Пәнге тән лексика мен терминология: мономерлер, полимерлер, глюкоза, фруктоза,
крахмал, гликоген, май қышқылдары, глицерин, аминқышқылдары, нуклеотидтер,
диализ түтікшесі, жартылай өткізгіштік.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Мономерлер … түзеді.
Полимерлер … тұрады.
Мономерлер жасуша мембранасынан….
Жасуша мембранасынан ... өте алмайды.
Құндылықтарды
дарыту
Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу
құндылықтары дамытылады.
Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей
білу құндылықтары дамытылады.
Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу,
ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары
дамытылады.
Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары
дамытылады.
Практикалық жұмыс кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасау,
жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу, өз ісіне берілу
құндылықтары дамытылады.
Пәнаралық
байланыстар
Мономер, полимер түсініктері, олардың мысалдарын қарастыру арқылы химия
пәнімен байланысады
Бастапқы білім
Органикалық заттардың құрамына кіретін элементтерді, азық-түліктің құрамында
көмірсу, нәруыз, майлардың болатынын біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Сабақтың басы
0-3 мин
Оқушыларға 1-слайд көрсетіліп,
Жасуша мембранасы арқылы қандай заттар өте алады, қандай заттар өте алмайды? сұрағы
талқыланады. Осы сұраққа бүгінгі сабақта жауап аламыз. Оқушылар жасуша
макромолекулаларды қабылдай алмайды деген қорытынды шығару үшін осы тақырыптың
қарастырылып жатқанын түсінсе жеткілікті.
Сабақтың ортасы
4-7 мин
Мұғалім таныстырылым арқылы шағын түсіндірме жасайды. Онда мономер және
полимер ұғымдарына анықтама беріліп, полимерлер мен мономерлердің мысалдары
аталады. Оқушылардан сабақтың не туралы екені сұрала отырып, сабақтың мақсаттары
мен бағалау критерийлері анықталады.
Оқушылар 2- слайдтан және өздеріндегі жұмыс парақтарынан сабақтың мақсаттары мен
бағалау критерийлерін оқып танысады.
8-13 мин
Полимер мен мономердің айырмашылығын түсіну үшін оқушыларға шағын тәжірибе
жасау ұсынылады.
Мұғалім:
Тәжірибе барысында көзілдірік пен халат, қолғап кию қажет. Көзілдірікті неліктен кию
қажет? Қандай ерітінді киімге төгілсе оны бүлдіруі мүмкін? Ерітіндіні иіскеуге бола ма?
Көзге немесе қолға ерітінді төгілсе не істеу керек? ... Оны тез арада мол сумен шаю
қажет... деп қауіпсіздік ережелерімен таныстырады.
14-17 мин
Диализ түтікшесі жасуша мембранасының үлгісі ретінде қолданылады. Мембрана арқылы
қандай заттың өтіп, қандай заттың өте алмайтынын тексеріп көрейік. Осы екеуінің
қайсысы мембранадан өте алады деп ойлайсыздар?
Неліктен? Жұмыс парақтарыңызға болжам жазудан бастаңыздар деп оқушылар глюкоза
мен крахмалдың қайсысы мембранадан өте алатынын болжап жазады.
18- 23мин
Оқушылар болжамды жазып болғаннан соң тәжірибені қойып, 10 минутқа қалдырады.
24-31 мин
Оқушыларға алты бұрыш бірнеше қима қағаздар/лего бөлшектері/атом үлгілері
таратылып, мономерлерден полимер жасап, олардың айырмашылықтарын түсіндіру
тапсырылады.
Тәжірибені аяқтап қорытынды жасайды.
151
32-37 мин
Оқушыларға мономерлердің полимерлердің мысалдары мен ағзада кездесетін орны
туралы кесте толтыру ұсынылады.
Сабақтың соңы
38-40 минут
Кері байланыс
•
Позиция «Мен ...деп есептеймін»
•
Түсіндіру «Себебі, ... »
•
Мысалы «Мен ...дәлелдеймін, мысалы ретінде ... »
•
Нәтиже «Айта келе, мен ... деп қорытындылаймын»
Кері байланыс сабақ барысы емес, тақырып мазмұнына қатысты жүргізіледі.
Саралау – оқушыларға
қалай көбірек қолдау
көсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары
оқушыларға қандай міндет
қоюды жоспарлап отырсыз?
Моделдеу үшін әртүрлі материалдар ұсыну арқылы процесс сараланады.
Қабілеті жоғары оқушыларға полимерлердің қызметтерін анықтап, қосымша
мысалдар келтіру арқылы тақырып мазмұнын тереңдету мүмкіндігі жасалады.
Тәжірибенің көрсетілімінен кейін өз пайымдауынша қорытындылар жасау
кезінде саралау жүзеге асырылады.
Тәжірибенің нәтижесін сызбаға түсіріп, сызба арқылы түсіндіру, немесе дайын
сызбада түсіндіру тапсырмаларын таңдап орындау арқылы да саралауға болады.
Бағалау – оқушылардың
материалды меңгеру
деңгейін қалай тексеруді
жоспарлайсыз?
Оқушылардың ауызша жауаптары арқылы;
Тәжірибенің болжамдарын жасап, оның дәлелденуіне талдау жасай білулері
арқылы;
Моделді дұрыс жасап, мономер мен полимердің айырмашылығын түсіндіре алуы
арқылы;
Тәжірибені жасау, қорытынды шығаруы арқылы.
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы
Көзілдірік, халат, қолғап кию.
Су моншасына күйіп қалмау.
Ерітінділерді төгіп алмау, иіскемеу.
Тәжірибелік жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау
Тәжірибе жасау кезінде белсенді қозғалыс жасайды.
Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 10.2
Ұзақ мерзімді жоспар
бөлімі:
Мектеп: № 50 Абай атындағы орта мектеп
Мұғалімнің аты-жөні: Әбілқасым Алтынкүл
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Күні:
Сынып: 6
Сабақ тақырыбы
Неліктен крест жорықтары ұйымдастырылды?
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)
6.3.2.6 – картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4
жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарларын анықтау
Сабақ мақсаттары
Тарихи дереккөздерді талдау негізінде, крест жорықтарының себептерін
анықтайды және кескін картада бағыттарын көрсетеді.
Бағалау критерийлері
кем дегенде 3 себептерін анықтау;
кескін картада 1-4 крест жорықтарының бағыттарын белгілеу;
крестшілдер құрған мемлекеттерді кескін картада белгілеу;
кескін картада крест жорықтарының кем дегенде үш маңызды қаласын белгілеу.
Тарихи концепт (фокус)
Себеп пен салдар
152
Тілдік мақсаттар
Тілдік құзіретті дамыту:
Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.
Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.
Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.
Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ
сұрақтарға жауап беру кезінде.
Пәнге тән лексика мен терминология: Крест жорықтары, крестшілер Ордені,
Қасиетті жер, Құдай қабірі, Рим папасы, Урбан II, Салах-ад-дин, Арыстан
жүректі Ричард.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Омейя билік құрған кездегі әр түрлі өзгерістермен/ жетістіктермен
сипатталады...
Ең маңыздысы Омейя басқарған кезде әлуметтік, экономикалық, саяси,
мәдени, ғылыми, философиялық, архитектуралық .... болған
Ең маңызды өзгеріс немесежетістік ... болған.
Дереккөз нені хабарлайды/ көрсетеді?
Еуропалық католиктердің исламға қарсы не крест жорықтарын
ұйымдастырудың бірінші себебі, .... болды.
Басқа да себептері .... болды.
Мен бұл дереккөздерден қандай қорытынды шығара аламын?
Бұл дерек .... көрсетеді.
Мен тағы қандай сұрақтарды қоя аламын ?
Менің тағыда білуіме .....қажет болып табылады
Құндылықтарды дарыту
жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы
ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту
Пәнаралық байланыстар
География (кескін карта)
АКТ қолдану дағдылары
Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация
пайдаланылады.
Бастапқы білім
Оқушыларда ислам діні туралы жалпылама білімдері болуы мүмкін.
Сабақ барысы
Сабақ
элементтері,
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
(мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті)
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру
кезеңі 0-2
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқу құралдары
Сабақ
тақырыбын,
мақсаттар және
бағалау
критерийлерін
анықтау
2-5
БЫМ/Б Мұғалім христиан шіркеуінің бөліну картасын көрсетеді
және оқушыларға сұраққа жауап беруді сұрайды: бұл карта қандай
ақпарат береді? 1054 жылы христиан шіркеуінің католик пен
провинцияға бөлінуі туралы оқушыларға түсінік беру.
Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының
қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи
концептімен танысу.
Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:
1. Крест жорықтарының себептерін анықтау.
2. Крест жорықтарын ұйымдастыруда шіркеудің рөлін түсіндіру;
3. 1-4 крест жорықтарының бағыттарын кескін картаға белгілеу.
4. Сабақтың тақырыбына қорытынды жасау.
Презентация
Сабақтың ортасы
Жұптық жұмыс
түрі
Зерттеу жұмысы
5-15
М / Б Мұғалім екі картаны талдауға тапсырма береді: неліктен орта
ғасырда Иерусалим әлемнің орталығы деп саналады?
Оқушылардың жорамалдарын талқылау.
Ж Мұғалім крест жорықтарының басталуы туралы бейнені көруді
ұсынады. Бейне клип көріп жатқанда, оқушылар тапсырмаларды
орындауы керек:
Крест жорықтарды ұйымдастыру себептерін анықтауңыз.
Неліктен жорықтар «крест» деп аталды?
Презентация
Бейне баян :Крест
жорықтарының
рыцарьлары
https://www.youtube.co
m/watch?
v=RnGEEZXWKM4
153
Қандай әлеуметтік топтар Папаға қолдау көрсетті және неге?
Дескрипторлар:
• Бейнедегі ең маңыздысын ажыратады;
• Крест жорықтарының себептерін анықтайды;
• «Крест жорықтары» атауының ерекшеліктерін түсіндіреді;
М/Б Сыныптың талқылауы, мұғалім оқушылардың жауаптарына
түзетулер енгізеді.
(5 минуттан бастап)
15-20
20-30
30-40
Т Мұғалім алдын-ала дайындалған крест жорықтарының себептері
бар карточкаларды таратады, оқушылар карточкаларды салалар
бойынша топтастыру керек. Саяси себептер, экономикалық,
әлеуметтік, діни.
Ж/Т Оқушылар келесі тапсырма орындайды. (дидактикалық
материал)
1.
Кестені толтырыңыз:
Крест жорықтарына қатысқан
әлеуметтік топтар
крест жорықтарына қатысу
себептері
2.
Крест жорықтарына қатысқан әлеуметтік топтардың ортақ
себептерін анықтаңыз.
Дескрипторлар:
• Крест жорықтарына қатысқан әлеуметтік топтарды анықтайды;
• Крест жорықтарына қатысу себептерін анықтайды;
• Крест жорықтарына қатысқан әлеуметтік топтардың ортақ
себептерін анықтайды.
М/Б Қорытындылау үшін мұғалім тақтадаға әлеуметтік топтар мен
олардың мақсаттары бар кестені ұсынып, сәйкестендіруді сұрайды.
Ж/Ж Мұғалім оқушыларға атласты немесе оқулықтағы картаны
қолдана отырып, кескін картада тапсырманы орындауды сұрайды
(дидактикалық материал).
Кескін карта бойынша тапсырмалар:
1) крест жорықтары кезінде болған мемлекеттерді белгілеңіз:
Византия, Германия корольдігі, Франция корольдігі, Италия
корольдігі, Англия корольдігі, түрік-салжұқтары т.б.
2) Клермон, Константинополь, Иерусалим, Венеция қалаларын
белгілеңіз.
3) 1-4 крест жорықтарының бағыттарын белгілеңіз.
Дескрипторлар:
Кескін картада крест жорықтары кезінде болған мемлекеттерді
белгілейді. 1-4 крест жорықтарының бағыттарын белгілейді.
М/ ЖЖұмыстың соңында өзін-өзі тексеру жүргізіледі. Оқушылар
аяқталған тапсырманың дұрыстығын тексереді.
М Мұғалім крест жорықтарының негізгі бағыттарын сипаттайтын
қысқаша түсіндірме береді.
Дидактикалық
материал «Крест
жорықтарының
себептері
карточкалары»
Дидактикалық
материал
«Крест жорықтарының
себептері»
Дидактикалық
материал «Крест
жорықтарының
картасы», кескін карта
Сабақтың соңы
Рефлексия және
үй тапсырмасы
40-45
Ж Оқушыларға «Урбан Рим папасының сөзі» атты тарихи деректі
оқып, тапсырма орындайды.
Дескрипторлар:
• христиандардың мұсылмандарды жек көрушілігін анықтайды;
• папаның бекіткен билік түрін анықтайды;
• христиан діннің маңыздылығын ашады;
Рефлексия:
…есте сақтадым. …. атап өттім.
…. түсіндім. …ой елегінен өткіздім.
Презентация
Саралау – оқушыларға қалай
көбірек қолдау көрсетуді
жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары
оқушыларға қандай міндет қоюды
жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың
материалды меңгеру деңгейін
қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы
* * * * * * * * *
154
Сабақ : Қазақ әдебиеті Мектеп: 50
Күні :
Мұғалім: Алиякбарова Ұлболсын Шермановна
Сынып: 5
Қатысқан оқушылар саны:
Бөлім атауы
Адамгершілік - асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы:
«Егіннің бастары» өлеңі
Осы сабақ арқылы жүзеге
асатын оқу мақсаттары
5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;
5.Б/С4.Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни
хабарлама жазу;
Сабақ мақсаты:
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау; шығарма әсерін талдай отырып,
сыни хабарлама жазу;
Ресурстар
Ғаламтор материалдары
Бағалау критерийлері:
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтай алады;
шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазады;
Дескриптор
Шығарма тақырыбын табады;
Идеясын анықтай алады;
Шығармаға талдау жасай біледі;
Талдау барысында сыни хабарлама жазады;
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу, түсіну, бағалау
Тілдік мақсаттар:
Тағзым ету, қайран калу, шекірейіп қарау, сорайған қарасы, тәкаппар,
балау, теңгермеу.
Құндылықтарды дарыту
Адамгершілік асыл қасиеттерге баулу
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі
АКТ қолдану дағдылары
Презентация, слайд
Жоспар
Жоспарланатын
уақыт
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
Сабақтың басы
10 мин
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі айтылады.
Оқушылар Ахмет Байтұрсынов жайында мұғалімнің оқыған мәліметтері бойынша кластер
құрады. 1-тапсырма. Ж.Ж. Т.Ж.
1. Ол халықты оқуға шақырған, ағартушылық жұмыстар жүргізген, қазақ ауылдарында
орысша - қазақша мектеп ашып, балаларға сабақ берді? (ағартушы, қоғам қайраткері, ұстаз)
2. Байтұрсынұлы қазақ балалары үшін «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Әдебиет
танытқыш» атты оқулықтар жазды (Жазушы )
3. Араб әріптерінің негізінде қазақ алфавитін жасады. (ғалым - лингвист)
4. «Маса» өлеңдер жинағының авторы (1911 жыл). Өлеңдері: «Қазақ салты», «Қазақ
қалпы», «Жиған - терген», «Досыма хат» т. б. (ақын)
5. А. Байтұрсынов – Абай дәстүрін жалғастырып, мысалдар (басни) жазған. (мысалшы)
6. А. Байтұрсынов И. А. Крылов мысалдарын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» (1909
ж.) деген атпен жинақ шығарды. (аудармашы).
Кластер: А. Байтұрсынов - ағартушы, қазақтың ірі қоғам қайраткері, талантты ғалым -
лингвист, дарынды ақын, педагог, жазушы, аудармашы, мысалшы.
Ал, мысал дегеніміз деген не? Мысал – адамға сабақ болар өсиеті бар шағын аллегориялық
шығарма. (Краткий, чаще всего стихотворный, нравоучительный рассказ) Аллегория деген
не? Астарлы, тұспалдау, меңзеу арқылы суреттеуді аллегория дейді.
Астарлы - иной смысл слова, чем говорится вслух (двусмысленно, иносказательно)
Тұспалдау – со скрытым смыслом.
Меңзеу - намекать (с намеком)
Әр мысалдың соңында түйінді ойы болады. (В конце басни содержится краткое
нравоучительное заключение — мораль)
Бүгін сабақта біз А. Байтұрсыновтың Иван Иванович Хемницерден аударған «Егіннің
бастары» мысалын оқып, идеясын ашуға тырысайық. (И. И. Хемницер - орыс ақыны,
мысалшы)
155
2-тапсырма. «Болжау» стратегиясы
Әдістің мақсаты: оқушыларды креативті ойлауға, жаңа идеяларды тудыруға бағытталған.
Әдістің орындалуы: мысалдың 1-шумағын мұғалім оқиды, әрі қарай не болатынын
оқушылар болжайды. Дұрыс нұсқасын мұғалім оқиды, әрі қарай оқушылар тағы
болжайды. Осы ретте мәтін жалғасын болжату арқылы оқушылар әңгімені аяғына
дейін болжам жасаумен болады. Мұғалім оқитын үзінді мен оқушылардың болжайтын
тұсы төменде көрсетілген. Оқушылар деңгейлеріне сай болжам жасайды.
Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып әрлі-берлі жүрді дағы,
Егінші егін еккен жерге барды.
Аралап әр егінді қарап жүрді,
Кез еді пісіп болған егін түрлі.
Бастарын дәнге толған төмен салып,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.
Әрі қарай жалғастырыңыз!
Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап,
Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.
Баланың сол бидайға көзі түсіп,
Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап:
«Құбылып бидайлар тұр басын салып,
Жіберген мырза Құдай нұрға қанып.
«Әй, әке, мұның мәнін түсіндірші,
Бір іске тұрмын өзім қайран қалып.
Бұл Бидай көтеріп тұр басын көкке,
Қарайды
шекірейіп
өзі
көпке.
Өзіне
өзгелерді
теңгермейтін,
Соншама бұл бидайдың дәні көп пе?»
Әрі қарай жалғастырыңыз!
«Айтайын мұның мәнін, балам, саған,
Шырағым, түрін көріп таңданба оған.
Өзгесі
төмен
қарап
бүгілгенде,
Ойлама кем екен деп бәрі сонан».
Және де әкесі айтты баласына:
Әрі қарай жалғастырыңыз!
«Сұқтанба құр сорайған қарасына.
Құдайым өзгесіне дән бергенде,
Бұл бидай дәнсіз қапты арасында.
Бидайлар басы толық иіліп тұр,
Дән берген қожасына сыйынып тұр.
Басында бұл бидайдың дәні болмай,
Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.
Әкесінің баласына қандай ақыл берді?
«Елде көп бұл бидайдай адам, - дейді,
Тәкаппар, оны халық, жаман, - дейді.
- Қалпы емес тәккапарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам», - дейді
Сабақтың
ортасы
15
5 мин
12
Шығарманы бір оқушыға мәнерлеп оқытып, тақырыбы мен идеясын анықтату.
Анықтама бұрышы. Тақырып- көтерілген мәселе, идея-сол көтерілген мәселеге қатысты
автордың көзқарасы.
Жаңа сөздермен танысу.
Тағзым ету-қызмет көрсету. Қайран калу-таңғалу.
Шекірейіп қарау-менсінбеу. Төмен бүгілу-еңкею.
Сорайған қарасына-бойына. Тәкаппар-өркөкірек.
Тұтынба-еліктеме. Балау-тең көру,бірдей санау.
Сайран етіп-қыдырып. Көкке қарап-жоғары,төбеге қарап.
Теңгермейді-менсінбеу.
3-тапсырма. Ж. Екі түрлі түсініктеме күнделігі.
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль
сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар бөліктің оң жағына мәтіндегі қатты
әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені
еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар, т.б.). Деңгейі төмен оқушының
пікіруде білдіруде ойының шашыраңқы екені байқалады; орта деңгейлі баланың ойы
түсінікті, дегенменойын көркем тілде жеткізуге талаптанбаған; жоғары деңгейлі оқушының
ойы жүйелі, әсерлі, көркем сөздермен жазылған.
Қалыптастырушы бағалау Ж. «Шағын әңгімелерден алған әсерім»
Өз ойын өлеңмен не хат түрінде жеткізе алады.
Деңгейіне қарай оқушы жазба жұмысын сапалы орындайды.
Қалыптастырушы бағалау
Сабақтың соңы
3 мин
Үйге тапсырма.
Ідеңгей.Өлеңнің мазмұнын шағын мәтін түрінде жазып келу.
ІІ деңгей.А.Байтұрсынов туралы мазмұндау.
ІІІ деңгей.Нақыл сөздерді жаттау,өлеңді мәнерлеп оқу.
Кері байланыс: «3-2-1» стратегиясы
Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;
Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;
Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.
156
МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылы
«Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені» КММ
Математика пәнінің мұғалімі Солтангулова Сайра Кумаровна
Бүгінгі күн т алабына с ай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге т алпынысы,
қызығушылығы бар ад амды мектеп т абалдырығынан дайындап шығарудың ең бір тиімді
тәсілі ол - оқытудағы математикалық сауаттылық. Мат ематикалық сауаттылықтың дені
логикалық е септерден құралады. Логикалық е с ептерді шешудің негізгі мақсат ы – баланың
ойлау жүйе сін ретке келтіріп, шыңдай түсу, өмірдің кез келген жағд айында дұрыс әрі
ұтымды шешім т аба алатындай ұшқыр ойлылыққа тәрбиелеу. Логикалық е с ептерді
халқымыз өз ұрпағын ұшқыр ойлы, е сте сақт ау,бақылағыш қабілеттерін жоғары етіп
тәрбиелеуде қолданып келген. .Бүгінгі т аңда білім беру жүйе сін жаңалауды іске асырудың
қажеттігі күн с анап арт а түсуде. Бұл мақсатты іске асырудағы өзекті мәс елелердің бірі –
оқушылардың ой-өрісін дамыту мәс еле сі болып т абылады. Оқушылардың ойлау қабілетін
тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру бағытында мат ематиканы жаңа технологиялар
негізінде оқытумен қат ар, пәндер бағд арламасында жоқ мәліметтерді пайдаланудың,
логикалық е с ептер құру және оларды шешудің жолдарын үйретудің де пайдасы бар. Біздің
заманымыз ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Сондықт ан әрбір
мектеп оқушысының алда тұрған міндеті – қазіргі заманғы математикалық логиканың
негізін түсіне білу, логикалық е с ептерді шеше білу. Математикалық логиканы білмейінше,
оны ойдағыдай меңгеру қиын, өйткені бүгінгі күні ғылым мен техниканың дамуына
байланысты адамз ат техникалық құрылғылардың түр-түрін ойлап т абуда. Әрине, мұның бәрі
ад амның ойлау қабілетінің ең ірі жетістіктері болып т абылады.
Біраз жыл бұрын ҰБТ формат ының өзгергендігі баршаға аян. «Математикалық
с ауаттылық» деп ат алатын жаңа ұғым пайда болып, о сы ат аумен ҰБТ-ға «міндетті пән»
ретінде енгізілді. Бұл не? Қандай пән? Қандай сұрақт ар болады? Міне о сындай бірнеше
ондаған сұрақт ардың пайда болғаны да рас. Менің ойымша, мат ематикалық сауаттылық –
біріншіден, мат ематиканың адам өмірінде алатын орнын түсіну, екіншіден, мат ематиканың
негізгі ұғымдары мен анықт амаларын білу, үшіншіден, мат ематиканың ережелері мен
теоремаларын және математикалық аппаратты нақты проблемаларды шешуде ұтымды
қолдана білу.Математикалық сауаттылық – математиканың әлемд егі рөлін анықт ау және
түсіну, әр түрлі формада берілген сандық ақпаратт арды оқу, т алдау, түсіндіріп беру, дұрыс
негізделген математикалық пайымдаулар айту, е с ептерді шығарудың тиімді тәсілдерін т абу,
орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру, мат ематикалық білімді өмірлік
жағд аятт арда кезд е с етін түрлі мәс елелелерді шешуде еркін қолдану болып т абылады.
Математикалық сауаттылық арқылы білім с аласының жаңаша міндеттері айқын көрініс
т абад ы, ат ап айтқанда, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы оқушының
пәнді терең түсіну қабілетін дамытуға, алған білімін сыныпт ан тыс жерде, кез келген
жағд айда тиімді пайдалана білуге, яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде
тиімді қолдануына бағытт айды.Математикалық с ауаттылық әрбір оқушыға оқу-т анымдық
үдеріске белс енді түрде енуге, сын тұрғысынан ойлауға және функционалдық
с ауаттылықт арын нығайтуға, өзін-өзі жоғары деңгейде көрс етуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |