Бимаканова зылыйха шахметовна



бет14/15
Дата08.11.2022
өлшемі142,07 Kb.
#157069
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
«философия» П ні бойынша д рістер курсы
қазақ тілі нед тап, 9 Лекция-презентация (1), «Иррационал те деулер мен те сіздіктер», 1тапсырма, элект Жұман М, Гаухар Презентация, Тема 6, Тапсырма 3, 3тапсырма, 4 тапсырма, Новый практический курс китайского языка. Учебник. Часть 1 ( PDFDrive ), 14 лекция, срсп 12.03, Гүлдана дүниетану, лекция 4
4.2 тақырып. Дін философиясы
1.Дін анықтамалары. Дін және философиялық білім. Дін және өнер.
2.Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюцилнизм (У.Тейлор), структурализм (Лев-Брюль, Леви-Строс), марксизм (С.Токарев).
3.Буддизм және оның негізгі бағыттары. Христиан дінінің пайда болу тарихы және негізгі формалары. Ислам. Исламның қалыптасуы, догматикасы және тарихи формалары. Неміс романтизм өкілдерінің діни философиялық концепциясы (Ф.Шлейермахер).С.Кьеркегордің діни философиясы.


Дін — адам мен мінсіз болмыстың (Алланың, Жаратушының) табиғи байланысы туралы санаҒылымның қуаты Жаратылыстың барлығын, оның кереметтігін дәлелдеу. Ал, сол Жаратылысты жаратқан Жаратушы туралы сана — ол дін. Осы тұрғыда ғылым мен дін Жаратылыс мәселесінде түйіседі. Дін туралы арнайы ғылымды дінтану деймізДінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық — әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық (грек тілінде — халық, ілім) тұрғылардан бөліп қарастырады. Конфессиолық ілім (көне латын тілінде konfessio — мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларына сүйеніп негіздейді. Дінді үш пән зерттейді, олар — теология, атеизм және дінтану. Үшеуінің де мақсаты дінді, оның тарихын, негізгі қағидаларын және қазіргі жағдайын талдау. Бұлардың әрқайсысы дінді толық мәнінде түсіндіру ниетінде. Алайда, әрқайсысының дін туралы өздеріне ғана тән алған мақсаттары бар. Теология — (көне грек тілінде құдай, ілім) құдайтану пәні. Ол діннің ішкі мазмұнына негізделген. Бұл пән әрбір діннің өз болмысынан қалыптасады. Теология пәнінде білімнен бұрын сенім анықталған. Сондықтан теологтар сенім мен діни қағидаларды өздерінің басты принциптеріне айналдырған. Сол себепті, біз ислам теологиясы, христиандық теология, буддалық теология т.б. деп атай аламыз. Бұл теологияның әрбір дінге тікелей қатыстылығын білдіретін жай. Атеизм (көне грек тілінде — құдайсыздық) — құдайды және оның құдіретін жоққа шығарады. Жоғарыда айтылғандай, Кеңес заманында жоғары оқу орындарында студенттерге «Ғылыми атеизм» деген пән оқытылды. Бұл пән дүниенің діни болмысын толығымен теріске шығарып, материалистік көзқарасты негіздеп, содан ғылыми атеизм деген атауға ие болған. Философ Э.Фроммның айтуынша, дін адамның саналы пенде ретіндегі табиғатынан - оның өмір сүру бағытын іздеуі мен бір нәрсеге табыну мұқтаждығынан шығады. Бұл, әрине, дін мәселесіне деген көзқарас. Осы тұрғыда, адам дүниедегі негізгі діндерді мойындамағанның өзінде, ол бір нәрсеге сенім артып, соған табынуы мүмкін. Мысалы, бүгінгі таңда реформа барысында біршама адамдар байлыққа, «алтын кошақан» - ақшаға табынады. Олардың ойынша, ақша арқылы сатылмайтын нәрсе жоқ, соның ішінде қайсыбір лауазым иесін, тіпті адамдардың сүйіспеншілік пен басқа да нәзік сезімдерін өзіңе қарай тартуға болады. «Бәрі де сатылады» деген принципке олар сенеді. Неміс философы К.Ясперс адамзаттың рухани дамуын парасаттылыққа негізделген философиялық сенім деңгейіне көтермей, бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің шешілуі мүмкін емес дейді. Әрине, адам сенімсіз өмір сүре алмайды. Адам өз әке-шешесіне, сүйген жарына, жақсы досына, өз халқына, я болмаса адамзат қауымына сенуі мүмкін. Еш нәрсеге сенім арта алмайтын адам бақытсыз, ол өз өмір мәнін тез арада жоғалтады, оның әлеуметтік ауытқуға ұшырайтыны сөзсіз. Мұндай кең түрдегі ойларымыздың ауқымын қысқартсақ, онда осы заманға дейін дүниежүзілік діндердің өмір сүріп жатқанын байқаймыз. Қытай халкы уақытында даосизм және конфуциандық философия бағыттарын тудырып, оларды өмір бағдарламасына айналдырды, яғни олар осы халықтың дініне айналды. Олай болса, Дүниені жаратқан Құдай идеясы оларда жоқ. Сондықтан әдебиетте оларды «Құдай ашылмаған» діндер қатарына жатқызады. Мысалы, Дүниені билейтін «тянь» - аспан ұғымы - бейтұлғалық дүниенің алғашқы бастамасы. Мұнда Дүниені жарату ұғымы жоқ болған соң, оның басы да, аяғы да жоқ, ол мәңгі белгілі бір шеңберде айнала береді. Олай болса, адам болмыстың тәртібін зерттеп қана қоймай, ең алдымен өз-өзін танып-біліп, өзгертуі қажет. Негізгі уағыздайтын қағидаларына «табиғаттың даналығы, онымен үндесті өмір сүру қажеттігі» - у-вей, «өз халқыньң тарихи жинаған тәжірибесіне, даналығына сену, яғни әдет-ғүрып, салтты қатаң сақтау» - ли, «адамға сену, оны сүю» - жень т.с.с. жатады. Бүгінгі тандағы діндерге үнді халқы тудырған буддизм ілімін жатқызуға болады. Ол б.з.д. V ғ. Гаутама Сидхартха деген ұлы адамның ізденісі арқылы дүниеге келіп, бүкіл Оңтүстік Шығыс Азияға кеңінен таралды. Бұл діннің негізгі идеясы - адам рухының асқақтығы, олай болса, адам материалдық дүниеге байланбауы керек (апариграха), өйткені ол одан жоғары. Келесі бүгінгі адамзатқа тікелей қажетті қағида - ешқандай тіршілікке зәбірлік жасамау (ахимса). Будданьң адам алдына қойған талаптарының ішінде ерекше маңыздысы - ақыл-ой, ниет тазалығы. Екіжүзділік, алдап кету, арандату - адамның биік рухани мәртебесіне нұқсан келтіреді. Ешқашанда жек көрушілік оған қарсы қойылған жек көрушілікпен тоқтамаған. Керісінше, ол ұлғайған. Тек қана жек көрушіліктің жоқтығы оны сарқиды деген Будданың тамаша ойы бүгінгі адамзатқа ауадай қажет сияқты. Ақыл-оймен қатар, адамның аузынан шыққан сөздер де жұмсақ болып, адамның жүрегінен шығу керек. Жаман сөз рухани ахуалды ластайды, адами қарым-қатынастарды бүлдіреді. Адамзат руханиятында өз ерекше орны бар, жер бетінде өте кең тараған - христиандық дін. Оны «Құдай ашылған» діндердің қатарына жатқызуға болады. Өйткені христиан діні кұжаттарында Құдайдың адамзатқа жіберген моральдық Өсиеттері, Оның бұл Дүниені қалай жаратқаны жөнінде мағлұматтар бар. Христиандық діннің ерекше сипаттарының бірі - үштік ұғымы. Яғни Құдайдың бір уақытта берілген үш келбеті бар: ол Құдай-Әке, Құдай-Ұл және Киелі Рух. Келесі: Құдай адамды өзіне ұқсатып, оған ақыл-ой, парасат, сүйіспеншілік сезімін беріп жаратты. Сондықтан бұл фәнидегі оның алатын орны ерекше. Ол Дүниедегі тіршіліктердің бәрінен де жоғары, сондықтан оларды билеуі, әрі қарай жетілдіруі керек. Адам күнәға белшесінен батса да, оны құтқару үшін Құдай-Әке жер бетіне өз Ұлын - Иса пайғамбарды жібереді. Ол бір жағынан - Құдай болса, екінші жағынан - адам. Иса өз мойнына адамзаттың барлық күнәларын алып, ақылға сыймайтын зардаптардан өтіп, адамзатты Құдай алдында кұтқарады. Сонымен Құдайдың адамға деген сүйіспеншілігі оны құтқарды. Олай болса, адам да сүйіспеншілікке толы болуы керек. Христиан дінінің негізгі қағидаларының бірі - адамды сүю. «Жақыныңды сүй, алыстағыны да сүй, тіпті өз дұшпаныңды да сүй» деген өсиет Иса пайғамбардың аузынан шыққан. Киелі Августин: «Сүй, содан кейін не жасасаң да мейлі», - дейді. Өйткені сүйген адам жамандық пен зұлымдыққа ешқашанда бармайды. Соңғы 300 жыл шамасындағы ғылым мен техниканың қарқынмен дамуы, халықты жалпы ағарту, білім деңгейін өсіру, қорланған материалдық байлыққа табыну, өмірде сезімдік ләззат алуға ұмтылу т.с.с. еуропалыктардың христиан дінінің шеңберінен ауытқып, «индустриалдық» (өндірістік) «кибернетикалық» (есептеу), «сайентологиялық» (ғылым) т.с.с. дін бағыттарының пайда болуына әкелді - деп есептейді Э.Фромм.
Дүниежүзілік дәрежедегі дін - Ислам діні. Оның шыққан рухани қайнар көзі Таяу Шығыста. Бұл дін VII ғ. араб көшпенділері арасында дүниеге келеді. Атақты неміс ғалымы М.Вебер исламды Дүниені бағындыратын жауынгер діні дейді. Ислам дінінің тереңде жатқан рухани негізі қауымдық пен теңдікке (эгалитаризм), қоғамдық мүддені жоғары ұстауға кетеді. Сондықтан қайырымдылық, әлсіздерге қол ұшын беру осы діннің негізгі қағидаларының бірі болып саналады. Экономика саласындағы Батыстық пайда, кірісті мейлінше көбірек табу, құнды қағаздар нарығындағы пайда табу әдістерін, өсімқорлық сияқты нәрселерді Ислам діні қабылдамайды. Экономика - адамдардың өмір сүруіне жағдай жасайтын құрал ғана, ол ешқашанда өз-өзіне жеткілікті мақсат-мұрат емес. Бұл жағынан алып қарағанда, Ислам неше түрлі социалистік идеяларға жақын екенін байқаймыз. Осы тұрғыдан алғанда, бұрынғы Кеңес Одағының біршама Ислам елдерімен өте тығыз байланыста болғанын түсінуге болатын сияқты. Бүгінгі біртұтастыққа бет алған адамзатқа болашақта, әрине, жаңа дін керек болуы ғажап емес. Ол бүгінгі діндердің жақсы жақтарын қамтып, адамзатты келісімге, зорлық-зомбылыққа тойтарыс беруге, адамды аялап, сүюге, жер бетіндегі тіршілікті сақтауға бағытталуға тиіс. Өкінішке қарай, рухани саладағы өзгерістер тарихи өте баяу қарқынмен жүреді. Солай десек те, тек рухани жаңарудың негізінде ғана адамзаттың қорланған қайшылықтары шешілуі мүмкін. Үнді халқының ұлы ақыны Р.Тагор айтқандай, «заттарды аз уақыттың шеңберінде білуге болады, бірақ олардың Рухын аңғару көп ғасырларға созылған тәрбие мен адамның өзіндік тежеуін талап етеді». Расында да, бұл өмірде болу, тек қана өмір сүру адамға жеткіліксіз. Әр адам өз болмысының бүкіл тіршілікпен, жер бетіндегі әрбір затпен бірге жаратылғанын, «бәрі де бірдің ішінде, бір – бәрінде» екенін сезінбей, жаңа рухани ахуал келмейтінін білуіміз қажет. Негізінен алғанда, барлық діндер бүкіладамзаттық моральдық қағидаларды алға тартып, соның арқасында халықтың рухани бірлігін қамтамасыз етеді. Қайсыбір діннің беделі оның уағыздаған моральдық құндылықтарымен байланысты, өйткені олардың қайнар көзін Құдайдың құдіретті өсиеттеріне әкеліп тірейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет