Саяси жетекшiлiк белгiлерi: өзiндiк бағдарламасының немесе жаңашыл стратегиясы мен тактикасының болуы;
қандай да бiр топтың көзқарастарын бiлдiре және қорғай бiлу;
бағдарламаларын iске асыру және өз қолдаушыларын жинау үшiн қажеттi сапалық қасиеттерiнiң болуы;
қажеттi саяси мәдениет деңгейi;
сол қоғам мен топта қалыптасқан моралдық нормаға жауап беретiн жетекшi имеджi;
танымалдылық;
көмекшiлер мен орындаушылар командасының болуы;
халық бұқарасының, ресми билiк құрылымының, немесе қоғамдық ұйымдардың белгiлi бiр деңгейде қолдауына ие бола бiлу;
өз жақтастары мен сайлаушыларына керек бола бiлу;
қоғам немесе өз тобы атынан сөйлеу бiлу.