Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
БІЛІМАЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Мектепалды даярлық топ балалардың оқытудың педагогикалық мәні Тірек-схема
Тобы: ДО-903у
Білімалушы: Қасымова.О.Т.
Семей, 2021
Даялық сыныпта бала ең алдымен айналасындағы басқа балалармен қарым-қатынас жасауды, әдептіліктің алғашқы ережелерін үйренеді.Адамгершілік құндылықтарды түсіне бастайды, өз-өзіне қызмет жасауды меңгереді. Партада отыру, берілген тапсырмаларды мұқият орындау, өз іс-әрекетіне жауапкершілік дағдылары дамиды. Әріптерді танып, буындап оқуды меңгереді. Балалар бірінші сыныпта жақсы оқып кетуі үшін, мектепалды даярлық сыныптың орны ерекше. Сондықтан мектепалды даярлық сыныптарының жұмыс жасауы қажет деп есептеймін.
Даярлық сыныптың негізгі міндеті – баланың бастапқы жеке басын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Мектепке бейімделу кез-келген мектеп жасындағылар үшін өзекті мәселе болып табылады, ал даярлық сынып тәрбиеленушілері үшін ерекше маңызды. Себебі, баланың бастапқы іс-әрекетінің түрі өзгереді, бала тап болған әлеуметтік топ өзгереді.
Баланың тұлғалық дамуын, мінезін тәрбиелеу мен қалыптастыруда басты міндет – олардың жан-жақты болып өсуін қадағалау.Баланың мектепке даярлық кезеңінде болуы, оның жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады.
Даярлық сынып тәрбиешісінің міндеті бүлдіршіндерді жан-жақты дамыта тәрбиелеу болса, мен өз жұмысымда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жаңа стандартын басшылыққа аламын. Баланың қимыл-қозғалысы жеткілікті болғанда ғана денесі қалыпты дамиды. Сыныпта өткізілетін ертеңгілік жиындар, шаттық шеңбері ,сергіту жаттығулары осы талаптарды көздейді.Ойын әрекеті барысында балалардың ой-өрісі қалыптасып ,сан қырлы іс-әрекеттері дамып, жеткіншектердің жан-жақты дамуына жол ашады.
Балаларды мектепке дайындауда бала бойындағы психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші рөлді атқарады.Оқу жүктемесіне бес білім саласының мазмұны кіреді: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».
Достарыңызбен бөлісу: |