Ежелгі Греция және Ежелгі Римдегі саяси ілімдер: Платон, Аристотель. Платон пiкiрi бойынша мемлекеттiк құрылыстың «дұрыс» және «бұрыс» формалары кездеседi («Мемлекет» деген еңбегінде мемлекеттік құрылыстың бірінші жобасын ұсынды). Мемлекеттiң дұрыс формасы – монархия, аристократия, өйткенi олардың қызметi қоғамды келiсiм мен байлыққа жеткiзедi деп есептедi. Мемлекеттiң бұрыс формасы – тимократия (байлықты иеленуге талпынушылардың үстемдiгi), олигархия (азғана ғана бай жауыздардың, қылмысқа жақындардың үстемдiгi), демократия (көпшiлiк билiгi), тирания (бiр адам билiгi). Платон мемлекеттiң дұрыс және бұрыс формаларына iзгiлiктi мемлекеттi қарсы қояды. Оның пiкiр бойынша iзгiлiктi мемлекет мынадай белгiлерге ие болуы тиiс: 1) қорғау құралдарының болуы; 2) қоғам мүшелерiн қажеттi материалдармен жүйелi түрде жабдықтап тұруы; 3) рухани және шығармашылық қызметтiң жоғары деңгейде дамуына жағдайды жасау. Ол мемлекеттегi касталық құрылысты дәрiптейдi. Қоғамдағы адамдарды – философ-билеушiлер, сақшылар, тiкелей өндiрушiлер деп бөледi. Әрбiр сословие өзiнiң қабiлетi келетiн iспен айналысуы керек деп санаған. Бір әлеуметтік қабаттан екіншісіне өтуді жоққа шығарады. Платон саяси iлiмiнде тоталитарлы бағыт анық сезiледi.
Аристотель (б.з.д. 384-322ж.ж.) саяси iлiмi «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика» деген еңбектерiнде жинақталған.
Мемлекетке адамдар белгiлi бiр игiлiкке жету үшiн бiрiгедi. Ол да мемлекеттi «дұрыс» және «бұрыс» формаларға бөлдi. Дұрыс түрiне монархияны, аристократия мен политияны жатқызды. Ал, тирания, олигархия мен демократия мемлекеттiң бұрыс түрi деп санады. Мемлекеттiң дұрыс түрiнде әкiмдер халық, ел пайдасын ойлайды, билiк қоғамға қызмет етедi. Ал, бұрыс түрiнде олар өздерiнiң бас пайдаларын ойлайтын көрiнедi. Мемлекеттің ең дұрыс формасы полития деп санады. Полития жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құруы. Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрдi. Себебi, әкiм қаншалықты жақсы болғанымен сезiмге, ашу-ызаға берiлмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды.
А. Августин (354-430 ж.ж.) христиан философиясының негiзгi қағидаларын дәрiптеп уағыздаған. Ол «Құдай қала туралы» атты еңбегiнде саяси ой-пiкiрлерiн бiлдiрдi. А. Августин барлық әлеуметтiк, мемлекеттiк, құқықтық ұйымдар мен заңдар адам күнәсiнiң нәтижесi деп санады. Ф. Аквинский(1224-1274 ж.ж.) «Құдайшылдықтың жиынтығы» деген еңбегiнде саяси билiктiң үш элементiн: мәнiн, формасын және қолдана бiлудi ажыратып көрсеттi. Сонымен бiрге, ол өз еңбектерi арқылы арнайы заң теориясын жасады.
Орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билік пен құқық туралы ойлар Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж) еңбектерінде жан-жақты талқыланды.