Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі n 319 Заңы


-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің



Pdf көрінісі
бет44/61
Дата06.01.2022
өлшемі208,07 Kb.
#110089
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61
Байланысты:
zakon rk ot 27.07.2007 no 319-III kaz
адыс тасыл, Презентация Microsoft PowerPoint (2), мінездеме
      49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің

              құқықтары мен міндеттері

      1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:

      1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын

таңдауға;

      2) ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына

қатысуға;

      3) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына

қатысты ақпарат алуға;

      4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде

психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;

      5) балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.

      2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:

      1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың

ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;




      2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектеп алды

даярлығын қамтамасыз етуге;

      3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;

      4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті.

      

Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 



№ 487-ІV

 (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет