Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға


Ерік - бұл субъектінің саяси мақсатты іске асырудағы қабілетті, дайындығы мен бостандығының болуы. Бедел -



бет15/47
Дата01.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#170583
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47
Байланысты:
Саясаттану семинар әдістемелік нұсқау (1)
algoritmy VOP kz, 1 лекция ок, 7 КЛАСС Зертханалық жұмыс
Ерік - бұл субъектінің саяси мақсатты іске асырудағы қабілетті, дайындығы мен бостандығының болуы.

  • Бедел - саяси билік субъектісінің жалпының мойындаған ықпалы.

  • Зорлау- билік субъектісінің өз өктемдігін күш қолдану мүмкіндігі арқылы іске асыруы.

    Мемлекеттiк билiк:
    1. Мемлекеттiк билiктiң басқа биліктерден айырмашылығы – оның басқару органдары бар және заң шығару мәселесінде бір өзі шексіз түрдегі құқыққа ие болуы.
    2. Мемлекеттiк билiк өзінің мақсат-міндеттерін орындату үшін қоғам мүшелерін мәжбүр ету амалына бір өзі ие.
    3. Мемлекеттiк билiк белгiлi бiр аумақта ерекше аппарат арқылы жүргізіледі.
    4. Мемлекеттiк билiк өзiнiң арнайы күштеу аппаратына сүйенедi.
    5. Мемлекеттiк билiк монополиялық сипат алады.
    Билік ресурстары:

    • Экономикалық ресурс – материалдық құндылықтар, ақша, техника, құнарлы жер, пайдалы қазбалар.

    • Әлеуметтік ресурс – әлеуметтiк статусты көтеру немесе түсiру қабiлетi, әлеуметтiк стратификация.

    • Мәдени-ақпараттық ресурс – бiлiм, ақпарат, оны тарату құралдарына бiлiм, ғылым институттары, БАҚ-ы жатады.

    • Демографиялық ресурс – адам, ол көп ресурстарды өндіруші, ғылым мен білімді дамытушы.



    Билiктiң қайнар көзi: бедел, күш, байлық, заң, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, мүдде, бiлiм жəне хабарлама мəлiметтер (информация), тәжірибе, харизма.
    Билiктi жүзеге асыру əдiс-амалдар: құқық, бедел, сендiру, əдет-ғұрып, дəстүр, амал-айла, қулық, күштеу, зорлау, ерiксiз көндiру.
    Саяси билікті қолданушы, жүргізуші адамға басқаның табынуын саясаттануда билік фетишизмі дейді.
    Саяси билiктегі теңсiздiк себептері:

    • Экономикалық қор.

    • Əлеуметтiк əдiс-құралдар.

    • Күш жұмсау құралдары.

    • Ақпарат құралдары.

    • Ақпараттық қор.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет