Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі n 319 Заңы


-бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің



Pdf көрінісі
бет43/61
Дата06.01.2022
өлшемі208,07 Kb.
#110089
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61
Байланысты:
zakon rk ot 27.07.2007 no 319-III kaz

      48-бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің

              денсаулығын сақтау

      1. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің науқастануын болдырмау,

денсаулығын нығайту, тән саулығын жетілдіру, салауатты өмір салтына қалыптастыру жөніндегі

қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі.

      2. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі мемлекеттік жалпыға

міндетті білім беру стандарттары, санитарлық-эпидемиологиялық 

 мен нормалар, оқу

ережелер


жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде әзірленген

білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.




      3. Денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдары білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулық

жағдайына үнемі бақылау жасауды, оларға медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Білім беру

ұйымдары медициналық пункттер үшін үй-жайлар ұсынады.

      Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында білім

беру ұйымдары білім алушыларға және тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз

ететін құрылымдық бөлімшелер құруға құқылы.

      4. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта

білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері Қазақстан Республикасының 

 

 тәртіппен жыл сайын тегін медициналық тексеруден өтіп тұруға міндетті.



заңнамасында белгіленген

      5. Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің

тамақтануы және белсенді тынығуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзіліс жасалуы көзделуге тиіс.

      Білім беру ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру үшін жағдай жасалады.

Тамақ сапасын бақылау денсаулық сақтау органдарына жүктеледі.

      6. Білім беру ұйымдарында оқытудың, тәрбиелеудің, еңбек пен тынығудың салауатты және

қауіпсіз жағдайларын жасау үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі.

      


Ескерту. 48-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 

№ 487-ІV


 (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет