2- айналым: «Ғажайып алаң» Бұл кезеңде 10-40 аралығында ұяшықтар берілген. Бұлар ұпай сандары.Ұпай сандары артқан сайын сұрақ та күрделене түседі.Дұрыс жауап берсе сол ұпайға ие болады.
Әдебиет 10 20 30 40 50 10 ұпай Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім? Ыбырай Алтынсарин
20 ұпай «Менің атым Қожа» кімнің шығармасы? Бердібек Соқпақбаев
30 ұпай Қарлығаш би атанған би (Төле би )
40 ұпай «Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,батыр болсаң жауыңа найзаң тисін» деп айтқан би (Әйтеке би)
Қазақ тілі 10 20 30 40 10 ұпай Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша (жұрнақ)
20 ұпай «Қатты, тәтті» сөздерінің антонимі (жұмсақ, ащы)
30 ұпай «Балалардың» сөзі қай септікте тұр? (ілік септік)
40 ұпай «Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр» сөйлеміндегі етістік қай шақта тұрғанын табыңыз.
Математика 10 20 30 40 10 ұпай Периметрі 24 мм-ге тең шаршының ауданын тап.
20 ұпай Шебер 1 сағатта 25 бөлшек жасайды. Егер де шебер 200 бөлшек жасаған болса,онда ол қанша уақыт жұмыс жасаған? (8 сағат)
30 ұпай Велосипедші 14 км/сағ жылдамдықпен 28 км жүрді . Ол осы жолды қанша уақытта жүріп өтті? (2 сағат)
40 ұпай Қоқыс жинауға арналған қалталарды сатып алуға еріктілер 10000 тг бөлді. Бұл ақшаның бөлігін жұмсады. Қанша ақша жұмсалғанын тап.
Жаратылыстану 10 20 30 40 10 ұпай Жердің орбита бойымен Күнді айналуынан болатын құбылысты не деп атайды? (жыл мезгілдерінің ауысуы)
20 ұпай Қазақстанмен шекаралас елдерді ата.
30 ұпай Қанды тазартып, оның құрамындағы зиянды заттарды сыртқа шығарады.
(Зәршығару жүйесі )
40 ұпай Еліміздегі ең ірі мұнай кен орны –Қашаған қай жылы ашылды? (2000 жылы)