ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Химия педагогикалық зертеулер негізі» «5В011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың дидактикалық талаптары



бет3/4
Дата17.02.2017
өлшемі5,96 Mb.
#9429
1   2   3   4

4. Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың дидактикалық талаптары.

Оқыту үрдісінде пәнаралық байланысты жүйелі түрде қолдану оны ұйымдастыру түрлерін жетілдіруді қажет етеді. Тәжірибе көрсеткендей, егер оқытудың ұйымдастыру түрлері ұжымдық сипатқа ие болса, әртүрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу және қолдану табысты жүзеге асады. Әр түрлі пән мұғалімдерінің бірлесе жұмыс істеуі, олардың берген консультациялары басқа пәндерден алған білімдерін қолдануға мүмкіндік береді. Ұжымдық оқу жұмысын ұйымдастыру оқушылардың әрқайсысына өзінің табысы жоғары және ерекше қызығушылығын тудыратын пәндердегі білімдерін белсенді қолдануға көмектеседі. Бұл сынып ұжымын нығайтады және оқушылардың пәнаралық байланысқа қызығушылығын арттырады.

Оқыту практикасында пәнаралық байланысты қолдану оны ұйымдастырудың жаңа түрлері: комплексті семинар, комплексті экскурсия, пәнаралық конференция, комплексті факультативтер және т.б. туындауына әкеледі.

Пәнаралық байланыс сабаққа басқа пәндерден алған білімдерін қажет ететін, белгілі танымдық есептерді шешетін сабақтың жеке этапы немесе фрагменті түрінде енуі мүмкін.

Сабақтың жеке тақырыптарының оқу материалдары басқа пәннің оқу материалымен тығыз байланысты болғандықтан, пәнаралық байланысты сабақ бойы жүзеге асырады. Негізгі танымдық тапсырмалары басқа пәндерден алған білімін қолдануды талап ететін сабақ пәнаралық деп аталады.

Пәнаралық байланысты өткізудің дидактикалық талаптары қандай? Ондай сабақтар қандай жағдайда тиімді болады?

Экспериментті сабақтар анализі, оларды бақылауға алынған сыныптармен салыстыру келесі талаптарды қоюға негіз болды:


  • пәнаралық байланысы бар сабақ басқа пәндердегі білімдерін қажет ететін нақты анықталған оқу – танымдық тапсырмалары болуы керек;

  • ондай сабақта басқа пәндердегі білімдерін қолданғанда оқушылардың қызығушылығы мен жоғары белсенділігі қамтамассыз етілуі керек;

  • пәнаралық байланыстар сыртқы немесе жасанды сипатқа ие болмауы керек, олар оқылатын материалдар мен құбылыстардың негізін оқушылардың түсінігіне бейімдеу керек;

  • пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың дүние танымдық көзқарасын қалыптастыру керек.

Пәнаралық байланыстың мақсатты - оқушыларды жаңа сұрақтар мен есептерді шешкенде әр түрлі пәндерден алған білімдерін өздігінен қолдана білуге үйрету. Сабақтарда оқушылардың танымдық қызметін белсендіру үшін келесі әдістемелік жолдарды қолданған маңызды:

  • сабақ басында немесе жаңа материалды түсіндіру үрдісінде басқа пәндерден алған білімдерін еске түсіру үшін қайталама әңгімелесулерді өткізу;

  • аралас пәндерден білімін қажет ететін мәселелік сұрақтарды қою және шешу, мәселелік ситуацияларды тудыру;

  • оқулықтан параграфын көрсетіп, басқа пәндерден алған білімдерін қайталап келуге алдын-ала үйге тапсырма беру;

  • сыныпта ұжымдық жұмыс жасай отырып, жекелей және топтық тапсырмаларды ( қызығушылығы бойынша, таңдауы бойынша және міндетті түрде) біріктіру;

  • оқушылардың әр түрлі пәндерден алған білімдерін жинақтайтын сыныптан жұмыстарға сүйену.

Пәнаралық байланыстың ортақ функцияларын қамтамассыз ету үшін сабақтың мынандай түрлерін ұймдастыру тиімді: жалпылама-қайталама сабақтар, лекция түріндегі сабақтар, конференция сабақтар, «саяхат»-сабақтар және т.б.

Пәнаралық байланысы бар сабақтардың тиімділігін бағалау мен анализдеу барысында табылған критерийлердің қысқаша тізімі:

І. Пәнаралық байланыс деңгейінде сабақ тапсырмаларын нақтылау.

ІІ. Сабақтағы пән аралық байланыстардың түрлері:



  1. аралас курс материалдарын оқыту уақыты бойынша –

  2. байланыс құрылатын оқу материалының сипаты бойынша – фактылық, түсініктік, теориялық, философиялық, идеологиялық;

  3. жалпы пәндік іскерліктер сипаты бойынша – есептік-өлшегіш, графикалық, эксперименттік-практикалық және т.б.

ІІІ. Аралас курстардан көрнекіліктерді қолдану (қандай? қалай?)

ІV. Оқушылардың басқа пәндерден алған білімдерін сабақта пайдаланудың тәсілдері: алдын ала үйге тапсырма беру, мұғалімнің ауызша түсіндіруі, қайталама әңгімелесу, еске түсіру мақсатында сұрақтар қою, оқушыларға жеке және топтық тапсырма беру, ұжымдық әңгімелесулер және т.б.

V. Мұғалімдердің пәнаралық байланысты сабақта тиімді қолдануды ұйымдастыру: аралас пән мұғалімдерімен келісілген тақырыптық және сабақ жоспарын енгізу, өлшем бірлігі, оқу жұмысының әдісі, бағдарлама және басқа пән оқулықтарын оқу, пәнаралық сабақтар жүйесінің бір түрі және т.б.[10].

Конференция семинар сияқты оқушылардың әртүрлі пәндерден алған білімдерін белгілі мәселе идея, тақырып айналасында байытады. Конференция әдістемесі ретімен оның тақырыбын ашатын оқушылардың баяндамаларынан тұрады. Пән аралық конференцияны бір мұғалім немесе мұғалімдер тобы дайындап және өткізе алады.

Пәнаралық байланыстың көп жақты сұрақтарын қарастыратын конференциялар қазіргі ғылымның шынайы бірлігін ашуға мүмкіндік береді. Бір ғылымның әдістері екіншісіне еніп, оның дамуына, ғылыми мәселелердің шешілуіне мүмкіндік жасайтынын көрсетеді. Оқушылар аралас ғылымдар шекарасында туындайтын және шешілетін мәселелермен танысады.

Факультативті сабақтар оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттері және мүмкіндіктерін дамытуға негізделген. Мұнда оқушылардың қызығушылықтарын ескере отырып, басқа пәндерден алған білімдерімен байланыстырып жекелей тапсырмалар беру тиімді болып келеді.

Факультативті сабақтар міндетті курстармен салыстырғанда әлемнің тұтастай ғылыми көрінісін қалыптастыру мақсатында пәнаралық байланысты жан-жақты қолдануға көп мүмкіндіктері бар. Табысқа жету үшін оқушылардың жеке пәндерден алған білімдерін дұрыс жүйелей алуы керек.

Пәнаралық байланыс оқушылардың тәрбие және білім алуын тек сабақ барысында ғана емес, сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарда да жоғарлатады. Пәнаралық байланыс сыныптан тыс жұмыстарда ары қарай даму үстінде. Пәнаралық негізінде комплексті экскурсия, олимпиадалар, тақырыптық конференциялар көптеп жүргізілуде. Пәнаралық сипаттағы сыныптан тыс жұмыстардың жекелей, топтық және көпшіліктік түрлері қолданылады.

Жекелей түрлеріне рефераттар, өзіндік зерттеулері, бақылаулары, баяндамалар, тәжірибелер, материалдар жинақтары жатады.

Топтық түрлеріне пәнаралық тақырыптық ұйымдар, секциялар, практикалық жұмыстар, қабырға газеттерін жасау, топтық шығармашылық тапсырмалар және т.б. жатады.

Көпшіліктік түрлеріне пәнаралық экскурсия, кештер, конференциялар, турнирлар, конкурстар, олимпиадалар жатады [11].

Бақылау сұрақтары


  1. Пәнішілік және пән аралық байланыстардың оқытудың мазмұнындағы ролі неде?

Дәріс 8-9 Химияның іргелі ұғымдары негізінде мектеп химия курсының мазмұнын құрудың ғылыми- әдістемелік негіздері

Жоспары :


  1. Таным теориясы тұрғысынан ұғымдар қалыптастырудың логигалық жолы

  2. Химиялық ұғымдарды қалыптастырудың әдістемелік негіздері

  3. Химиялык үғымдарды жүйелеп жіктеу

  4. Ұғымдардың анықтамасы мен қалыптасу кезеңдері

  5. Ұғымдарды меңгеру үрдісі

  6. Дуниенің ғылыми сипатын қалыптастырудағы химиялық ұғымдардың рөлі


Таным теориясы тұрғысынан ұғымдар қалыптастырудың логигалық жолы

Таным үрдісінде теориялық түсініктеме таным теориясы аркылы беріледі, ол нысанды дүниетану үрдісі адам сана-сезіміндегі шындық құбылыстардың бейнесін көрсетеді. Таным теориясы бойынша танылмайтын. заттар — теқ құбылыста жоқ әлі де танылмаған заттар ол да ертелі кеш танылады.

Оқушылардың білім алу мен дүниетаным қалыптастыру үрдісінде олардың логикалық заңдылықтарды пайдалана білу дағдыларын да дамыту керек.

Басқа ғылымдар сияқты бейорганикалық жоне органикалық химияны оқып-үйрену барысында оларды салыстыру, таддау мен синтез, дерексіздендіру, қорытындылау жоне тағы сол сияқты логикалық операцияларды пайдалануға тура келеді.

Алайда білім беру мен дағдылар, ұғымдар қалыптастыру, дамудың қол жеткен деңгейіне қарамастан, бүл үрдістер әр уақытга д үрыс нәтиже бере бермейді. Оқушылар пікір айтқанда не логикалық ұғымдарды дәлелдегенде қателер жібереді. Логика мектепте оқу пәні ретінде өтілмейтіндіктен, оқушылардың логикалық ойлауын дамыту міндеті белгілі-бір дәрежеде оқу пәндерінің еншісіне тиеді. Заттар мен құбылыстарды танып-білудегі бірінші логикалық тәсіл — салыстыру, яғни зерттелетін нысандардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарың айқындау. Затты түсіну — ең алдымен оны басқалардан ажыратып айқындау, оған туыстас заттардың үқсастық пен айырмашылықтарын саралау керек. Мысалы метан, этан-алқандар, ал этилен мен ацетилин-алкендер, олар ковалентті, және П-байланыстар түзеді, құрылымдық изомерлері бар. Олардын, қасиеттерін сызбанұсқа түрінде көрсеткенде салыстыру тәсілі жеңілдетіліп, оның көрнекілігі артады.

Таным үрдісінде талдау мен синтез тәсілдерінің, рөлі күшті. Талдау үрдісінде затты элементтерге бөлшектеп, одан әрі элементтер бойынша зерттейді. Ал синтез — бөлшектенген бөліктерді біріктіреді. Талдау жинақтау тәсілі заттар ме құбылыстарды терендей әрі жан-жақты танып білуге мүл береді. Химияны оқып-үйренуде елеуліні-елеусіздеі маңыздыны- маңызсыздан, анықтаушыны-қосалқыдан үнел ажыратып отыруға тура келеді.

Заттарды жеке бөлшектерге ажырату, оларды басқа көптеген заттардан дерексіздендіру — бүл дерексіздендір үрдісі. Дерексіздеңдіре білмейінше, ұғымдарды қалыптастыр мүмкін емес, өйткені ол ұғымдар осы кластағы барлық заттардың жалпы мәнді белгілерін анықтау нәтижесінде түзіледі. Мәселен, ол затты салыстырғанда физикалык қасиеттеріне тоқталып, құрылысын немесе химиялык қасиеттерін тым жалпылама сөз етеді.

Логикалық қорытындылау тәсілі жекеден жалпыға көшіп, танып-білуге мүмкіндік береді. Ғылыми ұғымды қалыптастыру үшін, жеке заттардың елеулі белгілерін бөліп көрсету дерексіздендіру жеткіліксіз, бұл белгілердің қайсысы сол кластағы заттардың барлығына қатысты екенін анықтау қажет. Логикалық қорытындылау заттар класы жөніндегі не гомологиялық қатарлар жайлы ұғымдарды қалыптастыруға неғұрлым жиі қолданылады.


Химиялық ұғымдарды қалыптастырудың әдістемелік негіздері

Химиялық ұғымдардын қалыптастыру бір мезгілдік нәрсе емес, олар пәнді одан әрі оқып-үйрену үрдісінде дамиды, жаңа белгілермен ұғымдар байиды, түсіндірілуі тереңдейді. ұғымдарды қалыптастыру үш кезеңнен тұрады: бірінші иірлік кезеңі, ол — қалыптастыратын ұғымның тірегі; екінші кезенде ұғымды алғаш қалыптасуы іске асырылады; ал үшінші кезеңде ұғымды кейінгі таным үрдісінде колданумен және көлемі мен мазмұны бойынша оны дамытуын сипатталады.

Орта мектептегі химия курсын оқытуда үғымдар қалыптастыру теориясының дамуына атақты орыс химигі— әдіскер В.Н.Верховский елеулі еңбек сіңірді. Көптеген әдістемелік еңбектердің авторы С. Г. Шаповаленко химиялық ұғымдарды қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосты.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында химияда бұрынан қалыптасқан генетикалық байланыс ұғымын заттың құрлыс жөніндегі ұғымдар алмастырды. Атомның құрлысын зерттеуге баса назар аударылды, соның нәтижесінде кванттық-механикалық түсініктер теориясы пайда болды. Ол заттың ішкі құрылысын тереңірек зерттеуге баса назар аударды. Сөйтіп атом-молекулалық ілім, құрамның тұрақтылық, массаның сақталу заңы, химиялық элементердің периодтық заңы, органикалық қосылыстардын

құрлыс теориясы т.б. пайда болды.

Химияны оқыту, білім беру және тәрбиелеу мақсаттарының бірі — оқушыларға химияны саналы, жүйелі әрі баянды меңгерту. Ол ұғымдар жүйесін дүрыс меңгеруге байланысты.

Білім-заттар мен қосылыстардың елеулі белгілері мен олардың өзара байланыстары туралы ғылыми ұғымдардан құралады. Ұғымдарды меңгеру арқылы оқушылар болмысты танып-біледі, өмірлік қажетіне пайдаланады. Болмысты танып-білудің басты кезеңі — заттар мен құбылысты сезіну және түйсіну. Түйсінуден заттарды тұтас бейнелейтін қабылдау пайда болады. Қабылдаудың негізіңде адам ойында бейне түрінде сақталатын елестер туады.

Мәселен, біз сыныпта үстел үстіне қойылған конус тәрізді құты мен өлшеуіш цилиндрді көрдік, біздің санамызда бұл заттарға қабылдау болды. Сыныптан шыққаннан кейін біз ол құты мен цилиндрді көрмейміз, бірақ біздің санамызда олардың бейнесі сақталады.

Олай болса, ұғым-ақиқат нәрсенің жалпы және елеулі белгілерін ғана бейнелейді. Елеулі белгілер заттарды сипаттауға және оны танып-білуге мүмкіндік береді. Заттардың елеусіз белгілері оны басқа заттардан айыруға және танып-білуге мүмкіндік бермейді.

Химиялық заттар, құбылыстар бірімен-бірі тығыз байланысты ұғымдар жүйесінен тұрады, оларды жете түсінбей, ғылымның мазмұнын игеруге толық мүмкіндік болмайды. Орта мектептің бейорганикалық, органикалық, жалпы химия курсын меңгеруде алғашқы химиялық ұғымдарды жете түсінудің оқу-тәрбиелік маңызы өте зор.

Философиялық таным теориясы тұрғысынан алғанда ұғым заттың мазмұны немесе құбылыс туралы түйінді ойды көрсетеді. Құбылыстар мен заңарға тән белгілер мен елеулі қасиеттерін даралап көрсету ұғымның негізіне саналады, сонымен қатар әрбір заттың басқа заттар тобымен ұқсастығы, айырмашылығы бар, сол арқылы анықталады.

Химияда "зат" деген ұғымның мәні аса кең әрі терең. Бұл жөнінде дұрыс түсінік беру үшін оны ең жақта "туыстық" түсінікке жақындататын анықтама (балама) беріп, басты белгілерін көрсету керек. Жақын түсінік "материя" — бұл оқушыларға қиындау түсінік. Заттарды оқып-үйрену, анығын айтқанда "көзбен көруден басталады", бірақ көзбек көруге болмайтын да ұғымдар бар, олар басқа белгімен салыстыру арқылы меңгеріледі. Оқулықта физикалық дене құралатын "материал" зат деп аталады деп берілген, бірақ "материал" деген ұғым "зат" деген ұғымға балама да, туыс та бола алмайды. Затты тереңірек зерттеп-танудағы алғашқы заттың молекулалық құрылысымен танысу. Заттың молекулалық құрылысы жөніндегі алғашқы қарапайым мәліметтер — заттардың өзара байланысы және өзара тәуелділігі , оның құрамымен құрылысы жөніндегі сипаттамалар. Заттың негізгі қасиеті таза затқа ғана тән егені белгілі . Осыдан таза зат бірдей молекуладан құралады деген пікір қалыптасады. Алайда табиғатқа таза зат өте сирек кездеседі. Осыған орай химияның бір міндеті — оларды қоспадан бөліп алу, онда болатын бөгде заттардан тазарту.

Химияны оқытудың келесі кезеңінде заттардың кұрамы мен ұрылысын таныстыру көзделеді. Барлық затгар өзгеріске ұшырайды, табиғатта өзгермейтін зат жоқ екенін білу арқылы оқушылардың дүние танымдық материалистік көзқарастары қалыптасадыды. Табиғат үнемі жаңартып, дамуда; сан өзгерістері сапалық өзгерістерге айналады, ол заттың құрамы мен құрлысының өзгеруіне әкеліп соғады. Осы өзгерістер "химиялық құбылыс" немесе "химиялық реакция" деп аталып, жаңа ұғымдар береді.Сонымен бірге заттың ұсақ бөлшектерге молекула, одан ұсақ бөлшектер атомдар туралы мағұлмат беріледі. Молекула әр түрлі атомдардан құралған күрделі затты түзеді деп қарастырылады.

Күрделі заттар химиялық әрекеттесулер екеніне оқушылардың назарын аудару керек. Осыдан кейін "қоспа" және "таза зат" ұғымдарына қайта оралып, күкірт пен темірдің қоспасы екі жай заттан — күкірт пен темірден түзіліген күкіртті темір, ал ол күкірт пен темірдің қосылу реакциясының өнімі — молекуланың бір түрінен құралған.заттар мысалы екенін айту керек. Бұл қосылыстың өзіне тән қасиеті қасиеті бар, бірақ онда жай заттар күкірт пен темірдің қасиеті жоқ. Тап осы тәрізді сынап оксидінде металл снаптың газ тәрізді оттектің де қасиеті болмайды.Осы мысалдар арқылы "қоспа" мен "химиялық қосылыстың" арасындағы айырмашылықты ажырата білуге болады.

Химиялық реакция нәтижесінде шыққан жаңа заттаралғашқы алынған бастапқы заттарға қасиеті жағынан ешбір ұқсастығы болмайды. Осы ұғымдардың негізінде, химиялық "элемент" жөніндегі жаңа ұғым қалыптасады. Заттың бәрі молекуладан құралмайды деген түсінік беру кинетика заңдарына қайшы емес, қайта оның мазмұнын толықтыра түседі

Ұғым - бұл пән мен құбылыстың бейнелеу формасы,олардың өмір сүру белгілері мен қатысы. Ұғымның мазмұның сөз арқылы түсіндіріледі, ол -ғылымның шартты белгілері.

Ұғым шындықты белгілер аркылы бейнелейді.

Ұғым біріне-бірі қарама-қарсы әрі біріне-бірі байланысты екі мән: көлем мен мазмұннан тұрады. көлем ұғымның сандық жағын көрсетеді. Көлем мен мазмүн ұғымның логикалық сииатын да көрсетеді. Білімнің дамуына сәйкес оның көлемі кенейіп, мазмұны терендей түседі, басқа үғымдарға сәйкес өзгеріп отырады. Ұғымның құрылысы оның белгілеріне байланысты.

Химиялык үғымдарды жүйелеп жіктеу

Көптеген химиялық Ұғымдарды бір-бірінен шатастырып алмау үшін оларды жүйелеу-жіктеудің маңызы өте зор. Дегенмен нақтылап айтсақ осы уақытқа дейін химиялық ұғымдарды жүйелеп-жіктеуде бірыңғай әмбебаптық жоқ. Химиядан сабақ беру кезінде жалпы логикалық және дидактикалық ұғымдар жүйесі кеңірек қолданылады. Ұғымдарды химиялық және өдістемелік жағынан жүйелеуге талпынушылық бар. Ол оқылатын нысанға және оқыту ерекшеліктеріне сәйкес химиялық мазмұнына қарай жүргізіледі. Олар берілетін химиялық білімнің салалар негізіндей: бейорганикалық, органикалық, аналитикалық, технологиялык, геохимиялық, биохимиялық, т.б. болып жасалуда.

Әдіскер химиктер химиялық ұғымдарды химиялық зерзаттарға, химияның басқа пәндермен байланысына, ғылымдар жүйесі бойынша жіктеу дұрыс деп тұжырымдамайды. Бұлай жүйелеу дұрыс болғанмен мектептік химия курсында басқа да құбылыстар мен зерзаттарды көрсететін ұғымдар бар. Олай болса, мектептік химия курсында ғылыми көптеген әр түрлі ұғымдарды ұқсастық белгілеріне қарап, жеке ұғымдарға бөліп топтау көзделеді (теориялық білім жүйесі бойынша).

Мысалы, заттар жөніңдегі білім жүйесі заттың құрылысы, құрамы, қасиетгері, алынуы, қолданылуы, химиялық зертгеу әдісі, табиғатта таралуы, пайда болуы, анықтамасы немесе қосылыстар тобы, т.б. бойынша топтастырылады.

Элеменггер жөніндегі білім жүйесі былай жіктеледі: элементтердін белгілері, периодтық жүйедегі орны, элементтердін изотоптары, атомдық құрылысы, қосылыстардын формасы, пішіні, т.б.

"Зат" пен "химиялык. элемент" ұғымдары бір-біріне өте тығыз байланысып. ұғымдар, олардың ара бірлігін әр түрлі мысалдармен түсіндіруге болады. Физикалық денеі неден тұрса, Химиялық, зат та содан тұрады, бірақ?

ұқсастықтарымен қатар айырмашылықтары да бар: шеге, нәрсе немесе денелер, олар бір ғана зат темірден алюминий, сым, қасық әр түрлі ыдыс-аяқтар денелер, бірақ олар бір ғана зат алюминийден жасалған. Темір, алюминий, су, қант, оттегі, көміртегі оксиді, нәруыз, т.б. бұлардың бәрі де заттар. Қазір бірнеше милиондаған заттар белгілі, олардың тізімі барған сайын өсуде. Химиялық элементтер бірімен-бірі өзара әрекеттесіп, көптеген түрлі заттар түзе алады. Оларды қасиеттеріне , немесе ұқсастық белгілеріне қарай былай топтауға болады: оксидтер; гидроксидтер — негіздер, қышқыдар, тұздар, көмірсутектілер, спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары,нитроқосылыстар, көмірсулар, нәруыздар, майлар,т.б.

Сонымен қатар заттардың құрамын білуге мына ұғымдар көмектеседі: "грамм-атом, грамм-молекула, атомдық масса, молекулалық масса, валенттілік, ион, протон, нейтрон, электрон, ядро", т.б.

Заттың құрлысынын, негізгі қасиеттерін білуге химиядағы теориялық ұғымдар да зандарға үлкен ықпал етеді: ерітіңділер, теориясы, электролиттік диссоциациялау теориясы, құрамның" тұрақтылық заңы, массаның сақталу заңы, атомдар мен; молекулалардың кұрылыс теориясы, элементтерді периодтық заңы, тағы басқа зандар мен теориялар.

Заттың құрылысы мен өзгерістеріне әсер ететін басқа да жүйелер мен жағдайларға байланысты ұғымдар бар заттың сол кездегі физикалық күйі, еруі мен диссоциациялық, ерігіштік, сайма-с айлық, реакциялардың жүруіне байланысты ұғымдар: кинетика, энергетика,басқа да жағдайлардың тууы, өту тетігі, жылдамдығы, оларғаәсер ететін факторлар: температура, қысым, катализаторлар т.б. алғашқы химиялық ұғымдар жиыны басқа ұғымдар жүйесіне тікелей байланысты.



Ұғымдардың анықтамасы мен қалыптасу кезеңдері

Химиялық оқыту үрдісіңде ұғымдардың анықтамасы нақты факторлар негізінде құрылады. Ұғымдар анықтамасы жөніндегі коптеген пікірлер бар. Бір авторлар анықтаманы қосылыстың құрылысына сәйкес беруді ұсынса, екінші қосылыстың - қасиеттеріне сәйкес беруді дұрыс көреді. Мысалы молекула" ұғымының анықтамасы әр оқулықта әр түрлі:бір оқулықта молекула заттың ең кішкене бөлшегі делінсе,екіншісінде өз бетінше бола алатын заттың ең кішкене,бөлшегі,тағы бірінде сол заттың бар қасиетін сақтай алатын ең кішкене бөлшегі немесе химиялық касиеттерін сақтай

алатын кішкене бөлшегі, т.б. түрде беріледі. Оксид ұғымының анықтамасы -бір оқулықта оттектің басқа элементтермен қосылысынның өнші десе, ал екінші оқулықта жану өнімі немесе тотығуы делінген, үшіншісінде

молекуласы оттегімен баска элемент атомынан құралған дейді.

Осы сияқты негіздер, қышқылдар және тұздарға да беріген анықтамалар да әр түрлі, бір оқулықта құрылысы,құрамы бойынша берілсе, екіншісінде - олардың қасиеттері бойынша. үшіншісінде - құрамы мен қасиеттерінің бірлігініне сәйкес берілген. Оқулықтардағы көптеген ұғымдардын анықтамасын әлі де нақтылай түсуді қажет етеді.Барлық оқулықтардағы ұғымдардың анықтамасын бірдей етіп жүйелейтін уақыт жеткен тәрізді. Ұғымдарды қалыптастырудың бірнеше кезендерге бөлуге біріншіі кезеңде заттар мен әр түрлі құбылыстарды тікелей байқау және пайымдау. Накты заттардың мысалдармен танысу: оттек, сутек, т.б. Заттарды оқу арқылы "зат ", "зат қасиеті " жөніндегі мәліметтерді жүйеле.

Ұғымдарды қалыптастырудын екінші кезеңі — заттар туралы теория мен белгілі заңдылықтарды пайдалану кезіңдегі . анықтамалық материадарды қолдана білуге назар аудару.

Үшінші кезең - заттар жөніндегі жеке ұғымдарды, басқа ұғымдарды түсіндіру кезінде пайдалану.

Төртінші кезең — химияның алғашқы ұғымдарың, күрделі ұғымдарды түсіндіруге және дүниетанымдык көзқарастарды нақтылай көрсету кезінде қарастыру. Сондай-ак пәнаралық байланыстарда пайдалану.
Химиялық ұғымдар қалыптастыруды кейде сфераларға немесе беліктерге бөліп қарастыру да бар, олар тірек ұғымдар, негізгі ұғымдар, қолданбалы ұғымдар сферасы болып бөлініп жүр. Бұл ұғымдардың, бәрі де өзара бірімен бірі тығыз байланыста колданылады. Қалыптасатын негізгі ұғымдар, тірек және қолданбалы ұғымдарға өзара тәуедділікте болады.

Ұғымдарды қалыптастыруда әр түрлі көрнекіліктер елеулі рөл атқарады. Модель жасаудың, химиялық сынақ тәжірибенің, техникалық құралдардың, т.б. мәні аса зор. Әр ұғым өзінің ерекше белгілерімен, анықтамаларымен, басқа ұғымдар байланысымен нақтылана түседі.



Ұғымдарды меңгеру үрдісі

Ұғымдарды меңгерудің мақсаты — әртүрлі танымдық және сарамандық міндеттердің мазмұнын меңгеріп, қолдана білудің жолдарын шешу. Ұғымдарды меңгеру аса күрдел үрдіс, өйткені алғашқы ұғымдарға ой қорытындыларын жасай білу, оның мазмұнын жаңғырта білу, ұғыну, біліктер мен іскерліктерді бекіту, танымдық әрекеттерді іс жүзінді қолдана білу, ең соңында ұғымдарды меңгеру жүзеге асады.

Аса жауапты кезең ұғымдар мен алғашқы танысу және оны меңгеру кезінде оқушылардың ұғымға деген алғашқы ой-пікірі қалыптасады. Меңгеру үрдісі нәтижелі болуы оқытудың ұғымға деген дәлелділігін арттыру қажеті Тәжірибеге негізделген және теориялық ұғымдарды жекелеп қалыптастыруға үлкен мән беріледі.

Үғымдарды сапалы меңгерудің үш санаты бар, олар: ұғым мазмұнын меңгерудің толықтылығы, дәрежесі және көлемі, ұғымды жинақтаудың өлшемі, басқа ұғымдармен салыстырғандағы байланыс толықтығы.

Окушылардың оқу-танымдық дамуына сәйкес ұғымдарл меңгерудің төрт жолы бар:

1. Жеке ұғымдарды олардың белгілеріне қарай, басқа ұғымдарға байланыссыз меңгеру.

2. Белгілі жүйедегі ұғымдарды жалпы ұғымдар жүйесімен байланысты білім деңгейіне қарай типтік мысалдарға сәйкес пайдалана білу. Ол да еске түсіру деңгейін көрсетеді.

3. Білімнің үшінші деңгейінде біріне-бірі өзара байланыссыз тұтас жүйе құрайды. Білім аса толығып жаңа сапаға ие болады. Ол негізінен сол жүйенің ішінде қайта құрылып, жеңіл белсендіріледі де, оны оқушылар химиялық білімнің белгілі саласына қолданады.

4. Білімнің төртінші деңгейінде дамуы жоғары сатыға көтеріледі де, білім жүйе ішінде қомақты нәруызға айналады. Окушылар білімі осы деңгейде жаңа сапаға ие болып, белгісіз факторларды да болжап айта алатын болады.

Дуниенің ғылыми сипатын қалыптастырудағы химиялық ұғымдардың рөлі

Ұғымдарды қалыптастыру мен қорытындылаудың соңғы кезеңдері, дуниенің ғылыми құрам бірлігін танып-білумен ұштасады. Бұл мәселені шешу әр түрлі пәндерімен бірлікте кешенді комплексті, тәсіл бойынша жузеге асады. Дүниенің ғылыми сипатын қалыптастыру негізі деген үш бағытпен жүзеге асады. Біріншіден — пәндегі негізгі идеялар мен теорияларды қорытындылап (пәнішілік қорытындылау) жинақтау. Екіншіден- туыстас жаратылыстану пәңдерінен алған білімдерін жуйелеп (пәнаралық) қорытындылау. Үшіншіден — философиялық санат бойынша ұғыну арқылы коғамдық пәндерден алған білім жүйелерімен жақындастыру және синтездеу (философиялық жақындастыру).

Окушылардың дуниетанымдық көзқарастарын қалып-қастыруда пәнаралық дәрістер мен семинарлар "дуниенің казіргі сипатын көрсетуде басты рөл атқарады, білім синтезін тудырады, дүниені танып-білудің құрамына айналдырады. Дүниенің ғылыми сипатын қалыптастыруда химиялық мәнін түсінуде білім жуйесінің бірлігі көмектеседі, әсіресе, химия пәнінің негізі саналатын ұғымдар: "химиялық элемент", ".химиялық реакциялар", "химиялық қосылыстар", "зат", "энергия" және философиялық санаттар: "материя", "әрекеттесу", "себеп", басқа да ұғымдар көп көмегін тигізеді.

Табиғаттьщ химиялық сипатына зат жөніндегі, оның құрлысы жөніңдегі, бөлшектердің көп түрлілігі жөніндегі, оның эволюциялық дамуы жайындағы, түрлі химиялық теориялар мен заңдылықтардың дәледемелері көмектеседі.Ол туралы көп айтып, көптеген дәлелдеулерді келтіруге болады. Осының бәрі химиялық ұғымдарға оның дәлелдемелері мен қолданылымына байланысты.



Өзіндік бақылау сурақтары:

1. Таным теориясы тұрғысынан ұғымды қалай тусінеміз?

2. Ұгымдар қалыптастыру қалай жузеге асады?

3. Ұғымда жуйелеудің рөлі қандай ?

4. Ұғымга анықтама қалай беріледі?

5. Ұғым қандай тәсілдермен меңгеріледі?

6. Дуниетанымдық көзқарастар қалыптастыруда химиялық ұғымдардың рөлі қандай?

Дәріс 10-12 Мектеп химия курсын құрудың әдіснамалық негіздері



Дәріс 13-15 Мектеп химия курсының негізгі тақырыптарының ғылыми мазм


ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС № 1

ТАҚЫРЫБЫ : Мектеп химия курсының ғылыми негіздері

МАҚСАТЫ: Мектеп химия курсының ғылыми негіздері тақырыбын ашу

ТАПСЫРМА:

  1. Төмендегі сызба- нұсқаны толтыр

  2. Кестелердің өзара байланысын бағдаршалар арқылы көрсет





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет