Бимаканова зылыйха шахметовна


Тақырып: Сана, рух және тіл. Сана генезисі



бет4/16
Дата21.03.2022
өлшемі142,07 Kb.
#136506
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
«философия» П ні бойынша д рістер курсы

1.3Тақырып: Сана, рух және тіл. Сана генезисі.
1 Сана. Жалпы ұғымы, негізгі анықтамалары, пайда болуы.
2.Сана және бейсаналық.. Фрейдтің бейсаналық концепциясы. К. Юнг- архетиптер мен ұжымдық бейсаналық.
3.Жан, ақыл, парасат, рух.
4.Фәлсафа дәстүріндегі рух ұғымы: Ибн - Сина рух туралы.
5.Сананың гносеологиялық моделдері. Неміс классикалық философиясындағы ақылдың транценденталдық негіздері. Постмодернистік философиясындағы сана мәтін ретінде (Ж.Деррида, Ж.Делез).

Сана адамның өмір сүру формасы, рухани бағытын анықтау мен дүниені өзгерту құралы ретінде. Бейнеленудің нәтижелері ("іздері") мен бейнеленетін (өсер ететін) заттардың арасындағы арақатынас изоморфизм және гомоморфизм түрінде көрінуі мүмкін. Белгілі бір объектілер арасындағы үқсастақты, мәселен фотографиядағы сияқты олардың формасының, құрылысының үқсастығын, изоморфизм деп түсінеді. Изоморфтық бейнелеу дегеніміз түпнүсқаны дәлме-дәл қайта жаңғырту. Тек шамалап бейнелеуді, мысалы, жер бедерін картада бейнелеуді гомоморфизм деп айтады.Бейнелену материяның ұйымдасуының барлық деңгейлеріне тән, бірақ бейнеленудің жоғары формалары тірі материяға, тіршілікке байланысты. Тіршілік дегеніміз не? Ол материя қозғалысының ерекше, күрделі формасы. Оның маңызды белгілері — тітіркену, өсу, көбею; бұлардың негізінде зат алмасу процесі жатады. Тіршіліктің мәнін құрайтын да осы зат алмасу. Зат алмасу белгілі бір материаддық субстратаен (жер жағдайында — белоктармен және нуклеин қышқылдарымен) байланысты болады.


Тіршілік дегеніміз — ең алдымен организм мен оны қоршаған ортаның өзара әрекеттесу процесі. Организмнің тіршілік қызметінің өзі бейнеленудің реттеушілік әсеріне байланысты.Барлық тірі организмдерге тән бейнелендірудің негізгі формасы — тітіркену. Ол тірі денелердің сыртқы әсерлерге (жарыққа, температураның өзгерісіне және т.б.) талғап жауап қайыруынан көрінеді. Тірі организмдер эволюциясының деңгейлерінде тітіркену сапа жағынан жаңа қасиетке — сезінуге, яғни заттардың жеке қасиеттерін түйсіктер түрінде бейнелендіру қабілетіне айналады. Түйсіктер мен қабыддаулар, заттардың бейнелері.
Сананың функциялары. Сонымен, сана — ми қызметінің нәтижесі, ол миға сезім мүшелері арқылы сырттан келетін әсерлердің арқасында ғана туады. Сезім мүшелері — бейнелендіру үшін, қоршаған ортада немесе организмнің өз ішінде болып жататын өзгерістер жөнінде организмге хабар беру үшін, қызмет ететін "аппараттар". Олар сондықтан ішкі және сыртқы сезім мүшелері болып бөлінеді. Сыртқы сезім мүшелері — көру, есту, иіскеу, дәм сезу мүшелері және терімен сезіну. Миға сезім мүшелерінен келетін дабылдар (сигнаддар) заттардың қасиетгері, олардың байланыстары мен қатынастары туралы хабарлар жеткізеді. Сезім мүшелері мен оларға сәйкес нерв құрылыстарының жиынтығьш И.П.Павлов анализаторлар деп атады. Ортаның әсерлеріне талдау жасау анализатордың шеткі бөліктерінде — рецепторларда (нерв талшықтарының үшындағы құрылыстарынан) басталады, онда организмге әсер ететін алуан түрлі энергия түрлерінің ішінен белгілі бір түрі бөлініп алынады. Ең жоғары және ең нәзік талдау тек ми қыртысының көмегі арқылы ғана жүзеге асады. Сезім мүшелеріне белгілі бір әсер етуден туатын қозу миға жеткенде ғана түйсік тудырады, сана фактісіне айналады. Ми қыртысында болатын физиологиялық процестер бейнелендіруші психикалық қызметтің, сана құбылыстарының қажетті материалдық механизмдері болып табылады.
Мақсат қою, яғни адамның өз әрекеттерін "не үшін" және "неге бола" жүзеге асыратынын алдын ала болжау, - кез келген саналы іс-әрекетгің міндетті шарты. Алайда, кезінде Гегель атап көрсеткендей, "істің мәні өзінің мақсатымен тәмәмдалмайды, өзінің жүзеге асуымен төмәмдалады...". Болмыстың екiншi түрі — ол сана, рух, жалпы алғанда, адамның психикасы. Гносеологиялық (танымдық) тұрғыдан қарағанда, сана — дүниенi бсйнелеудiң ең биiк, тек адамға ғана тән идеалдық формасы.
.Адам Дүниенi саналы түрде бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар өз iшкi жан дүниесiне сараптау жасайды, мiне, осы сәтте оның рухы оянады. Рух категориясы бiздiң жақында өткен тарихымызда дiнмен байланыстырылып, ал «кеңес тоталитаризмi» соңғыға қарсы болғаннан кейiн, философиялық әдебиетте өте аз колданды. Негiзiнен алғанда, рухқа ғылымдағы жетiстiктер, қоғамдық сана формалары жаткызылды. Тек бүгінгі танда ғана бұл категорияның маңызы өсуде Жалпы алғанда, рух дегенiмiз — адамның өзiндiк сана-сөзімi, өз-өзiне «сырттай қарап» баға беруi, өз өмірiнiң мән-мағынасымен қатар, жалпы Дүние жөнінде ойлауы-толғауы, тебiренiсi жатады. Бұл, тек дамыған адамға ғана тон нәрсе. Қайсыбiр жануарды алсак, ол өз-өзiн бұлдыр сөзінедi, өзiн қоршаған ортадан болек алып, оған қарсы койып қарай алмайды. Оған қабiлеттi — адам ғана.
Рухтың «негiзгi үйі» — нақтылы өмір сүріп жатқан тiрi адамның iшiнде. Оған ақыл-ой, парасат, борыш, ар ұждық мен ұяттық аяныш, адалдық, махаббат пен сүйіспеншiлiк, iзгiлiк пен ақиқат, әсемдік, үміт пен сенiм, еркiндiк пен әділеттілік т.с.с. жүздеген категориялар жатады. Мысалы, Н.А.Бердяевтiң айтуына қарағанда, «рух дегенiмiз — ақиқат, iзгiлiк, әсемдік, еркiндiк пен мән-мағына... Рух дегенiмiз — адам iшiндегi оның құдайлығы» (қараңыз: Н.А.Бердяев. Философия свободного духа., М., Мысль, 1994). Расында да, «Сенiң осы құдайың бар ма?» деп ашына айтқанымызда, адам руханиятының тайыздығын көрсетпеймiз бе? Олай болса, адам руханиятының өзегi неде деген сұрақ пайда болады. Бұл талай ойшылдарды тебiренткен сұрақ болатын.
Орыстың ұлы ойшылы Ф.М.Достоевский: «дүниенi сақтап қалатын әсемдiк қана», — дейдi. Әрине, көбісiнде, әсемдікке ұмтылған адам зұлымдыққа бармайтыны хақ. Шәкәрім рухтың өзегiн ар-ұжданнан көрген болатын. Бұл пікiрдi ұстаған философия тарихындағы И.Кант, Абай, С.Л.Франк сияқты ойшылдарды келтiруге болады. ХХ г. экзистенциализмнiң көрнекті өкілi В.Франкл: «Ар-ождан - адамның iшкi құдайыі», — деген болатын.Бiршама зиялылар рухтың өзегiн махаббат, сүйiспеншiлiктен көреді. Орта ғасырдағы Августиннiң айтқанындай, «сүй, содан кейiн не iстесең де болады». Тек қана сүю арқылы басқа адамның жан дүниесiн ақтара ашуға мүмкіндік аламыз.
Адам өз туйсiктерi арқылы сырткы Дүниедегi құбылыстарды қабылдап, алынған ақпаратты жүйке жүйелерiмен арнаулы ми бөлімдерiне жеткізеді, мiне, осы сәтте оларды сараптау басталады. қазіргі деректерге сүйенсек, ол өте күрделі биоэлектрлiк «кванттық өрістер» негiзiнде жүреді.
Негізгі әдебиет:
Алтаев Ж., Ғабитов Т., Қасабек А.Философия және мәдениеттану . А.,2001
Әбішев Қ. Философия.Жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған. Оқулық.А.,1999
Ғабитов Т. Философия.Оқулық..А.,2003
Серік Мырзалы.Философия.Оқулық. А., 2008
Қосымша әдебиет:
Курс лекций по философии. Петропавловск: СКГУ им. М. Козыбаева, 2008
Философский энциклопедический словарь/Ред. Е. Ф. Губский. М.: Инфра-М, 2004


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет