Білім сапасын ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру



Дата30.05.2020
өлшемі55 Kb.
#71655
Байланысты:
Баяндама


География сабағын жаңа технология үрдісінде оқыту
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол   ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ жаңа технология мен компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс.

Қазіргі кезде жаңа технологияны дамыту білім беру саясатының  ажырамас бөлігі болып табылады.  Біз «ақпараттық жарылыс» дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Ғылыми білім мен ақпарат көздерінің мөлшері тез өсуде. Ақпараттандыру – жеке және заңды  тұлғалардың ақпаратқа  деген талаптарын қанағаттандыру мақсатында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық қорлар мен жүйелерді қалыптастыруға  және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялық мәселелерін табысты түрде шешу істерінің:

1) ақпараттандыру саласындағы ғылыми-әдіснамалық, заң шығару және нормативті-құқықтық негіздер сапасына:

2) есептеу техникасы, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар аймағында атқарылып,  жатқан іргелі, әрі қолданбалы зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер деңгейіне байланысты екені белгілі болуда.

Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алды. Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнына, құрылымына өзгеріс әкеледі, түрлендіреді. Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен  біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп жүйелеуді талап етеді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне  шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Осылайша оқыту құралдарының бірі –электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал.

География сабақтарында электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі-пәндік білім, екіншісі-компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық  жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулыққа  оқу технологиялары жинақталған. Мысалы: ойын арқылы оқыту, блокты оқыту, тірек- сигналдар арқылы оқыту, т.с.с.  Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есіндежақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі.

Соңғы кезде білім берудегі жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың бағыттары табысты дамып келеді, сөйтіп оқыту процесіндегі ақпараттық технологияның жаңа құралдарын қолдана отырып, оқытудың тек қана формасы мен әдісі өзгеріп қана қоймайды, жаңа басқару және оқу процесін қадағалау әдістерінің  пайда болуына мүмкіндік туғызады. Әлемдік тәжірибені үйреніп, жинақтап қорыту арқылы дүние жүзілік білім беру кеңістігіне ену векторын айқындауға болады. Мысалы « Интернет – оқу орны » бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Қоғамның одан әрі дамуы – ұстаздың кәсіби даярлығына, әдістемелік жаңалықтармен, жаңа ақпараттармен қарулануына  байланысты. Мұғалімнің ақпараттық мәдениеті – өмір бойы жаңалық іздеп, оны табу,ізденіс-мұғалім өмірінің өзегі. Міне, ақпарат кеңістігін терең меңгерген мұғалім өзінің ақпараттық мәдениетінің биіктігімен, жан-жақтылығымен, кәсіби шеберлігімен,іскрлігімен ерекшелетіндігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Сабақтарда жаңа технология үрдісін пайдаланудың келесі педагогикалық мақсаттарын анықтайды:


  1. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу- тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру:

- оқыту процесінің ықпалы мен сапасын арттыру,

- танымдық қызметтің екпінділігін арттыру,

- пәнаралық байланысты тереңдету,

- қажетті ақпаратты іздеді оңтайландыру және көлемін ұлғайту.

2. Оқушы тұлғасын дамыту, ақпараттық қоғам шартында өмір сүруге даярлау.

- ойлардың түрлі формаларын дамыту,

- коммуникативтік қабілеттерді  дамыту,

- күрделі жағдайда оңтайлы шешім немесе шешу нұсқаларын қабылдау дағдыларын  қалыптастыру.

- компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану арқылы эстетикалық  тәрбие беру,

- ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, мәселені немесе жағдайды моделдеу біліктілігін дамыту, ақпаратты өңдей білу:

-         Экспериментальдық-зерттеушілік қызметті іске асыра білуді қалыптастыру.

3. Қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау:

- Ақпараттық сауаты бар тұлғаны даярлау :

- компьютерлік орталарды пайдаланушыны даярлау:

Оқыту үрдісінде компьютерлік технологияларды пайдадалану келесі мақсаттарға бағытталады:

-         компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыру арқылы оқыту үрдісінің ықпалдығы мен сапасының деңгейін көтеру:

-         танымдық әрекеттердің белсенділігін арттыратын  ынталарды қамтамасыз ету:

-         қазіргі заманғы ақпарат өңдеу орталарын пайдалану негізінде пәнаралық байланысты тереңдету.

Оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалануда келесі дидиктикалық мақсаттарды іске асыруды міндет ету қажет:

1. Оқу еңбегін рационалды ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.

2. Оқылатын пәнге қызығушылық  қалыптастыру.

3. Ойлау әрекеттерін жалпылау тәсілдерін мақсатқа бағдарлауды қалыптастыру.

4. Оқушының өз беттерінше жұмыс істеулерін дамыту.

5. Оқушыны шығармашыл түрлендіруші әректтерге баулу.

6. Алған білімдерін пайдалану біліктерін қалыптастыру және оны өз бетінше іздену арқылы кеңейту.

Жаңа технологияларды оқытуда қолдану –  оқытудың ғылымилық, жекелік тәсілі, көрнекілік сияқты маңызды дидактикалық принциптерін іске асырып, оның түрлі құралдары мен әдістерін оңтайлы үйлестіреді.

Оқушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуінен басталады. Жаңа технологиялар – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды.

Сабақты компьютермен сүйемелдеу  ісін жүзеге асыру:

-         компьютерді пайдалану арқылы оқу сапасының артуы мен оқыту  аймағының кеңеюіне байланысты қоғамның әлеуметтік талабына сай болуы;

-компьютерлік технологияның бұрынғы дәстүрлі пәндерге енгізілуі.

Оқушылардың әртүрлі компьютерлік техникалық құралдарды игеріп, соларды тұтыну  тәсілдерінің қалыптасуы, яғни оларды игеру  оқушыларды жаңа білім ортасына жылдам  енгізеді. Компьютермен оқытудың өз мақсаты, мазмұны, формасы және ерекше өткізу тәсілі бар екені белгілі. Осындай сабақтар жасаудың мынадай негізгі кезеңдері:

-         оқыту мақсатын анықтау:

-         өтілетін тақырыптың, бөлімнің  материалдарын талдау керектілерін таңдап алу және оның сценарийін құрастыру.

-         сабақты жүргізудің программасын жасау

-         оқу процесінде компьютерлік сүйемелдеуі бар сабақтарды кіргізу.

Компьютерлік сүйемелдеуі  бар сабақтарды жасаудың алғашқы кезеңін таңдап алынған тақырып бойынша оқыту мақсаттарын анықтаудан басталады.

Білім беру мақсатын жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар оқу материалының жаңа көлемін игереді, оның сапасын арттырады, деңгейін өсіреді.

Бұл мақсат екі топқа бөлінеді:

-оқушыларды білім негіздерімен, нақты фактілермен түсініктермен заңдармен, теориямен таныстыру

- жалпы әлеуметтік пәндік және пәнаралық біліктілікті, соларды игеруді қалыптастыру, яғни алдыңғы білімді қолдану тәсілдерін меңгеру.

Оқушыларды қазіргі заман талабына сай, электрондық оқулықтарды пайдаланып,  география пәніне деген  қызығушылығын  арттыру әрбір география мұғалімінің міндеті. Әрине электрондық оқулықтарды қолданудың әсері мол.

Қазірше, электрондық оқыту процесі жоғары және үздіксіз білім беру жүйесінде іске асырылуда және барынша дамуда. География пәні басқа пәндермен  салыстырғанда, картамен жұп- жазбас  бірлестікте  екенін ескеріп, оқушылардың  география  сабағында материкпен дүние бөлігіндегі  және аралдардағы  елдер мен халықтар  жайында, қызғылықты  деректерді  тек оқулық мәтініндегі берілген карта, сызба, сурет немесе диаграммаларды пайдаланумен ғана шектелмей, электрондық оқулықта көрсетілетін бейне арқылы пайдаланған тиімдірек.Оқушылар оқулықпен  жұмыс істеу  барысында  географиялық әдебиеттер мен карталар, сызбалар, суреттер  және қосымша кестелерді  пайдалану арқылы біліктіліктерін арттыратын бролса көзбен  көріп, электрондық оқулықтың  көмегімен  есте сақтау қабілетін  және пәнге қызығушылығын  арттырады.



Қорыта айтқанда жаңа технология бағдарламаларында барлық практикалық жұмыстарды дер кезінде орындауға және мұғалімге үлкен көмек. Сергіту сәттерінде жаратылыстану пәндерінен электронды оқулықтағы бейне фильмдер қолданылады, бұл оқушылардың жаратылыстану пәндерінен дүниетанымын және білім қорын кеңейтеді, пәнге қызығушылығын арттырады, электрондық оқулықтарды  өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар  зерттеуге құштар, дүниені аз уақытта танып білетін, байланыс туралы жеткілікті меңгерген технология саласының білгірі болады.

Назарларыңызға көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет