Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Жоғарғы және тқменгі сатыдағы өсімдіктер»


Мақта туысы (хлопчатник - Gassypіum)



бет109/132
Дата09.02.2022
өлшемі193,02 Kb.
#131284
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   132
Байланысты:
Лекция жиынтығы 1-15 дәріс жиынтығы-2

Мақта туысы (хлопчатник - Gassypіum). Оның 66-ға жуық түрі бар. Шыққан жері (отаны) жер шарының екі бөлігінің де тропикалық және субтропикалық аймақтары болып табылады.
Жіп иіруге қажетті талшық (шикізат) беретін құнды өсімдік. Оны Батыс Индияда біздің эрамыздан 3 мың жылдай бұрын еге бастаған. Жіп иіруге мақтасы – талшығы пайдаланылады, олар дәндерін тығыз жауып тұрады (бір дәнде 7 мыңға дейін талшық болады). Талшықтары таза целлюлозадан тұрады. Олар бірклеткалы, ақ немесе сары түсті болып келеді, ұзындығы 60мм-ге дейін жетеді. Мақта өсімдігі 70-75% -ке дейін жіп иіруге (мата тоқуға) қажетті шикізат (талшық) береді. Одан басқа, дәндерінен 20% -ке дейін тамаққа пайдаланылатын және техникаға қажетті сапасы жоғары май алынады. Күнжарасы (жмихи) малға жем ретінде пайдаланылады. Мәдени жағдайға 5 түрі ендірілген. БОР-дың территориясында өндірілетін мақтаның 60% Өзбекстан беріп отырған. Орта Азияның басқа республикалары (Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстанның оңтүстігі) шамамен жылдық өнімнің 1/4-ін алып отырған. Закавказьяда мақта негізінен Азербайжанда өсіріледі. Аталған республикаларда мақтаның мынадай түрлері егіледі: упланд немесе орташаталшықты мақта (упланд, или средневолокнистый хлопчатник - G.hіrsutum), шыққан жері Мексика; гузу немесе қысқаталшықты мақта (коротковолокнистый хлопчатник - G. herbaceum), шыққан жері - Иран және Орта Азия; және египет, немесе ұзынталшықты мақта (длинноволокнистый хлопчатник - G. peruvіanum), шыққан жері - Перу.
Басқа туыстарынан сабақтарынан талшық алынатындарының шаруашылықтағы маңызы аса зор: бөрітарақ кендірі (кенаф - Hіbіscus cannabіnus) бамия (H.esculentus), авиценна канатнигі (Abutіton avіcennae).
Бұлардан басқа Қазақстан флорасында кездесетін құлқайырлар тұқымдасынан жалбызтікен туысын (алтей - Althaeae) атап айтуға болады. Дәрілік жалбызтікен (алтей лекарственный - A.offіcіnalіs ) деген түрдің тамыры әртүрлі катар ауруын емдеуге пайдаланады. Ол катар ауруы туғызатын тітіркенуді біршама азайтады.
Пысықтау сұрақтары

  1. Шамшаттар және қайындар тұқымдасы түрінің гүлінің құрылысы және диаграммасы қалай?

  2. Талдар тұқымдасы түрінің гүлінің құрылысы және диаграммасы қалай?

  3. Асқабақтар, капустагүлдер тұқымдасы түрінің гүлінің құрылысы және диаграммасы қалай?

  4. Құлқайырлар тұқымдасы түрінің гүлінің құрылысы және диаграммасы қалай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет