Бимаканова зылыйха шахметовна


тақырып: Философия және дүниетаным



бет3/16
Дата21.03.2022
өлшемі142,07 Kb.
#136506
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
«философия» П ні бойынша д рістер курсы

1.2 тақырып: Философия және дүниетаным.
Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері. Мифология, дін және философия
2.Философияның негізгі мәселесі туралы жалпы түсінік, оның екі жағы: онтологиялық, гносеологиялық жағы.
3.Қазіргі Қазақстанның үшінші модернизациясындағы философияның орны.
Дүниеге көзқарастың философиядан бұрынғы әлеуметтік-тарихи типтеріне мифология мен дін жатады. Мифология - адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Онда білімнің бастамасы, діни сенімнің бастамасы, өнер мен адамгершілік қатынастар бейнеленді. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі жіктелмеген біртұтас формасы болды. Ол кейіннен ғана сананың жеке формаларына жіктелді.Мифология (гректің mifos -аңыз, сөз және Logos -ілім, ұғым деген сөздерінен шыққан) қоғам дамуының бастапқы сатыларына тән қоғамдық сананың формасы. Алғашқы қауымдық қоғамның рухани өмірінде қоғамдық санасының әмбебап формасы ретінде үстем болды, өйткені мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, білім мен көркем бейне, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Ол шекаралар кейін пайда болды. Мифологияда олардың бәрі бірге тұтасып жатты. Ол дүние жайындағы біртұтас түсінік болып табылады.Мифологиялық санада туған сұрақтар: дүниенің, адамның пайда болуы, әлеуметтік өмірдің себебі, адамның тууы мен өлімі, т.б. жайындағы сұрақтар дүниегекөзқарастардың түбірлі сұрақтары ретінде қалып қойды.
Дүниеге деген көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады? Біріншіден, миф алғашқы пайда болған қоғамдық сананың формасы ретінде өзінің ішінде болашақта дүниеге келетін өнер, дін, саясат, мораль сияқты қүбылыстардың элементтерін бойында сақтайды. Сондықтан мифті ғалымдар қоғамдық сананың синкретикалық түрі деп есептейді ( - грек сөзі, қосылған, араласқан, бөлінбеген деген мағына береді).Екінші ерекшелігі - мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, жағалай қоршаған ортаны антропоморфизациялау, адамның өзіндік мәндік қасиеттерін бүкіл табиғатқа таратуы, табиғаттың қүбылыстары мен заттарын олардың адам сияқты жаны, ойы, сезімі, іңкәрі бар деп түсінуі. Мысалы, жерге нәр беретін аспаннан жауған нөсердің мифте Кұдайлардың жыныс қатынасынан шығатыны жөніндегі қияли ойлары.Үшіншіден, мифте әлі ғылыми ұғымдар жоқ, онда қоршаған орта, элеуметтік қатынастар көркем сөз арқылы бейнеленеді.
Уақыт өте келе мифологияның шеңберінен дін бөлініп шықты, сонымен қоғамға дүниеге деген көзқарас, дүние сезімінің жаңа түрі келді. Дін де мифологияға ұқсас синкретикалық табиғатымен, сонымен қатар Дүниені бейнелеуімен ерекшеленеді.Сонымен қатар бұл құбылыстардың негізгі айырмашылықтары: мифте шынайы өмір мен қиял бір-бірімен араласып жатса, дінде «бұл Дүние» мен «о Дүние» бір-бірінен анағұрлым алшақ жатыр. Өйткені егер бұл Дүниедегінің бәрі де өтпелі, кемшілікті, өз-өзіне жеткіліксіз болатын болса, о Дүние – мәңгі, әсем, бақытты, жетілген т.с.с.Дінде ең құдіретті жасампаз - Құдай - табиғаттан жоғары және бөлек тұр. Оны ғылыми жолмен танып-білу мүмкін емес, ол адамға аян арқылы беріледі де, адамның жан дүниесінде терең сенім сезімін туғызады.Сенім дегеніміз - белгілі бір қоғамдағы уағыздалатын пікірлерге, нәрселерге берілу, олардың шындығын тексеру, я болмаса дәлелдеуді қажет етпеу.Діннің негізінде Құдайдың өз еркімен адамдарға пайғамбарлар арқылы берген белгілі бір тұжырымдары жатады. Олар адамдардың іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, ойлау өрісін анықтайтын абсолютті қағидалар ( - латын сөзі, шектелмеген, сөзсіз).Мүндай қағидалардың жиынтығы діни көне қүжаттарды қүрайды. Оларға Құран, Таурат, Інжіл т.с.с. киелі кітаптарды жатқызуға болады. Бүл кітаптарда Құдайдың құдіретті күшін көрсететін неше түрлі табиғат заңдылықтарына бағынбайтын, оларды бұза алатын ғажайып оқиғалар жазылған. Солардың ішіндегі ең ғажабы - адамның рухының, жан дүниесінің өлместігі.Ғасырлар бойы жиналып келе жатқан ғылыми деректер жағалай ортадағы білім мен ақыл-ойдың негізіндегі жасалған күрделі өзгерістер діннің өрісін тарылтып, оның ғылымға жақын түрлерін тудырады. Негізінен, біз оларды пантеизм және деизм дейміз (- грек сөзі, бэрі, - кұдай, сіеш - латын сөзі, кұдай). Пантеизм дегеніміз Құдайды табиғаттың ішінде еріту, табиғаттың өзін Қүдай ретінде түсіну. Деизмді алатын болсақ, онда Құдай мойындалғанмен, оның рөлі тек Дүниені өзінің кұдіретті күші арқылы жаратумен танылады. Жаратылған Дүние әрі қарай өзіне тән ішкі заңдылықтары арқылы өмір сүре береді, оның болашақ дамуына Құдай кіріспейді.Діннің дүниеге келуінен бастап, оның негізгі қағидаларына күмәнданған атеистік көзқарастар да туды ( - құдайсыз, құдайға қарсы, грек сөзі). Діннің бүгінгі адамзатқа аса тартымды жағы ол тек қана жағалай ортаны түсіну емес ол - оның адамзаттың рухани тәрбиешісі, адамдардың бір-бірімен байланыстары, қарым-қатынастарын ретке келтіруші қызметі. Моральдық борыш, жауапкершілік, тиістілік дінде Құдай алдындағы адамның борышы, парызына айналады. Осының арқасында моральдық құндылықтар Құдайға сенудің негізінде адамның жүрегіне, жан дүниесіне тезірек кіріп, оның жүріс-түрысына зор әсерін тигізеді. Атеистік бағыт ұстаған адамға қоғамдағы моральдық нормаларды өзінің рухани өміріне кіргізу үшін олардың мазмұнын талдап, оған керек пе, жоқ па, соны өзінің білімі, парасаты арқылы саналы, дәлелденген сенімге айналдыруы керек. Ал бұл жол - өте қиын жол.Діннің пайда болып даму жолында біршама себептер бар.Біріншіден, дін мифологиялық санаға қарағанда, адамның абстрактылық ойлау қабілетінің анағұрлым биік дәрежеде дамуын талап етеді (о дүние, мәңгілік, шексіздік, әсемдік, ізгілік жэне т.б. ұғымдардың пайда болуы).Екіншіден, адамның реалдық Дүниедегі, әсіресе қоғам өміріндегі себептік-салдарлық, қажеттік жэне кездейсоқтық т.с.с. байланыстар мен қатынастарды сезініп, соларды түсінуге деген өшпес іңкәрі.Үшіншіден, адамның элеуметтік өмірдегі зардап шегуі, езілуі, зорлық-зомбылықтың жақсылық пен ізгілікке қарағанда басымдылығы оның көкейінде бұл Дүниедегі өзінің өміріне қанағаттанбай, әрдайым шынайы құндылықтарды армандап, оның әлемін о Дүниемен теңеуге әкеліп соқты.Төртіншіден, адамның өз өмірінің уақытшалығы, әрдайым оның өлместікке деген қиялын оятып, оның мэңгілік, кемеліне келген бақытты Дүние болуы керек деген ойын туғызды.Бүгінгі таңда жер бетінде үш негізгі дүниежүзілік діндер бар. Христиан дінінің негізгі қағидасы - сүйіспеншілік жэне оны уағыздауда осы дін өте биік яғни, жай адамның мүмкіншілігінің шеңберінен шығып кететін дәрежеге дейін көтеріледі (өздеріңнің жауларыңды да сүйіңдер!).Ислам діні де осы Дүниені жаратқан бір Құдайды - Алланы, оның құдіретті күшін мойындайды. Бұл діннің негізгі ерекшелігі -Құрандағы жазылған қағидалар адам өмірінің барлық жағын үйлесімді түрде ретке келтіріп отыруға тиіс. Ислам дінінің негізгі қағидасы - мейірімділік, қайыршыға, кемтар адамдарға қол ұшын беру (садақа), зекет төлеу (адамның өз еркімен әлеуметтік салаға кемінде жылдық табысының 2 пайызын беріп отыруы), т.с.с. міндеттері бар. Бұлардың бәрі де ислам дінінің әлеуметтік-демократиялық жақтарының үлкен ықпалын көрсетеді.Үшінші дүниежүзілік дін - Буддизм. Бұл діннің негізгі ерекшелігі - оның этикалық-практикалық бағыттануы ( - грек сөзі, әдет-ғұрып, - грек сөзі, белсенділік, іскерлік). Бұл өмірде (бейнеленген болмыс) адам зардап шегеді. Оның себебі - адамның өмірге деген күштарлығында, оның қызығына тоймауында. Ал зардаптан құтылу үшін адам бұл бейнеленген болмыстан бас тартуы керек. Ол үшін адам нирвана (сөну, өшу) дәрежесіне көтеріліп, бейнесіз болмысқа өтуі керек. Сонда ғана адам өмірдегі зардаптан кұтыла алады. Буддизм дінінің тартымды жақтарының бірі - ахимса (зияндық жасамау) қағидасы, яғни өмір сүріп жатқан бүкіл тіршілікке тиіспеу, зорлық-зомбылық арқылы залымдыққа қарсы тұрмау, адамдар мен халықтардың арасында жеңген де, жеңілген де болмауға тиіс.
Философияның негізгі мәселесінің екіжағы бар. Бірінші жағы - дүниенің мәні, табиғаты туралы (онтологиялык) мәселе, екіншісі - дүниенің танымдылығы туралы (гносеологиялық) мәселе.Алдымен негізгі философиялық мәселенің бірінші жағын қарастырайық: дүниенің бастапқы негізі не, материя ма, әдде идея ма, табиғат па, әлде ой-сана ма? - деген сұрақтың екі-ақ жауабы бар. Алғашқылық материя, табиғат, ал идея, ой-сана одан кейінгі, екіншілік деушілер материализм бағытын құрады, ал идея, ой-сана алғашқы, материалдық дүние, табиғат одан кейінгі, екіншілік дейтіндер идеализм бағытын құрады. Бұл екі бағыт монистік, яғни дүниенің бір ғана бастамасын мойындаушы бағыттар (материалистік монизм және идеалистік монизм) деп аталады. Идеализм негізінен объективтік және субъективтік идеализм болып екіге бөлінеді. Идеализмнің бұлайша бөлінуінің басты белгісі - қандай идеяны негізге алатындығында: субъектінің (адамның) идеясын ба, әлде адамнан, табиғаттан тыс объективтік идеяны ма?Объективтік идеализм (Платон, Гегель және басқалар) адамнан тыс дүниенің бар екенін мойындайды, бірақ ол дүниенің негізін, бастауын құратын идея деп есептейді. Мұндай объективтік-идеалистік философия тұрғысынан алғанда, шындық дүниедегі барлық материалдық құбылыстарды, процестерді айқындап беретін "дүниежүзілік ақыл-ой", "дүниежүзілік санасыз рух" сияқты рухани күш болып шығады. Ол күш адамдардың санасынан тыс және тәуелсіз, материяға, табиғатқа тәуелсіз, одан бұрыннан өмір сүретін нәрсе болып табылады.Субъективтік идеализмнің (Дж.Беркли, Э.Мах, РАвенариус т.б.) дәлелдеуінше, объективтік дүние адамнан тыс өмір сүре алмайды, біздің көретін, иісін, дәмін сезетін т.б. нәрселеріміз субъектінің түйсіну, қабылдау процестерінің нәтижесі, түйсіктердің жай қосындысы, комбинациясы болып табылады. Субъективтік идеализмнің негізге алатын басты қағидасы: мен және менің түйсігім ғана бар, қалған дүниенің бәрі менің түйсігімде ғана өмір үреді. Солипсизм деп аталатын бұл субъективтік-идеалистік концепцияны, принципті дәйекті түрде ұстанатын болсақ, онда менен басқа адамдар жоқ, өйткені олар да басқа нәрселер сияқты менің түйсігімде ғана өмір сүре алады деген қисынсыз қорытынды жасауға мәжбүр болар сдік. Философия тарихында – дуализм бағытының өкілдері материя да алғашқы, идея да алғашқы, өйткені олар бір-бірінен төуелсіз емір сүретін екі бастама дейді. Бұл бағыттың негізін салған басты өкілдері Р.Декарт (XVII ғ. француз философы, математигі) және И.Кант (XVIII ғ. неміс философы) материализм мен идеализмді ымыраластыруғы әрекет жасады.Философияның негізгі мәселесінің екінші жағы: Ол адам дүниенің объективтік заңдарын, мәнін танып біле ала ма, әлде дүниені танып білуге болмай ма? - деген мөселе. Бір философтар бұл сұраққа жауап беруде адамның дүниені танып білу мүмкіндігі шексіз, дүниені танып білуге болады дейді. Дүниенің танымдылығы туралы бұл гносеологиялық мәселені (сұрақты) шешуде агностицизм өкілдері, яғни дүниені танып білуге немесе толық танып білуге болмайды деген көзқарасты ұстанады.Философия мен ғылымның танымдық мүмкіндіктеріне тарихи талдау жасап, адамның білім системасында философияның алатын орнын анықтау ғылым мен философияның шыққан тегі, түп-тамыры бір екенін көрсетеді. Дүниетану тарихына үңілсек, олардың айырғысыз диалектикалық байланысын, өзара әсерін және кейін барған сайын тарихи өзгерістерге ұшырағанын көреміз. Жоғарыдағы көрсеткендей, философия саласында қызмет еткен әр ірі түлға осы ғылымның тарихында өзінің ерекше дүниетанымы, дүниетүсінігі, көзқарасымен ерекшеленіп, ешқашан бүрын-соңды қайталанбас орын алады. Сондықтан қанша ірі тұлға философияға атсалынса, соншалықты философияның түрлері бар деп айтсақ, артық болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет