Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)



бет2/3
Дата04.11.2016
өлшемі1,2 Mb.
1   2   3

АННОТАЦИЯ(Abstract)

(Абаймен замандас ақындар. Поэты соратники Абая.)

Абай – қазақ халқының он тоғызыншы ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны. Қазақтың жаңа жазба көркем әдебиетінің негізін қалаған реформатор. Оның әкесі – қазақ еліне кеңінен белгілі атақты аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы. Кезінде ол Мекеге барған, қажы атанған. Өз уағының көзі ашық сауатты адамы. Ресей империясы жүргізіп жатқан отаршылдықты іштей құптамағанымен, күші асқан орыс билігіне амалсыздықтан мойын сұнған. Өйтпеске көптеген Құнанбай сияқты өзге де қазақ зиялыларының амалдары да жоқ болатын. Бірақ құралды Ресей басқыншыларын тоқтата алмасын білген соң, қазақтың алдыңғы қатарлы оң-солын түсінген азаматтары орыс билігін өз қажеттеріне лайықтап пайдалану жолдарын қарастырған. Ол жолдардың ең бастысы алдымен орыс тілін жедел үйрену болып табылды. Сондай ойдағы Құнанбай қажы балаларының ішіндегі Абайдан зор үміт күткен. Абайдың шын есімі – Ибраһим. Оны анасы еркелетіп Абай деп атаған. Соған сәйкес жалпы халыққа ол осы Абай деген есіммен белгілі болды. Абай Құнанбайұлы жастайынан ауыл молдаларынан оқып, арапша хат таныған. Ислам дінінің бас кітабы Құран кәрім мазмұнын, ондағы шариғат қағидаларын өте жетік білген. Бұдан соң әкесі Құнанбай оны Семей қаласындағы орысша приходская школаға берген. Ондағы ниеті баласынының орыс тілін меңгеруін қалағандығы еді. Абай орысша бар-жоғы үш ай оқыған. Сол үш айлық орысша оқуымен, кейіннен өз бетінше талпынып білімін жетілдіруінің арқасында Абай зор жетістіктерге жеткен. Ол өзі жетік меңгерген орыс тіліндегі аудармалар арқылы батыс Европаның әдебиеті мен мәдениетін де толық игерген. Сол мол білімі мен талантының арқасында Абай көптеген өлеңдер, поэмалар жазған. Орыс ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Ол – философиялық мәні терең қара сөздердің де авторы. Абай творчествосының бір мәнді, көркем саласы оның ән-өлеңдері болып табылады. Біз осы мақаламызда негізінен Абайдың ән-өлеңдерін қазақтың өзге де композитор ақындарының ән-өлеңдерімен салыстырып қарастырдық. Зерттеу барысында тарихи-генетикалық және тарихи салыстырмалы методтарды кеңінен қолдандық. Нәтижесінде Абай Құнанбайұлының ақындық өнеріне қоса әрі нәзік сезімді композитор екндігіне көз жеткіздік. 287 Атап айтқанда оның поэзиясын замандас әнші ақындар Біржан сал. Ақан сері Жаяу Мұса және Балуан шолақ секілді өнерпаздардың шығармаларымен салыстырдық. (307 сөз)



ABSTRACT

(Contemporary poets of Abay’s era)

Abay was a great Kazakh poet, composer and philosopher. He was also a cultural reformer toward European and Russian cultures on the basis of enlightened Islam. The founder of a new Kazakh written fiction literature. His father, a Kazakh sultan , the famous senior Kunanbay Uskenbayuly. He was one of the educated guy of his times. He accepted by force Russian Empire’s colonialism, however he was internally against. Otherwise, other Kazakh power holders such as Kunanbay didn’t let him to not to accept Russian acquiring . However, intellectuals were not able to stop Russian attackers, and the viability of the leading Kazakh consider how to adjust the power of the Russian citizens to use in own interest. It was the most important thing to learn the Russian language in order to make come true intentions. In addition, Kunanbai Haji kept hope and encountered big performance from Abay rather than other children. Abay’s real name was Ibrahim. His mother treated him as Abay. In adulthood he was known among whole population as Abay. Abay Qunanbayuly learned to read and review letter recognition with rural youth . They were taught by mullah. They learned contents of the book of the Koran of Islam, they knew very well the principles of Shariah. Then his father Kunanbay sent him to Semey city to Russian school. The purpose of deed was to improve knowledge of Russian language of Abay. He were studying Russian only for three-month. After that he tried to fulfill his knowledge by self-study and development. He learned detailed literature and culture of Western Europe in Russian . Russian poets’ poems were translated into Kazakh thanks to his great rich knowledge and background. Abay's major work is The Book of Words, a philosophic treatise and collection of poems where he encourages his fellow Kazakhs to embrace education, literacy, and good moral character in order to escape poverty, enslavement and corruption. His contribution to literature is unique the field of art and song-poems. In this article we poets discussed the songs and poems of Abai and other creators. During work we applied historical and genetic research and comparative and historical methods. As a result, we were convinced that Abay’s song-poem legacy is full of tender, delicate feelings. In particular, contemporary singer poets of his era were compared, such as Zhauau Musa, Birzhan Sal and B.Sholak. (391 words)



АБАЙМЕН ЗАМАНДАС АҚЫНДАР

Үмбетаев Мүбәрәк

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Алматы қаласы


Қазақ халқының ХІХ ғасырда өмір сүрген оқымысты, өнерпаз ұлы тұлғаларының соңдарында қалдырған көркем әдеби-ғылыми шығармашылықтары біздің шығу бастау көзін көнеден алатын көркем сөз өнеріміздің аса айтулы бай қазыналарының қатарынан мәртебелі орын алады. Өйткені, ХІХ ғасыр – қазақ елінің тарихында бұрын-соңды болмаған қатері аласқа кететін, өте зардапты, алмағайып әлеуметтік оқиғаларымен ерекшеленеді. Бұлай болатын себебі жалпы түркі жұрттарына барынша жайсыз тиген он тоғызыншы ғасыр соно-о-у 1731 жылы басталған Ресей империясының Орта Азия атырабына жан сала аттанған бет қаратпас, ожар отаршылдық шабуылының әбден асқынып, шегіне жеткен кезі еді. Сондықтан да мұндай алапат дүлей күшке қарсы тұрудың мүмкін еместігін ерте аңғарған халқымыздың есті, жағдайды арыдан ойлайтын көзі қарақты, зиялы кісілері қазақтың аман қалуының өзгеше жоларын іздей бастаған.

Ендігі жерде күші асқан империямен жағаласып, текке қырылып кетпей, мына өз аяғымен келген, Европаның қарыштаған ғылымы мен жаңа технологиясы арқасында өркендеп жетілген ресейлік жаулаушылардың озық өнерін, техникалық соны құрал-жабдықтарын игеріп, ел кәдесіне жарату қажет деген игі мақсат-ниеттер, амал-әдістер бой көрсете бастады. Ол үшін, ең әуелі, орыстың тілін үйрену шарт болды. Осы идеяны алдымен айтушылар Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин сияқты қазақ халқының сол тұстағы алғыр ойлы, пайымды парасатты жандары еді.

Міне, бүкіл бой-болмысын, орман-ойын нақ осындай мұрат-мүдде билеген Абай қазақ халқының болашақ тағдырына аса жоғары биіктен қарап, жиырма бесінші қара сөзінде тұп-тура көрегендік көрсетті: «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста зор. Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік дағуасына (арапша: талас, тартыс, айтыс) кіреді, аса арсыздана жалынбайды... Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі.Бірақ осы күнде орыс ғылымын баласына үйреткен жандар соның қаруымен тағы қазақты аңдысам екен дейді. Жоқ, олай ниет керек емес. Малды қалай адал еңбек қылғанда табады екен, соны үйретейін, мені көріп және үйренушілер көбейсе, ұлықсыған орыстардың жұртқа бірдей законы болмаса, законсыз зорлығына көнбес едік. Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек»[1, 458]. Демек, орыс оқуын үйренгенде қазақты малданайын, қазақты алдап-сулап күн көрейін, қарақан басымды қорғайын деп емес, туған ұлтымды білім күшімен қорғайын, болашақ жақсы

-2-


күндерге ұмтылдырайын, ғылым-өнері өскен, жетілген елдермен теңестірейін; жат жұрттық отаршылдықтың азабы мен қорлығы болмай қоймайды, оған төзе жүріп, күндердің күнінде елімізді, қазағымызды, тәуелсіздікке жеткізетін жол ашайық деп талаптану керек деп ұққан ұлы Абай.

Тура осындай пікірді Шоқан Уәлиханов та айтқан: «Жалпы қазақ халқының алдында европалық цивилизацияға жетуде, орыстардың византиялық дәуірден өткені сияқты, татар халқы арқылы өтудің өлермен перспективасы тұр.

Византийщина қаншалықты жиіркенішті болса да, бірақ ол әйтеуір даусыз ағартушылық элемент ретінде христиандықты енгізді. Соны және қабылдағыш қазақ халқы ой мен сезімді тек тежеу қабілеті ғана бар өлі схоластикадан басқа татар ағартушылығынан нені күтпек. Біз қайткен күнде де татар дәуірін айналып өтуіміз керек, ал үкімет бұл жағынан бізге көмектесу қажет[2, 197]. Мұнан көрінетін Шоқанның арманы – татар тілімен шұбарланған кертартпа оқудан бойды алыс салып, тезірек жаңаша орыс ілімін игеріп, жоғары деңгейдегі европалық жұрттарымен қатарласу емес пе?

Өз кезегінде, Ыбырай Алтынсарин орыстың христианшыл Н.И.Ильминский іспетті миссионерлерінің қысым-қыспағына шыдай жүріп, олар талап еткен кирилица қарпінде жазуды үйренуді желеу етіп, Торғай өңірінде жаңа тұрпатты, қазақша соны үлгідегі мектеп ашты, «Қазақ хрестоматиясы» атты әдебиет оқулығын жазып, құрастырды. Сөйтіп, тарихта тұңғыш рет келешектегі қазақ мектептеріндегі оқу құралдарын түзіп, жасаудың тың із-соқпағын көрсетіп берді. Және де тұңғыш педагогіміз Ы.Алтынсарин кейінгі болашақ ұрпаққа «...бір ескеретін нәрсе – қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды; оның ой-пікірі еркін, оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр»[3, 24] деген сөз қалдырды. Жинақтай айтсақ, ХІХ ғасырдың өзінде-ақ Абай, Шоқан, Ыбырай сияқты ғұламаларымыздың білдірген бұл пайымдарының өте дұрыс болғандығын бүгінгі тәуелсіз заманымыз айна-қатесіз расқа шығарып отыр.

Қазіргі, ХХІ ғасырдың басында тәуелсіз Қазақстан Республикасында өмір сүріп отырған біздер біршама ойланып қарар болсақ, басы ашық даусыз жайтты аңғарамыз – кім де болса жақсылықтан, өнерпаздық, ғылым табыстарынан, қол жететін тиімді игіліктерден қашпайды. Сол себепті он тоғызыншы ғасырдың адамдары – Абай бастаған оқымысты қауым өкілдері мен қадымша біршама білім-түсініктері өлеңдерінен көрініп тұратын текті, зиялы Дулат, Мұрат, Шортанбай, Шөже, Жанақ, Түбек сынды импровизатор ақындар ондай игіліктердің шет жағасын көрген де білген, тым құрымаса, естіп хабарланып отырған. Адам бейнетін жеңілдететін құрал-саймандардың ойлап табылғандығына, әрине, ғажап қалысып сүйінген. Негізінде, оларды күңіренткен, мұңайтқан – қылыштарын жалаңдатып, мылтық асынған, пушка сүйреткен техниканың жаңа жетістігін қиянат жасауға, қан төгуге қолдана

-3-


бастаған, көршілерін құлдана бастаған солтүстіктегі бұзық империяның әрекеті екендігі – бүгінгі ұрпақты бұлтартпай мойындататын шындық.

Басқыншылар жүзеге асырып жатқан жаппай қырып-жою, көнбегенді күшпен көндіру, сөйтіп әр кімнің ата қонысын, ата салтын аяққа басып, таптап тастаушылық Абай, Ыбырай, Шоқан, Дулат, Мұрат, Шортанбай, секілді қазақтың өз уағының көзі ашық, есті азамат ақындарын, әрине, ашындырды, сақтандырды. Аталған оқымыстылар мен жыр жампоздарының шығармаларынан көрініп тұрғандай, олар қорқып үріккенде ауыр тұрмыс күйді жақсартатын машиналардан емес, қазақ пен қырғыздың түркілік-исламдық діліне, имандылыққа ұйыған мейірбан ниетіне, аққу құстай сұлу тіліне нұқсан келеді, жуса кетпес қара дақ түсе ме деп түршіккен, ол бәлелердің кетпей, орнығып қалу қауіпінен шошынған.

Осы аз ғана мысалдар арқылы тарихи тағдыры ұқсас қазақ пен қырғыз халықтарының басында ұзақ уақыт бойы күндей күркіреп тұрып алған аса қайғылы кезеңдердің ащы дәмін татқандай боламыз. Жан түршігерлік түрпідей суреттері жасаураған көз алдымыздан бұлдырап өтіп жатады. Аса зор географиялық аймақта, Атырау-Еділден бастап, Алтай-Енесай аралығындағы қалың елдің қатыгез империялардан көрген қорлығы мен зәбір-жапасы жазылмас жанды жарасындай болып, ауық-ауық сыздап ауырып-ауырып қояды. Ал, өнер туындыларында, айрықша сөз өнерінде халық есінен кетпестей болған мұндай тарихи оқиғалар терең із қалдырған, өлең-толғау, жыр-дастан, айтыс, термелерге сюжеттік арқау, нәр берген. Қалай болғанда да ежелден ел тарихнамасының ең әдепкі айтушысы, суретшісі, сәулетшісі, сырлап-әрлеушісі, мүсіншісі халықтың Абай, Дулат, Шортанбай, Орынбай, Шөже, Түбек, Құлмамбет, Бақтыбай сияқты суырып салма ақындары мен сол тұстағы көзі ашық, данышпан Абай, Шоқан, Ыбырай іспетті ғұлама, білімпаз оқымысты ақын-әдебиетші, тарихшылары екендігі айдай ақиқат. Олардың соңында қалған мол әдеби-тарихи жазбалары мен өлең-жырлары қазақтың өткенінен баға жетпес тың мәлімет, сирек дерек беретін көркем дүниелер қатарына жатады.

Қазақ халқының соңғы мың жылдық тарихында ұстанып келе жатқан дүниелік нанымы – ислам діні. Күнделікті отбасылық тірлігінде, әлеуметтік қарым-қатынасында басшылыққа алып, әділетті заң-қағида ретінде қолданылып, олардың әдет-ғұрып салтына мұсылманшылық үрдістері көпшіліктің санасына әбден тереңдеп сіңген. Жаман сөз айтпайтын, жаман жер баспайтын, біреуге біреу залал тигізсе күнә саналатын, ізгілік, рахымшылдық, мейірбандық, парасаттылық қастерленген, үлгі етілген ортада тәрбиеленген халық ақындары замана жайлы толғанғанда сонау тым арыдан бастау алатын ұлттық игі дәстүр ғұрыптарға көңілдегі сенімге көлеңке түсе ме деп қауіптенген. Мұндай тамыры тереңге тартатын игілікті істер өсиет етілетін, имандылыққа ұйытатын атадан балаға сан ғасырлар көшінде көнермей мирас ретінде беріліп, бірге жасап, халықтың тұтастығын сақтауға өлшеусіз қызмет атқарған қалыпты діл, салттар, наным-сенімдердің жойылып кетпеуіне қазақтың Бұқар, Абай, Дулат, Мұрат, Шортанбай, Жанақ,

-4-

Түбек сияқты халық ақындары да қатты алаңдаған. Өсіп келе жатқан ұрпақтың бабалар жолынан ауытқымай, сырттан таңылатын өрескел қылықтардан бойларын аулақ салып, оларды діл тазалығын құнттауға үндеген. Дегенмен де қазақтың импровизатор шайырлары жамандықтың бой көрсетпей қоймайтындығын сезген. Сезгендіктен де ет жүректері езіле отырып күңірене күйзелген. Өлең-толғауларында ондай анайы, кесірлі кеселдердің қоғамға дақ түсіретін кесепаттардың қалай танылатындығын, ондай жағымсыз жайсыздықтардың атын атап, сыпаттап берген.



Атап айтқанда, Абай Құнанбайұлының «Зар заман», «Заман ақыр жастары» деген өлеңдерінде он тоғызыншы ғасырда әлеумет өмірінен орын ала бастаған көптеген кесапатты әдеттер ашып айтылған. Мысалы, Абай былайша толғанған:

Заман ақыр жастары

Қосылмас ешбір бастары.

Біріне бірі қастыққа

Қойнына тыққан тастары.
Саудасы – ар мен иманы,

Қайрат жоқ бойын тыйғалы,

Еңбекпен етті ауыртпай,

Құр тілменен жиғаны.


Өнімсіз іске шеп-шебер,

Майданға түспей несі өнер.

Сиырша, тойса мас болып,

Өреге келіп сүйкенер.


Күлмеңдеп келер көздері,

Қалжыңбас келер өздері.

Кекектеп, секек етем деп,

Шошқа туар сөздері [1, 181].


Мінекей, ХІХ ғасырда ресейлік отаршылдықтың, онымен ілесе келген жат, жамандықтардың қазақ арасына қалай сіңіп бара жатқандығы Абай өлеңдерінде осылайша көрініс тапқан. Қазақ жастарының бойындағы келеңсіз қылықтарды жіті байқаған ақын Абай осылайша қынжылады. Қазақ жастарына әдет болып бара жатқан өзара дүрдараздық, ар мен иманнан безушілік, еңбексіздік, құр тіл мен жаққа ерік берген сухиттылықтың етек ала бастағандығына ақын қатты налиды. Он тоғызыншы ғасырдағы болашағы күңгірт елдің келешегін ойлайды, қазақ жамағатын келеңсіз жат жұрттық арсыз мінез-құлықтардан арашалайды деген жас өскіндердің ендігі мынандай оспадарсыз әрекеттері ұлы Абайды қатты ойландырған. Оларға хас жағымсыз жайларды атап-атап берген: сол пайда тапсам дегеннен басқаны

-5-


ұмытқан жастардың шетінен көздерінің күлмеңдеп келетінін, бас жоқ, аяқ жоқ қалжыңбас келетіндігін, кекек-секек еткендердің мұсылманшылықтан жырақ іс-әрекеттеріне күйінген. Нақ сол данышпан Абайды сескенткен жамандықтар қазақтың өзге де ойлы, майталман импровизатор ақындарын да бей-жай қалдырмаған.

Айталық, ХІХ ғасырдағы қазақ елінің басына төнген келер күннің ең келеңсіз түрлерін дәл басып бажайлаған қазақ ақындарының бірі Дулат Бабатайұлы еді. Ақынның дүниеге келген және қайтыс болған уақтысы әр жылдарда шыққан жинақтар мен оқу құралдарында бірде 1802-1874 делінсе, бірде 1802-1871 жылдар деп көрсетіліп жүр [4, 163; 53]. Азды-көпті айырмашылығына қарамастан, қалай болғанда да ақынның ХІХ ғасырдың оқиғаларына куә болғандығын айғақтайды. Патшалық империяның езгісіне қарсы үн көтеріп, туған елінің азаттығын аңсағандығы үшін Кеңес өкіметінің тұсында Дулат Бабатайұлына жала жабылды, біржақты ескілікті аңсаушы ақын ретінде теріс баға беріліп келді. Бірөңкей кертартпа, сары уайымшыл, жаңалыққа жаны қас ақындар делініп, әдейі жаңсақ түсінік қалыптастырылды. “Осындай түсініктер салдарынан ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің басты өкілдері – Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906), Шәңгерей Сейіткерейұлы (1847-1920), Әубәкір молда, Құлыншақ пен Шәкәрім қажылар, Ғұмар ишан, Марабай Қалнияз, Бұдабай, Ақмолла, т.б. ақындардың творчествосы зерттеусіз қалды. Олардың еліне танымал боп келген өміршең өлеңдері мен заман қасіреттерін сынаған толғаулары құлыптаулы жатты” [5, 4]. Ал, сөз болса қалса, коммунистік қырағы цензурадан жасқанған, тіпті, қатты қорқып қалған аға әдебиетші ғалымдарымыз аталған халық ақындарының поэзиясында шыншылдықпен өткір айтылған қазақ, қырғыз ортасында орын алған өмірдің қатыгез көріністерін: отаршылдардың еркіндікке тұсау салып, жер-судан айырған зорлық-зомбылығын, христиан дініне күшпен, айламен енгізу әрекеттерін батыл сынаған өлең-толғауларының негізгі түп тамырын қадап көрсете алмады. Әрине, өресі немесе білімі жетпегендіктен емес. Өйткені, патша билесе де, коммунистер билесе де өкімет тұтқасы өте қатыгез орыстың империяшыл шовинистерінің қолында тұрғандықтан, турасын айтса орысқа тиіп кете ме деп, ғылымның күллі саласындағы не бір білімпаздарымыз жетпіс төрт жыл бойы амалсыздықтың күнін кешті. Мұның мәнісі ХVІІІ–ХІХ ғасырларда-ақ халық ақындары орыс үстемдігін, онымен ілесе келген неше түрлі көргенсіздіктерді сынаған болатын. Жан дүниесі мұсылмандықты қадір тұтқан қазақ, қырғыз жұртының күші асқан Ресей империясының құрсауында қалған қиын-қыстау күндерін ел импровизаторлары ашына толғаған еді. Сондықтан большевиктер орнатқан “өктем саясат тұсында қатал сынға ұшыраған Дулат, Шортанбай, Мұрат, Шәңгерейлердің шығармашылық мұралары күні бүгінге дейін орта, жоғары мектеп оқу құралдарынан тиісті орын алған жоқ. Ол туралы керағар пікірлер жаңару тұсында, жаңаша ой-сана үстемдік құрған дәуірдің өзінде де орын алуда” [5, 5]. Дегенмен де қайта

-6-

құру, жаңаша ойлау деп айдар тағылған 1980 жылдары там-тұмдап еркіндеу пікірлер білдірудің төбесі көріне бастағаны рас. Ал, шынтуайтына келер болсақ, қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші ғалымдар тәуелсіздігімізді толық алғаннан кейінгі жылдарда ғана өткеніміз бен бүгінімізді, жалпы мәдени мұраларымызды қайта қарап, жаңа көзқарас тұрғысынан сараптап-саралау жұмыстарына бел шеше кірісіп кеткені белгілі. Бұл – баршамыз жұмыла күш салмай, таяу арада біте қоятын оңай шаруа емес.



Ендігі жерде сол өткен ғасырларда жаудан көрген зәбір-зорлықты өлеңдерінде шарасы таусыла, өкси жырлаған халық ақындарының сөздерін әділ бағалап, ешкімге жалтақтамай, ақ-қарасын айыратын тәуелсіз заманымыз туды. Мысалы, өз уағының “көзі, құлағы, үні” десек болғандай, бұқара сөзін сөйлеген ақпа-төкпе қазақ жыр жүйріктерінің аса көрнекті өкілі Дулат ақын сол өзі көріп, куәсі болған дәуірдің қайғылы халін, мұңды көріністерін былайша толғаған:
1. Батыстан патша түнегі

Жеріңе келіп түнеді.

Жаныңнан таспа тіледі,

Ішіңе әбден кіреді,

Оны Дулат біледі [6, 64].
2. Аққан бұлақ сай-салаң,

Шытырман тоғай айналаң,

Жаның жайлау кең алаң,

Атам қонған кең далам!

Мендей сені қызғанар,

Бауырыңда өскен қай балаң?!

Көл қорыған қызғыштай,

Сен десе салам байбалам…


Қилы-қилы заманды

Заманға сай адамды

Салыстырып қарасам,

Су мүйіз болған танадай

Шыркөбелек айналам.

Кешегі бір заманда

Қасиетті еді хан, қараң.

Мынау азған заманда

Қарасы – антқор, ханы – арам,

Батыры көксер бас аман;

Бәйбіше – тантық, бай – сараң;

Бозбаласы – бошалаң,

Қырсыға туды қыз балаң.

Нары – жалқау, кер табан,

-7-

Құсы – күйшіл, ат – шабан.



Ебі кеткен ел болды,

Енді қайда мен барам?! [6, 81-82].


Бұл өлең жолдарынан Дулат Бабатайұлының өз заманының санасы сәулелі, аңғарымпаз азаматы екендігін көреміз. Отарлауға ұшыраған елдің хал-жайының нендей болытынын қабырғасы қайыса отырып түйсінген. Кіріптарлыққа түскен елдің азапты тағдырын жарық-сәулесі жоқ түнекке теңеген. Патша өкіметінің қазақ елі мен жерін мықтап иелену үшін әбден зерттеп білуге жіберген залым ойлы миссионерлерінің, қаныпезер шенеуніктерінің, ниеті қара білімпаз этнограф, инженер, топограф, геодезистерінің кулықпен арбап, қыр-сырыңды түгел ақтара тіміскілеп, олардың асықпай әлсіз, осал жерлеріңді дәл тауып жатқандығына күйінген. Сырыңды жақсы біліп алған дұшпанның не сұмдықтарға іркілмей бара беретіндігіне көзі жеткен. Сондықтан да ақынның “Жаныңнан таспа тіледі, Ішіңе әбден кіреді, Оны Дулат біледі”, – деуінен ащы шындықтың зәрлі лебі еседі.

Жаратқанның асыл сыйындай сайын даланың әрбір аққан бұлағы, көкке бойлаған шытырман тоғайы, көз жеткісіз кең жайлауы Дулаттың ұғымында қазақ халқының мандайына біткен алтын бағы, толықсып тұрған ырысы, оны аяқ асты етіп бүлдіруге, былғауға ешкімнің хақысы жоқ. Дүниеге шыр етіп келіп, ес жиғаннан осындай пайым-парасат бесігінде тербелген, тағлым алған ақынның жан дүниесі енді мына көз алдында өтіп жатқан сорақылықтарға төзе алмайды. Ділі бөтен, діні бөтен, ілгеріде Бұқар жырау айтқандай “Құдайды білмес, діні жоқ, Жамандықта міні жоқ, Өзі сары, көзі көк, Бастығының аты поп” жаулаушылардың именбей келіп, еркінсуі, ойына келгенін күшпен орындата бастауы Дулаттай патриот ақынның арқасына аяздай батқан. Амалы таусылған қайран ақын “Көл қорыған қызғыштай, Сен десе салам байбалам” деп мұңданған. Қатыгез жаулаушының бетіне қараған қазақтың небір игі жақсыларының қабырғасын қаусатып, үнін шығармаса, олардың енді біразын аяр-сұмдықпен алдарқатып, дегеніне көндіріп жатқанына қатты ашынған. Өзі соншалықты қастер тұтқан ел-жұртының әп-сәтте тозып, азғындап, бара-бара жігері жемірілген, намыссыз, өткінші мансап, баянсыз байлыққа алданған кешегі елге қадірлі хан-сұлтандардың, қабырғалы билер мен бай-бағыландардың азайып, бірте-бірте көзден де, көңілден де ғайып болу қаупі төнгендігіне сескене қараған.


– Кешегі бір заманда

Қасиетті еді хан, қараң, –


дегенде ел шеті аман соноу бір бейбіт, бақытты заманда хан да қасиетті, қара да қадірлі, әркім өз орнын, өз бағасын білетін сыйластық сәні келіскен, дәулеті шалқыған, шіркін, армандай бостан тұрмысты аңсайды. Бүгінгі “Мынау азған заманда” ант ішкіш тұрақсыздарға, ниеті арам жаңа билеу-

-8-


шілерге жол ашылып, күй таңдағыш жалқау, шабандардың көбейгендігін қамыға ескертеді.
– Бозбаласы – бошалаң,

Қырсыға туды қыз балаң, –


десе, мына жалғаншыл, азған заманда босбелбеу, бошалаң бозбалалар, бетке келетін қыршаңқы, қырсық қыздардың пайда болғанын ақын жамандықтың басы деп санаған.

Өзінше күнін кешіп, мамыражай жатқан жұрттың өскелең өркендерін бұзып, бағын байлаған, адам бойындағы жасырын жатқан жағымсыз, ашқарақ нәпсі құмарларының оянуына бірден бір кінәлі дағды-ырымы бөлек, ділі жат Ресей отаршылдары екенін атап көрсеткен. Шынында да бұлай пайымдаудың бұлтартпас дәлелдері болғандығы анық. Өйткені, күннен күнге әлдінің алдында құрдай жорғалап, арын сатқан сараң байлар, тек бас амандығын ел қызығынан жоғары қойған батырсымақтар молайып, қарсы тұрып, қайрат көрсетер қауқар азайды. Ептестірер ерлердің еңсесі түсіп, мылтық асынып, пушка сүйреткен мықты жауға тойтарыс ұймдастыру мұңға айналды, қазақ қоғамының дағдарысының тамыры тереңге тартты. Келешектен күткен жақсы үміт, орыс уәде еткен игі тұрмыс көз ұшында бұлдырап, сұры жаман сары уайым ұлғайды.

Адамдар байындағы бұл психология бір Дулат емес,
сол тұстағы қазақ-қырғыздың көзі ашық, көкірегі ояу барлық даңғыл ақындарының, шешен билері мен ел қа-
мын жеген кейбір хан-сұлтандарының да жан-жүрегін тербетті.

ХІХ ғасырларда өмір сүріп, сол дәуірлердегі оқиғалардың куәсі болған қазақ ел ақындарының соңында қалған әдеби мұраларына көз жіберсек, халық басына түскен зор қайғы, қабырға қайыстырған қасіреттердің негізінен агрессияшыл, өз жері аздай, өзге елдің жерін күшпен тартып алуға құмар, ниеті жаман көршілердің қанды жорықтарынан туындап жататындығын талассыз аңғарамыз. Бұл пікірімізге дүниежүзілік тарихта дәлел көп. Халық бастан кешкен ондай алмағайып ауыр кезеңдерге қазақ импровизатор ақындары қайырсыз қайғылы заман, қысқан заман, кер заман, тар заман, зар заман, ақыр заман деп ерекше даралап көрсету мақсатында алабөтен айдар таққан. Сөйтіп, ақын-шайырлар қалың бұқара тағдырындағы қанды қиыншылықтарды ой-санаға, рухқа түскен салдары ұзаққа кететін, жазылуы екіталай шипасы жоқ дерттей, тозақтай, түнектей шақтарды өздерінің өлең-толғауларына арқау еткен, сонысымен кейінгі ұрпаққа баға жетпес мағлұмат қалдырған. Көз көрген тарихты бейнелі, образды түрде баяндап айтудың тамаша, қайталанбас көркем үлгілерін жасаған.

1847-1848 жылдары бүкіл ұлы даланы, қырғызды толық тепкісіне түсірген Ресей жаулаушылары ақырында, 1864-1865 жылдары Ташкент, Бұқара, Хиуа, Самарқанд секілді Орта Азияның шаһар-мемлекеттерін талқандап бағындырды. Сонысымен тек қазақ-қырғыз жерлері ғана емес,

-9-


бүкіл Кіндік Азияның бірден бір әмірші қожасына айналды. Бұл - қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен, тәжік, т.б. ұлт-ұлыстар үшін шыққан күні батып, соңғы үміті үзілгенмен бірдей еді.

Сөйтіп, бас еркінен айырылған қалың елдің мұң-зары күннен-күнге үдей берген. Артта қалған жайлы тұрмысты, жайбарақат өмір қызығын көксеген жұрттың сарғайған сағынышы, күйінішті зары неше алуан әфсана-аңыздар мен өлең-толғаулардың басты тақырыбына айналды. Қазақ поэзиясында бұл тақырыпты алдымен көтерген Дулат, Мұрат, Шортанбай сынды ақындар болды. Мәселен, Шортанбай Қанайұлы өзінің “Зар заман” атты өлеңінде:


Зар заман, зар заман,

Зарлап өткен бір заман.

Сөздің басы – бисмілла,

Біз айталық, сіз тыңда…

Мына заман қай заман?

Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман.

Тарлығының белгісі:

Жақсы – жаннан түңілген,

Жаман – малдан түңілген,

Мұның өзі-зар заман.

Зарлығының белгісі:

Бір-бірлерін күндеген,

Жай-жайына жүрмеген

Мұның өзі – тар заман.

Тарлығының белгісі:

Мұсылманнан хал кетті,

Тәңірім болғай демесін…

Орыс – бүркіт, біз – түлкі,

Аламын деп талпынды,

Орыстан қорлық көрген соң,

Отырып билер алқынды [7, 10-12], -

деп торыққан. Ұлттық поэзиямыздағы осы сарындас ақындардың әдеби мұраларына назар аудара келіп, академик-жазушымыз Мұхтар Омарханұлы Әуезов былай деген: “Зар заман деген – ХІХ ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгергі, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір араға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына “зар заман” ақындары деген ат қойдық. Бұл ақындардың дәуірі - жоғарыда айтқан тарихи дәуірді туғызған дәуір. Зар заман ақындарының алғашқы буыны Абылай заманынан басталса, арты
-10-

Абайға келіп тіреледі. Сондықтан, қазақтың тарихымен салыстырсақ, зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады” [8, 192].

Асылында, адам баласы басына күн туып тарыққанда, үміті үзіле торыққанда зар илейді. Жан-жағын қарманады, қолға ілігер тым құрыса тал-шыбық іздейді, оны таппайды. Содан көкірегі қарс айырылып қайғырады, күңіренеді, бір кездегі бейқам күндерді ойлап, уайым шегеді, аһ ұрады. Кіріптарлыққа түсіріп, шерменде қылған уақытқа қарғыс айтады, бұл жағдайдың түп себептерін іздейді, салдарына күйзеле ой жібереді. Ақырында олар күллі кесапатты әкелушілер жат жұрттық отаршылдар деген тоқтамға келеді. Міне, осындай зіл батпан ойға түскен ақындар қазақ поэзиясында Абай, Дулат, Мұрат, Шортанбайлар болды. Олар қазақ елінің басындағы кер заманның, тар заманның, зар заманның дүние қарап болардағы ақыр заманнан несі кем дейтін қорытынды түйген. Ақыр заманның көріністері мен белгілерін атап шыққан. Мысалы, Шортанбай:
Сөйлеген сөзі жалған-ды,

Шайнаған асы арам-ды.

Кім мұсылман, кім кәпір,

Бір Аллаға аян-ды.

Дос кісіге қас қылсаң,

Өз бойыңа жаман-ды.

Атасы ұлға нанбайды,

Көңіліне қуаныш қылмайды.

Уәліден кетті керемет,

Патшадан кетті ғаділет.

Ақыр заман таянды!

Бұл асылық асқан заманда,

Ұл туады атаменен егесіп,

Қыз туады анаменен теңдесіп.

Баласы кетті тыюдан.

Масқаралар таймайды,

Жас сыйласып тұрудан [7, 13], - деген.
Аталған шығармашылықтардан ХІХ ғасырдағы қазақ халқының өзгерген дүниеге көзқарасы, оған берген бағасы көрініс тапқан. Әдепкіде ел ішінде орын алған оғаш, сорақы қылықтарды санамалап, сарнай зарлаған Дулат, Шортанбай сияқты ақындар сол келеңсіздіктердің бара-бара мүлде бас бермей, тереңдей түскендігін көріп қайғырған. Бейнелі түрде осының барлығын ақыр заманның белгілеріне ұқсатқан. Өзегін өкініш өртеген Шортанбай Қанайұлы мына заманда жалған сөйлеушілер, арамды адал көретіндер, досына қастық қылатындар көбейді, бала атаға қарсы шығып, қыз анаға қарсы шығып, жасы үлкенді сыйламайтын масқаралар пайда болды, “Ақыр заман таянды” деп түйген. Және де Абай, Дулат, Шортанбай бастаған ақындар қазақ халқының дүние танымдық негізі, күллі тәрбие-тәлім

-11-


дағдыларының басты ұстыны, қоғамдық тіршіліктің рухани тіні ислам дінінің қағидаларын елемейтін, ата жолын сыйламайтын зәу-заттар тобының қарасы

зорайып, өсіп келе жатқандығын да қоса байқаған. Өздерінің өлеңдеріне қарағанда, халық ақындарының бір парасы сол ХVІІІ–ХІХ ғасырларда-ақ медіресе-мектеп көріп, сауат ашқан ба дейміз. Оған назар аударарлық негіз де бар. Орта Азия тұрғындарына ислам діні VІІІ–ІХ ғасырларда тарай бастаған. Соған орай, араб дүниесінде қарыштап өркендеген ғылым жетістіктерімен, оның аса көрнекті ғұламаларының, педагог-психологтарының есімдерімен, құнды-құнды еңбектерімен танысудың реті жүзеге асты. Араб қарпін үйретіп, білім беретін оқу орындары – медіреселер ашылған. Самарқанд, Бұқара, Хиуа секілді шаһарларда жоғары деңгейдегі білім-ғылым ғимараттары жұмыс істеген. Бір ғана Ұлықбектің өңшең білгіш мұғалім-зерттеушілер сабақ берген медіресесінің өзі неге тұрады! Ал оның аспан шырақтарының қозғалысын анықтаған және күннің шығып-батуы туралы әрі жыл он екі айдың ұзақтығын дәл өлшеген обсерваториясы ше?

Мінеки, осы исламдық шалқар өркениет табыстары ұлы далаға да кеңінен жол салды. Нәтижесінде қазақ және өзге түркі дүниесі арасында жаппай арабша-парсыша сауаттандыратын, мұсылмандықтың алғышарттарын ұқтыратын, Алланың бірлігін пайғамбардың өкілдігін негіздеп түсіндіретін ауылдық молда-мұғалімдер көбейеді. Осыдан барып, молданың алдын көрген, өздерінің хал-қадерінше әліпті таяқ деп білген, шама-шарқынша кітап оқи алатын адамдар қатары молая түскен. Бұл пікірімізге дәлел – халық ақындарының өлең жолдарында мейірім, шапағат, инабаттылыққа үндейтін және ислам дінінің пайда болуы, дамуы, қаһармандары, әр дәуірде жасаған пайғамбарлары, әулие-әнбиелері жөнінде кездесетін қызғылықты мәліметтер дер едік.

Мысалы, Абай өлеңдеріндегі мынандай жолдар назар аударады:


1. Патша құдай сыйындым

Тура баста өзіңе.

Жау жағадан алғанда,

Жан көрінбес көзіме.

Арғын, Найман жиылса,

Таңырқаған сөзіме...

О да – құдай пендесі,

Түспей кетер деймісің,

Тәңірінің құрған тезіне? [1, 90]
2. Алла деген сөз жеңіл,

Аллаға ауыз жол емес.

Ынталы жүрек, шын көңіл,

Өзгесі хаққа қол емес...[1, 266]

-12-

Бұл өлеңдерінен Абайдың исламдық үрдістерді жан-тәнімен қабылдап, оны бұзбауға шақырғандығын анық байқаймыз. Өйткені, оның «Патша құдай сыйындым, тура баста өзіңе» деген сөздері ислам дінінің қасиетті кітабы Құран кәрімнің «Фатиха» атты беташар сүресін еске түсіріп тұр. Онда былай делінген: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән. Аса қамқор, ерекше мейірімді. Қиямет күнінің иесі. (Әй Алла!) Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз! Бізді тура жолға сала көр! Нығметке бөлендіргендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!»[9, 1]. Аса құдіретті Жаратушыдан ақын өзін тура жолдан адастырмауын өтінген. Ал, қазақ ішіндегі Арғын, Найман сияқты ірі-ірі тайпалар қаншама асқақтап арындағанымен олар да құдайдың пендесі. Ендеше, тура жолдан адасса, олар да «Түспей кетер деймісің, Тәңірінің құрған тезіне» деп түйеді Абай ақын. Ақынның түсінігінше, Алланың адамзаттан талап ететіні – «ынталы жүрек, шын көңіл». Демек, ұлы Жаратушыны ақ-адал жүрек-көңілмен ұмсына, ынталана сүю шарт. Мұнан өзге дүниеауи аңсар-ауандардың барлығын да Хақтың жолымен сыйыспайтын пендешілік әрекеттерге жатқызған.



Данышпан Абайдың осы ұстанымы Шортанбай өлеңдерінен де жақсы көрінеді:
1. Күнәкәр болма, жігіттер,

Алланың жазған хаты бар.

Кәләм-шәріп құранда,

Мың бір есім аты бар.

Бұл сөзімді ұғады,

Иман нұрлы заты бар [7, 19].


2. Атамыз – Адам пайғамбар

Топырақтан жаралды.

Мұсылман, кәпір – халық боп,

Сол адамнан таралды [7, 21].


Қоғамдық ортадағы сан қилы аумалы-төкпелі, қым-қиғаш құбылыстарды, адамдар ара қатынасындағы жөнсіздіктерді мінеп, олардың ата-баба дәстүріне қайшы келетін тұстарын нұсқаған кездерде Шортанбай ақын әрқашан да мұсылмандықтың адамгершілік турасындағы үлгі-өнегелерін алға тартып отырады. Оның түгелге дерлік әдеби мұраларында Алланың ақ жолы, шариғаттағы, пайғамбарымыздың хадистеріндегі қасиеттілік пен қасиетсіздік жөніндегі моральдік өлшемдер дәйектеледі. Соған қарағанда, біз Шортанбай Қанайұлы және одан өзге де қазақ, қырғыз халық ақындарының өз мезгіліне сай білім-біліктерінің болғандығына, кейбірінің арабша хат танығандықтарына көз жеткіземіз. Әйтпесе, олар “Құран кәрім”, “Сияр шәриф” және басқа да имандылықты насихаттайтын

-13-


киелі кітаптарда баяндалған, тіпті, тұжырымдалған ежелгі ғылыми қисындарды қайдан біледі? Әрине, білгендіктен де ол өз кезіндегі әлеуметті күнәкәр болмауға шақырып, Кәләм-шәріп құранды Алланың адамдарға жазған хаты деп таныған. Алланың мың да бір есімі бар екендігін мәлімдеген. Кәләм-шәріп мағыналарын түсіндірушілердің еңбектеріне көз салсақ “Алланың күш-қуаты өлшеусіз, қаһарланса он сегіз мың ғаламды тарының жарты қауызына сыйғызады. Алланың ұлы-ұлы сипаттарын, сапаларын, қадір-қасиеттерін санай берсек, мың да бір болады. Соларға лайықты мың да бір есімі бар. Оның біреуін Алланың өзі ғана біледі, жаратқан пенделерінің бірде-біреуі білмейді. Мыңыншы есімі де құпия. Бірақ оны періштелер біледі… Адамдардан Алланың аса сүйікті құлдары білсе білген болар, бірақ олар ешкімге айтпаған… Сонымен мұсылмандардың ең мықты деген ғұламалары Алланың 999 есімін ғана біледі. Мың да бір есімінің ішінде аса ұлық болып есептелетіні – жүз де бір. Олардан біз білмейтін екі есімді шегерсек – 99. Тәспиқтың тастарының саны тоқсан тоғыз болатындығы сондықтан. Шын тақуа әр тасты тартқанда Алланың бір есімін айтып отыруы қажет” [10, 26-27].

Осындай-осындай қазақ халқының ішкі психологиялық бітім-болмысын, мінез-құлық қалыптарын, дүние жаратылысы жайлы танымдарын, басқа да толып жатқан қадау-қадау әлеуметтік ұстынды түсініктерін Абай және оның Шоқан, Ыбырай, Дулат, Шортанбай сынды замандастары өте терең де нәзік сезінген. Ал, Абайдың өзі болса жас шағынан-ақ мұсылманша оқып, одан туындайтын ереже-қағидаларды, жол-жора үрдістерді жіті аңғарған. Бұған ақынның көз ашқаннан арап-парсы тілдерін жақын жақсы біліп, жоғары деңгейде игергендігін қоссақ, онда оның көптеген өлеңдерінен қазақтың негізгі пайым-түсініктерінің ислам дінінің шариғат заңдарымен астасып жататындығына көз жеткіземіз.

Қорыта келгенде, қазақ халқының ХІХ ғасырда өмір сүрген ұлы перзенттері – Абай және оның замандас оқымысты-ғалымдары мен атақты ақан-жыраулары өздерінің өшпес, өміршең поэзиясы мен әдеби-тарихи жазбаларында туған елінің сол кездегі өмір тұрмысынан барынша толық ақпарат береді. Ешбір архив құжаттарында кездеспейтін соны да тың, аса қызғылықты, мән-маңызы ескірмейтін құнды-құнды мәліметтер аламыз.

_______________________________________________________________


  1. Абай Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық толық жинағы.

– Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1961. – 694 бет.

  1. Уәлиханов Шоқан. Таңдамалы. 2 – бас. – Алматы: Жазушы, 1985.

– 560 бет.

  1. Алтынсарин Ыбырай. Таза бұлақ: Өлеңдер, әңгімелер, хаттар, очерктер. – Алматы: Жазушы, 1988. – 320 бет.

  2. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. – Алматы: Қазақстан, 1967. – 388 бет; Жұмалиев Қ. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1967. – 434 бет.

-14-


  1. Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1992.

– 360 бет.

  1. Дулат Бабатайұлы. Замана сазы. – Алматы: Жазушы, 1991. – 160 бет.

  2. Шортанбай. Толғаулар, айтыстар, дастан. Құрастырушылар: Қ.Мәдібаева, К.Жүністегі. – Алматы: Айқап, 1993. – 80 бет.

  3. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 бет;

  4. Құран Кәрім: Қазақша мағына және түсінігі (Аударған: Халифа Алтай). – Медине: Екі Харамның қызметкері Фаһд патшаның Құран Шәриф басым комбинаты, 1991. – 604 бет.

  5. Сағындықұлы Б. Ғаламның ғажайып сырлары. – Алматы: Ғылым, 1997. – 296 бет.

В статье рассматриваются некоторые социально-философское значение поэзии Абая Кунанбаева и сопоставляются с литературными наследиями других народных акынов казахского народа.




АННОТАЦИЯ(Abstract)

(Мұхтар Әуезовтің халық әдебиетін саралау сабақтары. Классификация Мухтара Ауэзова народного фольклора.)

Академик-жазушы, дәріскер-профессор Мұхтар Әуезовтің(1897-1961) бүкіл ғұмырының оқу, іздену, толғанумен өткендігі әмбеге аян. Сан-салалы, әр тарапты әдеби-қоғамдық жұмыстарының арасындағы ең алдымен назар аударатыны оның халық әдебиеті турасындағы зерттеулері болды. Әсіресе, Мұхтар Омарханұлы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, жүйелеу ісінің аса байыпты жанашыр ұстазы ретінде танылды. Көптеген мән-мағынасы ескірмес, құнды ойлар айтты. Арғы замандарда өмір сүріп, дүниеден баяғыда көшіп кеткен жыру-жыршыларымыз, ертекші-аңызшыларымыз, айтыскер ақындарымыз бен шешен-билеріміз бүгінгі көркем жазба әдебиетіміз үшін, ақын-жазушыларымыз үшін үлгі-өнеге болып саналады. М.Әуезов қазақ ауыз әдебиетінің барлық жанрлары бойынша аса бағалы зерттеулер жүргізді, алуан түрлі ғылыми мақалалар, монографиялық еңбектер жариялады, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазды. Мысалы, халық ақындары поэзиясының келелі мәселелері «Әдебиет тарихы»(1927), «Әр жылдар ойлары»(1959), (Уақыт және әдебиет»(1962) дейтін кітаптарында жан-жақты сөз етілсе, 1960 жылы Ұлттық Ғылым академиямыз шығарған «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты көп томдықтың бірінші кітабының әрі авторы, әрі жалпы редакциясын басқарды. Мұнан басқа да көптеген қоғамдық жұмыстарына қоса, көңілі көреген оқымысты өмірінің соңына дейін қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақ ауыз әдебиеті пәнінен дәріс оқыды. Қазақ халық әдебиеті мұраларын мазмұн-мағынасына орай жіктеп, топтастыру ісін М.Әуезов 1920 жылдардан бастаған. Нәтижесінде, өзі жинаған материалдарының негізінде 1927 жылы «Әдебиет тарихы» оқулығы Қазақстанның сол кездегі астанасы Қызылорда қаласында басылып шықты. Бірақ та империялық-большевиктік идеологияның кесірінен бұл кітап көп уақыт бойы қалың оқырман қауым назарынан тысқары қалды. Тек қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана 1991 жылы «Ана тілі» баспасы М.Әуезовтің аталған еңбегін жұртшылыққа қайта ұсынды. Зерттеушінің «Әдебиет тарихы» кітабы, ақиқатында, ұлттық фольклордың зәру проблемаларын қозғаған, тың тұрпат-түрі басқаша монография еді. Бұрындарғы тәжірибеде, көбінесе, халық әдебиеті үлгілерін жинау-жариялау жағы ғана басым болатын. Біздіңше, халықтың ауызша сақталған әдеби шығармашылықтарын жоғары деңгейдегі ғылым объектісіне айналдыра отырып қарастыру, ұлтжандылық сезім-күйменен байыптау Мұхтар Омарханұлының тура осы еңбегінен басталады. Сондықтан біз Мұхтар Әуезовті қазақ халық әдебиетінің саралашысы деп бағалаймыз. (309 сөз)


ABSTRACT

(M.Auezov’s analysis of national literature classes)

Academician, writer, lecturer and professor Mukhtar Auezov (1897-1961) and dedicated the whole life to education, research, had a particular attitude act of conceiving in the mind. Among the variety of the literary and social work, first of all, he contributed to literature research. In particular, Mukhtar Kazakh was known for folklore collecting samples, ordering as the leader. He gave a lot of meaning out of date, and stressed the value. Myth tellers, storyteller, poet and speaker-dancing modern art to written literature, is considered to be an example for poets and writers. He did huge work in Kazakh oral literature of all genres for valuable research in various scientific articles, monographs published, wrote textbooks for secondary and higher education institutions. For example, the national poets poetry problems of "History of Literature" (1927), "In the thoughts" (1959), (Time and Literature "(1962) were about the books that are comprehensive, in 1960, published by the National Academy of Sciences of the" History of Kazakh literature "a multi-volume edition of the first book and the author, and the head of the general editorship. In addition, many public works, looking up to the end of his life as a scholar with the Al-Farabi Kazakh national University, gave a lecture on the Kazakh folklore. Kazakh folk literature heritage of the content and meaning of the sort, the group began in the 1920's after work. As a result, in 1927, on the basis of the materials collected by the "History of Literature" textbook was published in the then capital of Sofia. However, because of the imperial-Bolshevik ideology attention of the readers of this book for a long time community remained outside. only the Kazakh only after the country gained independence in 1991, "Mother Tongue" publishing the labor M.Auezov, offered to the public. Investigator's "History of Literature" book, in fact, raised the problem of national folklore needed, would be different from the type-type of books. Earlier, in practice, for the most part, the collection of samples of folk literature of the publishing side only. In our view, the high level of oral literary creativity stored with the object of consideration, to describe the feeling of patriotism and do not burn the same Mukhtar Omarhanovich to labor begins. Mukhtar Auezov Kazakh folk literature, we appreciate that legacy. (386 words)


МҮБӘРӘК ҮМБЕТАЕВ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы

кафедрасының доценті

МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ХАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІН САРАЛАУ САБАҚТАРЫ
Қазақ халық әдебиеті мұраларының әу бастағы туу заманалары мен көтеріп тұрған әлеуметтік зор салмақ-жүгі жайлы зерттеулерін Мұхтар Омарханұлы Әуезов соно-оу 1920 жылдардан бастаған. Даңқты ғұлама-ғалым, майталман дәріскер-профессор Мұхтар Әуезовтің бүкіл ғұмырының оқу, іздену, толғанумен өткендігі әмбеге аян. Сан-салалы, әр тарапты әдеби-қоғамдық жұмыстарының арасындағы ең алдымен назар аударатыны оның халық әдебиеті турасындағы зерттеулері болды. Әсіресе, Мұхтар Омарханұлы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, жүйелеу ісінің аса байыпты майталманы, жанашыр ұстазы ретінде танылды. Қадау-қадау мәң-мағынасы ескірмес, ғибратты ойлар айтты. Ықылым, арғы замандарда өмір сүріп, дүниеден баяғыда көшіп кеткен жыру-жыршыларымыз, ертекші-аңызшыларымыз, азуын айға білеген айтыскер ақындарымыз бен от көмей шешен-билеріміз бүгінгі көркем жазба әдебиетіміз үшін, ақын-жазушыларымыз үшін «...көркемөнердің баға жетпес меруерт-маржандарын қалдырды»(1, 205) деген еді ұлы қаламгеріміз. Сөзіне ісі сай ол қазақ ауыз әдебиетінің барлық жанрлары бойынша аса бағалы зерттеулер жүргізді, алуан түрлі ғылыми мақалалар, монографиялық еңбектер жариялады, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазды. Мысалы, халық ақындары поэзиясының келелі мәселелері «Әдебиет тарихы»(1927), «Әр жылдар ойлары»(1959), (Уақыт және әдебиет»(1962) дейтін кітаптарында жан-жақты сөз етілсе, 1960 жылы Ұлттық Ғылым академиямыз шығарған «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты көп томдықтың бірінші кітабының әрі авторы, әрі жалпы редакциясын басқарды. Мұнан басқа да көптеген қоғамдық жұмыстарына қоса, көңілі көреген оқымысты өмірінің соңына дейін қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақ ауыз әдебиеті пәнінен дәріс оқыды, «Абайтану» курсының негізін қалады.

Қазақ халық әдебиеті мұраларын мазмұн-мағынасына орай жіктеп, топтастыру ісін арнайы ғылыми жолға қойды. Нәтижесінде, өзі жинаған материалдарының негізінде 1927 жылы «Әдебиет тарихы» оқулығы Қазақстанның сол кездегі астанасы Қызылорда қаласында басылып шықты. Бірақ та империялық-большевиктік идеологияның кесірінен бұл кітап көп уақыт бойы қалың оқырман қауым назарынан тысқары қалды. Тек Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана 1991 жылы «Ана тілі» баспасы Мұқаңның аталған еңбегін жұртшылыққа қайта ұсынды. Зерттеушінің «Әдебиет тарихы» кітабы, ақиқатында, ұлттық фольклордың зәру проблемаларын қозғаған, тыңнан түрен тартқандай тұңғыш, тұрпат-түрі басқаша монография еді. Бұрындарғы тәжірибеде, көбінесе, халық әдебиеті

-2-

үлгілерін жинау-жариялау жағы ғана басым болатын. Біздіңше, халықтың ауызша сақталған әдеби шығармашылықтарын жоғары деңгейдегі ғылым



объектісіне айналдыра отырып қарастыру, ұлтжандылық сезім-күйменен байыптау Мұхтар Омарханұлының тура осы еңбегінен басталады. Өйткені, білімпаздың аталған еңбегі бастан-аяқ, тұтастай қазақ ауыз әдебиеті шығармаларының мән-маңызын ашуға бағытталған. Даралығы сонда, бұған дейін өзінің алдында үлгі аларлық белгілі бір көмескі болса да сүрлеу-соқпақтың болмағандықтан, автор бұл жұмысынан «көңілдегідей толықтықты іздеуге болмайтындығын» алдын ала ескертеді: «Сондықтан бұл кітап «Қазақ әдебиеті» деген толық атты аламын деп дәмеленбейді. Қазақ әдебиетіне көз салып жүрген адамдардың алдында ескілік-нобай суретін қалқитып беруге жараса, өз міндетін атқарғаны деп білеміз»,-дейді жазушы(2, 9). Мінеки, осынау мақсатқа сәйкес кітап мынандай бөлімдерден тұрады: 1.Сыршылдық салт өлеңдері; 2.Батырлар әңгімесі; 3.Ел поэмалары; 4.Тарихи өлеңдер; 5.Ертегі; 6.Айтыс өлеңдер; 7.Зар заман ақындары.

Біздіңше, қазақ ауыз әдебиетін осылайша топтап талдаудың өзі сол кездің көзімен қарағанда елеулі жетістік болып табылады. Жаратылысында зиялы Мұқаң данышпандарға ғана хас сыпайы, кішілік мінез танытып, тындырған ісін асқақтатпай, тек өзімен тұстастар мен кейінгілерге әдебиетті зерттеудің «нобай-суретін» үлгі-жобасын ұсынғандығына назарымызды аударады. Дегенмен, ауыз әдебиетін саралаған алғашқы еңбек еді десек те, М.Әуезовтің мұндағы мәселе қойысы, өткір тұжырымдары – жаңашыл, соны ойларға өте бай.

1920 жылдар ішінде небәрі жиырма бес жастардағы, әлі отызға да келе қоймаған жас Мұхтардың қазақ әдебиеттану жұмыстарының балаң шағында-ақ, аса байсалды, ұсынықты пікірлер айтып, өркеш-өркеш ғылыми байламдар жасауы кім-кімді де қатты қайран қалдырады, таңдай қақтырады. Мысалы, сол жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ Мұқаң «Сыршыл салт өлеңдерін»: -Жалпақ елдің салтымен байланысқан шер өлеңдері; Дін салты мен ұғымынан туатын өлеңдер; Қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдері,-деп үшке ажыратады да, олардың әрқайсысына тиянақты анықтама береді. Ал «Батырлар әңгімесі», «Ел поэмалары» дейтін бөлімдерінде «Едіге», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Шора батыр», «Қамбар батыр», «Алпамыс батыр», «Қозы Көрпеш – Баян», «Қыз Жібек» жырларына талдау жасаған.

Талдау барысында бір қызық, оңтайлы әдіс тауып, әуелі әр жырдың «қысқаша әңгімесін»-оқиғалық желісін, мазмұнын/ баяндайды да, сосын әр жырдың «қысқаша мәнісін»/тарихқа, шындыққа қатысын, образдар жүйесін, т.б./ ұқтырады. Сондай-ақ, «Тарихи өлеңдер», «Ертегі», «Айтыс өлеңдер», «Зар заман ақындары» бөлімдерінен де М.Әуезовтің өзіне тән зерттеушілік машығы айқын аңғарылады. Қазақ фольклорын ғылыми бағытта бажайлаудың елең-алаңы дерлік сол бір қиын-қыстау 1920-1930 жылдар иінінде М.Әуезовтің өзге де толып жатқан творчестволық шаруаларын қоя тұрып, халық ауыз әдебиетіне беріле ден қоюы оның болашақты болжаған көрегендігін әйгілейді. Сайып келгенде, жалпы жұртшылыққа, соның ішінде

-3-

өнер адамдарына қазақ ауыз әдебиетін терең оқып, түйсінудің шарт екендігін фольклорист-ғалым былайша тұжырады: «Рас, өткен күннің әдебиеті біздің



сүюімізді тілемейді. Сүюімізбен семірмейді де түрленбейді. Жек көруімізбен жоғалып та кетпейді. Ескі әдебиеттің түрлерін білу, бетін ұғу, ағымына түсіну – біздің өзіміз үшін керек. Бүгінгі әдебиетке белгілі жол салып, дұрыс бағыт береміз дегенде, жалпы қазақ әдебиетінің өткен күнін, бүгінгі қалпын һәм келешегін де түгел түсіну керек. Сонда ғана әрбір жазушы хақиқатқа жақын сөйлеуі де мүмкін(2, 227). Мұқаң бұл данышпандық пікірін, керек десеңіз талабын «қазақ әдебиетіне көз салып жүрген адамдарға»/ақын-жазушыларға/ әдейілеп, арнайы айтып отыр. Әрбір қазақ жазушысы сонда ғана хақиқатқа жақын ойлауға, сөйлеуге, жазуға үйренеді. Бұл – бір.

Екіншіден, ұлттық фольклорымыздың 1930-1960 жылдар аралығындағы жиналу және зерттелу барысына да М.Әуезов қосқан олжа өте зор. Оның айрықша толыққанды, мән-маңызы терең фольклортану саласындағы еңсесі биік еңбектері де осы кезеңдердің үлесіне тиеді. Бұл ретте дана оқымыстының 1939-1940 жылдарда жазылған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» деп аталатын зерттеуінің орны ерекше. Ілгерідегі айтқан ойларын кеңейте келіп, автор бұл жұмысында қазақ фольклорын топтап зерттеудің мынындай тәсілдерін ұсынады:

1.Халық поэзиясының шағын түрлері: үйлену-салт жырлары/«жар-жар», «бет ашар», «сыңсу»/; мұң-шер өлеңдері/«жоқтау», «қоштасу», «естірту»/.

2.Ертегі, аңыздар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер - /«хиял-ғажайып ертегілер», «хайуанат жайындағы ертегілер», «салт ертегілер», «балаларға арналған ертегілер», «аңыз ертегілер», «күй аңызы»/.

3.Батырлар жыры/»Қобланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайын»/.

4.Ғашықтық жырлары/«Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман – Шолпан»/.

5.Тарихи жырлар.

6.Айтыс өлеңдері(1, 207).

Академик М.Әуезовтің қазақ фольклорына жасаған осы классификациясын кейінгі жылдардағы үлкенді-кішілі зерттеушілер, негізінен, өздерінің ғылыми ізденістерінде басшылыққа алып келеді. Аталған ауыз әдебиеті шығармаларын жеке-жеке даралап, түбегейлі талдау арқылы Мұқаң олардың идеялық мән-маңызын халықтың заманалық тілек-мүддесіне сай шешіп, бағалап байыптаудың бірегей шынайы әдіснамасын, іргелі ізін салып берді. Үлкен болсын, кіші болсын белгілі бір ру-тайпа, ұлт-ұлыстың, халықтың көп бе, аз ба бастан кешкен тарихынан, өмір-тіршілігінен сырт тұратын өнер туындысының болмайтындығына көзімізді жеткізді. Оның жарқын айғағы – М.Әуезовтің туысқан қырғыз елінің атақты «Манас» эпосы туралы жазған еңбектері. Қазақ-қырғыз тарихында «Манас» эпосына ә дегенде ыстық ыждаһатпен назар салған өте көрнекті үш ғұлама ғалым бар. Олардың бірі – Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов, бірі – Мұхтар Омарханұлы Әуезов, бірі - Әлкей Хақанұлы Марғұлан.

-4-


Түркі тұқымдас елдер ауыз әдебиеті ішінде өзінің көлемі, оқиғасының қамтитын аудан-аумағы жағынан бірінші орынды қырғыздың «Манас»

дастаны иеленеді. Тіпті, мұны айтасыз, арысы дүниежүзілік фольклорда бұл жырға жақын келіп, иықтаса алар шығарма жоқ! Сан ғасырлар көшінде ауызша сақталып, атадан-балаға мирас етіліп келген қырғыздың энциклопедиялық маңызы өлшеусіз «Манас» жырының бір көлемді бөлігін ХІХ ғасырдың орта шенінде/1856/ қазақтың ұлы саяхатшы-білімпазы Шоқан Уәлиханов қағазға түсірді, содан барып, «Манас» айдай әлемге жайылды. Дастанның сол Шоқан жазып қалдырған «Көкетайдың асы» нұсқасы ұзақ уақыттар бойы еш жерден таптырмай оқырмандарды, ғылыми ортаны едәуір толғандырған еді. Бұл бейнетті, мәртебелі істі еңбекқор зиялымыз Әлкей Марғұлан жарқырата орындап шықты. 1971 жылы әдебиетші-этнограф Ә.Марғұлан «Шоқан және «Манас» атты кітабында өзінің Омбы шаһарының мұрағатынан тапқан Шоқанның араб қарпімен жазылған қолжазбасын жариялап, Шоқантану, Манастану ғылымдарының көкжиегін кеңейте түсті.

«Манас» эпосының идеялық-көркемдік мәнін, халықтар мәдениеті сапындағы орнын тексерген жұмыстар санының өзі осы күні бірқыдырау жерге барды. Кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалып, қазақ-қырғыз фольклоршыларының тың тұрпатты манастанушылар легі өсіп шықты. Ауыз әдебиеті мұраларын халықтық көзқарас үдесінен екшеп қабылдаудың ұлағатты мектебі қалыптасты. Ондай жоғары елдік мұраттарды ту қылып көтерген мектептің негіздеушісі, тұңғыш тәлімгер ұстазы Мұхтар Омарханұлы Әуезов болды. Зайыбы Валентина Николаевна Әуезованың естеліктеріне қарағанда, Мұқаң Жетісуға 1927 жылы келген(3, 378). Сол шақтан бастап ол Алатау өңіріндегі қазақ-қырғыз арасында айтылатын ауыз әдебиеті үлгілеріне үзбей көңіл бөліп, зерттеу жұмыстарымен қызу шұғылданған. Туысқан халықтар әдебиеті тарихында М.Әуезов алғаш рет «Манас» жырын егежей-тегежейлі зерттеп, құнды-құнды жаңалықтар ашты. «Қырғыздың батырлық эпосы «Манас» атты монографиялық еңбегінде/1936-1959/ манасшылар дәстүрі, олардың орындаушылық шеберліктері, жырдың оқиғалық желісі, құрылысы, батырлық жорықтар, алуан түрлі мазмұндық тақырыптары, дастанның тарихқа қатысы, образдар жүйесі және поэтикалық қырлары туралы ешқашан әдеби-тарихи маңызы ескірмейтін ойлар қорытты.

Үшіншіден, адамгершілік ұстындары шайқалған қызыл-коммунистердің нәсілшіл-шовинистік билік дәуірінде орыстан өзге ұлттардың мәдениетіне, өткен тарихы мен әдебиетіне шектен тыс қиянат, қысым жасалғандығы белгілі. Қазақ-қырғыз елдерінің бостандық сүйгіш мінезін, азаттық жолындағы батырлық күрестерін дәріптейтін, ізгілікке толы әдет-ғұрып, салттарын сипаттайтын ең мағыналы, ең көркем жырларына әдейі жала жабылды. Ата-баба жолынан адастырып, тілінен, ділінен бездіруге барынша күш салынды. Бүкіл орыстық-мемлекеттік машина ұлттарды есінен тандырып, мәңгүрттендіру бағытында барпәрменімен жұмыс істеді. Соның кесапат-кесірінен кезінде қазақтың «Алпамыс», «Қобыланды», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», т.б. жырлары және ақылды, ұлтжанды

-5-

азаматтары адам айтқысыз зәбір-қорлық көрді, зардап шекті. Мәселен, 1950 жылдары қырғыздың «Манас» эпосының да тағдыры талқыға түсіп, басына



қара бұлт үйірілді. Жырдың әлеуметтік сипаты, идеялық мәні, халықтық қадір-қасиеті туралы әрқилы қияс-қыңыр пікірлер өрбіп, дау-дамай өршіді. Қырғыздың ертедегі дуалы ауыз Келдібек, Балық, Найманбай, Тыныбек, Ақылбек, Диқанбай сынды жомықшылары және берідегі аты шулы Сағымбай Оразбақов, Саяқбай Қаралаев сияқты манасшыларының «Манас» жыры арқылы отаншылдыққа, тәуелсіздікке үндеген ойларының, ұлттық таным-түсінікке бай пәлсапалық тұжырымдарының бағасы кемітіліп, жоққа шығарыла бастады. Осындай қатерлі сәтте М.Әуезов тек қырғыздарға ғана емес, күллі түркі халықтарына да қымбат, телегей-теңіз «Манас» жырын 1952 жылы 8 шілдеде Фрунзе/қазіргі Бішкек/ қаласында өткен ғылыми конференцияда жан сала қорғап қалды. Сондағы «Манас» эпосының халықтық нұсқасын жасау керек» деген тақырыптағы сөзінде Мұқаң арғы-бергі түркілік көне тарихты тереңнен қопара қозғап, бұлтартпайтын нақты мысалдар аясында «Манас» дастанының халықтық болмыс-табиғатын жан-жақты дәлелдеп берді.

Қорыта келгенде, міне, нақ осындай-осындай тағлымды, зор еңбектері арқылы Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазақ-қырғыз халық әдебиеті мұраларын шынайы бағалап, танудың өзінше бір соны соқпақ-сабақтарын, әдіс-тәсілдерін жасап көрсетті.

________________________________________________
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Әуезов М. Шығармалар. Он екі томдық. 11-том. –Алматы:

Жазушы,1969. -480 бет.

2.Әуезов М. Әдебиет тарихы: Жоғары оқу орындарының студенттеріне

арналған. –Алматы: Ана тілі, 1991. -240 бет.

3.Біздің Мұхтар (М.О.Әуезов туралы естеліктер). –Алматы: Жазушы,

1976. -432 бет.

АННОТАЦИЯ(Abstract)

(Әдебиетті оқыту әдістемесі – ғылыми пән. Методика обучения литературы – научный предмет.)

«Әдебиет әдістемесі - педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның қамтитын объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары  кезінде мұғалім мен оқушылардың  өзара қарым-қатынасы болып табылады,  ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді. Бірақ әдебиетті оқыту әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды», - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев. Бұдан әдебиет әдістемесі ғылымы мен жалпы педагогика ғылымының өзара байланыста болатынын көреміз. Қазақ тілін, әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тарихында Ахмет Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі. А.Байтұрсынұлының оқудың негізі білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің мәнін  жойған жоқ. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің  қамтитын аймағы  мектептегі әдебиет  пәні сабақтары мен әдебиетке байланысты сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар және базистік оқу жоспарының  инвариантты бөлігінен берілетін таңдау курстарында жүргізілетін  әдебиет сабақтарында мұғалім мен оқушының  оқу-тәрбие ісінде өзара қарым-қатынасы болып табылады. Сөз өнерін, көркем әдебиеттің  өзін әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымында белгілі дәрежеде  оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім, адамгершілік, ізгілік, имандылық, тәрбие беру мен білім-білік дағдыларын қалыптастыру  заңдылықтарын ашу-оның қарастыратын басты мәселесі. Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның  рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет- бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады. 


Әдебиет пәні оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытуды, өнер туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен әсемдікті танып ұға білуге, дұрыс бағалауға, әсерленуге, терең  пайымдауға үйретеді, сонымен бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-ықыласты оята отырып, оқырман  мәдениетін қалыптастырады.
Осы негізде мектептегі  қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді дамуына қызмет атқаратын негізгі эстетикалық пән деген тұжырымға келеміз. Қоғамның  және  мәдениеттің  даму өзгерістеріне  сай әдебиет  пәнінің  бағдарламалары, оқулықтармен қатар оны оқыту әдістемелігі де жетілдіріліп отырады және ол қалыптасқан отандық әрі  әлемдік тәжірибеге негізделеді. Сонымен, оқытушы және оқушының   оқу әрекетіндегі  бірлестіктер мен дербестік сипаттарын, ұйымдастыру жолдарын қарастыруға әдістеме ғылымы қолда бар бай тәжірибеге сүйенеді және оның таяу болашақтағы даму бағыттарын айқындайды. (317 сөз)

ABSTRACT

(Literature - a scientific discipline)

"The scientific literature relating to the methods of teaching science subjects. This includes property, providing school literature on the relationship between teachers and students in the learning is based on the provisions of the general principles of the theory of Pedagogical Sciences. But the pedagogical methods of teaching literature, such as schools, provide educational issues as a whole, provided only on the basis of the study of literature, students report to the education and training within the framework of their own problems ", wrote the eminent scientist-practitioner A.Kosimbaev. In addition, the general methodology of science and literature will be in contact with the pedagogical sciences. Kazakh language and literature in the history of science became the leader of the A.Baytursynov. A.Baitursynuly the opinion that it is a basic knowledge of self-learning still has not lost its value. Kazakh literature, including methods of teaching literature in the area of school literature classes and extra-curricular school activities and the basis for the invariant part of the curriculum in the selection of courses in the lessons of teachers and students in the educational literature is a mutual relationship. Word art, literature self-study of literature and literary history of science degree students on the basis of literary education, moral, humanitarian, moral, educational skills and knowledge of the laws of anger, which is the main problem. Literature on the subject individual, the person's spiritual life, his humanity, thinking, mood, feeling, language, and played an important role in the development of creative activities or initiatives. Student development of high aesthetic taste in literature, art twındısındağı, nature, understand and recognize the beauty of harmony between the people who know the correct rate, äserlenwge, teaches conscious, as well as a love for fiction, my readers with a desire culture forms. On this basis, the harmonious development of Kazakh literature, individual schools have concluded that the main function of the aesthetic thing. Changes in the social and cultural development programs in accordance with the literature, textbooks and teaching methods are improved and it is based on the current domestic and international experience. In addition, the activity of the teacher and the student's academic associations and individual properties, methods of science is based on a wealth of experience available to consider and determine the directions of its development in the near future. (382 words)


МҮБӘРӘК ҮМБЕТАЕВ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы

кафедрасының доценті


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Международные отношения и международное право


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу