Сабақтың тақырыбы: «Су. Судың қасиеті»



Дата26.08.2017
өлшемі44,11 Kb.
#28837
түріСабақ


Сабақтың тақырыбы: «Су. Судың қасиеті».

Сабақтың мақсаты:



  1. Оқушыларға су тіршіліктің көзі екенін таныстыру. Әр түрлі тәжірибелер нәтижесінде судың басты қасиеттерімен және оның шаруашылық маңызымен оқушыларды таныстыру.

  2. Оқушылырдың су туралы білімдерін кеңейту. Ойын, тілін, байқағыштығын, білімқұмарлығын дамыту.

  3. Суды ластамауға, қорғауға, таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, тәжірибе.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, суреттер, сызбалар, ыдыс, су, сүт, қасық, үлестірмелі қағаздар. т.б.

Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. 1 слайд
Бүгін қай күн? (Сәрсенбі) Қайырлы күн балалар,

Ертең қай күн? (Бейсенбі) Қайырлы күн, мұғалімдер

Оят онда Сәрсенді, Тыныш болып түніміз

Оят онда Бейсенді Ашық болып күніміз

Сабағынан қалмасын. Сәттілікке толсын – ай.
II.Үй тапсырмасын тексеру.

«Күзгі жапырақтар» таратылып үй тапсырма тексеріледі Сұрақтар жазылған жапырақтарға жауап беріп , тақтадағы ағашқа апарып жабыстырады.

1. Ауа қайда кезігеді?

2.Ауаның түсі қандай?

3Ауа қалай орын алады?

4.Ауаның жылу ұстауы жайлы не білесің?

5.Ауаның тіршілікке пайдасын айтындар?

6.Ауаның негізгі қасиеттерін ата?



  • 7.Ауа қалай ластанады?

Енді мына ағашымыздың жапырағы қалың, биік өсуі үшін не керек?

- Су керек

III.Жаңа сабақ. 1. Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын табу. 2 слайд
Өзенде, көлде өмір сүреді,

Аспанда қалқып жүреді.

Іші пысқан кездерде,

Жерге тамып түседі. (су)


3слайд

Су- тазалық пен денсаулықтың көзі. Суды үнемдеп, таза ұстауымыз керек. Сусыз

тіршілік жоқ. Ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болса, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес. Су барлық өсімдіктер мен жануарлардың ағзасының құрамын кіреді. Балалар, су біздің байлығымыз , оған әр уақытта қамқорлықпен қарау естеріңде болсын. Сусыз жерде тіршілік жоқ.

Судың түсі қандай екенің білу үшін бірнеше тәжірибе жасап көрелік. 4 слайд



1 – тәжірибе. Шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құйып, екеуін салыстыру. Сүт – ақ, ал су түссіз. Таза суды аз мөлшерде алсақ, түссіз.
2 – тәжірибе. Екі стаканның біреуіне сүт, біреуіне су құю. Олардың ішіне қасық салу. Қайсысындағы қасық анық көрінеді. Неге?

- Бұл тәжірибеден судың қандай қасиетін байқадыңдар?

Суды искеп көр. Иісі жоқ. Олай болса, су түссіз, мөлдір, иіссіз.

5 слайд

3 – тәжірибе. Кесеге, шыныға, сатаканға су құю. Ыдыстардағы судың пішініне назарларын аударту. – Су қандай пішінге ие болды? Әрбір құйылған ыдыстың дәл өзіндей емес пе? Олай болса, суда тұрақты пішін болмайды. Ол құйылған ыдыстың пішінін алады екен.

Суды кез – келген беті тегіс нәрсеге құйып, (ол жан – жағына аға бастайды) судың сұйық екенін түсіндіру.

6 слайд


  • Аққан су түгел жоқ болып кетті ме? Оның орныда дымқыл, сулы із қалды, олай болса су жұғады екен. Бірақ артынша олда жоқ болады. Кеуіп кетеді. Кез келген затты суға малсаң, ол су-су болады. Жуылған киімді далаға жаяды. Ол біраздан кейін кебеді. Ойланыңдаршы оның бойындағы су қайда кетеді? Күн көзі жылуынан су буға айналады. Бу ауаға араласты.

  • Жазда шомылып рахаттанған өзеннің қыста қандай пайдасын көресің? Қыста оның үстінен конькимен, шанамен сырғанайсың бұл мұз қайдан пайда болды? қысқы суықта қатып, мұзға айналады.

7слайд

– Балалар, жаңбыр жауды. Жаңбыр суы қайда кетті?




  • Топыраққа сіңіп кетті. (Оқушылар өздері қорытып айтып кетеді)

Топырақ қабатынан өткен су сүзіліп тазарады. Су – сүзгіш.
- Судың тағы бір кереметі – ол жер бетіндегі үнемі тынымсыз айналыста жүретіні.

.

9 слайд. Глобусқа қараңдар, ғарышкерлер ғарыштан осылай көреді. Бұны тез айналдырсақ тек көк түс қана сияқты, көк түспен жер бетіндегі өзен, көл, мұхиттар бейнеленген. Яғни жер бетінің ¾ бөлігін су алып жатыр .


10 слайд Су туралы статистикаға сүйенсек жер бетінің 71% пайызын су алыпжатса, 29 % пайызы ғана құрлық екен.

Топпен жұмыс

11 слайд. Судың қасиетіне жататындардың астын сыз.

Мөлдір, түссіз, исі бар, көк түсті, исі жоқ, сүзіледі, пішінді, пішіні жоқ, тұнық, сұйық, отты жанғызады.



12 слайд. Көп нүктенің орнына сөздердің тиістісің қойып, мақал- мәтелдерді оқу

Сулы жер сұрауы бар


Судың да суды лайлар
Балық аулай алмаған нулы жер

13 слаид Суда тіршілік ететің жануарларды табу

14 слаид Мына суреттегі берілген жағдайлардың қайсысы судың ластануына қатысты.
15 слайд Су туралы не білдік? Әр топ постер құрап . қорғайды
IV.Қорытынды. 16 слаид.Су- тіршілік мекені Сусыз адам, жануар, өсімдік өмір сүре алмайтының білдік

17 слайд тыйым сөздер

-Су туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?

Суды сапырма, суға түкірме, түнде суға барма, шелектегі суға аузынды батырма


V.Бағалау. Оқушылардың білімін бағалау, мадақтау.
VI.Үйге тапсырма беру. Судың қасиеттерін үлестірмелі карточкаларға толтырып

үйге тапсырма беру Су туралы тыйым сөздер жазу, жаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет