ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Химия педагогикалық зертеулер негізі» «5В011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет2/4
Дата17.02.2017
өлшемі5,96 Mb.
#9429
1   2   3   4

4. Химия курсының мазмұны

Химиялық білімнің мазмүнъш анықтау ~ өсіп келе жатқан үрпақты неге үйрету, сондай-ақ оқыту мақсатын анықтау мәселелерін шешу деген сөз. Осыған орай, мектепте қайда, қашан, кімді жөне не үшін оқытады деген сүрақтарға жауап берілуіне қарай оқытудың мазмүны туралы мәселе әрқилы шешіледі. Мектепте химия курсы негізгі екі білім жүйесінен қүрылады, олар: зат жөніндегі және химиялық реакциялар жөніндегі білім жүйелері. Осы білім жүйесі мектешің химия курсының мазмүнын қүруға сәйкес үстанымдарды анықтайды. Мектеп курсын қүру жөніндегі түжырымдама әр елде өрқалай шешіледі, республикамызда зат оның қүрылысы, қасиеттері — негізгі білім жүйесі ретіндеі қабылданған. Ол бейорганикалық, оргакикалық химиядаі оқу материалын ашатын басты идея ретінде берілген. Оқу материалдарын іріктеуде танымдық жөне тәжірибелік мәні бар тақырыптар негізге аалынады. Осы белгілерге сәйкес оқу материалына мыналар жатады:

1. Танымдық үлкен мәні бар материалдар, олардың негізінде үғымддр жүйесі қалыптасады, теорияларды меңгеруг нақты негіздер қолданылады (мысалы, сутек, оттек, су] кейбір металдар мен бейметалдар, тигггік оксидтер, қышқылдар және түздар).

2. Практикалық мәні бар тақырыптар (минералды тыңайтқыштар, ионидтер, синтетикалық кір ашатын заттар сабын, т.б.).

3. Тірі және өлі табиғат негіздерін қүрайтын басты, заттар, қосылыстар (кремний, кальций, олардың қосылыстары , майлар, нәруыздар, көмірсулар, т.б.).

4. Кейбір технологиялық үрдістер мен химия өндірісі жөнінде мәліметтер беретін тақырыптар енгізілген (амм иак, күкірт және азот қышқылын өндіру, этилен, альдегидтер өндіру т.б.).

5. Қазіргі ғылым мен өндірістің жетістіктерін көрсететің материалдар (мысалы, катализатор, синтетикалық каучук, синтетикалық амин қышқылдары, жасанды талшықтар, пластмассалар, жасанды алмаз, нәруыздар, т.б.)

Осындай күрделі міңдеттерді шешуде химиялық элементгер жөніндегі ілім көмектеседі. Қазіргі белгілі аса көп емес химиялық элементтерден миллиондаған жай және күрделі қосылыстар түзіледі. Оның бәрін білу мүмкін емес, Мектеп курсында шағын ғана элементгер шекті мөлшерде оқылады. Оларға негізінен кіші периодтың элементтері кіреді, кейбір негізгі топтың (А) және (В) топшалары үлкен периодтың практикалық мәні бар, танымдық маңызы зор элементтері алынған. Элементтердің өзі қосылыстары көптеген химиялык заңдылықтарды, жүмбақтарды шешуте, заттың қүрылысы қүрамын зерттеп білуге көмектеседі. Элементгер жөніңдегі ілім негіздері периодгық заң үғымдарьш шешуге көмектеседі. Периодтық заңның графиктік көрінісі — химиялық элементтердің периодтық жүйесі, ол — теориялық қорьпъшды ғана емес, элемент жөніндегі белгілердің табиғи жіктелуі. Бұл элементтердің табиғи қосылыстарының көп түрлілігін, олардың өзара бірлігінде көрсетеді. Мектептік химия курсының екінші жүйесі — химиялық үрдістер жөніндегі ілім. Бүл жүйенің негізгісі — химиялық реакциялардың типтері жөніндегі білім, олардың жүру зандылықтары және басқару тәсілдері. Типтік реакциялар, олардың жүруіне кинетикалық қиындық келмейтін, оқушылардың түсінуіне ауыр емес реакциялар алынған. Химиялық реакциялар жөніндегі тәжірибеге негізделген білім химия курсының алғашқы бөлімдерінде берілді. Ол біртіңдеп дамып күрделеніп отырады.Зат массасының сақталу заңы реакциялардың сандық мәнін ашады. Химиялық формула мен тендеулер бойынша есептеулер, химиялық реакциялардың сандық қатынастары, сайма-сайлық зандылықтар, Авогадро заңы, газ күйіндегі көлемдік қатынастар қарастырылады.

Химиялық реакция жөніндегі мәліметтер электрондық теория негізінде жузеге асады. Электролиттік диссоциалану теориясы — зат пен химиялық реакциялар жөніндегі танымдық үғымдардың жоғары сатысы. Жүйелік химия курсының политехникалық білім беретін такырыптар да енгізілген. Бейорганикалықхимияданалған білім органиколық кимияны оқуға негіз болады. Органикалык химияны оқыту органикалық қосылыстардың қүрылыс теориясынан басталады. Бейорганикалық жөне органикалықхимиякурсыныи, мазмұны өздеріне тән болашақты мезгейтін перспективті және өткенге шолу жасайтын ретроспективті пәндік және пәнаралық байланыстар, мәліметтер деңгейінде үғымдар, идеялар теориялар, әдістер, т.б. негізінде шешіледі.

Соңғы жылдарда пәнаралық байлагыс биология, физика математика,, қоғамтану, география пөндерімен күшейтілген, олар білімді жинақтап, қорытындылауға аса қолайлы жағдай жасайды, дүние танымдық көзқарас қалыптастырады. Оқыту мазмұнының негізгі қүрамдас бөліктеріне іскерліктер мен дағдылар жатады. Олар оқушылардың оқу-танымдық қызметтері мен дамуына аса қажет. Оқытудың мазмұны оқушылардың қызметіне сәйкес химия пөнінің негіздерін меңгеруге қажетгі іскерліктерді біріне-бірі байланысты бірнеше топтарға бөлінеді:

1. Пәндік үйымдастырушылық: сынақ-төжірибелерді жоспарлайтын іскерліктер, есептер шығару жолдарын белгілейтін ізденістер, оқулықпен, әдебиеттермен өзіндік жүмыстар, кабинеттегі жүмыс орындарын даярлау, тәжірибенің қауіптілігін жою, т.б.

2. Мазмүнды интеллектуалды (ой қызметі) іскерліктер: теориялық білімді пайдалану, танымдық өдістерді меңгеру, пәндік және пәнаралық байланыстарды тағайындау.

3. Хабарламалы коммуникативтік (қатынас) химиялық тектестіктерді оқу арқылы, оқу хабарларьш тындау кезіңде анықтамалармен жүмыс істеу, білімді жинақтау. КеСте, химиялық сызбанүсқаларды, аудиовизуалдық қүралдарды пайдалану, химия ғьшымының тілдік қатынас жасай алуы, сездік хабарды номенклатура, термин, белгілер бойыңша ернектей білу.

4. Сарамаңцық жүмыстарды, зертханалық тәжірибелерді орындай білу, приборларды күрастыру, сынақ-тәжірибе мен теориялық дәлелдемелерді орындау, графиктер сыза білу.

5. Есептеу іскерліктер: химиялык сандық есептерді шығара білу, өндірістік есептерді орындай білу.

6. Бағалай білу іскерлігі: танымдық әдіс бойынша алға қойған мақсатқа жету, өз білімін, жауабын дәлеляеу, теориялық материалдарды қорытындьшау, жинақтап шолу, жүйелеу.


Бақылау сұрақтары :
1. Мектеп химия курсының мазмұнына қандай негізгі мәселелер енеді?

2.Химия негіздері мен химия технологиясының білім жүйесін не құрайды , олар қандай білім жүйесінің негізі болып табылады ?

3. Химиядан білім берудегі іскерліктер мен дағдылар жүйесіне не кіреді олардың ролі неде?

4. Іс жүзінде жинақталған танымдық, қолданбалы тәжірибелер жүйесі қандай оқу- танымдық мақсаттарды шешуге қажет?

5.Қоршаған орта мен арадағы қарым қатынас жүйесі қандай мақсатты көздейді,оның жүзеге асырылу жолдары қандай?

6.Пәнішілік және пән аралық байланыстардың оқытудың мазмұнындағы ролі неде?



  1. Мектептік химия курсының құрылым бөліктері қандай?

  2. Химия курсын құрудағы теориялар мен заңдардың рөлі қандай?

  3. Мектеп химия курсын құрудағы аса маңызды теориялармен байланысты оқытылатын тақырыптарды сызба нұсқамен жіктеп көрсет

5,6 дәріс. Пәнаралық байланыстың ғылыми - әдістемелік негіздері.



Жоспар :

1.Пәнаралық байланыстың ғылыми ұстанымын жүзеге асырудың орны

2. Оқыту үрдісіндегі пәнаралық байланыс түрлері

3. Пәнаралық байланысты жоспарлау бағыттары

4. Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың дидактикалық талаптары

1.Пәнаралық байланыстың ғылыми ұстанымын жүзеге асырудың орны.

Пәнаралық байланыс – педагогика ғылымында философиялық, психологиялық, дидактикалық және әдіснамалық жағынан қарастырылатын күрделі комплексті сала. Сонымен бірге, пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі болуымен бірге қазіргі заманғы ғылымдардың интеграциялану тенденциясы жағдайында мектеп жүйесінің білім беру мазмұнын айқындаудың басты ерекшеліктері болып саналады. Осындай көзқарастар нәтижесінен кейін оқушыларға тиянақты білім беру, пән негізін игерту күрделі мәселе болып көрінеді .

Оқу пәндерінің арасындағы байланыстың қажеттігі оқытудың дидактикалық ұстанымдарымен, практикалық бағытталуымен, мектептің тәрбие беру міндеттерімен де анықталады. Пәнаралық байланыстар ерекшелігіне жалпылама сипаты бар танымдық іс-әрекетпен қарулану жататын оқушылардың практикалық және ғылыми-теориялық дайындығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Пәнаралық байланыстарды оқыту процесінде қазіргі заманғы ғылыми танымның маңызды белгілерін құрайтын ғылымаралық байланыстардың көрініс табуы ретінде қарастыру керек .

Химияның басқа оқу пәндерімен байланысының жүзеге асуы келесі мақсаттарды көздейді:

- жаратылыстану ғылымдарының диалектикалық бірлігі негізінде табиғат туралы бірыңғай көзқарасты қалыптастыру;

- оқу пәнінің ғылымдарының жалпы жүйесіндегі орнын түсіну; білім жүйелілігін қамтамассыз ету;

- оқушылардың білімін жүйелеу-табиғаттың негізгі заңдарының жалпылығы туралы түсінікті орнықтыру;

- құбылыстардың, ұғымдардың, теориялардың, әлемнің ғылыми бейнелері арасындағы жан-жақты байланыстарды оқушылардың орнықтыра алу біліктілігін қалыптастыру;

- пәнаралық байланыстың теориялық және практикалық білімді дамытуға және тереңдетуге себептесетін эвристикалық ұстаным ретінде түсінілуін қамтамассыз ету;

Жаратылыстану пәндерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың міндеттері келесі:

1) қазіргі заманға сай ғылыми дүние танымын қалыптастыру;

2) табиғатқа қамқорлықпен қарауға, оны қорғауға үйрете отырып, саяси, еңбек сүйгіш және патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3) оқушыларды политехникалық дайындау;

4) жалпы сабақта алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету.

Алайда оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, мұғалімдердің жұмыс тәжірбиесін талдау нәтижесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру кезінде туындайтын бірқатар кемшіліктер айқындалды, олар келесі:

1.Бірқатар жағдайларда терминологиялардың, белгілеулердің келісілмеуі және әр түрлі курстар үшін жалпы болып табылатын ұғымдардың түрліше түсіндірілуі.

2.Оқушылардың іргелес пәндер үшін қажет оқу біліктерін қалыптастыруда химияның рөлі жеткілікті бағаланбауы.

3.Жаратылыстану пәндерін оқытуда химияны зерделеу кезіндегі қалыптастырылған ұғымдардың көп жағдайда ескерілмеуі .

Оқыту процесінде пәнаралық ұстанымын жүзеге асыру бағыттарын қарастырудың алдында осы ұғымның мазмұнын анықтап алған орынды болады. Психология-педагогикалық әдебиеттерді талдау қазіргі кезде педагогикалық ғылым мен тәжірибенің дамуында бұл ұғымның бірыңғай анықталмағандығын көрсетеді. Бұл оның жалпы дидактикалық ұстанымға жататынына байланысты болуы да мүмкін. Психологтар бұл ұғымды өзінің пәнінің ерекшелігіне байланысты, әдіскерлер оны дидактикалық шарт немесе дидактика ұстанымы ретінде анықтайды және қоршаған дүниені зерделеу деңгейіне байланысты дидактика әр түрлі мәртебеге ие болады.

Нақты пәнді оқытуға қатысты пәнаралық байланыстар дидактика ұстанмы ретінде интегративті және саралаушы функцияны атқарады және пәндік білімдерді біртұтас жүйеге біріктіретін, берілген пәннің, мысалы, химияның сапалық ерекшеліктерін жоғалтпай, оның аясын кеңейтетін құрал болып табылады. Бұл ретте пәнаралық байланыстар ғылымилық, жүйелілік, тұтастық, сабақтастық және т.б. дидактикалық ұстанымдар жүйесіндегі үйлестіруші буын болады, өйткені олар адам санасында табиғат пен қоғам туралы біртұтас білім жүйесінің қалыптасуын анықтайды, сондай-ақ іс-әрекеттік, сабақтастық және т.б. дидактикалық ұстанымдардың біртұтас жүйесінде негізге алынатын ұстанымдар қатарына жатады.

Оқыту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың әдіснамалық негізіне құбылыстардың жалпы байланыстық ұстанымы жатады. Құбылыстардың жалпы байланысы - «барлық құбылыстар мен объектілердің өзара әрекеттесуінің көрініс табуы мен нәтижесі болып табылатын әлемнің бар болуының жалпы заңдылығы». Ол әрбір біртұтас жүйедегі барлық элементтердің және олардың қасиеттерінің ішкі құрылымдық бірлігін, сондай-ақ сол жүйенің оны қоршаған басқа жүйелермен немесе құбылыстармен әртүрлі шексіз байланыстары мен қатынастарын сипаттайды. Нақты дүниені танып білу кез-келген объектіні жан-жақты жүйелі зерттеу негізінде, оның барлық маңызды байланыстары мен қатынастарын, сондай-ақ бұл байланыстардың заңдылықтарын анықтау негізінде ғана мүмкін болады. Ал бұдан оқыту процесінде әртүрлі пәндер бойынша игерілетін білім бірыңғай ғылыми жүйеге бірігуі, ал пәнаралық байланыс дәл осы жүйелеуші функцияны жүзеге асыруы тиіс. Оқу танымының дамуы құбылыстар мен процестердің арасындағы қарапайым әрі жалпы байланыстардан неғұрлым тереңірек және орнықтырақ байланыстарға қарай өтетіндей болып жүзеге асуы тиіс. Оқушылар олардың көмегімен қарастырылатын ғылымның әрбір дербес әдістерінің нақты орнын, қолданылу аясын табуға үйренеді. Сонымен пәнаралық байланыстар жалпы алғанда дүние туралы біртұтас түсінік пен оны жеке ғылымның көзқарасы тұрғысынан қараудың арасындағы негізгі

қарама-қайшылықты шешуге бағытталған оқу пәндеріндегі диалектикалық өзара байланыстарды анықтайды. Басқаша қырынан ол өзінің мәнділік және нормативті функцияларымен дидактикада негізінен алынатын ұстаным ретінде қарастырылады. Оның нормативтік функцялары оқыту және тәрбиелеу процесінде оқу пәндерін әдістемелік тұрғыдан орынды пайдалану арқылы тұжырымдық ой-өрістің басқару жүйесін құрайды. Олар зерделенетін құбылыстардың немесе объектінің барлық жақтарын, байланыстарын қамтуға және қарастыруға мүмкіндік береді [6].

Ғылымдардың әрқайсысы дүниеге біртұтас синтетикалық көзқарасты тудыра алмайды, ол оны қалыптастыруға ғана өз үлесін қосады. Қандай да бір оқу пәнін зерделеу кезінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін біртұтас байланысты-әлемнің жалпы бейнесін жүйеленген түрде бере алатын жалпыланған білімді пайдаланған өте маңызды болып табылады.

Пәнаралық байланыс ұстанымы барлық пәндердің және ғылымдардың арасындағы байланыстарды орнықтыру және нығайту үшін қуатты реттеуіш фактор бола отырып, нақты ғылымдар мен әлемнің ғылыми бейнесінің болашақтағы дамуы үшін өзіндік потенциалды құруға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде ғылыми білімдердің ойдағыдай дамуының шарты ретінде де, жаңа нәтижелерді іздеудің әдісі ретінде де, оқу танымының әдісі ретінде де оқушыларға дүниені танып-білуге бағдар бере отырып, тұжырымдық ойлау стилін қалыптастыруға өз үлесін қосады. Пәнаралық байланыс барлық оқыту процесіне де, барлық пәндерге де қатысты педагогикалық теорияның жетекші қағидаларының бірі болып табылады. Сондықтан жаратылыстану цикліндегі, оның ішінде химия пәнінің мұғалімдерінен де әрбір сабақта бұл бағыттағы арнайы педагогикалық қызметі талап етіледі және бұл күрделігі бойынша басқа әрекет түрлерінен басым болуы мүмкін. Ал оқыту процесінде пәнаралық байланыстың жеткілікті деңгейде жүзеге асуы оқушыларға дүниені танып – білу жолдарына бағдар бере отырып, тұжырымдық ойлау стилін қалыптастыруға өз үлесін қосатын болады.

Пән аралық байланыс ғылым тарихын және оның практикалық қолданылуын толығырақ ашуға мүмкіндік береді.

Пән аралық байланыс оқыту мазмұнының ғылымилылық ұстанымын жүзеге асырады [7].



2. Оқыту үрдісіндегі пәнаралық байланыс түрлері.

Мұғалім пәнаралық байланысты жүзеге асырудың әдістемесін меңгеру үшін оның оқытудағы маңызын ғана түсініп қана қоймай, бәрінен бұрын аралас пәндердің мазмұнын жетік білуі керек. Бұл білімнің жеке және пәнаралық байланыс түрлерін ажыратуға мүмкіндік береді.

Химия курсындағы оқу материалының құрлымы табиғаттың әртүрлі объектілері туралы білім түрлерінен тұрады:


  1. арнайы ғылыми білімдер (фактылар, түсініктер, теориялар, заңдар, мәселелер);

  2. ғылымда тану жолдарын көрсететін әдістемелік білімдер (философиялық принциптер, әдістер, ғылыми тілі, ғылыми теория құрылымы);

  3. идеологиялық білімдер (философиялық, саяси, саяси – экономикалық, атеистік, этикалық, эстетикалық, хұқықтық білімдерінің элементтері.

Әрбір білім түріне мазмұнды – ақпараттық пәнаралық байланыстың белгілі бір түрі сәйкес келеді: арнайы-ғылыми – ғылыми құрамы бойынша байланыстар (фактылық, түсініктік, теориялық); әдістемелік – философиялық таным туралы білімдері бойынша байланыстар (гносеологиялық, семиотикалық логикалық); идеологиялық – рухани байлықтары туралы білімдері бойынша байланыстар (идеологиялық байланыстар). Пәнаралық байланыстың әр бір түрін қарастырамыз.

Фактылық байланыстар. Табиғат объектілері және жеке құбылыстары туралы білімдерін жалпыландыру мақсатында оқу пәндері арасындағы бұл байланыстар фактылар деңгейінде олар жан – жақты қарастырылады.

Пәнаралық байланыстың бұл түрі оқу бағдарламасында кең көрсетілген және оқыту практикасында белсенді қолданылады. Зерттелетін пәндердегі анықталған оқу материалынының фактылық байланыстарын игеруде көлемді орын фактылық мәліметтерге беріледі. Оқылатын әртүрлі оқу пәндеріндегі фактылар байланысы - бұл фактылар жазылу және түсіндірілу тұрғысынан теория және түсініктерді ашу үшін маңызды. Сондықтан да оқушыларға фактылар және түсініктер байланысын көрсету үшін және қарапайым қайталаудан қашу үшін әртүрлі пәндердегі жақын фактылардың салыстырмалы анализін жасау керек.

Фактылар деңгейіндегі пәнаралық байланыстар циклішілік және цикларалық шекарада жүзеге асырылуы мүмкін.

Жаратылыстану циклі пәндерін оқу барысында оқушылар цикларалық байланысты қажет ететін көптеген фактылармен танысады: мысалы, зат құрылысындағы симметрия фактылары. Оқушылар алғашқы симметрия туралы түсініктерін бастауыш сыныпта математика сабағынан алады. Геометрияны оқығанда олар осьтік және центрлік симметриямен танысады, оларды көпбұрыштыларды және көпжақтыларды, симмметрия жазықтығын, денелердің айналуын қарастырғанда қолданады. Химия курсында VІІІ сынып оқушылары бағдарламаға сәйкес кристалл тор құрылысындағы симметрия фактыларымен танысады.



Түсініктік байланыстар. Түсініктік деңгейдегі пәнаралық байланыстар туыстас пәндер үшін ортақ түсініктердің қалыптасуына бағытталған.

Әрбір пән құрылымына әртүрлі дәрежеде жалпыландырылған түсініктер енеді. Пәнаралық байланыстар жалпы пәндердегі жаратылыстану ғылымдары түсініктерінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Оларға: зат, энергия, масса, атом, электрон, ион, молекула, құрылыс, қасиет және т.б. жатады. Оқыту процесінде бұл түсініктер алғашында жеке оқу пәндерінде енгізіледі және оқушыларға берілген пән білім жүйесімен қабылданады, бірақ пәнаралық түсініктер байланысы әсерінен барып мәнісін түсінеді және жалпы жаратылыстану ғылымдарының жүйесіне қосылады.

Жалпы жаратылыстану ғылымдарының түсініктерінің қалыптасуы оқытуда элементарлыдан, көпжақты жалпыға дейін сатылап жүреді. Пәнаралық түсініктік байланыстар оқушылардың табиғат туралы түсінігінің тұтас болуы үшін қажет.

Теориялық байланыстар. Теория – бұл белгілі бір пән облысындағы ғылыми білімдер жүйесі.Теорияда ғылыми фактылар, түсініктер, заңдар, салдарлар байланысы сипатталады.

Жаратылыстану пәндерінің негізгі байланысын зат құрылысы теориясы құрайды. Ол мектеп бағдарламасында толық бейнеленген және өзіне зат және оның құрылысы туралы түсініктер жүйесін қосады: зат дегеніміз не, оның қасиеті, молекула және оның сипаттамасы, атом, оның құрылысы, ион, электрон, оның құрамы, элементарлы бөлшектер.

VІІІ сыныпта зат құрылысының молекулярлы – атомдық теориясы қарастырылады. Оқушылар молекула және атомдардың жаңа сипаттамаларын біледі: заттың қасиеті оның моекуласының құрылысына байланысты, молекулалар физикалық құбылыстарда сақталады және химиялық процестерде бұзылады, кинетикалық және потенциалды энергияларға ие; бір түрдің атомдары бірдей, бірақ басқа түр атомдарынан өзгешеленеді; жай және күрделі заттардың молекуласын түзе отырып, атомдар бір – бірімен қосыла алады; атомдар – химиялық бөлінбейтін бөлшектер, химиялық реакцияларда олардың топтасуы жүреді, бірақ атомдардың өздері өзгермейді, олардың массасы өте аз. ІХ сыныпта «Периодтық заң және элементтердің Д.И. Менделеев жасаған периодтық жүйесі» және «Химиялық байланыс. Заттардың құрылысы.» тақырыптарын өтеді. Атомдардың құрылысы туралы оқушылардың нақтылы түсінігі қарапайым сутегі атомы мысалында қалыптасады. Сутегі атомы моделін құру көп электронды атомдар құрылысын оқуға мүмкіндік береді. Оқушылар электрондардың молекулада және кристалдарда орналасуы, иондық және коваленттік байланыстар туралы, иондық, атомдық және молекулярлық кристалдық торлар түсінік алады.

Металл торларында бос электрондардың болуымен түсіндірілетін электр өткізгіштік, жылу өткізгіштік, иілімділік сияқты физикалық қасиеттерін меңгеруде металл торлар туралы білімдерінің маңызы зор.

Бейорганика және органика курсында зат туралы жалпы түсінігі заттардың әртүрлілігін олардың құрамы, құрылысы, қасиеті бойынша бейнелейтін, сонымен қатар зат айналу ерекшеліктерінің құрамы мен қасиетіне байланыстылығын түсіндіретін жаңа түсініктермен (валенттілік, тотығу дәрежесі, электртерістік, коваленттік байланыс, реакциялық қабілеті және т.б.) байытыла түседі.

Пәнаралық байланыс көмегімен жаратылыстану ғылымдары теориялары мен заңдарының жалпылануы оқушылардың әрбір теория мен заңдарды ауқымды теориялар мен заңдардың жеке бөліктері ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Оқушылар ойлау қабілетінің диалектикалық әдісі дамиды.



Философиялық байланыстар. Д.И.Менделеевтің периодтық заңын VІІІ сыныпта өткенде оқушылардың диалектико – материалисттік дүние танымын қалыптастыратын көптеген философиялық сұрақтар көтеріледі. «Кіші және үлкен периодтар», «Химиялық элементтің периодтық жүйесі» тақырыптарын өткенде, тәжірибеден көргеніміздей, оқушыларды «жалпы» және «ерекше» түсініктеріне атом құрылысы және элементтердің химиялық қасиеттерін период, қатар, топ бойынша салыстыра отырып дұрыс қабылдауға келесі сұрақтардың көмегімен жүзеге асыруға болады: «Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі кіші және үлкен период құрылысында қандай ортақ ұқсастық бар? Үлкен период құрылысының ерекшелігі неде? Химиялық элементтер қасиеттерінің кіші және үлкен период ішінде сілтілік металдардан инертті газдарға ауысуында қандай ұқсастықтар бар? Бір топқа жататын элементтердің ұқсастықтары неде? Негізгі және қосымша топша элементтерінің айырмашылықтары неде? Топ бойынша реттік нөмері өскен сайын элементтердің қасиеттері қалай өзгереді? ІV топ элементтерінің қасиеттерінің өзгеруіндегі ерекшелік неде?»

Аналогиялық әңгіме элементтер қасиеттерінің периодтылығы (салдар) олардың атомдарының сыртқы электрондық қабаттарының құрылысына байланыстылығын (себеп) ашу барысында «себеп» және «салдар» түсінігін қабылдау мақсатында келтірілуі мүмкін. Периодтық кесте арқылы оқушыларды «мазмұн» және «форма» түсініктерімен таныстыруға болады (периодтық жүйе – периодтық заңның графикалық бейнеленуі). Элементтердің периодтық жүйесін қарастырғанда оқушылар диалектика заңымен танысады. Сандық өзгерістердің сапаға ауысуын көрсететін заң: элемент атомының массасының, олардың атом зарядтарының өзгеруі химиялық элементтердің қасиеттерінің өзгерісіне әкеледі. Философиялық пәнаралық байланыстар оқытудың тәрбиелік функциясын күшейтеді. Ол оқушыларға материалды дүниенің танымдылығы мен бірлігін дәлелдейді:

- тірі және өлі табиғаттың элементарлық құрлысының жалпылығы;

- материя ұйымдасуының ұстаным және даму заңдылықтарының бірлігі (энергия және масса сақталу заңы, симметрия, энтропия және т.б.).

Берілген мәселелерді ретімен ашу тек қана келісілген пәнаралық байланыс негізінде ғана жүзеге асады .

3. Пәнаралық байланысты жоспарлау бағыттары.

Оқу - тәрбие міндеттерінің ортақтығы мұғалімдерді мақсаты бойынша анологиялық, мазмұны бойынша пәнаралық сабақтарды ұйымдастыруға бағыттайды. Бұл міндеттер оқу бағдарламасының мазмұнын ашуда әр түрлі оқу танымдық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуы мүмкін.

І. Оқылатын құбылыстардағы себеп – салдар байланыстарын басқа пәндерден алған білімінің көмегімен түсіндіру.

ІІ. Жаңа ғылыми түсініктерді ертеректе әртүрлі пәндерден өткен фактылар мен теорияларға сүйене отырып енгізу.

ІІІ. Белгілі түсініктердің нақтылануы, әртүрлі ғылымды қолдануына байланысты олардың белгілерінің кеңейтілуі.

ІV. Жаңа жалпы түсінікті (заңды) жекеден қорытып шығару және жалпы түсініктерді (заңдарды) жекенің көмегімен нақтылау.

V. Әртүрлі оқу пәндеріндегі білімдерінің жүйеге келтірілуі, оқу объектісі түрінде бір мәселеге бірігуі.

VІ. Жалпы ғылыми идеялар мен ұстанымдардынегізге ала отырып, жалпы теориялық күйді дәлелдеу үшін әртүрлі пән білімдерін қолдану.

VІІ. Әртүрлі пәндерден алған білімдерін оқушылардың практикалық қызметтерінде қолдану.

Сонымен, пәнаралық байланысты жаратылыстану ғылымдары пәндері циклінде 3 негізгі бағытта жүзеге асыру керек:



  1. пәнаралық байланыс негізінде дүние танымдық білімдері – жаратылыстану ғылымдары түсініктерінің, жалпы теориялардың, заңдарының, идеяларының қалыптасуы;

  2. аралас пәндер үшін жалпы танымдық және іс тәжірибелік дағдылардың қалыптасуы;

  3. оқылатын пәнге бағалау қатынасының олардың идеялық – тәрбиелік аспектілерін, ғылымның дүние танымдық сұрақтарын ашу жолымен қалыптасуы.

Мазмұнын, көлемін, уақытын және басқа пәндердің білімдерін қолдану әдістерін тек қана жоспарлау негізінде анықтауға болады.

Оқыту практикасында пән аралық байланысты жоспарлаудың төрт негізгі әдісі қалыптасқан – желілік, курстық, тақырыптық, сабақ.



Желілік жоспарлау. Ол оқу ісінің меңгерушісімен немесе белгілі бір цикл бойынша құрылған комиссиямен жүзеге асырылады. Желілік жоспарлау график немесе карта формасында болады, онда аралас курстардағы әртүрлі тақырыптардың басқа пәндермен байланысы көрсетіледі. Желілік график белгілі уақыт аралығында пәнаралық байланысты ескере отырып, оқушылардың оқу қызметінің мазмұнын және көлемін бейнелейтін оқу процесінің моделі болып табылады. Мұндай модель аралас пәндер логикасының құрылысын, олардың байланысын, ортақ тақырыптарын, уақыттық байланыстарын көрнекі көрсетеді. Желілік график түріндегі модель оқу процесін басқарудың маңызды әдісі болып табылады. Оның негізінде мектеп басшылары сабақ кестесіне түзетулер енгізуге, ерекше маңызды тақырыптардың өту уақытын бақылауға мүмкіндік алады. Оқушылардың білімдерін байланыстарын ортақ тақырыптары бар сабақтарға қатысу мектеп басшыларына басқа пән мұғалімдерінің жұмысын көруге, оқушылардың қажетті түсініктерді қабылдауын тексеруге, ертерек жоспарлауға, жалпы сабақ санын қысқартуға мүмкіндік береді.

Желілік графикке қосымша болып жоспар – картасы болып табылады, онда оқылатын тақырыптардың тізімі тек ретімен жазылып қана қоймай, аралас пәндердегі дамытылатын түсініктер комплексі көрсетіледі.

Желілік жоспарлау оқу пәндеріндегі пәнаралық байланыстың жалпы көрінісін береді, бірақ оқушылардың белсенді танымдық қызметін жетерлік дәрежеде ұйымдастырмайды. Пәнаралық байланысты жүзеге асыруда оқытуды ұйымдастырудың түрі мен әдісін жоспарлау қажет. Бұған жоспарлаудың басқа әдістері мүмкіндік жасайды.

Курстық жоспарлау. Пәнаралық байланысты оқу курсының аясында жоспарлау мұғаліммен немесе әдіскермен жүзеге асады. Бұнда пәнаралық байланысты анализдеуде бірнеше жол болуы мүмкін. Пәнаралық байланыстарды пәнішілік байланыстармен үйлестіре қолдану ұсынылады. Курстық жоспардың болуы мұғалімге уақытында оқушыларға басқа пәндерден алған білімін қайталауға үй тапсырмасын беруге, ертерек келесі оқу тақырыбына қажетті аралас курстар мазмұнын оқып дайындалуға мүмкіндік береді. Курстық жоспарды қолданғанда алдын ала консультацияны жоспарлауға және басқа пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысуға, әрбір оқу тақырыбында пәнаралық байланыс бойынша қажетті әдістемелік әдебиетті таңдауға мүмкіндіктер болады.

Курстық жоспарлау негізінде пәнаралық байланысты тақырыптық жоспарлау қажет.



Тақырыптық жоспарлау. Тақырыптық жоспарда сабақтың оқу материалының логикалық құрылымы, басқа курстардан тірек білімі және перспективті байланыстары бейнеленуі керек. Мұғалім тақырыптық жоспарды құрғанда жеке сабақтарда басқа пәндерден алған білімдерін қандай танымдық мақсатпен қолданудың қажеттігін көрнекі көреді: бір жағдайда жаңа түсініктерді енгізуге тірек болады, басқаларында оқылатын құбылыстарындағы себеп – салдарлық байланыстары түсіндіріледі, үшіншілерінде жалпы идеялары нақтыланады немесе жаңа теория, жасалған қорытындылар дәлелденеді. Танымдық мақсатына байланысты әдістемесі және оларды жүзеге асыру үшін әдістері таңдалады, оқушылар үшін сұрақтар мен тапсырмалар құрастырылады.

Пәнаралық басйланысты тақырыптық жоспарлаудың жалпы схемасы кесте түрінде берілуі мүмкін.

Мұндай жоспар пәнаралық байланыстың көп түрлігін ескереді және оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық қызметін белсендірудің негізгі бағытын бөлуге мүмкіндік береді. Пәнаралық байланысты жүзеге асыруда оқу танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында олардың жүйесін әрбір сабақта жоспарлау пайдалы болып табылады.

Сабақтық жоспарлау(поурочное). Оқыту үрдісінде пәнаралық байланысты қолданудың нақтылануына сабақ жоспарының көмегімен қол жеткіземіз. Сабақ жоспары жаңа оқу материалын оқуда немесе бекітуде басқа курстағы білім қашан, сабақтың қай сатысында және қалай, қандай әдістермен енетінін көрсетеді. Мұндай сабақтарды бөліп алу тақырыптық жоспарлау негізінде жүзеге асады.

Мұғалім сабақ жоспарын жасағанда қажетті тірек білімдерін басқа пәндерден оқығанын ескеру керек. Сондықтан қайталау сипатта болмауы үшін және ортақ идея мен түсініктердің дамуына қол жеткізуі, олардың тереңдетілуі мен кеңейтілуі үшін басқа пән мұғалімдерімен келісу керек.

Жоспарлар әдістемелік комиссия отырысында талқыланып, мектеп ісінің меңгерушісімен бекітіледі. Жоспарды талқылау басқа пәндердегі білімді қолданғанда қате кетуіне жол бермейді, оқу материалын түсіндіруде ортақ тәсілін анықтайды, оқытудың тиімді әдісін таңдауға мүмкіндік береді.

Осылайша, жоспарлау пәнаралық байланысты тиімді жүзеге асыруға дайындықтың қажетті және маңызды сатысын құрайды .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет