Бұл таным мен тәжірибе жинақтала келіп, ұрпақтан-ұрпаққа берілу процесіне ұласады.
Аталмыш процесс:
алдымен жай ғана табиғи процесс;
арнайы ұйымдастырылған мекемелер жүйесінің қажеттілігін тудырады.
Яғни, адамзаттың білім алуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында арнайы – білім институты өмірге келді.
Білім институт ретінде пайда болған сәтте алдымен таптық, касталық сипатта болып, кейін баршаға ортақ сипатқа ие болды. Бұл ғылыми-техникалық процеске байланысты еді. Яғни, капиталистік қоғам – машиналық өндіріске әкеліп, ал ол сауатты және білікті жұмысшыларды қажет етті.