Бимаканова зылыйха шахметовна


тақырып. Тарих философиясы



бет14/16
Дата21.03.2022
өлшемі142,07 Kb.
#136506
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
«философия» П ні бойынша д рістер курсы

4.1 тақырып. Тарих философиясы.
1.Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау.
2. Уақыттың антикалық түсінігі және тарихтың айналымы.
3.Тарих философиясының пәні. Тарих философиясының даму кезеңдерін қарастырудың негізгі әдістері. Қазақстан тәуелсіздігі тарихының философиясы.
4."100 жаңа есім" жобасы – қазіргі Қазақстан тарихының бейнесі.
Тарих философиясы - («тарих философиясы» ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде антикалық кезеңге жатады)- тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері.[1] Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие: біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау; екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт. Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп қарастырылды. Рационалистер тарихты басқаратын күш ақыл-ой деп санады. Натуралистік бағыттардың өкілдері тарихты басқаратын күш табиғи заңдылық деп түсіндіреді. Қалай дегенде де бұл күштер тарихтан сыртта деп қарастырылады. Олар тарихты басқаратын күштер тарихтың өзінің ішінде құрылады деп есептемеді. Тарих философиясының классикалық жобаларында дұрыс пікірлер де болды. Мысалы, француз ағартушылары ХVIII ғасырда прогресс теориясын дайындап шығарды. Оның алғашқы авторы Кондерсе болды. Гердер процестің бірлігі туралы ілімді ашты. Сол уақытта мәдениет философиясының да ірге тасы қаланды. Оны ашқан Вольтер болатын. Вольтер мәдениет философиясын саясат философиясына қарсы қойды. Тарих философиясының рационалистік нұсқасынан романтикалық нұсқа ерекшеленді. Романтикалық нұсқада тарихи кезеңдердің ішкі байланысы, сабақтастығы, көптүрлілігі ашылды. Георг Вильгелм Гегель тарихи процеске байланысты еркіндік және қажеттілік ұғымдарының қатынасын терең талдап көрсетті. Бірақ олар метафизикалық көзқарастардан арыла алмады. Тарих философиясына позитивизм де өз пікірін айтты. Позитивизм адамдардың табиғи қажеттіліктеріне, табиғи алғы шарттарға көп назар аударды. Идеалистік концепцияларда да, натуралистік философияда да реалды тарихи шығармашылық әлде бір сыртқы, тарихи емес күштерден бастау алады. Тарихқа материалистік көзқарас барлық трансцентентальды, жаратылыстан тыс, тарихи еместің бәрін ысырып тастайды. Маркстің пікірінше адамдар тарихты өздері жасайды, олар өздерінің бүкіл әлемдік тарихи драмасының актері де, авторы да өздері болып табылады. Маркс, - алдыңғы ұрпақтың іс-әрекеттерінің нәтижелері объективтілендіріліп, келесі ұрпақтың алдында алғышарт болып негізделіп жатады, - деді. Маркске дейінгі тарих философиясында басты болып келген онтологиялық проблематика ХIХ ғасырда басқа қоғамдық ғылымдарға ауысады, соның ішінде социологияға. ХIХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы кезеңінде орын алған позитивистік эволюционизмнің кризисі тарихи айналым теорияларының жаңа варианттарының пайда болуына және кең таралуына мүмкіндіктер туғызды (Шпенглер, Тойнби, Сорокин). Тарихтың мәнінің метафизикалық проблемасы христиандық тарих философиясының басты мәселесі болып табылды (Бердяев, Маритен, Демиф, Бультман, Нибур). ХIХ ғасырдың соңында пайда болған сыни тарихи философия тарихи таным процесі мен нәтижесін талдаудың гносеологиялық және методологиялық проблематикасын алға қойды. Тарихи танымның гносеологиялық сыны мәселесін алғаш Дильтей қарастырды. Бұл ілім ақыл-ойды жаппай сынға алудан да тайынбады. Тарихи танымды гносеологиялық сынау тарихи субъект теориясын қамтымай қоймайды. Кроче деген ойшыл тарих ой ретінде де, тарих әрекет ретінде де бір-бірімен тығыз байланысты деп түйді. Неокантшылдықтың баден мектебінің индивидуалшыл әдісі құндылық философиясымен байланысты болды. Осындай ерекшелік Экзистенциализмге де тән болды. Бұл ілімдер де тарих философиясы адам философиясының бір аспектісі ретінде орын алады. Көрнекті батыс ғалымы Р.Арон өзінің “Тарих философиясы” деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсетеді:

  1. өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру;

  2. материалдық молшылықтарға жету;

  3. ұлттық өнімде өндірістің үлесінің көбеюі және соған сәйкес ауыл шаруашылығының үлесінің кемуі;

  4. баюдың көзі ретінде соғысты жою;

  5. “индустриалдық қоғамда” өндіріс құралдарына деген меншік формаларының еш маңызы жоқ. Р.Арон постиндустриалды қоғам туралы концепциясын кеңінен таратты.

Тарихи прогресс өндіргіш күштерді жетілдіру нәтижесінде алға өрлейді. Саясат адам психикасындағы мифологиялық сенімдерге сүйенеді және өз тарапынан саяси мифтерді қалыптастырады.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады» 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың сәуір айындағы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады» деген болатын. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында болатын «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы Тұңғыш Президент ұсынысынан кейін оны жүзеге асыру ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан Халықтары ассамблеясына жүктелді.
Рухани жаңғыруды іске асыру қазіргі таңда басты тапсырма болып отырғаны белгілі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері өткен ғасырлардағыдай ауырпалықтар: соғыс, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін және тағысын тағылар кездескен емес. Оның барлығы да біздің халықтың даналығы, жігерлігі, төзімділігінің арқасы. Қазақстан тарихының парағы тереңнен тамыр тартады. Оның ішінде ата-тегіміздің небір қиын дәуірлерден өткендігі де, керісінше жайлауда жүріп талай-талай қызықты дәуренде өмір кешкендері де жазылған. Сол қалың тарихты білу, ұмытпау, ата рухына әрдайым тағзым етіп жүру, бұрынғылардың кешкен ауыр тағдырын кешпеуге тырысып, тек олардың даналықтарынан үлгі-өнеге алуға талпыну, алға ұмтылу – барша Қазақстан азаматының, әсіресе бүгінгі өскелең ұрпақтың алдында тұрған міндет.
Бүгінгі күнде Елбасының ауқымды мақаласын іс жүзінде тындыруға еліміздегі азаматтардың көптеп атсалысып жүргенін көріп жүрміз. Қазіргі жастардың дені білім-ғылымға қызығатыны қоғамымыз үшін де пайдалы екенін ерекше атап өткен жөн. Олардың бірі ғылымда жаңа бір жаңалық ашып, түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы өздерін дамытып жатса, екіншілері жеке бизнес қызметімен әлеуметке танылып, көпшілік үшін тиімді істерді тындырып жүр. Ал келесі біреудің өнерлерімен елімізді жаһанға әйгілі етіп жүргенін де жасыруға болмайды. Қысқасы, мемлекетімізде отанға қызмет етіп жүрген саны күн санап артып келеді. Дүйімге үлгі боларлық жастарымыздың барлығы рухани жаңғыруға өздерінің үлестерін қосып жүргендіктен, олардың әрбірі де ұлтымыздың тарихымен етене таныс десек қателеспегеніміз болар, сірә?.. Себебі, бір халықтың өткенін білмей тұрып, бүгінгісіне қызмет ету мүмкін емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет