Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға


Сайлаудың өкiлдiлiк қатынастың қалыптасуы мен институттануы қызметi



бет27/47
Дата01.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#170583
түріСеминар
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47
Байланысты:
Саясаттану семинар әдістемелік нұсқау (1)

3. Сайлаудың өкiлдiлiк қатынастың қалыптасуы мен институттануы қызметi. Теория бойынша қоғамның әр бiр мүшесi қандай да бiр әлеуметтiк қауымдастықтың мүддесiн бейнелеуге, билiк ұйымында оның өкiлi болуға құқылы. Бiрақ шын мәнiнде Бұл бәрiнiң қолынан келе бермейдi. Сайлау процесiнде өз өкiлдiгiн қолдау базасын қалыптастыру өте маңызды, ол коммуникациялық каналдар мен сайлаушылармен өзара әрекетте болуға байланысты. Қайсы саясаткер бұны табысты, жемiстi ұйымдастыра алса, онда ол саяси элита қатарына табиғи таңдау негiзiнде өте алады.

  1. Сайлаушылардың саяси белсендiлiгiн арттыру қызметi. Сайлау науқаны кезеңiнде сайлаушылар әртүрлi саяси бағыттарды, әлеуметтiк-саяси күштердi қарастырады. Олардың iшiнен өз мүддесiне лайықтысын, қанағаттандырылу мүмкiндiгi барын таңдайды. Дегенмен сайлаудың әдiлеттi өтуi көбiнесе сол электораттардың саяси белсендiлiгiне байланысты екендiгiн ұмытпау керек.

Сайлаудың демократиялығын бiрнеше қағидалар анықтайды:
1. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы қағидасы жынысына, нәсiлiне, дiнге көзқарасына, әлеуметтiк шығу тегiне және т.б. қарамастан белгiлi бiр жасқа толған барлық азамат сайлауға және сайлануға құқылы. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы белсендi сайлау құқығы және бәсең сайлау құқығы болып бөлiнедi.
Белсендi сайлау құқығы- ол 18 жасқа толған азаматтың сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы.
Бәсең сайлау құқығы- ол заң белгiлеген шектеулер:

  • жастық шектеу (18 жасқа дейiнгiлер қатыса алмайды);

  • қабiлетсiздiк шектеу (жүйке аурулар);

  • моралдық шектеу (сот тәртiбiн бұзғандар);

  • тұрғын жерi мен азаматтығына байланысты шектеулер.

2. Сайлау құқығындағы тепе-теңдiк қағидасы. Яғни сайлаушылардың барлығының бiрдей дауысты иеленiп қатысуы, бiр сайлаушының басқа сайлаушыларға қарағанда ешқандай жеңiлдiкке ие болмауы. Сонымен бiрге, сайланушылар құқығының да бiрдей болуы. Мұнда өкiлдiк нормаларына сәйкес халықтың саны бойынша тепе-теңдiк сайлау округтерi құрылады. Барлық азаматтардың сайлау құқығы заңмен бiрдей деңгейде қорғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет