Білім күні мерекесінің сценарийі



Дата12.10.2019
өлшемі17,3 Kb.
#49752
Байланысты:
сценарий

«Бекітемін»

10 Қ.Сәтпаев атындағы



мектеп – гимназия интернаты

директоры: ________А.Бейсенова

«___»______________2019 ж
Білім күні мерекесінің сценарийі

Салтанатты жиынға оқушыларды тұрғызу( сынып жетекші, тәрбиешілер)

Рапорт беру (әскери жетекші)

Мектеп оқушылары түзел, тік тұрыңдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына қарап сап түзеңдер!!!

Әнұран орындалады.

1 – жүргізуші:

Мектеп деген білім күні, жыр күні

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені.

2 – жүргізуші:

 Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!

Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шатыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!
1-жүргізуші:

 Мектеп ана күліп тұр тағы,
Шақырады қыркүйектің нұр таңы.
Асығуда білім нәрін алуға
Еліміздің тағы бір жас ұрпағы! – деп ортамызға 1 – сынып бүлдіршіндерін қошеметпен ортаға шақырайық!

2 – жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ата – атаналар, ұстаздар, оқушылар және мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндер! Сіздерді жаңа оқу жылымен құттықтап, тәуелсіз еліміздің білімді жастары бола беріңіздер дей отырып, бүгінгі салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші: 

Шарықтасын шат көңілдің алабы,
Шат жүрекке ақ тілектер қонады.
Дархандай кең біз қонақжай халықпыз

Әрқашанда төрде отырар қонағы

2-жүргізуші: 

Салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарымен таныстырып өтейік.
/Қонақтар таныстырылады/

1- жүргізуші:

Дәм жазса жақсылыққа кез келерміз,
Күн сайын өркендерміз, өсерміз.

Бүгінгі салтанатты жиналыста
Құрметпен өзіңізге сөз береміз, - дей отырып, құттықтау сөз кезегін мектебіміздің басшысы Бейсенова Әлия апайға береміз.

2- жүргізуші:

Абзал жандар, биік тұлға байсалды,
Құшақ жая төл мерекең қарсы алды.

Қуанышпен жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бірінші сынып баршаңды, - деп, ендігі кезекті 1 – сынып оқушылары дайындаған әдеби монтажға береміз.

1 – жүргізуші:

Оқыған әпке, ағаңыз,

Қадірлі мектеп – бұл мектеп.

Сендердей біз де болғанбыз,

Есейдік, міне, қараңыз.

Құт болып алғаш қадамың,

Жағарсың білім шырағын.

Биылғы жыл ерекше,



Ұғарсың оның шын мәнін, - деп, 11 сынып оқушыларының 1- сынып оқушыларына «Білім кілтін» салтанатты түрде тапсырады. ( музыка)

2- жүргізуші:

Би________________________ орындайтын____________________

1 – жүргізуші:

Құттықтап білім күнімен,

Сыйланар сізге әліппе.

Бар білімнің бастауы,

Қадірлеп оны дәріпте.

(Музыка әуенімен 11-сынып оқушылары сыйлықтарын  1-сыныптарға сыйлайды)

2 – жүргізуші:

Ән_____________________ орындайтын_____________________

1 – жүргізуші:

Қағылмақ , міне, әуенге бөлеп,

Қағылмақ алғаш қоңырау,

Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,

Шаттыққа толсын омырау, - дей отырып, Алғашқы қоңырау соғу рәсіміне кезек берейік. Алғашқы қоңырау соғылады, 1 – сынып оқушыларын шығарып салайық.

Әскери жетекші:

Мектеп оқушылары түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына қарап сап түзе!

2-жүргізуші:   Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп, — деп бүгінгі «Білім күніне»

арналған  мерекемізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет