ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Химия педагогикалық зертеулер негізі» «5В011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет1/4
Дата17.02.2017
өлшемі5,96 Mb.
#9429
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16-13.1.04

/03-2013


ПОӘК

«Химия педагогикалық зертеулер негізі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары


№ 2 басылым

10.01.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Химия педагогикалық зертеулер негізі»
«5В011200 – Химия» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2013

Мазмұны


1

Глоссарий

3

2

Дәрістер

5

3

Практикалық сабақтар

52

4

Студенттердің өздік жұмыстары

53


1 ГЛОССАРИЙ

Дәрістердің қысқаша мазмұны

№1,2 дәріс. Мектеп химия курсының мазмұнын қалыптастыру және оған қойылатын талаптар

Жоспар:



        1. Химия курсының мазмүнын тацдауга және оқытуга қойылатын дидактикалық талаптар.

        2. Орта мектептегі химия курсының мазмүның сұрыптау негіздері.

        3. Химия ңурсы мазмұпының қалыптасу кезеңдері.

Химия курсының мазмүнын таңдауга және оқытуга қойылатын дидактикалық талаптар. Химия курсының мазмұны химия ғылымының қолы жеткен табыстарын дидактикалық талдау арқылы мына негіздерге сай анықталады және оқытылады: ғылымилыгы, жүйелілігі, түсініктілігі, саналылығы мен белсенділігі, көрнекілігі, теорияның сарамандылыққа байланыстылығы.

Қазіргі кездегі педагогикалық әдістемелік әдебиеттерде және оқу орындарындағы Химия курсының мазмүнын таңдауга және оқытуга қойылатын мынадай принциптерін айқындайды.

1. Ғылымилық принциптері негізінен студенттерге білім берудегі фактілер, құбылыстар мен процестер, адамның табиғатқа әсері, табиғат қорғау жұмыстары және экологиялық жағдайлардың нәтижелері ғылыми тұрғыда дәлелденген мәліметтер негізінде берілуі және пайдалануы тиіс. Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сәйкес келіп, заттар мен құбылыстар туралы ақиқат бұрмаланбай жеткізілуі қажет. Ол үшін жетекші теориялардың орны дұрыс анықталып, жеткілікті деректі мәліметтердің негізінде енгізілуі керек.

2. Пәнаралық принциптері экологиялық білімді пәнаралық байланыспен жүзеге асыра отырып беру. Мұның әдіснамалық негізі «адам-қоғам-табиғат» жүйесінің бірлігінде, жаратылыстану, қоғамдық және техникалық ғылымдардың бір-бірімен байланыстылығында жатыр. Экологиялық білім беруде осы ғылымдардың бәрінің қолы жеткен жетістіктері іске жаратылады. Бұған қарағанда пәнаралық байланысты жүзеге асыратын экологиялық көзқарас, жоғары оқу орындарында оқылатын барлық пәндердің басын біріктіретін жинақтаушы идея ретінде қызмет атқаруы тиіс. Ол үшін әр пәннің экологиялық аспектісін саралап, жалпы жүйедегі орнын анықтау ғылыми жағынан негіздеу қажеттігі туындайды.

3. Доминанттылық принципі мағыналық доминантты бөлу, экологиялық білімнің жеке пәнаралық компоненттерін жинақтайды. Экологиялық доминанттың іске асуы қоғамды-экологиялық ұғымдар, экодамудың идеяларымен, цивилизацияның тұрақты дамуымен, экологиялық қауыпсіздік және табиғи объектілерді сақтау, негізінен биосфера, неосфера жөнінде ғылым, мүмкіншілігінше адам өмірінде жақсы экологиялық жағдайды қамтамасыз етуі арқылы жүреді.



4. Байланыстылық принципі негізінен табиғаттағы тірі ағзалар мен орта факторларының, химиялық құбылыстар мен қоршаған ортаның тығыз байланыстылығының бар екендігін тәжірибелер мен мысалдар арқылы береді.

5. Тепе-теңдік принципі табиғаттағы биоценоздар, экожүйелер ондағы ағзалардың жиынтығы мен өлі табиғат арасында тепе-теңдік сақталады.



6. Қызығушылық принципі оқыту барысында білім берудің барлық әдістері мен формалары студенттердің бойында қызығушылық сезімін оятып, туған өлкесін, оның табиғи байлықтарын сүюге, аялауға ұмтылдыру. Табиғатты танып білу, сақтау және жақсарту бағытындағы ақыл-ой және сезім-ерік әрекеттерінің бірлігін, үйлесімділігін қамтамасыз ету. Мұның өзі экологиялық сананы және мәдениетті қалыптастырумен тығыз байланысты. Табиғаттың тамаша көріністері эстетикалық қуаныш, бүлінуші-аяныш сезімін тудырып, нақтылы іс-әрекеттерге итермелейтін күйге жеткізу.

7. Интеграциялау принципі экологиялық білім беруде жаратылыс пәндері (химия, физика, биология, география т.б.) мен гуманитарлық пәндер (тарих, политология, философия т.б.) арқылы берілетін білім негіздерін жеке тұлғадан қоғамдық деңгейге дейін көтеру. Үздіксіз экологиялық білім беруді жүзеге асыру. Ол үшін әр пәннің экологиялық жағдайын саралап, жалпы жүйедегі орнын анықтап, ғылыми жағынан негіздеу қажеттілігін іске асыру.

8. Жүйелілік және үздіксіздік принциптері. Мұның мәнісі экологиялық білім мен тәрбие беру адамның отбасында дүниеге келген күнінен басталып, бүкіл ғұмыры бойында жалғасын табуы тиіс. Ол үшін жүйелілік тәсілін қолдана отырып, әр буында берілетін экологиялық білім мен тәрбиенің мазмұны, тиімді әдістері мен ұйымдастыру формалары анықталады. Үздіксіз химиялық-экологиялық білім берудің мақсаты табиғатта, тіршілікте кездесетін химиялық үрдістердің нәтижесінде пайда болған заттардың тірі ағзаларға тигізетін зиянын жүйелілікпен оқып білу.

9. Саналылық және белсенділік принципі негізінен оқыту барысында оқытушы мен студент еңбегінің ара салмағын студент жағына ауыстырып, олардың пәнге, оның теориялық негіздерінің экологиялық мәселелермен байланысуына қызығушылығын және білім алудағы белсенділігін арттырып отыру. Ғылымның тілін, органикалық химия курсындағы және экологиялық ұғымдарды меңгеруге байланысты саналылық негізінің маңызы арта түседі.

10. Теорияның сарамандыққа байланыстылық принципі ғылым негіздерінен алған білімін өмірмен, қоғамдық құрылыс сарамандығымен ұштастыру арқылы жүзеге асады. Принципті іске асыру үшін студенттер органикалық химия курсында алған теориялық білімін сарамандық-таным есептерін шығаруға қолдана білуі тиіс. Бұл есептер өмірде, табиғатта, зертханаларда және өндірісте жиі кездесетін құбылыстарға, экологиялық мәселелерге негізделіп қарастырылады.

11. Көрнекілік принципі дидактиканың ертеден қалыптасқан түпкілікті негіздерінің бірі, химияны оқытқанда маңызды орын алады. Экологиялық білім беруде оқу үрдісінде көрнекілік құралдар, киносюжеттер, коллекциялар, бейнекөріністер, биоиндикаторларды пайдалану және табиғатты бақылау нәтижесін пайдалану.

12. Өлкелік принципі экологиялық білім беруде студенттердің тұрмыстық салт-дәстүрі, қала немесе ауылдық жерлерде тұру жағдайларын ескеру. Мүмкіндігінше аймақтық мәселелерді көтеру оған студенттердің араласуын, туған өлкесіне деген патриоттық сана сезімін ояту. Табиғатты сақтау мен жаңартуға байланысты экологиялық мәселелерді әлемдік, жеке елдік және өлкелік деңгейде түсінетін дәрежеге жеткізу, оқыту үрдісінде олардың өзара байланысын ашып көрсету.



Орта мектептегі химия курсының мазмүның сұрыптау негіздері. Химияны оқыту әдістемесінің негіздерінде оқу материалының колемін және қиындығын реттеудің мынадай жалпы педагогикалық талаптары келтірілген: мазмүнынның түтастығы; ғылыми дәлдігі және қүндылығы; оқушылардың жас ерекшіліктеріне сай келуі; оқу жоспарындағы сағат санының ескерілуі; көпшілік мектептің жағдайына сәйкестігі; халықаралық стандартпен үйлесімділігі.

Бұлар оқу пәндерінің бәріне тиесілі жалпы талаптар. Мектептегі химия курсының мазмұнын іріктеудің кейбір өзіндік негіздері химиядан сабақ беру әдістемесінде талданған. Енды соларға тоқталып өтейік.

Оқу материалының қазіргі ғылым деңгейіне сәйкес келуі. Қазіргі техникалық даму дәуірінде жеке ғылым салалары қврыштап дамьщы. Қайсыбір топшылауларға қарағанда, әр 7-10 ғылыми ақпараттың көлемі екі есе өскен екен. Мұның өзі оқу пәндерінің мазмұнын дүркін-дүркін қайта қарап, жаңалықтармен толықтырып отыруды қажет етеді.
Химия курсы мазмұнының қалыптасу кезеңдері. Жалпы білім беретін орта мектептің алдына қойылған міндеттердің өзгеруіне сэйкес химия пэнінің мазмүны үздіксіз қайта қаралып, жаңарып отырды.

1920 жылы химияның шамамен алынған екі бағдарламасының жобасы жарияланды. Шамамен алынған дейтін себебіміз-бүл бағдарламаларда эр сыныпта өтілетін тақырыптардың тізбесі ғана берілді, мазмүны ашылмады, оны жергілікті жағдайға байланысты мүғалімнің өзі анықтау керек болды. Екі жоба химияны оқытудың өмір мен қоғамдық сарамандыққа байланысын, өздігінен істейтін сарамандық жүмыстар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру негізіне сай қүрылды. Профессор П.П. Лебедовтың басшылығымен жасалған москвалық жобада теорияның жетекшілік мэні мойындалмады, оны тәжірбиеден оқушылардың өздері қорытып шығаруға тиісті болды.

1923 жылы қабылданган жинақты бағдарламада химияның жаңадан қалыптаса бастаған жүйелі курсы жойылып кетті. Оның орнына барлық пәндерді біріктіретін "табиғат" , "еңбек", "қоғам" деген қүрама тақырыптар енгізілді. Соларға сәйкес өндіріс және өндірістік эрекеттерді жөндеп түсінбеді, білімнің сапасы да төмендеп кетті.

Оқу пэндерінің бағдарламаларын жасаудағы орын алған бүрмалаушылық-тарды түзетуде ВКП (б) Орталық Комитетінің 1932 жылғы тамыздағы "Бастауыш жэне орта мектептегі оқу бағдарламалары мен, тэртібі" туралы қаулысының маңызы зор болды. Бүл қаулыда жалпы білім беретін пэндердің жүйелі бағдарламаларын жасау, пэнаралық байланыстарды жүзеге асыру міндеттері қойылды. Осыған орай 1932 жылдың соңында В.Н. Верховский басқарған комиссия химияның түрақты бағдарламасын үсынды.

Бүл бағдарлама жүйелілікке, үғымдардың үздіксіз дамуына, политенизхмге, теорияның сарамандыққа байланысына негізделіп қүрылды. Химияның негізгі үғымдары мен заңдарының анықтамалары тэжірибе жүзінде өтілген деректі материалдардың негізінде берілетін болды, оларды орналастыруда химия гылымының логикасы мен даму кезеңдері ескерілді.

Қазіргі қолданысқа ие болған бағдарлама үстанымы - химиялық заттар бір-бірімен тығыз байланысты үғымдар жүйесінен түрады, оларды жете түсінбейінше, ғылымның мазмүнын игеруге толық мүмкіндік болмайды. Сондықтан орта мектептің биоорганикалық, органикалық, жалпы химия курсын меңгеруде жаңа бағдарламаның оқу - тәрбиелік маңызы зор.


Бақылау сұрақтары :

  1. Химия курсын құрудың ғылыми негізіне не жатады?

  2. Химия курсын құруда құруда қандай ұстанымдар басшылыққа алынады?

  3. Химия курсының мазмұнын іріктеудің әр кезеңдеріне шолу жаса ?

3,4 дәріс. Орта мектепің химия курсының мазмұны мен құрылысы


Жоспар:

Мектеп курсының мазмүны - химияны оқу үрдісінің аса маңызды бөліктерінің бірі. Оқу пәнінің мазмүны мен қүрылуы білім үстанымдарының идеясына сәйкес іріктелінш алынады. Сабақ материалдарын дайындауда мүғалімге оқыту кұралдары мен әдістері оқу ісін үйымдастыру формаларын анықтауға мүмкіндік береді. Химия курсының мазмүны сгеменді еліміздің жалпы білім берудің міндеттері мен мазмүнынан туындайды, мүның өзі жүйелі біпімді, іскерлік иен дағдыларды меңгеру арқылы адамның ақыл-ой, дене қабілетінің дамуын, дүниетаным көзқарасы мен мінез-қүлқын, өмірге, еңбекке дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.



Жалпы орта білім жүйесінде химияның оқу пәні ретінде алатын орыны

Оқу пәндерінің мазмұнын гылым негіздері деп атайды. Бірақ химия ғылымында бүл термин арқылы орта мектептегі оқу пәнінің түсінігіне кірмейтін мазмұнды да белгіленеді. Оқу пөніне ғылымның осы кезге дейін қолы жеткенінің бәрін емес, ғылыми маңызы зор және бұл пәнді оқытудың мақсатына сай, оқушылардың саналы игеретіндерін ғана енгізу кажет деп саналады.

Орта мектептегі химия курсының мазмүнын аныктаудағы әдістемелік курстың міндеті — қазіргі химия жетістіктерін, біздің қоғамның қажеттілігіне сай маңыздыларын, сол маңыздыдыларының ішінен химияны оқытуға қойылатын педагогикалық талаптарға сәйкес келетіндерін іріктеп алу

көзделеді ғылымдарының саласы көп: бейорганикалық, органикалық, биологиялық, аналитикалық, физикалық химия химияның өзге де салалары бар. Бұлардан басқа қолданбалы химия ғылымдары - химиялық технология,т.б. Химия ғылымының әр саласы заттар мен қүбылыстарды сипаттайды оның өзіндік үғымдары, теориялық қортындылары , заңдары, өмірмен байланысы, өзіндік тарихы даму келешектері бар. Теориялық және суреттеме және олардың өмірмен байланыс сипаты уақыт өткен сайын өзгеруде . Педагогика ғылымдары да тоқырап тұрмайды. Оныц қоғам қажетгілігінен туатын талаптары да сондай тез өзгереді. Химия курсының мазмұнын анықтағанда химия жөне педагогика ғылымдарының бүгінгі жайын ғана емес, жуық арадағы болашағын да ескеру керек.

Сондықтан химия курсының біреуіне ғана емес, өр түрлі салаларына тиісті материалдар алынуы қажет. Зат және оны зерттеу тәсілдері химия ғылымдарының бөріне ортақ болып табылады. Заттардың қасцеттері бірімен-бірі әрекеттескенде білінеді. Химиялық реакциялар белгілі жағдайда ғана табиғат зандарына сәйкес жүзеге асады. Химия ғылымдарының негіздері жөнінде дүрыс түсінік алу үшін аса көп заттарды оқып-үйренудің қажеті жоқ, маңызды топтарының біраз өкіддершің қасиеттерін білсе, жеткілікті.

Қазіргі кездегі жалпыға бірдей орта білімнің мазмұны мен құрылымын мынадай төрт жүйеге топтауға болады:

1. Химия негіздерімен химия технологиясының білім жуйвсі, олар: теориялық, әдіснамалық, қолданбалы болып бөлінеді. Бүлар химияның жалпы және политехникалық білім жүйесінің негізін қүрайды, табиғаттың танымдық бейнесі жөнінде үғымдар береді.

2. Химиядан білім берудегі іскерліктер мен дагдыларды қалыптастыру жүйесі. Ол окушылардың оқу-танымдық қызметін қамтамасыз етіп, алған білімдерін өмірде, күнделікті түрмыста қолдана білуге үйретеді.

3. Іс жузінде жинақталган танымдық, қолданбалы тәжірибелер жуйесі. Ол шығармашылық қызметті, күрделенген оқу-танымдық мақсаттарды шешеді. Соныжн қатар бүл — химиялық біліктер мен іскерліктерді меңгеруді, қолдана білуді, шығармашылық дербестікті қажет ететін оқушылар өрекеті.

4. Қоршаган орта мен арадагы қарым-қатынас жүйесі. Табиғат байлығын аялап, қорғау адамның басты міндеті, ол мектеп қабырғасында жүзеге асады.

Мектептік химия курсының мазмүнына осындай негізгі мөселелердің енуі, оқытудың жалпы мақсаттарын анықтайды. Сонымен қатар оқытудың мазмүнын мектепте "неге үйрету керек" деген сүраққа жауап беру арқылы анықталады. Оқу пөнінің мазмүнына сабақта оқушылардың меңгеруіне қатысты білім мен дағдылардың келемі кіреді, сондай-ақ білімді қабылдау, жүйелеп меңгеру аппаратгары (бақылау сүрақтары. жаттығу мен есептер, әдістемелік нүсқаулар) енеді. Оку пәнінің мазмүнына, білімнің жалпы пәнішілік және пәнаралық байланыстары кіреді. Оқу пөнінің қүрылымы химиялык білімнің бағыттары мен қүрамбөліктеріне тәуелдіпәнінің негізгі мазмүны химияның оқу бағдарламасында көрсетілген.. Білімнің мазмүнын анықтау — өскелең үрпақты неге ү йрету, сондай-ақ оқыту мақсатын анықтау мөселелерін шешу дегенсөз.

Химия курсын қүрудың ғылыми-теориялық негізі

Мектеп курсын қүрудың әдіснамалық негізі —философиялық таным теориясы. Ол білмеуден білуге өтудің пақты жолдары мен зандылықтарын ашып береді. Оқыту мен тәрбиелеу теориясы оқу пөнінің қүрьшымын анықтауда педагогиканың негізі болады. Оқыту теориясы химияны оқытудың жалпы мақсатын түсінуге көмектеседі, орта білім беру жүйесінде пөннің алатын орнын, білім беру мен ; тәрбиелеу жүйесін аныктайды. Дидактикалық үстанымдар оқу пәнінің мазмұнын, қүрылысын., оқу жолдарын белгілейді.

Оқытудың мазмүны ғылымды танып-білудің жолдарын анықтайды (оқытудың әдістерін, пәнаралық байланысты, оқушылардың танымдық қызметін көрсетеді, т. б.).

Оқу материалын жүйелі орналастырудың, оның өдістерін жейлдірудің, химиялық сынақ-тәжірибелердің түрлерін жет;ілдірудің, зертханалық тәжірибелер мен сарамандық сабақтарды, оқушылардьщ дербес жүмыстарын, химішлық есептер мен жатгығуларды ірікгеп алудың жолдарын көрсетеді.

Оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық негізі оқытудың мазмұүны мек өдістерінің өзара үйлесуі оқушыларға түсінікгі-қонымды деңгейде баяндалуы керек.

Біліктер мен іскерлікгер қалъіптастырудың психологиялық заңдьшықтары оқушылардың даму ерекшеліктері мен ақыл-ойын дамуын еске алады. Оқу пәнінің мазмүнын, оның құрылымын анықтауда химия ғьлымы мен оның теориялық негіздері ескеріледі. Оқу пәніндегі бүрыннан қалыптасқан білім жүйесімен бірге осы кездегі даму бағыттары, болашағы айтылып отыруы керек. Заттардың қүрылысы, реакциялардың кинетикалық теориясы жаңа заттар мен

материаддарды синтездеудегі табыстарды айтып отыру қажет.

Осыған орай заттың құрылысын квантты-механикалық ұғымдарға сәйкес түсіндіру көзделеді.

Мектептік химия курсының мазмүнын қүруда танымдық және даму ерекшеліктері ескеріледі. Оқушылардың дербес танымдық қабціеттерін арттыруға оқулықта танымдық материалдар беріледі. Химиялық сьшақ-тәжірибелер химияны білудегі негізгі таным әдісі ретінде пайдаланылады. Ол химия технологиясымен тығыз байланыстырылады. Алғаш химиялық заттардың қасиеттері,құрамызерттеліп, одан кейіи кұрлысына байанысты төуелділігі

ашылады.


Зандылықтардың бәрі химиялық құбылыстарды танудың диалектикалықжолы деп саналады. Оқу пәнінің қүрылысында химиялық танымның кәдімгі даму барысы көрсетілуі керек. Теориялық білімнің ікөлемін шамадан тыс қүрделендірудің жоқ, ол негізгі білімдік материалдардың мазмұнын азайтуға өкеліп соғады

Химия ғылымы мектептегі оқу пәнінін мазмұнын құрайтын негізгі көзі. Ол оның тсориялык иегізі, олай болса, оның ғылымилығы мсп оқу пәнінің мазмұны бірлікте шешіледі. Оқу пәнінің мазмүны ғылыммен тығыз байланыста қүрылып, кейбір жалпы мөселелер де енеді,

Сондықтан да оқу пөні мсп ғылыми танымдық материалдарды оқулыққа енуі табиғат жөніндегі ілімдермен бірлікте даму бағытыңда жүргізіледі. Оқу іюніндегі химиялъіқ материаддар таным тәсілдерімен бірдей білім жүйесін қүрайды. Деректер, түсініктер, зандылықтар, теориялық идеялар, үғымдар табиғат қүбылыстарын түсіндіруге, суретгеуге негіз болады. Айналадағы табитатты іс жүзінде тануға мүмкіндік береді.

Ғылым мен оқу пәні химиялық танымдар мен нетижелерді суреттеп айтуға, оған халықаралық бірыңғай өлшемдер жүйесін пайдалануға мүмкіндік береді. Оларға нышандық белгілер, номенклатуралар, терминдер, физикалық өлшемдер жатады.

Оқу пәні химияға тән танымдық өдістерді пайдаланады. Теориялық (түсіндіру, есептеу, модельдеу, болжау); логикалық (салыстыру, аналогия, индукция, дедукция); сынақ-тәжірибелік (сынақ-тәжірибе, байқау, суретгеу, затты зерттеудің физикалық әдістері) әдістерін қолданады. Дегенмен оқу пәні мен ғылымның арасында елеулі айырмашылықтар да бар. Олар: оқушы ғалымдардың жаңалықтарды қалай ашьш жөне қалай жасап шығарған қарапайым түрде, педагогикалық арнаулы лайықталып, жасалынған оқу пәні түрінде ғана таниды. Зерттеуші-ғалымдар ғылыми танылмағанды, әлі зерттелмегенді, ал шөкірттер болса нақ затты жаңаны, ғылым зерттеп және танып болған нәрсені ғана окып-үйренсді.

Оқулықта педагогикалық жолмен қайта жасалған ғылым материалдары немесе теория түрғысынаы қарағанда шартты •белгілермен алынған хабарлама деректері болады. Педагогикалық қайта өңдеу немесе шартты белгілермен беру мүғалімнің оқу материалдарын түсіндірген кезінде болады, оның өзіндік әдісі бар. Қажет болып жатса, оқулықматериалдарын толықтырады, түзетеді немесе ықшамдап қысқартады, онда ол материалды барынша қарапайым да

түсініктітілмен жеткізе үғындырады.

Оқу пәні мен ғылымның арасындағы мынадай айырмашылықтарды айта кеткен жөн:

І. Мазмүнының бағыттылығы мен мақсаты бойынша

мектептік курс оқушылардың жеке басының қалыптасуына

назар аударады. Ол химиялық білім берумен қатар

оқушының дамуына да бағытталған. Ғылымның мақсаты

танымдық түсінікті айналадағы білімдік және сарамандық

мақсатқа сай өзгертуді көздейді.

2. Ақпаратгық көлем бойынша — жаңалықтармен толъіғьш отырады, оқу пәніне ақпарат уақытша ғана, шекті, өрі кешігіп келеді. Сонымен қатар оқу пәніндегі ғылыми мқааратгық үлесі аса кеп те емес. Жыл өткен сайын азайып, жалпыланып кетеді.

3. Әр түрлі білімнің қүрылымдық қатынасы бойынша алғанда оқу пәніндегі теориялық білім оқыту үрдісінде оңтайланып жүзеге асады. Ғылымдағы жаңа деректер таным әдісімен негізделіп, білім көзіне айналады. Оқу пәнінде ғылым педагогикалық сипат алады да пәнге қызығушылық тудырып, қызықты дерекке айналады.

4.. Берілетін білімнің қүрылымы мен логикасы бойынша алғанда химия көптеген ғылымдармен байланысты, ал мектептік оқу пәні солардың синтезі. Ғылымда таным проблемалық сипатта болса, оқу пәніңде сатылап, генетикалық даму мен оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық дамуына сай үнемдеп беріледі.

5. Мазмүн түріне қарай ғылым-білім түрінде берілсе, ал оқу пәнінде білімділікпен қатар басқа да ғылымға аса төн емес кейбір мазмүнға (іскерлік, дағды, тәжірибе, т.б.) ие болады.

6. Таным әдісін пайдалануға байланысты ғылым оның бұрынғы әдісін жаңартып, сынақ-тәжірибе коюды мақсат етсе, оқу пөнінде таным әдісі құбылыстар мен затты тану, білім қалыптастыруды, оқушының танымдық іс-әрекетін дамытуды көздейді.

7. Ғылымдағы білім деңгейі математикалық күрделі Модельдеу аппараттарын белсенді пайдалануды көздесе, ал оқу пәнінде де математикалық есептеулер жоқтың қасы. Ғылым тілінде модельдеу аса қарапайым орындалады.



.

Ескерту: Сызбанүсқаға енгізілген өрбір білім жүйесінің белгілі орны бар, теориялық білім жүйесі үзік сызықпен көрсетілді.

Мектептік оқу пәні ғылымға қарағанда үстанымдар мен талаптарға негізделіп қүрылады. Оқу пәнінің қүрылымына психологиялық, педагогакалық жөне әдістемелік факторлар үлкен ықпал етеді.

Ғылым — оқыту мазмүнын тавдап алудың негізгі көзі, бірақ оқу пәнінің қүрылысы қалай болуы керек екеніне жауап бермейді, ондағы оқу материалын қалай орналастыру керек екеніне, оны меңгерудің оқушыларға түсінікгі болуьша, төрбиелік мақсаттарына жауапты емес.

Қорыта келгенде, оку пәні — әдіснамалық өндеуден өткен сапа жағынан оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге, ыңғайланған жаңа мазмүңцағы ғылым негізі.

Ғылымды оқу пәні етіп өңдеу, орта мектептің жүйелі химия курсы етіп қүру — оқу пәнін қүрудағы алғашқы міндет. Келесі міндет — әдістемелік жолмен химия пәнін тиімді оқыту үрдістеріндегі мумкіндіктерді жүзеге асыру.



Мектептік химия курсын құрудың негізгі ұстанымдары

Орта мектепте материалдарды іріктеп алудың және химия



курсын құрудың негізгі үстанымдарын дидактика талаптары анықтайды. Мектеп курсында қамтылған химия білімінің жүйесі химия ғылымының жүйесіне сәйкес келеді. Химияның, мектепте оқылатын курсының ғылыми негізі атом-молекулалық ілім, элементтердің периодтық заңы периодтық жүйесі, атомдар қүрылысы теориясы, затгар ілыеының химиялық теориясы, электролиттік диссоциация теориясы, органикалық қосылыстардың химиялық қүрылыс теориясы. Орта мектепте бейорганикалық жөне органикалық жалпы химия курстары өтіледі . Бұл курста кейбір маңызды химиялық элементтердің қасиетгері мен олардың қосылыстары, заттарды жіктеу негіздері, химиялық реакциялардың типтері, материалдары оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастырады, қорытынды жасауға химияның негізгі заңдары жөнінде негізгі мәліметгер беріледі. Орта мектептің химия курсы халық шаруашылығын химияландырудың маңызын көрсету, химия өнеркәсібі дамуының маңызды бағыттары жөнінде оқушыларға түсінік беруді көздейді. .Оқыту үрдісінде оқушылар заттарды, химиялық қүрал-жабдықтарды қолдана білулері, жеке заттарды бір-бірінен ажырата білулері керек, химиялық есептерді шығару алған білімдерін іс жүзінде қолдана білулері керек. Химиялық тілді жақсы меңгеріп, нышандар, номенклатуралар, терминдерді жүйелі пайдалануды меңгеруі тиіс. Осылардың негізінде орта мектепті бітіргенде мамандықты еркін тандай алулары керек. Мектептік химия курсының мазмүнын өр сыныпқа сәйкес келетін бағдарламасын анықтайды. Оқулықта бағдарламасының көлеміндегі химиялық білімнің мазмұны жарияланады. Мектеп бағдарламасы мынадай неіізгі ұстанымға сәйкес қүрылады: ғылымилығы, түсініктілігі, жүйелілігі және бірізділігі, шоғырландыру мен тарихи ұстанымы, теорияның тәжірибемен байланысы. Ұстаным -пәнді қүруға және оқытуға негіз болатын қажетгі ереже. Орта мектепте химия курсынан оқушылардың алатын ғылыми негізде, ешқандай бұрмалаусыз және нақты беріледі. Олар педагогтік қарапайымдалып, өңделген түрде берілседе ғылым негіздері болып табылатын нағыз ғылым туралы түсінікті қалыптастырады. Осыдан барып, оқытудың гылымилық үстанымы шығады. Оқушы тек өзініңәлі келетінін ғана меңгере алады, бұл оның ақыл-ой өрісініңаму дәрежесіне сәйкес келеді. Осыдап барып оқудың түсініктілігі үстанымы шығады. Білімнін жақсы меңгерідуі үшін, олар түсінікті, тәртішсе кблтірілгсн болуы керек және » бүрьтнғы бар білім жүйесіне біртіндеп енгізілуі тиіс. Таным қызметінің бүл жағы жүйелік және бірізділік үстанымынан керініс табады. Оқыту барысында зандарды, теорияларды, , ғылыми жаңалықтарды түсіндіру кезінде тарихи мәліметтер беріледі. Осьщан барьш ок.ытудың тарихи үстанымы шығады. Практикадан қол үзген, өмірмен байланыссыз іс жүзінде міңдеттерді шешуге қолданылмайтьш білімді оқушылар нашар меңгереді, олардың ынтасын туғызбайды, қызықтырмайды. Осыдан барьш теорияның өмірмен байланысы үстанымы шығады. Дидактика үстанымдары ілгеріде айтылған бүл жерде тек оқулықтық қүрылымды ескерілетін ережелер айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет