Арбыз туысы (арбуз -Cіtrullus) 3 түрі бар. Біржылдық және көпжылдық өсімдік. Олардың ареалы Оңтүстік Африканың Колохара шөлін алып жатады. Кәдімгі арбыздың (қарбыз, дарбыз) (арбуз съедовный - C.vulgarіs) көптеген сорттары өсіріледі. Қоректік арбыз (арбуз кормовой - C.colocynthoіdes ) малға қорек ретінде арнайы өсірілетін (дақыл) өсімдік. Асқабақ туысы (тыква - Cucurbіta). Тамыры ұршық тәрізді болып келетін, кейде түйнектері болатын көпжылдық, немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер. Туыстың құрамында 18 жабайы өсетін түрлері бар, ал 5 түрі тек мәдени жағдайда ғана кездеседі. Түрлерінің көп мөлшерде кездесетін орталықтары Мексика, Гватемала, Гондурас. Ірі асқабақты (тыква гигантская -C.maxіma) БОР-дың европалық бөлігінің орталық аудандарында (Украина, Поволжье) және Приморский аймағында өсіреді. Мускатты асқабақтың (тыква мускатная - C.moshata) тропикалық аудандардың жылы және ылғалды климатына бейімделген сорттары бар, олардың жемістерінде қаныттың мөлшері аса жоғары болады. Пісіп-жетілген дәндерінде 52% дейін май болады, БОР-дың территориясында Кавказда және Орта Азия мен Қазақстанда өсіріледі. Кәдімгі асқабақтың (кабачки - C.pepo) жемісінің формасы мен мөлшері және түсі көп өзгеріп отырады. БОР-дың территориясында, оның ішінде Қазақстанда бұл өсімдікті овощтық өсімдік ретінде өсіреді. Асқабақ тұқымдасының көпшілігінің дәнінде көп мөлшерде май болады, оны тамаққа да, техникаға да пайдаланады. Колоцинт (Cіtrullus colocynthus) және итжүзім (переступень - Bryonіa) туысының түрлері дәрілік өсімдіктер болып саналады. Кейбір түрлері сәндік өсімдіктер ретінде пайдаланылады, мысалы люффа (Luffa) туысының түрлері. БОР-дың флорасында асқабақ тұқымдасынан итжүзім туысының екі түрімен шөлейт аудандардың оңтүстігінде өсетін атпа қияр (бешеный огурец - Ecballіum elaterum) кездеседі. Өз атына сәйкес тургур қысымының күшімен атпа қияр жемісінен дәндерін сыртқа лақтырып шашады.