Білім көздері: Сауат ашу. Сабақтың тақырыбы: Еңбек еткен-мұратқа жеткен. Сабақтың мақсаты



Дата29.11.2022
өлшемі15,69 Kb.
#160295
түріСабақ
Байланысты:
Презентация-1, Жеңіл атлетиканың шығу тарихы және түрлері — копия, Жеңіл атлетиканың шығу тарихы және түрлері — копия, Karimova Madina, sabaq-kz attachment kazak-tili-11-587e574d185b6, 1603209038, Директор, БЖБ ТЖБ талдау шаттық, Е11-Пірназарова. Л.(КМИС)

Мектеп алды дарлық топ.
Білім беру саласы: Қатынас. Білім көздері: Сауат ашу. Сабақтың тақырыбы: Еңбек еткен-мұратқа жеткен.
Сабақтың мақсаты:
 
Балалардың сауат ашу сабақтарында алған білімдерін бекіту. Флипчартта жұмыс істеу арқылы, балалардың қызығушылықтарын арттыру. Флипчартта қаламды дұрыс ұстауға, әдемі жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивтік тақта, алдын –ала дайындалған флипчарт.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:
Табиғатқа қамқор боп, Байлығын біз қорғайық. Әдепті де,тәртіпті боп, Жақсылығын қолдайық.

- Балалар бүгінгі сабағымыз интерактивті тақтаның көмегімен өтеді. Бүгін біз сауат ашу сабағынан осы уақытқа дейінгі еңбегіміздің нәтижесін көрсетеміз.
Алдымызда төрт түсті конверттерді көріп тұрмыз.
-Бірінші конверттің түсі қандай? -Ақ деген сөзді орыс тілінде қалай айтамыз? -Ал ағылшын тілінде? -Екінші конверттің түсі қандай? -Жасыл деген сөзді орыс және ағылшын тілінде қалай айтамыз? -Үшінші конверттің түсі қанддай? -Қызыл деген сөзді орыс және ағылшын тілінде қалай айтамыз? -Төртінші конверттің түсі қандай? -Сары деген сөзді орыс және ағылшын тілінде қалай айтамыз? -Балалар, бұл түстерді жылдың қай мезгіліне ұқсатуға болады? -Енді жыл мезгілдерін үш тілде қалай айтылатанын есімізге түсірейік. -Өте жақсы.Балалар,бұл жыл мезгілдері әрқайсымызға ұнайды,олардың бәрі де өз бетінше әдемі,керемет. Бұл конверттердің ішінде бізге арналған тапсырмалар бар екен.Тапсырмаларды орындап біз осы уақытқа дейінгі еңбегіміздің зая кетпегенін дәлелдейміз.
Негізгі бөлім.
Ақ конверттің ішіндегі тапсырма:
сұрақтарға дұрыс жауап бер.
-Қазақ тілінде неше әріп бар? -Әріп дегенімі не? -Дыбыс дегеніміз не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Дауысты дыбыстар қалай айтылыды? -Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? -Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз? -Дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз? -Сөз неден құралады? -Сөйлем неден құралады? -Аққала сөзінде неше буын бар?
Жасыл конверттің ішіндегі тапсырма. Ойын "Жалғасын тап". Шарты:Сөздің алғашқы буындары берілген ,соңғы буындарын тауып,неғұрлым көп сөз құрастыру керек.
көк- нау- Ай-
(-тем,-пар,-рыз,-қас,-гүл,-наш,-ша)
Қызыл конверттің ішіндегі тапсырмалар. Сөздерді оқып, сөйлем құрастыру.О әрпін ө -ге ауыстырып,шыққан сөзден сөйлем құрастыру.
соз тор от
Сергіту сәті.
Сары конверттің ішіндегі тапсырма:Сөздерді тақтаға жазып,дыбыстық талдау жасау. (Балалар интерактивті тақтада дайындалған флипчартта қалам арқылы сөздерді жазады) 
Күз,сары,алтын,жаңбыр.
Қорытындылау.
-Бүгін сабақта төрт түсті конверттің тапсырмаларын орындадық.Сол төтр түсті үш тілде қалай айтылатынын қайталап жіберейік.( Ақ-белый-white; жасыл-зеленый-green; қызыл-красный-red;сары-желтый-yellow.)
-Төрт түсті біз төрт жыл мезгіліне ұқсаттық.Енді төрт жыл мезгілін үш тілде қалай айтылатынын есімізге түсірейік.( Қыс-зима-winter ,көктем-весна-spring, жаз-лето-summer, күз-осень-autumn.)
-Сабақтың соңында "Өз орныңды тап"ойынын ойнайық. Ойынның шарты: төрт жыл мезгілдерінің айлары берілген.Оларды оқып,өз орнына орналастыруға көмектесу керек.
-Бүгінгі сабақ ұнады ма? -Интерактивті тақтамен жұмыс жасаған ұнады ма? -Тапсырмаларды орындау қиынға түсті ме? -Балалар, біз бүгін тапсырмаларды дұрыс орындап,осы уақытқа дейін сауат ашу сабағында үйренгенімізді көрсете алдық. Біз мұратымызға жеткенімізді көрсеттік.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет