Бимаканова зылыйха шахметовна


Тақырып: Адам философиясы және құндылықтар әлем



бет7/15
Дата08.11.2022
өлшемі142,07 Kb.
#157069
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
«философия» П ні бойынша д рістер курсы

2.3 Тақырып: Адам философиясы және құндылықтар әлем
1.Философия тарихындағы адам ұғымы. Адам және Ғалам.
2.Адам болмысының категориялары
( Ақиқат,еркіндік, махаббат,
шығармашылық т.б.).
3.Адамды философиялық тұрғыдан түсінудің ерекшеліктері.
4.Адам және оның әлемдегі болмысы: экзистенциализм: «Іскер адам», «ойнаушы адам» , «бір өлшемді адам».
5.Адам мәселесінің Абай даналығында бейнеленуі «Толық адам».

Философияның көп мәселелері ішіндегі ең өзектілерінің бірі - адам мәселесі. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғалымдар ғана емес, сонымен қатар жаратылыс танушылар да «антроптық принципті» қолдап отыр. Осыдан 13 млрд. жыл бұрын «¥лы Жарылыстың» негізінде пайда болған Дүние - Ғарыш Әлемі қажетті түрде сан алуан кездейсоқтықтар тоғысының барысында тіршілікті, содан кейін саналы пендені, адамды, тудырады екен.Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан алуан анықтамалар жасалды


Адам - қайшылықты пенде. Оның, бір жағынан, - денесі, екінші жағынан, сана, рухы бар екенін әркім біледі. адамның бұл ішкі қайшылығы философияда әртүрлі шешіледі. Мысалы, Орта ғасырлардағы діни философияда адамды рух ретінде өте биік деңгейге көтереді. Жаңа дәуірдегі философияда бұл мәселе жөнінде бір-біріне қарсы тұрған (негіздеу) биологиялық және әлеуметтік редукционизмді келтіруге болар еді.
Бірінші тұжырымда адамның дене құрылысының ерекшеліктері асыра бағаланып, олар оның ішкі мән-мағынасын анықтайды деген пікір қалыптасқан. Оған нәсілшілдік, ломброзияндық, әлеуметтік-дарвинизм, әлеуметтік биология бағыттары жатады.Нәсілшілдікке келер болсақ, оның тарихи пайда болған ең біріншісі - ақ түсті адамдарды асыра бағалап, қалғандардың бэрін -артта қалған, табиғи дарындары мен қабілеттері төмен, - деп түсінеді.
Бүгінгі таңдағы жаһандану заманында, елдер мен халықтардың бір-бірімен терең қатынастарға түсуі, бір-бірінің жетістіктерімен бөлісуі қайсыбір нәсілшілдікті тамырынан шабады. Бүгінгі уақыттың қойған «Талабына» барлық халықтар өзіне тән «Жауап» іздеуде. Өндіргіш күштерді қазіргі замандағы ғылым мен техниканың жетістіктеріне сәйкес дамытқан елдер ішінде Оңтүстік Африканы (қаралар), Жапонияны (сарылар), Германияны (ақтар) мысал ретінде келтіруге болар еді. Ең соңында, олардың түп-тамыры бір екенін генетикалық тұрғыдан дәлелдеуге болатын сияқты. Мысалы, ақ пен қара қосылған отбасында өмірге келген сәбиді мулат дейміз. Ал сары мен ақтың баласы метис аталады. Бұл әртүрлі нәсіл өкілдерінің бір-біріне генетикалық деңгейдегі сәйкестігін көрсетеді. Қайсыбір қарапайым өмірде сирек болса да кездесетін нәсілшілдік сол адамның надандығын, я болмаса ұлтшылдық пиғылын көрсетсе керек.
Адам өмірінің мән-мағынасы - ғасырлар бойы талданып келе жатқан мәселе. Өмір өзгерген сайын болашақта да бұл мәселе талай рет көтерілетіні сөзсіз. Яғни бұл адамзаттың өзіне қойған «мәңгілік» сүрақтарының біреуіне жатады. Орыстың ойшылы Л.Н.Толстой: «Адамның ішінде екі «мен» бар сияқты және олар бір-бірімен сыйыспай, күресіп жатқан сияқты», - дейді. Бір «мен»: «Мен ғана нағыз өмір сүріп жатырмын, қалғандардың бәрі омір сүріп жатқан сияқты ғана, сондықтан бүкіл дүниенің мән-мағынасы маған деген жақсылықтың болуында», - дейді. Екінші «мен»: «Бүкіл Дүние саған емес, өз мақсаттарына, сондықтан саған бұл өмірде жақсы ма әлде жаман ба, ол оны білгісі де келмейді», - дейді. Бұл өмір сүруге қорқыныш сезімін әкеледі»,- деп қорытады ойшыл.
Сонымен өмірдің ең биік мән-мағынасы шығармашылық сатыға көтеріліп, өз қабілеттеріңді іске асыру, соның арқасында өз тұлғаңның ерекше орнын анықтап, қанағаттану болмақ. Ондай адамға тән нэрселер: өмірдің әрбір күнін теңдесі жоқ сый ретінде қуанышты сезіммен қабылдау; басқаларды өзіңді сияқты бағалап қабылдау; басқаларға тәуелді болмау, әр мәселе бойынша өз пікіріңді көрсете білу, өзгелердің пікірін де қабылдап сыйлау; өз таңдаған ісіңді сүю, шығармашылық деңгейде игеру; өне бойы өз қабілеттеріңді әрі қарай дамытуға тырысу; мақсат-мұратқа жететін құралдарды таңдау, жақсылық пен жамандықты, сұлулық пен түрсіздікті айыра білу; қай жерде болмасын өзіңді қарапайым күндегідей ұстай білу; т.с.с.
Адам өмірінің мән-мағынасы жөнінде еңбек жазып, кұнды пікірлер айтқан XX ғ. омір сүрген австриялық ұлы ойшыл В.Франкл болды. Ол бүгінгі адамның өмір ахуалына тоқтала келе, оның қиындығы жөнінде сыр шертеді. Бүгінгі адам жануарлар сияқты инстинктің, кешегі қоғамдағы сияқты әдет-ғұрыптың талабына сай өмір сүре алмайды. Сондықтан ол басқалар сияқты болғысы келеді (конформизм), я болмаса басқалардың айтқанын істейді (тоталитаризм). Ол оның рухани дағдарыста екенін, өмірдің мән-мағынасын әлі таба алмағанын көрсетеді. Нәтижесінде, адам «экзистенциалдық вакуумға» (өмір сүрудегі мәнсіздікке) келіп тіреледі. Ондай адам әлеуметтік аномалияға (ауытқуға) ұшырауы мүмкін. Олар: нашақорлық, ішімдікке салыну, қылмыстыққа бару, қүдай іздеу жолына түсу, өз-өзін өлтіру (суицид) т.с.с. Батыс қоғамында кең тараған жалған көзқарас ретінде В.Франкл өмір мәнін байлықтан іздеуді келтіреді.
Өмірдің мән-мағынасын тудыру, жасауға болмайды, оны тұлға өзі іздеп тауып алуы керек. В.Франклдің айтуынша, бұл өмірде әр адамға өзіне керек іс тауып, қайсыбір ахуалдың шеңберінде өмірлік мән-мағынаны ашуға болады. Біреу өмірінің мән-мағынасын балаларын жеткізуден, екінші - табиғи дарынын ашудан, үшінші -сүйген адамы үшін өмір сүруден т.с.с. көруі мүмкін.
В.Франклдің ойынша, жалпылай келе, өмірлік мән-мағынаны үлкен үш топқа бөлуге болады. Оның ең биігі - шығармашылық құндылықтарға жету, яғни тарихта бұрын-соңды болмаған жаңаны тудыру. Ол үшін, әрине, табиғи дарыннан тыс, сол саланы толығынан игеріп, шыңына жету керек. Ол, негізінен, элитарлық топтарға тэн нәрсе.Бірақ, кең түрде алғанда, шығармашылық - адамның тектік қасиеті. Сондықтан эр адам өзінше шығармашылық сатысына көтеріледі.
Платон: «Философия ғылымы бізді абырой-мен өлуге үйретеді», - деген болатын. Екіншілерге өлім үрейін аттап өтуге діни сенім көмектеседі. Олар тәні болмағанмен, жан-дүниесінің мәңгі өмір сүретініне деген үміттеніп өмірмен қоштасады.
Енді адамның жан дүниесі, рухына келер болсақ, ұлы адамдардың шығармашылық ісі адамзат тарихында мәңгілік сақталады. Абай, Құрманғазы, Шоқан, т.с.с. мыңдаған қазақ халқы тудырған асылдар өз шығармашылығымен тарихта мәңгі өмір сүреді. Олар-дың тудырған рухани құндылықтарынан біз мәңгіліктің қоңыр лебін сезінгендей боламыз.
Енді миллиондаған қарапайым адамдардың тағдырына келер болсақ, олардың өлместігі - өз өмір шеңберіндегі жасаған басқа адамдарға деген жақсылығымен байланысты болса керек. Ұлы Конфуций айтқандай, жақсы адам халықтың сый-сияпатына ие болса, жаман адам ит сияқты бір шұңқырда үмыт болып қалады
Негізгі әдебиет:
Алтаев Ж., Ғабитов Т., Қасабек А.Философия және мәдениеттану . А.,2001
Әбішев Қ. Философия.Жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған. Оқулық.А.,1999
Ғабитов Т. Философия.Оқулық..А.,2003
Серік Мырзалы.Философия.Оқулық. А., 2008
Қосымша әдебиет:
Курс лекций по философии. Петропавловск: СКГУ им. М. Козыбаева, 2008
Философский энциклопедический словарь/Ред. Е. Ф. Губский. М.: Инфра-М, 2004


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет