Тепе-тең сайлау жүйесiнiң мәнi мандаттар партиялар арасында жинаған дауыстарына сай бөлiнедi.
Тепе-тең сайлау жүйесiнiң артықшылықтары: парламент деңгейiнде саяси күштердiң ақиқат өкiлдерi болуына мүмкiндiк бередi. Парламенттiк саяси шешiм қабылдау нәтижесiнде жекелеген әлеуметтiк және саяси топтар мүдделерi есепке алынады. Тепе-тең сайлау жүйесi азаматтық қоғам мен саяси жүйе, мемлекет арасындағы байланысты нығайтады, плюрализм дамуына мүмкiндiк бередi.
Тепе-тең сайлау жүйесiнiң кемшiлiктерi:
Дауыс беру жеке адамға емес, партияға негiзделген соң сайлаушылар мен парламент депутаттары арасындағы байланыс әлсiрейдi. Кандидаттар тiзiмi әкiмшiлiк-канцеляриялық жолмен әзiрленедi, бұл кандидаттың партиялық-аппараттық құрылымға тәуелдiлiгiн күшейтедi. Бұл бюрократиялық шешiм мен алаяқтық мүмкiндiктерiн күшейтедi, тұрғындардың өкiлдiлiк ұйымдарға сенiмiн әлсiретедi.
Тепе-тең сайлау жүйесiнiң бүкiл ел көлемiнде қолдаушылары жоқ саяси күштердiң парламентке келуi Үкiметтi құруда қиындықтар тудырады. Күштi партиялардың жоқ болуы, көппартиялық коалициялардың құрылуына алып келедi, бұл партиялардың бағыттары мен бағдарламалары әр қилы, сонда да олар келiсiмге барады. Бiрақ бұл келiсiмдер тұрақты емес, ол Үкiмет қызметiне де әсер етiп, қайшылықтар тудырады.
Мажоритарлық және тепе-тең сайлау жүйелерiнiң кемшiлiктерiн жоя отырып өзiнше бiр аралас сайлау жүйелерi де қалыптасқан:
ұсақ партиялар өкiлдiлiгiн шектеу үшiн төменгi шек- сайлау өлшемi анықталынады.
көпмандатты округ орнына азмандатты құрылады. Сайлауға қатысу құқығы 4-5 партияға ғана берiледi.
кандидаттар тiзiмiне партия емес, оның өкiлдерi ендiрiледi, сондықтан дауыс беруде партиялық бағдарламаны емес, жеке адамдарды таңдау жүзеге асырылады.
Ел көлемiнде депутаттық мандаттардың бiр бөлiгi мажоритарлық жүйе бойынша, екiншi бөлiгi партиялық тiзiм бойынша жинаған дауыс негiзiнде бөлiнедi. Сөйтiп, мажоритарлық және тепе-тең сайлау жүйелерiнiң кемшiлiктерiнен айырылып, тек артықшылықтарын пайдалануға мүмкiндiк туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |