлік және жеке басы қасиеттерін талқылау шынайы, сыпайы және әділеттілік жағдайда өтеді.
24. Аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі ұсынылған материалдарды зерделеп, аттестатталушымен әңгімелескен соң аттестатталушы қызметшіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бағалау парағын толтырады, содан кейін аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
2) қайта аттестаттауға жатады.
25. Ұйым басшысы лауазымындағы қызметкерді аттестаттауды өткізу үшін аттестаттау комиссиясын оны осы лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды тұлға құрады.
26. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Аттестаттау комиссиясы құрамына енген аттестаттаудан өтетін қызметші өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.
27. Қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш айдан кейін осы Қағидада айқындалған тәртіппен өткізіледі. Қайта аттестаттауды өткізген аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.07.2016 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
28. Қызметші аттестаттау комиссиясының шешімімен таныстырылады.
29. Аттестаттау комиссиясының шешімдерін лауазымға тағайындауға құқығы бар тұлға бекітеді және оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
30. Аттестатау комиссиясының бекітілген шешімдері қызметшілердің аттестаттау парағына енгізіледі.
31. Аттестаттаудан өткен қызметшінің аттестаттау парағы және оған берілген қызметтік мінездеме жеке ісінде сақталады. Ұйымның басшысы бекіткен аттестаттау комиссиясы шешімі де қызметшінің қызмет тізіміне енгізіледі.
3. Аттестаттаудың шарттары
32. Жүктілігі және босануы бойынша демалыстағы және бала үш жасқа толғанша оған күтім жасау үшін жалақысы сақталмайтын демалыстағыларды қоспағанда, барлық қызметшілер аттестауға жатады.
33. Қызметшілер азаматтық қызметте болған әрбір кейінгі үш жыл өткен соң, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан кейін аттестаттаудан өтеді.
Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізіледі.
Бала күтімі бойынша демалыста жүрген қызметшілер қызметке шыққаннан соң алты айдан кейін аттестатталады.
Қызметшілерді аттестаттау олардың өтініштері негізінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін өткізіледі.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.07.2016 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Білім және ғылым саласындағы
азаматтық қызметшілерді
аттестаттаудан өткізу қағидалары
мен шарттарына 1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |