Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға



бет58/62
Дата28.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#133637
түріСеминар
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
Семинар әдістемелік нұсқау
2 5314420604529543613, 2 5314420604529543613, 2 5314420604529543613, 2 5314420604529543613, «Биология» п нінен то санды жиынты ба алау спецификациясы 7-сы (3), 187526.pptx, Шарап, 5 сынып, Практикалық жұмыс 19-20 ДОТ, «Ìàòåìàòèêàíû î?ûòó ?ä³ñòåìåñ³» î?ó ï?í³ ðåò³íäå 1-Ä?ð³ñ. Ìàòåìà, 134450.pptx, 696051, Лекция 10
Сабақтың мазмұны:
Конфликт дегенiмiз әрбiр қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, iстi насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердiң, пiкiрлердiң, көзқарастардың қайшы келуi, елеулi келiспеушiлiк, өткiр пiкiр талас.
Саясаттану ғылымында Ұзақ жылдар бойы қоғамдағы қайшылықтар, дағдарыстар, конфликттер, төңкерiстер, яғни мемлекеттегi тұрақсыздық, ойдағыдай дамымауы ауру болып саналды. Көптеген ойшылдар қоғам, мемлекет бiрқалыпты, тұрақты дамуы керек деп санады. Сондықтан қоғамдағы тұрақтылық ең негiзгi құндылық болып саналды.
Бiрақ ол мүмкiн нәрсе емес едi, өйткенi қоғамда әр түрлi әлеуметтiк топтар, таптар, қабаттар тұратын болғандықтан, олардың мақсат-мүдделерi, талап-тiлектерi де соншалықты әр түрлi болып келедi. Бұл әр түрлiлiк, сәйкес келмеушiлiктер айырмашылықтарды тудырады, олар дер кезiнде шешiлмей конфликттерге айналып отырады.
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев халыққа Жолдауында: «Егер әртүрлi топтар оларды қандай саяси, идеология, дiни, этникалық немесе топтық мүдделердiң бiрiктiретiндiгiне қарамастан қарама-қарсылық күйде болса, бұл халықты ортақ игiлiкке қол жеткiзу мен өзiнiң ұлттық мүдделерiн iске асыру мақсатынан жаңылыстыратын қауiптi жағдайға әкеп соғады»- деп конфликттердiң қоғам үшiн қауiптiлiгiн баса айтады.
Адамзат конфликттi зерттеуге өте ертеден-ақ көңiл бөлген, б.з.д. Vll-Vl ғасырлардағы қытайлық философтар дүниедегi нәрселердiң бәрiнiң қозғалысының көзi оң (ян) және терiс (инь) бастаулар болады деп айтады. Ежелгi грек ойшылы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресiнен туады және ол күрес жаппай, барлығы мүмкiндiгiне қарай күрес арқылы болып өтедi деп жазады. Бұл пiкiрдi Сократ, Платон, Эпикур де мойындаған.
Қоғамдағы конфликттi зерттеуге Н.Макиавелли ерекше көңiл бөлдi. Рим тарихына арналған еңбегiнде конфликттiң әр түрлi деңгейiн қарастыра отырып, оның қоғам дамуындағы маңыздылығын айтты. ХVlll ғасырдағы саяси конфликттi зерттеушi ойшылдар оны үстемдiк пен тәуелдiлiкке әкеп тiредi және ол мемлекет реттеуiмен шешiлiп отырады деп есептедi. Конфликттi әлеуметтiк құбылыс ретiнде зерттеген А.Смит болды. Бұл зерттеуiн «Халық байлығының себептерi мен табиғаты туралы зерттеулер» (1776 ж.) атты кiтабында жүргiзген. А.Смит конфликттiң негiзiне- қоғамның таптарға қысым жасауы мен экономикалық бәсекелестiктi жатқызады, әрi оны қоғамның қозғаушы күшi деп есептедi. Конфликттi зерттеуде Гегельдiң iлiмi ерекше орын алады. Ол қоғам дамуындағы қарама-қарсылықтардың қайшылықтары мен күресiн жоғары бағалады.
Конфликттiң өзiнiң теориялық негiзiн ХlХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әлеуметтану ғылымында алды. Бұл кезеңдегi әлеуметтану ғылымы биология ықпалында болды, сондықтан конфликттi дарвиннiң теориясы негiзiнде түсiндiрдi. Кейiнен әлеуметтануда психологиялық бағыт қалыптасты, сөйтiп конфликтке әлеуметтiк-психологиялық көзқарас таратылды. Одан кейiн әлеуметтануға функционализм күштi ықпал еттi, ол конфликттi жағымсыз рөл атқарады деп, оны зерттеудi соңғы орынға шығарды.
Сөйтiп конфликттi зерттеудiң мынадай төрт концепциясы қалыптасты:
1. «Конфликттiң жағымды-функционалды» концепциясы /Л.Козер/;
2. «Қоғамның конфликттiк моделi» концепциясы /Р.Дарендорф/;
3. «Конфликттiң жалпы теориясы» концепциясы /К.Боулдинг/;
4. «Конфликттiң маркстiк теориясы» /К.Маркс,Ф.Энгельс/.
Л.Козер шиленiстерге құндылықтар, мәртебе, билiк, қаржы-қаражат үшiн күрестердi жатқызды. Л.Козер концепциясының мәнi- қоғамға әлеуметтiк теңсiздiк, мәңгiлiк психологиялық қанағаттанбаушылық тән, сондықтан индивид пен топтар арасында қайшылық, сезiмдiк- көңiл күйiнiң тұрақсыздығы пайда болады, олардың қарым-қатынасы бұзылады. Сондықтан Л.Козер әлеуметтiк конфликтке белгiлi әлеуметтiк пен индивид сезiмдерiнiң қайшылығын жатқызады.
Немiс әлеуметтанушысы Р.Дарендорф «қоғамның конфликттiк моделi» атты теорияны қалыптастырды. Ол «Индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық конфликттер» деген еңбегiнде билiктi бөлуге байланысты адамдар арасында теңсiздiк пайда болады, олар конфликтке әкелiп, қоғамның құрылымын өзгертедi деп санады. Бұл өзгерiстердi конфликтер өздерi-ақ жүзеге асырады, сондықтан К.Маркс айтқан революциялық төңкерiске жол бермеу керек деп есептедi. Сонымен бiрге жаншылған конфликттер қоғам организмiндегi қатерлi iсiкке айналады деп жазады.
Қоғам өмiрiнiң iшкi және халықаралық жағдайына да қолдануға қолайлысы К.Боулдингтiң «конфликттiң жалпы теориясы» концепциясы болып табылады. Бұл теория оның «Конфликт және қорғау. Жалпы теория» деген кiтабында қалыптасқан. Оның пiкiрi бойынша конфликт қоғамдық өмiрден ажыратылмайды. Әлеуметтiк конфликттiң мәнi адамның қалыпты реакциясына байланысты. Қандай кикiлжiң болмасын тiтiркендiргiштер, қоздырғыштардың әрекеттерi арқылы реакцияларды, құндылықтарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның нәтижесiнде қоғамдық құрылыс түбiрiмен өзгерiске түседi деп санаған. Сонымен бiрге, К.Боулдинг конфликттiң алдын-алу керек немесе шектеп отыру керек деп есептеген.
Саяси конфликттерге ерекше көп көңiл бөлген марксизм. К.Маркс пен Ф.Энгельс «Коммунистiк партияның манифесi» атты еңбектерiнде тап күресi таптық қоғамдардың дамуының заңдылығы деп жазады.
Конфликт шығуының бiрнеше себептерi бар, мәселен:

  • Конфликттiң бiрiншi себебiне, адамдардың қоғамдағы мәртебесi, қызметi, билiкке қатынасының теңсiздiгi жатады. Қоғамда адамдардың бiр тобы үстемдiк етедi, екiншiсi көпшiлiк адамдар бағынады, алғашқылардың айтқанын iстейдi.

  • Конфликттiң екiншi себебi, қоғамдағы адамдардың сұраныстарының, мұқтаждықтарының, мүдделерiнiң өтелмеуi немесе қанағаттандырылмауы. Бұдан байқайтынымыз конфликт мәңгiлiк, өйткенi қоғамдағы барлық адамдардың, барлық уақытта мүдделерiнiң, талап-тiлектерiнiң орындалуы мүмкiн емес. Ондай қоғам еш жерде жоқ.

  • Конфликттiң үшiншi себебi, қоғамда әр түрлi әлеуметтiк, этникалық, дiни т.б. бiрлестiктерге жататын адамдардың өмiр сүруi. Осы жоғарыдағы ерекшелiктерiне сай қоғамнан орын алуы мүмкiн, онда өздерiнiң жағдайларына қанағаттанбай, басқалардың қысымын сезiнуi. Бұл конфликттiк ахуалды тудырады.

  • Конфликттiң төртiншi себебi адам санасында. Қоғамда қалыптасқан құндылықтар мен жеке адамның түсiнiктерiнiң сай келмеуi, адамдар үмiтiнiң ақталмауы, iшкi сезiмдерiнiң сай келмеуi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет