Білімгердің өзіндік жұмысы



Дата11.11.2023
өлшемі17,44 Kb.
#190964
Байланысты:
диана
ВР 4 Лекции, Регионоведение ЭБ, БЖБ 2 токсан 9 сынып География 2 нуска (1)

Білімгердің өзіндік жұмысы
1-тапсырма
Микроорганизмдердің таралу аймақтары. Микроорганизмдердің маңызы. Кесте құрастыру.

Микроорганизмдердің таралу аймағы

Микроорганизмдердің маңызы

Микроорганизмдер табиғаттың барлық жерінде таралған: топырақта, суда, ауада, жануарлар мен өсімдіктердің үстіңгі бетінде, жануарлар мен адамдардың ішегінде, қоршаған ортадағы барлық заттарда кездеседі. Алдын ала микробтар дененің тері жабындысын мекендейді, сонымен терінің микрофлорасын түзіп шығады. Адам ішек-қарын жолдарында ешқандай ауруларды қоздырмайтын сүт қышқыл бактериялары мекендейді. Сонымен қатар микроорганизмдер шөлдегі құмда, Арктика мен Антрактикадағы қар, мұзбен суда, шахта мен теңіз түбінде, бірнеше киллометрлік биіктіктегі стратосферада кездеседі. Олар әлемнің тірі зат ретінде айтарлықтай бөлігін құрайды. Мысалы: 1 мл лас суда бірнеше жүз миллион микробтар, ал 1 гр тыңайтылған топырақта бірнеше миллиард микробтар кездеседі. 1 гектар тыңайтылған топырақтың жыртылған қабатында 5-10 тонна микроорганизмдердің массасы құралады. Кейбір микроорганизмдер басқа микроағзалар өсіп-өне алмайтын ортада тіршілік етуге бейімделген.
Мысалы, 70 – 1050С ыстықта, жоғары деңгейдегі радиацияда және концентрациясы өте күшті қышқылды (pH<1,0) немесе сілтілі (рН 9,0 болатын, кейде одан да жоғары) орталарда, NaCl-дың жоғары концентрациясында (25-30%), оттек жоқ жерде (анаэробты жағдайда) тіршілік ете алатын микроорганизмдер белгілі. Көлдер мен тоғандарда, сазды суларда микроорганизмдер онша көп бола бермейді. Ашық су қоймаларында микробтардың басым көпшілігі топырақтан түседі. Сондықтан микроорганизмдер көлдер, тоғандар мен өзендердің жағалауларында көп мөлшерде кездеседі. Суда белгілі микробтардың барлық топтары болады. Соның ішіндегі ең көп бөлігін бактериялар құрайды. Ауа микробтардың дамуы, өсуі үшін ең қолайсыз орта болып есептеледі. Ауада сумен топырақ сияқты қоректік заттар болмайды, тікелей күн сәулесінің әсері, құрғақшылық микроорганизмдер тіршілігінің жойылуына көмектеседі. Сондықтан ауа микроорганизмдердің уақытша мекені деп саналады. Ашық жерлерге қарағанда бөлме мен үй ауасында біршама көп болады. Сондай ақ топырақта өте көп кездеседі.

Микроорганизмдердің практикалық маңызы зор. Олардың көпшілігі өнеркәсіптің әртүрлі саласында (мал азықтық белокты түзу, шарап жасау, нан пісіру, сүт қышқылы тағамдарын өндіру кезінде антибиотиктер, витаминдер, амин қышқылдары, кейбір ферменттер, т.б.), адам шаруашылығында (сүрлем даярлауда, өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғауда) кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Микроорганизмдер лас суларды тазартуда, жанар газ – метанды түзуде пайдаланылады. 
Өсімдіктер мен жануар қалдықтары микроорганизмдердің қатысуымен шіріп, ыдырайды. Олардың денесіндегі түрлі химиялық элементтер ауа мен топыраққа тарайды. Топырақтың өнімділігін арттырып, биосферада тепе-теңдікті ұстап тұруға қатысады. Осының нәтижесінде тіршілікке қажетті заттар қайтадан пайда болады. Жаңа қазба байлықтар- шымтезек, таскөмір, мұнай сияқты заттардың да микроорганизмдер көмегімен пайда болатыныда анық. Микроорганизмдер фотосинтез процесі кезінде түрлі қосылыстардың минералдануына жағдай туғызып, атмосферадағы СО2 қорының болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ топырақ пен ауаға бірқатар биогендік элементтерді қайтарады. Микроорганизмдер ауадағы молекуларық азотты сіңіруге де (азотфиксация) белсене қатысады. Тау жыныстары мен топырақ түзілу процесін ыдыратып, кейбір пайдалы қазбалардың (мысысалы, сульфидтер мен күкірт) түзілуіне әсер етеді. Микроорганизмдер биологияның көптеген мәселелерін шешуде маңызды зерттеу нысаны болып саналады. Соның нәтижесінде көптеген биологиялық заңдылықтар ашылып, биотехнологияның негізі қаланды.

2-тапсырма


Алдын алу дезинфекциясы. Эпидемиологиялық ошақтағы дезинфекция.
Венн диаграммасын толтыру.
- профилактикалық дезинфекция; ошақтық дезинфекция;
- асептика; антисептика.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет