Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании



бет7/16
Дата05.02.2022
өлшемі1,2 Mb.
#2743
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
АННОТАЦИЯ(Abstract)
(Абаймен замандас ақындар. Поэты соратники Абая.)
Абай – қазақ халқының он тоғызыншы ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны. Қазақтың жаңа жазба көркем әдебиетінің негізін қалаған реформатор. Оның әкесі – қазақ еліне кеңінен белгілі атақты аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы. Кезінде ол Мекеге барған, қажы атанған. Өз уағының көзі ашық сауатты адамы. Ресей империясы жүргізіп жатқан отаршылдықты іштей құптамағанымен, күші асқан орыс билігіне амалсыздықтан мойын сұнған. Өйтпеске көптеген Құнанбай сияқты өзге де қазақ зиялыларының амалдары да жоқ болатын. Бірақ құралды Ресей басқыншыларын тоқтата алмасын білген соң, қазақтың алдыңғы қатарлы оң-солын түсінген азаматтары орыс билігін өз қажеттеріне лайықтап пайдалану жолдарын қарастырған. Ол жолдардың ең бастысы алдымен орыс тілін жедел үйрену болып табылды. Сондай ойдағы Құнанбай қажы балаларының ішіндегі Абайдан зор үміт күткен. Абайдың шын есімі – Ибраһим. Оны анасы еркелетіп Абай деп атаған. Соған сәйкес жалпы халыққа ол осы Абай деген есіммен белгілі болды. Абай Құнанбайұлы жастайынан ауыл молдаларынан оқып, арапша хат таныған. Ислам дінінің бас кітабы Құран кәрім мазмұнын, ондағы шариғат қағидаларын өте жетік білген. Бұдан соң әкесі Құнанбай оны Семей қаласындағы орысша приходская школаға берген. Ондағы ниеті баласынының орыс тілін меңгеруін қалағандығы еді. Абай орысша бар-жоғы үш ай оқыған. Сол үш айлық орысша оқуымен, кейіннен өз бетінше талпынып білімін жетілдіруінің арқасында Абай зор жетістіктерге жеткен. Ол өзі жетік меңгерген орыс тіліндегі аудармалар арқылы батыс Европаның әдебиеті мен мәдениетін де толық игерген. Сол мол білімі мен талантының арқасында Абай көптеген өлеңдер, поэмалар жазған. Орыс ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Ол – философиялық мәні терең қара сөздердің де авторы. Абай творчествосының бір мәнді, көркем саласы оның ән-өлеңдері болып табылады. Біз осы мақаламызда негізінен Абайдың ән-өлеңдерін қазақтың өзге де композитор ақындарының ән-өлеңдерімен салыстырып қарастырдық. Зерттеу барысында тарихи-генетикалық және тарихи салыстырмалы методтарды кеңінен қолдандық. Нәтижесінде Абай Құнанбайұлының ақындық өнеріне қоса әрі нәзік сезімді композитор екндігіне көз жеткіздік. 287 Атап айтқанда оның поэзиясын замандас әнші ақындар Біржан сал. Ақан сері Жаяу Мұса және Балуан шолақ секілді өнерпаздардың шығармаларымен салыстырдық. (307 сөз)

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет