«Білімділер бәйгесі» атты бастауыш сыныптар арасында интеллектуалдық сайысы
Мақсаты: оқушылардың білімге деген құштарлығын,ізденісін,қызығушылығын арттыру,логикалық ойлау қабілетін дамыту,ортада өзін ұстауға,ұқыптылыққа үйрету. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Жүргізуші: Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар!
Білімпаз балалар өздерін таныстырады:
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда.
Ортаға сайысқа қатысушы 3-4 сынып оқушыларынан құралған топтарды шақырамыз. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 4 топ қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.
Ойын ережесімен таныстыру.
1- айналым «Ұшқыр ой»
Топтар 1 минут ішінде сұрақтарға жауап береді.
2- айналым: «Ғажайып алаң»
Бұл кезеңде 10-40 аралығында ұяшықтар берілген. Әр ұяшықта сұрақтар жасырынған. Ұпай сандары артқан сайын сұрақ та күрделене түседі. Дұрыс жауап берсе сол ұпайға ие болады.
3-айналым «Логикалық тапсырмалар»
4-айналым «Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Ойланып, мағынасын айту керек.
5-айналым «Сөз ойла,тез ойла!»
Тура оқылуы мен кері оқылуы әртүрлі мағына беретін сөздер жазу
Жүргізуші: Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін, ұранымен таныстырады.
Ой қозғау «Тез жауап бер»
1. Жиегі көгерген кілем қайдан көрінген? Көкжиектен
2. Нені қазып қала болған? Жезқазған
3. Екі сөз бірігіп қалайша сайрайды? Бұлбұлша.
4. Екі қазанның бірі сатылып кетсе, неше қазан қалады? Бірқазан
5. Баққаным әрі құс, әрі түйе. Түйеқұс
6. Суы да ала, тауы да ала,
Бар ма екен осыны білетін бала? Алатау, Алакөл.
7. Ұзын құлақты, есепке шорқақ не? Есек
8. Ұйқышыл, маймақ не? Аю
9. Шақса, қауіпті, бірақ адамға пайдалы не? Ара
10. Өзіңе дос, құшағы кең кім? Ана
11. Адамға адал, қасқырға қатал не? Ит
12. Өзі ала, өзі биік не? Алатау
13. Өзі терең, өзі тұзды, өзі ала не? Алакөл
14. Өзі талды, өзі қорған не? Талдықорған.
Достарыңызбен бөлісу: |