Білім єлеуметтануы



бет1/3
Дата16.12.2023
өлшемі173,5 Kb.
#197360
  1   2   3

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ

  • № 8 Дәріс.

Дәрістің жоспары

  • 1. Білім ұғымы, білім әлеуметтануының пайда болуы мен дамуы
  • 2. Білім - әлеуметтік процесс ретінде.
  • 3. Білім беру институтына әлеуметтанулық талдау.

Білім ұғымы

  • Адамзаттың немесе жеке тұлғалардың барлық өмірінде жинақтаған танымы мен тәжірибесі;
  • Осы жинақталған таным мен тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру процесі;
  • Аталмыш процесті жүзеге асыруға арналған мекемелер жүйесі (әлеуметтік институт);

- Қай кезде де адамзатқа тіршілік иесі ретінде көргені мен білгенін, танымын кеңейту, жаңаны үйрену мен жадына тоқу тән

  • Бұл процесс:
  • өмір сүруге қажетті игіліктерді өндіру барысында тәжірибе жинақтау;
  • қарым-қатынасқа түсу;
  • Қарым-қатынасты институциялауды қамтиды.
  • Биологиялық қажеттілік
  • (өмір сүру,
  • қауіпсіздік,
  • тамақ табу және т.б.)
  • Процесс
  • (үйрену, үйрету)
  • Экономикалық
  • қажеттілік
  • (өндіру,
  • ақша табу,
  • сату, айырбастау)
  • Ұйымдастыру,
  • топтастыру,
  • Институциялау.
  • Әлеуметтік қажеттілік
  • (арнайы мекемелер құру)

Бұл таным мен тәжірибе жинақтала келіп, ұрпақтан-ұрпаққа берілу процесіне ұласады.

  • Аталмыш процесс:
  • алдымен жай ғана табиғи процесс;
  • арнайы ұйымдастырылған мекемелер жүйесінің қажеттілігін тудырады.
  • Яғни, адамзаттың білім алуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында арнайы – білім институты өмірге келді.
  • Білім институт ретінде пайда болған сәтте алдымен таптық, касталық сипатта болып, кейін баршаға ортақ сипатқа ие болды. Бұл ғылыми-техникалық процеске байланысты еді. Яғни, капиталистік қоғам – машиналық өндіріске әкеліп, ал ол сауатты және білікті жұмысшыларды қажет етті.

Сондықтан әлеуметтану ғылымы білім ұғымын осы екі тұрғыдан зерттейді.

  • Яғни білім әлеуметтануы өз алдына мына міндеттерді қояды:
  • Білім беруге деген қажеттіліктерді зерттеу, оның қоғам мен жеке тұлға алдындағы ролін бағалау;
  • Білімнің әлеуметтік маңызын ұғына отырып, оның деңгейі мен сапасын бағалау;
  • Қоғам мен білім алушылардың білімге деген қатынасын, оның әлеуметтік құндылығын зерттеу;
  • Білімнің әлеуметтік мәртебеге ие болу факторы ретіндегі маңызын түсіну;
  • Білімнің рухани қажеттіліктер мен мүдделердің динамикасына ықпал ету дәрежесін анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет