Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Жоғарғы және тқменгі сатыдағы өсімдіктер»



бет110/132
Дата09.02.2022
өлшемі193,02 Kb.
#131284
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   132
Байланысты:
Лекция жиынтығы 1-15 дәріс жиынтығы-2

15 дәріс
Раушангүлділер, бұршақтар, шатыргүлділер, алқалар, күрделігүлділер тұқымдастарының классификациясына, таралауына, тіршілік формасына, көбеюіне сипаттама. Даражарнақтылар немесе лилиопсидтер қатарлар тобының тұқымдасы өкілдерінің тіршілік формаларына, морфологиялық белгілеріне тоқталу
Дәрістің мақсаты-студенттерді жабық тұқымдылардың жалпы сипаттамасымен, классификациясымен, көбею жолдарымен, негізгі өкілдерімен және халық шаруашылығындағы маңызымен таныстыру.
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Раушангүлділер тұқымдасы өкілдерінің көбею жолдарымен, негізгі өкілдерімен және халық шаруашылығындағы маңызымен таныстыру.

  2. Бұршақтар тұқымдасы өкілдерінің көбею жолдарымен, негізгі өкілдерімен және халық шаруашылығындағы маңызымен таныстыру

  3. Шатыргүлділер тұқымдасы өкілдерінің көбею жолдарымен, негізгі өкілдерімен және халық шаруашылығындағы маңызымен таныстыру

  4. Алқалар түқымдасы өкілдерінің тұқымдасына көбею жолдарымен, негізгі өкілдерімен және халық шаруашылығындағы маңызымен таныстыру

  5. Күрделігүлділер түқымдасы өкілдерінің тұқымдасына көбею жолдарымен, негізгі өкілдерімен және халық шаруашылығындағы маңызымен таныстыру

Осыған дейінгі қатарлардың тобымен туыстық байланысын гүлдерінің, жемістерінің және тұқымдарының құрылыстарының ортақ ұқсастығына қарай; өмірлік формаларының ортақ ұқсастықтарына қарай; вегетативтік органдарының микроскопиялық құрылысының және гистологиялық элементтерінің ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыруына қарай оңай және дұрыс анықтауға болады. Бірақ та раушангүлдер тектес жеке жапырақшалылардың көпжемістілермен салыстырғанда біршама жоғарғы деңгейде жетілген құрлыстық (структуралық) белгілері болады. Ол белгілеріне мыналар жатады: гинецейінің гүл табанына еніп жабылып кетуі арқылы қорғалуы, жатынының жартылай төменгі және төменгі болып келуі, алысқа баратын апомиксистің пайда болуымен қатар, айқас тозаңдануға бейімделушілігі. Бұның жабық тұқымдылардың эволюциялық системасындағы басты топ екендігіне күмән жоқ. Тұқымдастарға көп жағдайда эволюцияның әртүрлі жолдарында тұрған туыстар біріктірілген, бұл жағынан раушангүлдер тұқымдасы ерекше мысал (үлгі) болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет